Алтын Орда өзін билеген хандары – Бату -1243-1255 жж, Берке -1257-1266жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұка -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет.
Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.
Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың Мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінң таралуына септігін тигізді.
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғысхан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды.Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қол бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші топтың өз адамдары ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, кази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін даруғашылар (даруғабектер), баскақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердін күшімен алым-салық жинау еді. Алтын-Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.