Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет11/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37

ЖЫПЫҚ-ЖЫПЫҚ <біреуге қарағанда көздің қайта-қайта ашылып-
жабылып,  жыпылықтауын  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Ол  есікке  тақалып 
үңіле  қарады  да,  жыпық-жыпық  етіп  тұрған  титімдей  көздің  астындағы 
хабар беретін түймешені саусағымен ақырын басты (Т.Сүлейменов. Жұлдыз 
адамы,  37).  *Баланың  кірпіктері  жыпық-жыпық  етіп,  жасқана  қағылды 
(Ж.Нәжімеденов. Ақ шағыл, 116).
ЖЫПЫР-ЖЫПЫР  <жыпырлап  бір  нәрсеге  жиналған,  құжынаған 
заттың қалпын бейнелеу> *Жаз ортасында ғой, қазанда бырқ-бырқ қайнаған 

87
құрттай жыпыр-жыпыр сапырылысып жатар еді (М.Қабанбаев. Кермек дәм, 
343). *Дәйекші жігіттер жаққан оттар жыпыр-жыпыр етеді (І.Есенберлин. 
Қаһар, 44).
ЖЫРБЫҢ-ЖЫРБЫҢ  <~  ет:  бекерден-бекер  ыржақтап,  орынсыз 
күліп, жеңіл мінез көрсетуін бейнелеу> 
ЖЫРҚ-ЖЫРҚ <мәнсіз-мағынасыз, қайта-қайта жырқылдап күлуді 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Доңғалағы  жырқ-жырқ  еткен  жеңіл  машиналар 
қаңсыған  асфальтты  қақырата  жыртып  жөңкіліп  жатыр  (Қ.Ысқақов. 
Қараорман,  74).  *  Қарауындағы  төрт-бес  сушымен  бірге  арық  жағалап, 
үйіне  келіп,  отының  басында  жырқ-жырқ  күліп  отырса  жетпей  ме? 
(Т.Нұрмағамбетов. Тұнық су, 110).
ЖЫРТАҢ-ЖЫРТАҢ <мәнсіз-мағынасыз ыржаң-ыржаң етіп, қайта-
қайта  жыртақтап  күле  беруді  бейнелеу>  *Енді  келіп  оның  баласымен 
қатар отырып жыртаң-жыртаң күлуге ұялсаң етті! (М.Дүйсенов. Гүлжан 
сүйеді, 9).
ЖЫРТЫҢ-ЖЫРТЫҢ  <қара.:  жыртаң-жыртаң>  *Үзілісте  бір 
қызбен  сөйлесіп,  оңашалау  тұрып  қалсаң  саған  саусағын  шошайтып, 
сыртыңнан жыртың-жыртың күледі (А.Жақсыбаев. Боз арал, 76). *Жалт 
ете  қалған  от  сәулесі  жалт  етпе  қазақтың  өміріндей,  арман  мақсұтының 
жыртың-жыртың шырақшысындай (О.Бөкеев. Үркер, 84).
- З -
ЗАҢҚ-ЗАҢҚ  <~  ет:  иттің  арс-арс,  саңқ-саңқ  үруін  бейнелейтін 
дыбыс  еліктеуіш>  *Жан  екпінмен  атып  шығып,  сонадай  жерге  барып 
артыма бұрылсам, дәу қызыл төбет менің соңымнан заңқ-заңқ етіп үріп тұр 
(М.Қаназов. Ақ тайлағым-ай, 114).
ЗАР-ЗАР <~ ет: зар илеп, еңіреп жылау> *Ағакем, кеше гөр!–десіп кеп 
зар-зар етеді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 56).
ЗЕҢ-ЗЕҢ <~ сал: түйенің жазғы өріске шығарда, не өрістен ауылға 
қайтарда  ойнақтауы,  құйрығын  қымырып,  шаншып,  тұмсығын  көтеріп 
тайрақтауы (ҚТТС, 272)>
ЗУ-ЗУ  <атқан  оқ,  ұшқан  ракета,  т.б.  тез,  зымырап  қозғалатын 
заттардың ауаны жарып өткенде естілетін дыбысына еліктеу> *Сол-ақ 
екен зу-зу, ыс-ыс етіскен қозы жауырын сұр жебелер жауып кетті (С.Сматаев. 
Елім-ай, 261). *Айналамнан оқ зу-зу үшкіріп өтеді (Ә.Нұршайықов. Ақиқат 
пен аңыз, 193).
ЗЫҢ-ЗЫҢ <металды ұрғанда, құлақ шыңылдағанда қайталап шығатын 
жіңішке  дыбыс>  *Қылышымды  жарқ  еткізіп  қынабынан  суырып  алып, 
маңдайыма көтере ұстап, әскери адыммен дік-дік басып, шпорларым зың-зың 
етіп трибунаның алдына келіп маршалға салют бердім (Ә.Нұршайықов. Ақиқат 
пен аңыз, 167).

88
ЗЫП-ЗЫП  <~  бер:  өте  тез  жүріп  өтудің,  жүрісіне  көзі  ілеспеудің 
сипаты>  *Бірақ  қарт  немересінің  жұмыс  орнынан  ешқандай  қоқтық-соқтық 
көре алған жоқ еді, станогы зып-зып етіп, резкасы әлде бір детальді жоңқадай 
жапырақтап  жатқан.  «Қу  неме,  жинап  үлгірген  ғой,  шамасы,  -  деп  ойлады 
ішінен (Ә.Омарбаев. Кәрлен кесе, 88).
ЗЫР-ЗЫР  <қатты  айналып,  зырылдап  тұрған  заттың  қайта-қайта 
шыққан зырылдаған дабысы> *Қазір де осы жағын еске алып біразы қорқып, 
рентген десе зыр-зыр етіп жолатпайтыны содан (З.Шашкин. Доктор Дарханов, 
83).  *Зыр-зыр  қаққан  доңғалақтар  лайсаң  біткенді  қара  жолдың  қойнынан 
суырып алып жатқандай (О.Құсиманов. Лен. жас, 1).
ЗЫРҚ-ЗЫРҚ  <1.  заттың  оқыс  қозғалуынан  қайта-қайта  шыққан 
дыбысқа  еліктеу;  2.  ауыс.:  қатты  өзгерісті  жүректің  сезінуі>  *Жаңағы 
кішкентай түрегеп жүргенге басым сынардай боп зырқ-зырқ етіп, төсегіме әрең 
жеттім (Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз, 100).
ЗІК-ЗІК <~ ет: қатты-қатты, қайталап шаңқылдау> *Тұла бойындағы 
толған безге балта жүзі шақылдап зік-зік етіп алақанына қайта тебе берген соң 
бұл бір рет кіжініп сілтеп еді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 550).
ЗІРК-ЗІРК <~ ет: біреуге зіркілдеп, зекіріп ұрысқанды білдіретін дыбыс 
еліктеуіші > *Күні кеше ғана көкірегін зірк-зірк қайнатқан өшпенділік жоғалған 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 175).
- И -
ИЗЕҢ-ИЗЕҢ  <бірыңғай  ырғақпен,  итеңдеп,  баяу  ілгері  қозғалуды 
бейнелеу> *Қалың тоғай іші айдаһар жорғалап өткендей изең-изең ете қалды 
(А.Нұрманов. Құланның ажалы, 11).
ИҚУ-ҚИҚУ <адамдардың дуылдасқан ию-қию, айғай-шуы> *Иқу-қиқу 
басылып,  Тына  қалды  табиғат.  Сұлу  сырын  жасырып,  Сыбырласты  рақат 
(Ө.Тұрманжанов. Өлеңдер, 91).
ИМЕҢ-ИМЕҢ  <~  ет:  бүгіліп-жазылып,  маймаң-маймаң  етіп  жүруді 
бейнелеу>  *Ақыры  имең-имең  етіп  шығып  кетті  (А.Нұрманов.  Құланның 
ажалы, 51). *Шөккен түйедей имең-имең еткені несі (Д.Еркінбеков. Шығ., 189).
ИРЕК-ИРЕК <иреңдеген, қисық-қыңыр (жол, көше, жазу т.б.)> *Ирек-
ирек тар көше, шым дуалдарды жағалай ұзақ жүріп, аяңмен келеді (С.Сматаев. 
Елім-ай, 81). *Дәл табан астында ирек-ирек жіптіктей көк ала жолақ Весновка 
өзені ағып жатыр (М.Мағауин.Таңд. шығ. ІІ том, 63).
ИРЕҢ-ИРЕҢ <бойын түзу ұстап жүре алмайтын адамның ирең-ирең 
етіп, маймаң-маймаң етіп жүруін бейнелеу> *Меркен жуан, қызыл белдеулі 
біреуін алды да, ирең-ирең еткізіп, қармағына кигізе бастады (М.Мағауин. Көк 
кептер, 123). *Ай жарығында ирең-ирең қозғалған ақ түйе елеңсіз жатқан елдің 
желкесіндегі ең соңғы қыр басына да иек артты (Р.Райымқұлов. Түйелі адам, 
55).

89
ИТЕҢ-ИТЕҢ  <итпектеп,  итеңдеп  жүрудің,  қозғалыс-әрекеттің 
сипаты> *Итіс-тартыс, изең-изең, итең-итең билер бірінен соң бірі биленіп, 
Сәбиттің тіксініп есі шықты (Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз, 74).
ИІР-ИІР <ирек-ирек, ирелеңдеген (жол, т.б.)> *Вагонның терезесінен 
иір-иір ақбас тау поезбен жырысып жөңкіліп жатты (Ш.Мұртазаев. Бір нәзік 
сәуле, 12).
- К -
КӘДІҢ-КYДІҢ  <анау-мынау,  ұсақ-түйек  (әңгіме)>  *Мейманхана 
бөлмесінде кәдің-күдің әңгіме боп жатты (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 239).
КЕКЕҢ-СЕКЕҢ  <мінезі  орнықпаған,  жауапты  нәрсеге  үстірт, 
жеңіл-желпі қарайтын адамның (әсіресе жас қыз-келіншектердің) жүріс-
тұрысына тән жеңілтектік>
КЕКІРЕ-КЕКІРЕ <асқа тойып ішкен адамның қайта-қайта кекіреп 
(ас  қайыруы)>  *Кекіре-кекіре  сіміріп,  «жақсылар»  босатқан  кеселерді 
сыпырып жылпос жігіт жүр (Ж.Аймауытов. Шығ., 81).
КЕКІРЕҢ-КЕКІРЕҢ <~ ет: шалқақтап, кеудесін көтеріп, кекірейіп, 
кекжиіп қарау>
КЕМСЕҢ-КЕМСЕҢ <~ ет: бет-әлпеті бұзылып, иегі дірілдеп, жылап 
жіберуге аз қалу>
*Шалды айнала жүгіріп,
Кемсең-кемсең жылайды.
Түнде тұрып, жығылып,
Дат қылады құдайды…(І.Жансүгіров. Шығ., 236). *Шынымды айтсам, 
Ася маған ет жақын қарындасымдай көрініп кетті. Кемсең-кемсең етеді. «Сен 
тірі екенсің ғой! – дейді (Ә.Нұршайықов. Махаббат жырлары, 144).
КЕҢК-КЕҢК  <~  жыла:  дауысын  үзіп-үзіп  шығарып  бүкіл  денесін 
солқылдатып  жылау,  күлу>  *...Шоң  мұрын  Әбіш  қария  кеңк-кеңк  күледі 
(Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 230).
КЕРДЕҢ-КЕРДЕҢ <жүріс-тұрысы кербез, керіліп-созылып, кердеңдей 
басатын адамның сипаты> *Байжанбайда екі әйел бар. Оның үстіне жесір 
қалған әменгерін тағы алыпты. Үш үйдің арасында елуден асқан шал аяғын 
кердең-кердең басып жүр екен (Ғ.Мұстафин. Дауылдан кейін, 343).
КИТІҢ-КИТІҢ  <қадамын  жиі  басып,  кібіртіктеп,  қадамын 
мардымсыз басып жүруді бейнелейтін еліктеуіш> *Тұсаулы аттың китің-
китің жүрісіндей құрылысшының кірпіш санаған күйкі қимыл-қыбыры тағы 
да мезі қып барады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 71).
КӨСТЕҢ-КӨСТЕҢ <~ ет: 1. аяғын адымдай басып, ебедейсіз қозғалу; 
2.  ауыс.  аузы-басын  сүйреңдетіп,  елге  сөз  бермеу>  *Күректей  қолыңды 
көстең-көстең еткізіп өліп өшіп жабыстың да қалдың ғой, тегі. Байқа, ол 
қыз мына менің қайынсіңілім. Сумаңдатпай тарт қолыңды (З.Жәкенов. Қайта 

90
айналып келгенше, 129). *Ол аузы-аузына жұқпай, көстең-көстең етеді (Қазақ 
әдебиеті).
КYБІР-КYБІР  <екі,  не  одан  көп  адамның  өзара  елден  оңашаланып 
баяу сыбырлап сөйлегенін білдіретін дыбыс еліктеуіші> *Сонсоң күбір-күбір 
сөз басталды Сүгірбайдың анық естігені бір-ақ ауыз сөз: «Бүгін түнде!» деді 
Cәлімгерей (З.Шашкин. Таңд. шығ., 278). *Қасында болатын кездерінде шалдың 
күбір-күбірі бір үзілмейді (С.Сматаев. Елім-ай, 237).
КYЖ-КYЖ <1. қайталанып, күжілдеп шыққан жуан дауыс; 
2. күйлеген бұқаға шабыт беру үшін айтылатын сөз; 3. ауыс. біреуді-біреуге 
егестіріп, айдап салғанда айтылатын сөз> *Мәселен мұнымен бірге қошқар, 
бұқа және айғырлардың күйлеген аналық малға қарауына әсер ету мақсатында 
қойт-қойт  (қошқарға)];  күж-күж  (бұқаға);  құрайт-құрайт  (айғырға)  сияқты 
сөздер де айтылатын (Х.Арғынбаев. Этнографиялық  очерктер, 31).
КYЙБЕҢ-КYЙБЕҢ  <күйкі  тірліктің  бітпейтін,  таусылмайтын  ұсақ-
түйек іс-әрекеттерінің сипаты> 
*Ортақ тілге одағайлау мінгестім 
Күйін  кештім  күйбең-күйбең  күндестің  («Ана  тілі»,  №5,  06.02.03,  11).  * 
Үйдің  күйбең-күйбең  шәруәсімен  жүрген  әйел  күннің  қашан  шығып,  қалай 
батқанын байқамай да қалады (Н.Ғабдуллин. Сен қымбатсың маған, 297).
КYЙБЕҢ-СYЙБЕҢ <қара.: күйбең-күйбең>
КYЛДІР-КYЛДІР <1. жылқының қайта-қайта, ұзақ-ұзақ кісінеуіне, т.б. 
сол сияқты дыбыстарға еліктеуіш; 2. қара.: гүлдір-гүлдір> *Ат тұяғымен тас 
түскен әйнектей күлдір-күлдір сынды (К.Сегізбаев. Біз қалада тұрамыз, 318).
КYЛІМ-КYЛІМ  <жайдарлана,  күлімдеп  тұрған  бет-әлпеттің  бейнесі 
>  *Көк  мұнара  басы  қатқан  падишаны  әжуалағандай  күлім-күлім  етеді 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 181). *Қыр басынан атырапқа көз жіберіп, күлім-
күлім етеді (Ғ.Мұстафин. Қарағанды, 7).
КYЛІҢ-КYЛІҢ  <күлгіндеу,  солғын  тартқан  заттардың  бейнесі> 
*Сұлу жылқының тостағандай төңкерілген күлің-күлің сауырын ойда жоқта бір 
қыдыртып алғысы келгендей... (Ә.Кекілбаев. Yркер, 131). *Терезе алдына келген 
ханша күлің-күлің етіп құлпырып тұрған жаңа мұнараны көрді (Ә.Кекілбаев. Бір 
уыс топырақ, 143).
КYМБІР-КYМБІР  <іші  бос,  күмбезді  ғимараттың  ішіне  кіріп 
сөйлегенде, домбыра ішегін қағып-қағып жібергенде шығатын үнін, аттың 
кісінеуін бейнелейтін дыбыс еліктеуіші> *Жігіт домбырасын күмбір-күмбір 
қағып-қағып жіберді де, тез қайырып жұмбақтың шешуін айтты (С.Сматаев. 
Елім-ай, 163).
КYҢГІР-КYҢГІР  <күмбезді  кең  ғимарат,  ішінде  сөйлегенде,  домбыра 
тартқанда шығатын дыбысты білдіретін еліктеуіш> *Құлаққа күңгір-күңгір 
дауыстары келеді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 718).

91
КYҢК-КYҢК  <ашық  емес,  міңгірлеп,  мұрнының  астымен  сөйлеген 
сөздің дыбысын білдіретін еліктеуіш; 2. ауыс. жасырын-жабық айтылатын 
өсек-аяң> *Адамға қадалған жұрт көзі мен құлағына анық жетпейтін күңк-
күңк жұрт сөзінен өткен азап бар дейсіз бе? (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 
98). *Журналистер ауыл адамынша оңашаланып, таяқ сілтем жерде күңк-
күңк сөйлесіп тұрды (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 88).
КYҢКІЛ-КYҢКІЛ  <қара.:  күңкіл-сүңкіл>  *Анадай  жерде 
талдырмаш жас жігіт пен семсер мұрт орыс күңкіл-күңкіл сөйлесіп тұр 
екен (З.Шашкин. Таңд. шығ., 56).
КYҢКІЛ-СYҢКІЛ  <адамдар  арасында,  ел  ішінде,  ұжымдарда 
болатын  ұсақ-түйек,  өсек-ғайбат  т.б.  осы  сияқты  әңгімелер;  ашық 
айтылмай, жасырын түрде, сыбырласып, күңкілдеп айтылатын майда 
сөздер> *Көпшілік арасынан күңкіл-сүңкіл шыға бастады (О.Сәрсенбаев. 
Таңд.  шығ.,  1,  60).  *Баяғы  іштарлық.  Тек  күңкіл-сүңкілден  аса  алмады 
(М.Мағауин. Шығ., 147).
КYҢКІЛ-ШYҢКІЛ <қара.: күңкіл-сүңкіл>
*Әйелдер  күңкіл-шүңкіл  сөйлесіп,  бет  шымшысты  (Т.Әлімқұлов. 
Кертолғау, 90).
КYР-КYР  <күрілдеген,  күркіреген  дыбыстың  үзіліп-үзіліп,  қайталанып 
шығуын бейнелейтін еліктеуіш>
КYРК-КYРК  <қайталанып,  дүркін-дүркін  шығатын  (күрік  тауықтың, 
жөтелдің  т.б.)  дыбыс  еліктеуіші>  *Өңі  қашып,  екі  ұрты  суланып,  өкпесі 
қабынып күрк-күрк жөтеліп отыр (С.Сматаев. Елім-ай, 284). *Күрк-күрк жөтелген 
Қазы есіктің ілгегін әрең ағытты (М.Мағауин. Таңд. шығ., ІІ том, 17).
КYРП-КYРП  <малды  сауғанда  сүтінің  шелектің,  қауғаның  түбіне, 
ондағы сүтке соқтығысуынан күрп-күрп етіп қайталанып шығатын дыбысты 
бейнелейтін еліктеуіш> *Бәлкім, асып-сасып үстінен, көне киімінен, күрп-күрп 
еткен керзі етігінен қорланды ма? (Б.Сарбалаев. Қызыл алма, 11). *Экскаватордың 
болат мойыны тез-тез айналады, ожау тісі сулы топыраққа күрп-күрп сіңіп кетіп, 
батқан жерін ойсырата қопарып жатыр (Ш.Шалқаров. Серіккөл,145).
КYРС-КYРС  <ауыр  да  биік  заттың  бірінен  соң  бірі  жерге  құлағанда 
шығатын  дыбысын  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Шошалаңдаған  қағілез  сеңдер 
тұмсығын  жұлдырып,  күрс-күрс  сынып,  басы  зеңіп  шыр  көбелек  айналады 
(Ж.Аймауытов. Шығ., 74).
КYРТ-КYРТ  <күрт-күрт  үзіп  жеген  шөпті  малдың  күртілдете 
шайнаған  дыбысын,  не  адамның  арқасын  уқалап,  желін  үзгенде  шығатын 
дыбысын  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Сүймені  әр  тиген  сайын  тақтай  тас 
күрт-күрт  омырылады  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс  топырақ,  255).  *Сасырдың 
сояу  сабағын  күрт-күрт  кемірген  екі  есек,  біреуі  –  өңгі,  біреуі  –  мөш 
(Ш.Мұртазаев. Ай мен Айша, 196).

92
КYТІР-КYТІР  <қатты,  құрғақ  нәрсені  қайта-қайта  шайнағанда 
шығаратын  дыбыс  бейнелеуіші>  *Арпа  берсең,  атқа  бер  –  күтір-күтір 
шайнасын,Қызды берсең, жасқа бер – құшақтасып ойнасын.
КІЛК-КІЛК <~ ет: шылқылдаған майлы тамақтың (сары май, шыны май 
т.б. майлардың) бойға сіңбей, ас қазанда кілк-кілк етіп қалқып, көңілді бейжай 
ету әрекетін бейнелейтін еліктеуіш> *– Жоқ, шың үсті керім от, іріп тұр екен. 
Несін айтасын, бой алып өскен сарбалаң бұйырғын кілк-кілк етеді, – деді Рай 
(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 178).
КІЛТ-КІЛТ  <буын-буынды  жел  ұстап  қалғанда  қимыл-әрекеттің 
тұрақсызданып, кілтілдеп қалуын бейнелейтін еліктеуіш> *Әсіресе кілт-кілт 
етіп екі ұршығы бастырмайды (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 86).
КІРЖІҢ-КІРЖІҢ <~ ет: жақтырмай, жан дүниесі ұнатпай тұрғандағы 
адамның іштей қарсылығын кіржіңдеп кіжінуі арқылы білдіруі> *Арқасы удай 
ашып тұрған болу керек, кіржің-кіржің етеді (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 70).
КІРТ-КІРТ <қатты, құрғақ тамақ түрін тіспен тістеп, шайнағанда 
шығатын еліктеуіш бейнесі> *Ауыр салмақпен астында қозғала алмай қалған 
баланың екі жақ қабырғаларын кірт-кірт еткізіп тырналай бастады. –Білесің 
бе? Бересің бе? (Ә.Әмеров. Алыстағы арманым, 103). *Кәрі диқанның құрысқан 
денесі жазылып, адам сипатына қосылып қалды. Қазандай үлкен қара кетпенін 
құлаштай сермеп, тарау-тарау тамыр жайып жатқан шеңгелдің түбіріне қиялай 
соққанда, кірт-кірт кесіп түсе береді (О.Сәрсенбаев. Жақсының көзі, 33).
КІРТІҢ-КІРТІҢ  <бір  нәрсені  ұнатпай,  жақтырмай  қайта-қайта 
кіртие беруді бейнелеу>
КІШ-КІШТЕ  <1.  сәбиді  тосқанда  «кіш-кіш»  делініп  қайталанып 
айтылатын айтылуға тиісті сөздің дыбысталуы; 2. малшы қауымның қой-
ешкі малын айдап бағуында қолданылатын сөз> *Сәбиін тосқан Бағиланың 
кіш-кіштеген дыбысы естілді (ҚТС, 349).
КІШТ-КІШТ <қара.: кіш-кіш>
*–  Мен  бала  емес,  «кішт-кішт»,  деп,  қолды  шошайтса  алданып  мәз 
болатын  (З.Шашкин.  Таңд.  шығ.,  292).  *Кішт-кішт  деп  мал  қайырған 
кәрілерше қарайсың (Х.Есенжанов. ҚТС, 349).
- Қ -
ҚАБЫЛ-ҚҰБЫЛ  <асығып-үсігіп,  апыл-ғұпыл...>  *Қабыл-құбыл 
бірдемені жеді де, шинелін төсеп жатып қалды І.Есенберлин. Айқас, 49).
ҚАДАҢ-ҚАДАҢ <~ жүр: аяғын тез де ширақ басып, қадаңдап жүру> 
*Қадаң-қадаң көзге түсетін жатаған бұталардың өзі ақ мамыққа оранып, ақ 
қалаға ұқсайды (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 112).
ҚАДАҢ-ҚҰДАҢ  <адамның,  малдың  аяғын  ширақ  басып,  жеңіл 
жүруінің сипаты>

93
ҚАЖАҚ-ҚҰЖАҚ <~ ет: ауызға түскенін қажақтап шайнап, талғажу 
ету>*Ең қуаныштысы, аш малға қажақ-құжақ тауып берді (А.Нұрманов. 
Құланның ажалы, 297).
ҚАЖАҢ-ҚҰЖАҢ  <қажып  жейтін  етке...>  *...жіліншігің  жылан 
қарағы  үзілермен  болып  отырған  аш-арықтың  ауызын  қызылдап,  қажаң-
құжаңға қарық қылады ғой (Ә.Кекілбаев. Yркер, 241).
ҚАЗДАҢ-ҚАЗДАҢ  <~  ет:  аяғы  аяғына  жұқпай,  тез-тез  басып  жүру> 
*Екеуі қатар аяңдады. Бақтың қақпасына дейін Әли біреу итермелеп, не сүйрелеп 
әкетіп бара жатқандай аяғын әр жерден бір басып, қаздаң-қаздаң етті де, қақпадан 
шыға  бере  қайтадан  сұлқ  түсіп,  Қабеннің  иығына  асылып  қалды  (З.Қабдолов. 
Жалын, 150). *«Үлгілі колхозы сол көшенің бойында төмен жақта. Аяғым қаздаң-
қаздаң етіп Тынымжан үйіне келе жатырмын (Б.Соқпақбаев. Бастан кешкен, 164).
ҚАЗ-ҚАЗ  <аяғын  жаңа  басып,  жүре  бастаған  сәбиге  айтылатын 
ишарат  сөз  –  «қаз-қаз,  тәй-тәй!»>  *Бұлардың  шеруі  аяғын  қаз-қаз  баса 
бастаған  тауықтың  ақ  үрпек  шібиін  қызық  көріп  ерген  үйрек  шоғырына 
ұқсайды (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 35).
ҚАЙҚАҢ-ҚАЙҚАҢ  <~  ет:  басын  көтеріп,  кеудесін  шалқайтып, 
аяғын алшаңдата басып, менменсіп жүрудің сипаты> *Жыртқыштың бір 
жақ езуінен салақтап түскен тілі жыланның басындай қайқаң-қайқаң етеді 
(Т.Ахтанов. Боран, 179). *Емшектегі баласын кеудесіне қысып алған Ираида 
Иванованы  бірден  таныдым.  Етегі  желпілдеп,  қайқаң-қайқаң  жүгіреді 
(Т.Ахтанов. Шырағың сөнбесін, 66).
ҚАҚАҢ-ҚАҚАҢ <~ ет: аяғын өте ширақ, жұлынып-жұлынып басуды 
білдіретін бейнелеуіш> 
ҚАҚАҢ-СҰҚАҢ  <қақаңдаған  жүріс-тұрысы  жоқ,  жат  мінез 
танытпайтын адамға қатысты сипаттама> *Қақаң-сұқаңмен, сөзбен ісі 
жоқ, шаруа баққан жан (І.Қожабаев. Ұя, 30). *Өзі момын, қақаң-сұқаңы жоқ, 
жұмысы  мен  үй  шаруасын  ғана  біліп,  өз  бетімен  тек  жүреді  (А.Байтанаев. 
Қансонар, 219).
ҚАҚҚЫ-СОҚҚЫ <~ көр: ылғи біреудің ұрып-соғып, зәбірлеуін, қорлық-
зорлығын көру> *Қашан болса да бай-бәйбіше, келін-кепшек, бала-шағадан 
Жақсылық  қаққы-соққы  көретін  (М.Әуезов.  Әңгімелер  мен  пьесалар,  VІ 
том, 103). *Патшалық заманда қаққы-соққы көріп, қуылған әкелеріміз сонау 
Молдавиядан жер ауып, қазақ даласына қоныстанған екен (Ә.Фәтихов. Соц.
Қазақстан, 16.04.1967).
ҚАҚ-СОҚ  <~  ғы  жоқ:  арам  ой,  қулық-сұмдығы  жоқ>  *...Қақ-соқпен 
жұмысы жоқ, өз ісіне мығым еді (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 19).
ҚАҚШАҢ-ҚАҚШАҢ  <~  ет:  басын  қақшаңдатып,  жұлынып-
жұлқынып,  қақаңдаған  әрекет  көрсету>  *Қолдар  саушылықтағы  қалпына 
қайта түсіп, қақшаң-қақшаң етеді (А.Ханкелдин. Өткен күндер, 222).

94
ҚАЛБАЛАҢ-ҚҰЛБАЛАҢ  <~  ет:  қалбалақтап-құлбалақтап,  құрақ 
ұшып, бқйек болып, жаны қалмай қызмет көрсету> 
ҚАЛБАҢ-ҚҰЛБАҢ  <кейбір  адамдардың  аяғын  жеңіл,  елпеңдей 
(басуы)> *Қартқожа қалбаң-құлбаң, қамыт, доға, «қорадан қара», шошақ үйде 
үш солдат, ортасында, жабу үстінде жас қатын... зәресі ұшты (Ж.Аймауытов. 
Шығ., 120). * Қасен қалбаң-құлбаң етіп қап:
ҚАЛДЫР-ҚҰЛДЫР  <~  ет:  далпылдап,  жалпылдап,  мазасы  кету, 
берекесіздену, әуре-сарсаң болу>
ҚАЛТАҚ-ҚАЛТАҚ <қара.: қалтаң-қалтаң>
ҚАЛТАҢ-ҚҰЛТАҢ <~ ет: бір орында аяғын нық басып тұра алмай, 
ілгері-кейін теңселіп, қайта-қайта қалтаңдау> *-Аяғын әзер басып, қалтаң-
құлтаң жүрген көсемдерден халық мезі болды... (ХХІ век, №24, 18.1999).
ҚАЛТ-ҚАЛТ  <~  ет:  аяғын  нық  басып  тұра  алмай  қалт-қалт  етіп 
(теңселу)> *Буындары қалт-қалт етеді (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 54).
ҚАЛТ-ҚҰЛТ <әсіресе қартайып, қатты ауырып, бойынан күш-қуаты 
кеткен адамның аяғын тәлтіректеп әрең басып жүрудің бейнелі сипаты> 
*Әнеки,  өзге  қызметшілердей  елпең  ете  қалмай,  қалт-құлт  тізесін  нығыз 
ұстауға тырысып, керіле басып келеді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 40).
ҚАЛТАҚ-ҚҰЛТАҚ  <  қара.:  қалтаң-құлтаң  >  *...Екі  көз  зорға 
жылтырайтын  қалтақ-құлтақ  мүскіндерді  көргенде,  қу  баста  топырақтан 
жаратылсақ жаратылған шығармыз деп ойлайсың (Ә.Кекілбаев. Yркер, 264).
ҚАЛШ-ҚАЛШ  <~  ет:  суықтан  қатты  тоңып,  тісі-тісіне  тимей 
қалшылдады;  қатты  қорқып,  қалш-қалш  етті>  *Тапал  сары  қалш-қалш 
етеді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 290). *Жаны шошынғандай зор тұлғасы 
қалш-қалш етті (Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 214).
ҚАҢҚ-ҚАҢҚ <~ ет: қайта-қайта қаңқ-қаңқ етті, қаңқылдады>
ҚАПЫЛ-ҚҰПЫЛ <өте асығыс, қарбалас қимыл бейнесі> *Тымағын 
қапыл-құпыл сыпырып алды басынан. (Ғ.Мұстафин. Дауылдан кейін, 240). 
*Ауыздығына «бір тал шөп» тимеген бейшаралар қапыл-құпыл бір-екі асады 
да ... қасықтарын табаққа сүйей салды... (Ғ.Мүсірепов. Жат қолында, 203).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет