Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Шыдамдыны мына өмір ұнатады



Pdf көрінісі
бет4/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдар бірақта шыдатады,

Мына өмір бірақта қымбат əлі, -- демекші өмір жолы сан тарау,

өзіне тəн қиындығы, емтихандары бар.

Сол жолдан адаспай, өмір емтихандарын жақсы тапсырудың ең

бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің

қадірлеу.Өмір деген – Алланың берген сыйы.Өмірдің ащы да, тəтті

кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге

келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам

саналы,жарқын өмір сүруі тиіс. «Өмірдің мəні туралы ойланбайтын

адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мəні

туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге əрекет

етуге тырыспайтын адам болмайды», -- деп жауап беретін болар.

Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мəні туралы ойларымызды

ортаға салып көрейікші.

...Өмірдің күрестен тұратынын бізді қоршаған ортадан да көруге

болады. Мысал ретінде аң-құсты алып қарайықшы, олар күн сайын

өзіне қажетті азыққа қол жеткізу үшін күресіп бағады. Өсімдіктер де

солай, күннің көзінен нəр алу үшін, өсу үшін бір-бірімен жарысады.

Неге осы менің басымнан проблема арылмай-ақ қойды,

өзгелерге қарасаң төрт құбыласы түгел ғой деп өмірге өкпе артуды

қою керек. Өйткені Сіз қызыққан, осының проблемасы жоқ деген




адамдардың жағдайы тіптен мүшкіл болуы мүмкін. Сіз өмір сүріп

жатқан уақытта проблеманың таусылуы мүмкін емес. Өмірден өткенде

ғана жаныңыз жай табады. Оған дейін күресесіз, жеңілесіз, жеңесіз,

дамисыз, құлдырайсыз. Сондықтан өмірге шынайы қарау керек. Бұл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет