«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ «ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК БЕКІТЕМІН Колледж директоры: __________Жылқыбаев А.А. «____»____________20___ж.
Оқу жұмыс бағдарламасы Модуль: ЖБП 03
Пән: Қазақ тілі
Мамандығы: «011406000 - Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Біліктілігі: «4S01140601 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» Оқыту нысаны: күндізгі орта білім базасында Жалпы сағат саны 120, кредит саны 5 Әзірлеуші (лер) ___________ (қолы) Қазақ тілі мен әдебиеті пән циклдік комиссия отырысында қаралды
№ __хаттама « » 2022 ж. ПЦК жетекшісі ______
2022-2023 оқу жылы
Түсіндірме жазба
Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (өзгерістермен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 №382 өзгерістерімен), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып және мақұлданған (Хаттама № 1 « 15 » шілде 2020 жыл) үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп жасалды.
Модуль сипаттамасы «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Бағдарламада қазақ әдебиеті классиктерінің өмір жолы мен шығармашылықтары туралы негізгі мәліметтерді меңгерту қарастырылды. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
Қалыптастырылатын құзыреттілік
Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады;
Қазақ жазушыларының адамзат тарихымен тығыз байланысты көркем шығармаларынан туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігін таниды;
Оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы біледі;
Пререквизиттер (оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер) Әдебиет теориясы, Қазіргі заман әдебиеті
Постреквизиттер(білім алушы осы модульді аяқтағаннан кейін меңгере алатын оқыту нәтижелерінің тізбесі);