Қамбар Атабаев. Ұлттық идеология және рушылдық



Дата24.01.2022
өлшемі16,19 Kb.
#24262

Идеология дегеніміз - биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал. Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.).

Қамбар Атабаев. Ұлттық идеология және рушылдық атты мақаласы жарияланған екен. Сол мақалада ұлттық идеяологияға тоқталған

Бүгінгі қазақ қоғамының алдында тұрған өзекті де маңызды мәселердің бірі – ұлттық идеология мен рушылдық мәселесі. Ұлтты ұйыстырар идеологияның жоқтығы мен оның қажеттілігі қаншалықты айқын болса, рушылдықтың бар екендігі және оның жойылуға тиіс екендігі де соншалықты айқын тәрізді. Дегенмен, ең қауіптісі, жүйелі ұлттық идеологияның болмауы нәтижесінде бір ұлттың ішінде бірін бірі түсінуден қалған бірнеше әлеуметтік топтардың пайда болып, қазақтың біртұтас ұлт ретінде жойылу қаупінің айқын көріне бастауы. Мұндай қоғамдық құбылыс туралы Ақселеу Сейдімбек өзінің іргелі (классикалық деп айтсақ та артық болмайды – Қ.А.) туындысы «Қазақтың ауызша тарихында»: «Әрбір этножаралым жадының біртұтастығы қожырай бастағанда, оның этнотөлтумалығы да дүбәралана бастайды. Ал, этнос мүлде өлімге бойсұнғанда, сол этнос аясында бірін-бірі түсінбейтін, бірін-бірі түсінгілері де келмейтін бірнеше әлеуметтік топтар пайда болады... Нағыз ұлтжандылық пен мемлекетшілдіктің сыналар жері де осы болса керек» дейді.

Егер, күні бүгінге дейін Абайдың бұдан жүздеген жылдар бұрын негізін қалаған ұлттық идеологияны халқымыз одан әрі дамытып, өз мүддесіне сай пайдалана алмай жүрсе, оған Абай кінәлі емес. Оған, біріншіден, мүмкіндік бермеген уақыт кінәлі. Екіншіден, әлі күнге дейін Абайды жатқа айтудан аса алмай жүрген өзіміз кінәліміз.Ал, өз ұлты - қазағын бодандықтан құтқармақ мақсатында бағдарлама қабылдап, Алаш-Орда үкіметін құрған Алаш зиялыларының тағдырының немен аяқталғандығы белгілі. Олардың бәрі дерлік ұлт-азаттығы жолында құрбан болды. Дегенмен, арттарында ұлты қалды, ұлттық идеялары қалды, сол ұлттың идеологиясына негіз болар мол мұралары қалды.

Ерте ме, кеш пе, негізін Абай қалап, іргесін Алаш зиялылары көтерген ұлттық идеологияның уақыт талабына сай қалыптасары да, оның ұлт мүддесіне қызмет етері де анық. Ол заңдылық. Оның объективті негізі қазақтың ұлт ретінде сақталып, мемлекет құрушы ұлт ретінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басында тарих сахнасына шығуы. Егер, Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрушы ұлт қазақ ұлты болса, сол ұлтты құрап отырған негізінен қазақ рулары. Демек, ұлттық идеологияны қалыптастырудың басты жолдарының бірі, ру-тайпа тарихы мен сол рулардан туындайтын рушылдықты жан-жақты зерттеп, тани білу және оны ұлт мүддесіне сай пайдалана білу.

Ю.А.Агешин: «Мәдениетті байытатын жаңа құнды элемент ақпарат пайда болған соң бұның негізі адамзаттың тіршілігін қамтамасыз ететін басшылыққа алынған әмбебап құндылықтарды мойындау мен ортақ мақсат пен міндеттер үшін шығармашылық байланыстың басымдылығын түсінуден басталады», - деген пікір келтіреді.

Мәдени ақпараттарға БАҚ-тан мысалдар:



Шығыс Қазақстанда бірегей археология музейі ашылады деген медиамәтін

Музей құрылысын Бестерек ауылынан салу кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені дәл осы жерде атақты қазақстандық археолог Зейнолла Самашев дүниеге келген. «Археология саласында сенсациялық жаңалықтар ашқан Зейнолла Самашев Берел қорғандарынан, Елеке сазы жайлауынан және Ақбауыр шатқалынан табылған бірегей олжалармен көпке танымал. Ол Шығыс Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Осы сирек жәдігерлермен қалың жұртшылықты таныстыру үшін музей салу туралы шешім қабылданған», - деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев. Сондай-ақ бұл археология музейі ғалымдардың семинарлар мен кездесулер өткізетін, ғылыми жұмыстарын ұсынатын орынға айналмақ.



Көшпенділер ойындары – ЮНЕСКО мұрасы атты медиамәтін

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес, мәдени мұраларды сақтау бойынша тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Хабар 24. Ұлттық спорт түрлері көшпелі өркениеттердің көпғасырлық салт-дәстүрлеріне қызығушылықты жаңғыртудың бірегей мүмкіндігі ретінде қарастырылды. 2021 жылы бұл тізімге бүкіл әлемнен 59 номинация болды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұсынған Қырғызстан бұл санатта бірінші тұрған. Материалдық емес мәдени мұра – жай мәртебе емес. Бұл жаһандану үрдісі кезінде өзіндік тарихи даралықты сақтап қалу мүмкіндігі. Көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың ұлттық спорт дәстүрлеріне қызығушылықты жаңғыртқанының арқасында ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет