Баланы мектепке даярлығын анықтау диагностикасы
Соңғы кезде мектепке дайындық мақсаттары психологиялық ғылымның дамуында жетекші орын алады. Баланың тұлға дамуының мақсаттарына жету, оқытудың тиімділігін көтеру, баланың мектепке қаншалықты дайын екенінің деңгейін неғұрлым дұрыс анықтауға тәуелді.
Тұлғалық дайындық
Бала мектептегі жаңа іс әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқы мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс. Тұлғалық дайындық деген ұғым сондай ақ баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, жаңа мектеп ұжымына енуіне, әрбір ұжым жұмысына белсене араласуына мүмкіндік беретін: оқытушыларға, өз- өзіне көзқарасы,ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды. Егер баланы жаңа білім алу, тану қызығушылығының дамуы( сөмке, оқулықтар, дәптерлер емес) қызықтырса, онда бала мектепке оқуға дайын деп есептеуге болады.Бала(болашақ оқушы) мінез- құлқын, танымдық іс- әрекетін өз еркімен меңгере білуі тиіс.Оқу іс- әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез- құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |