Аллергиялық реакциялар Орындаған: Болат Арна 405 топ



бет1/4
Дата04.05.2023
өлшемі64,69 Kb.
#89839
  1   2   3   4
Байланысты:
Жансызландыру

Аллергиялық реакциялар

Орындаған: Болат Арна 405 топ

Тексерген:Нурман.Г.М

Аллергиялық реакциялар

XXI ғасырда ең жиі кездесетін аурулардың бірі – аллергиялық аурулар. Аллергиялық ауруларды емдеудің негізгі принциптерін білу (элиминациялық, арнайы және арнайы емес емі) аллергиялық аурулардың даму жиілігін азайтады, ауыр формаларының төмендеуіне және ауруды бақылауға әкеледі

Аллергендер екі үлкен топқа бөлінеді: экзоаллергендер организмге сырттан түседі, эндоаллергендер организмнің өзінде пайда болады.

.

Экзоаллергендердің өзін екіге бөледі: инфекциялық (бактериялар, вирустар, қарапайымдар) және инфекциялық емес (дәрілер, химиялық заттар, шаң-тозаң, тұрмыстық заттар, эпидермалды құрылымдар, азық-түлік өнімдері). Экзоаллергендер организмге әртүрлі жолдармен (тыныс, асқорыту жолдары, тері және кілегей қабықтар) енеді.

Эндоаллергендер әртүрлі жарақаттаушы факторлардың әсерінен (бактериялар, вирустар және олардың уыттары, ыстық пен суық температура, иондаушы радиация) организмнің өз белоктарынан пайда болады.

Экзо және эндоаллергендердің алуан түрлілігіне байланысты организмде дамитын аллергиялық реакциялар да көп түрлі болады, бірақ олардың дамуының патогенетикалық механизмі ортақ болады. Аллергиялық реакциялардың дамуының үш кезеңін ажыратады:

        • Иммунологиялық сатысы аллерген бірінші рет организмге енгеннен кейін дамиды және аллергенге қарсы антидене немесе сенсибилизацияланған лимфоциттер пайда болады (сенсибилизациялану сатысы). Аллерген қайта екінші рет әсер еткен кезде ертеде құрылған андиденемен (реагиндер - ZgY) немесе сенсибилизаяцияланған лимфоциттермен қосылып иммундық кешен құрады. Бұған дейін антиденелер қанда еркін айналып жүрген немесе нысана клеткалардың бетіне (толықша клеткалар мен базофилдер) бекіген болатын.
        • Патохимиялық сатысы – нысана клеткалар мен лимфоциттердің белсенділіктерінің артуы нәтижесінде дамиды. Базофилдер мен толықша клеткалар дегрануляциялануға ұшырайды және биологиялық активті заттар немесе аллергия медиаторларын (гистамин, серотонин, брадикинин, простогландиндер, кининдер және б.) бөледі.
        • Патофизиологиялық кезең – аллергиялық реакцияның клиникалық белгілерінің даму кезеңі. Бұл кезеңде биологиялық белсенді заттардың жарақаттаушы әсерінен организмде әртүрлі өзгерістер туындайды. Олар жазық еттердің жиырылуы, қан айналымының бұзылуы, қан сарысуының құрамының және ұю жылдамдығының өзгеруі, клеткалардың ыдырауға ұшырауы, ферменттер әсерінен тіндердің, соның ішінде ауыз тіндерінің жарақаттануы және б. өзгерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет