Қалыпты физиология бойынша дағдыларды бағалау парақтары 1) Электрокардиограмманы тіркеп жазып алу әдісі. Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет: студенттің ЭКГ тіркеп жазып алу ептілігін төменде берілген көрсеткіштерге сәйкес бағалаңыз. Студент пациент/ волонтердың ЭКГ-сын тіркеп жазып алып, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.
Студент сәлемдесті, амандасып, өзін таныстырды. Волонтердің эмоциялық жағдайын және реакциясын бақылап, эмоциялық көніл-күйіне түсінік берді. Пациенті (волонтер) кушеткаға жатқызды, алдын ала сирақ-асық, кәрі жілік-білезік буындары мен кеудесін жалаңаштауын сұрады. Пациентке (волонтер) ЭКГ жазамын деп айтты. Студент аспапты жұмысқа қалай дайындау керек айтты (таспаның қозғалу жылдамдығын 25мм/с н/е 50мм/с, калибрлеу сигналын 1мм-0,1мВ қойды).
20
15
10
0
2
Студент ЭКГ тіркеп жазып алуда үш стандартты биополярлық тіркеу бойынша электродтардың дұрыс орналасуын көрсетті. Электродтардың терімен жақсы жанасуы үшін арнайы сұйықтық қолданды. (Электродтарды оң (қызыл) және сол (сары) қолдардың білектеріне, сол сирағына (жасыл), оң сирағына (қара) – электр тізбегін жерге тұйықтау үшінорналастырды). Студент I, II, III тіркеулер аяқ-қолдың қайсылары арасында тіркелетінін айтты.