Алматы облысы Панфилов ауданы Аққұдық ауылы



бет1/4
Дата28.11.2023
өлшемі20,42 Kb.
#130754
  1   2   3   4

Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау
Алматы облысы
Панфилов ауданы
Аққұдық ауылы
«Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» КММ
Мектеп логопеді Кельмуханбетова Ардақ Джумагельдыевна

Елімізде мүмкіндігі шектелген балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мәселесі төңірегінде бірқатар заң мен тұжырымдама қабылданған.


Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» атауға болады. Бұл бағдараламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Мұндай білім мүмкіндігі шектеулі балаларды өзге оқушылармен тең дәрежеде жалпы білім беру процесіне қатыстыруға жол ашады.
Барлық адам білім алуға құқылы. Еліміздің 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психолого – медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген
Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.
Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, тәжірибелі мамандармен жетік қамтамасыз етілуі қарастырылмаған. Сондықтан, барлық балаларды жалпы білім беру процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға; отбасыларын белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді. Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.
Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет.
Соның бірі психикалық дамуы тежелген балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалар – оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының т. б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады. Ал бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін инклюзивті мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмыс атқару қажет. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.
Қорыта келгенде баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары төмендегідей: 
-ППҚ қолдауының мақсаттылығы 
-ППҚ қолдаудың үздіксіздігі 
- ППҚ қолдаудың бірізділігі 
-ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі мамандарының біріккен жұмысы) 
- ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігі.

Қолданылған әдебиеттер:


1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заң. 2002ж, 11 шілде.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.

Осы мақсатта Қарағанды қаласындағы №27 жалпы білім беретін орта мектепте ППҚ (психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету) қызметі құрылды. Онда ППҚ қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау ППҚ қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен мүғалім-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:


I. Диагностикалық бағыт: 
- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру 
-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау 
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау 
-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу 
- жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау 
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу 
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.
Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау.
Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі.
Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді.
Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.
Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. Аталған қағидаларды ескере отырып әр ППҚ қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет