Тоқсандық
жиынтық бағалау
спецификациясы
«Қазақстан тарихы»
6-сынып
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып 4
4.Ойлау дағдыларының деңгейі 5
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
7. Модерация және балл қою 6
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 24
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып
Білім алушы:
Білу
тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну
- тарихтың кезеңдері бойынша отан тарихының дамуының тұтастығы мен
үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;
Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын;
отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;
отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін.
Қолдану
тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи материалдармен жұмыс кезінде.
Талдау
себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның тарихи дамуын;
тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Жинақтау
жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;
қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау
тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын; заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды;
қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі рөлін.
Достарыңызбен бөлісу: |