Алматы облысы Талдықорған қаласы «М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қысқа мерзімді (сабақ)



Дата27.06.2023
өлшемі133,5 Kb.
#103533
түріСабақ

Алматы облысы Талдықорған қаласы
«М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:

7.4 ХШХ ғасыр – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті.

Педагогтің аты-жөні:

Құсайынова А.Қ

Күні:

23.06.2023

Сынып:

7

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:0

ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушы.

Сабақтың тақырыбы:

Шоқан Уәлиханов-алғашқы қазақ ғалымы.
Зерттеу сұрағы: Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.3.1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

Сабақтың мақсаты

Ш.Уәлиханов қазақ ғылымындағы рөлін анықтайды.

Бағалау критерийлері

Ш.Уәлихановтың қазақ ғылым саласындағы жаңашылдығына дәлелдер келтіріп, зерттеушілік қызметінің маңыздылығын сипаттайды.

Тарихи ойлау дағдысы

Қолдану, талдау.

Тарихи концепт

Маңыздылық және дәлел.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


5 минут



Өткен материалды еске түсіру үшін «Тұлғаны таны» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа шығады

Жаңа тақырыпқа шығу үшін жетелеуші сұрақтар қойылады:
-Суреттегі тұлға туралы не білесіздер?
-Бүгінгі тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар жетелеуші сұрақтарға жауап беру арқылы Шоқанның шыққан тегі мен тәлім-тәрбиесі туралы ақпаратты сипаттайды.



ҚБ. Мұғалім оқушылар жауабын мұқият кері байланыс беріп отырады.

Мұғалім презентациясы .
Оқулық §47-48. 175-176 бб.





Сабақтың басы


7 минут



Кинометафара» әдісі арқылы Ш.Уәлихановтың өмір жолын бейнелейтін үзінді көрсетемін.
Шоқанның өмір жолын бейнелейтін бейнесюжет арқылы «Ш.Уәлиханов»
қандай белестерді басынан өткізгенін анықтау үшін жетелеуші сұрақтар қойылады.



Бейнесюжет көру арқылы Шоқанның саяхаты туралы ақпараттарды көріп жылдам сұрақтар арқылы көрген түйгендерін сипаттайды.
-Шоқан қай жерде оқып, қандай атақ алып шықты?
-Шоқан қандай атақты саяхаттарға шыққанын анықтаңыз?
-Шоқан қандай жырды алғаш болып қағазға түсіргенін айтып беріңіз?
-Қашқарияға сапарынан кейін қандай еңбек жазды?
-Ресейлік және Шығыстанушы ғалымдар жоғары бағалаған еңбегі туралы айтып беріңіз?
-Шоқанның ғылыми еңбегінің бағалануы туралы не білесін?
-Шоқан кімдермен дос болған
-Сәбит Мұқановтың қандай шығармасы Шоқан Уәлихановқа арнап жазылған?

ҚБ. Мұғалім оқушылар жауабын мұқият кері байланыс беріп отырады.


Әрбір берілген жауап
1 баллмен бағаланады



Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы - поиск Яндекса по видео (yandex.kz)

Сабақтың ортасы


10 минут

«Түсін , талда, жеткіз» әдісі арқылы топтық жұмыс.
Оқулықтың 177-178 беттеріндегі берілген мәтінді пайдалана отырып Ш.Уәлихановтың өскен ортасы мен достары, экспедиция барған бағыттарын анықтап, ғылыми шығармаларын оқулықтан табады.
Төменде берілген сұрақтар бойынша топтық жұмыс жасайды.
1-Шоқан жастық шағын қай жерде және кімдермен өткізді?
2-Омбыда оқуда болған жылдары кімдермен дос болды
3-Шоқан Уәлихвнов қандай ғылыми экспедицияларға қатысты?
4- Шоқан Уәлиханов қандай ғылыми шығармалар жазды?



Дескриптор:
1 топ-Шоқанның балалық және жастық шағы туралы мәліметтер келтіреді
2 топ- Оқушылар Шоқан білім алған ордалары мен орыс-демократ достары туралы талдайды,
3 топ - Шоқанның экспедицияға барған бағыттарын анықтайды
4 топ -Ш.Уалихановтың ғылыми шығармаларын оқулықтан табады, ретімен түсіндіреді



ҚБ. Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады.
Кемінде 4 факті келтіреді.
4 балл

Оқулықпен жұмыс .
§47-48. 177-178 бб.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет