Есеп және қаржы кафедрасы



Дата07.11.2022
өлшемі3,1 Mb.
#47973
түріБағдарламасы






«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехнакалық университеті» КеАҚ
Есеп және қаржы кафедрасы



ПӘН: Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру


ТАҚЫРЫП: "1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу негіздері

Оқытушы: э.ғ.к., доцент Ахметова Д.Т.

Нұр-Сұлтан, 2022




Тақырып: Қазіргі заманғы бухгалтер мамандығы: талаптар мен трендтер



Тақырып: 1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу негіздері


3"1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу негіздері


3.1 Кәсіпорын туралы мәліметтерді енгізу
Бағдарламамен жұмысты бастағанда алдымен бухгалтерлік есебі жүргізілетін кәсіпорын туралы мәліметтерді енгізу керек.
Базаға кәсіпорын туралы мәліметтерді енгізуді бастағанда үш тәсілдің біреуін қолданамыз. Негізінен, қай тәсілді қолдансақ та нәтижесі бірдей болады, сондықтан кез келгенін қолдануға болады.
1) «Стартовый помощник» командасын қолдануға болады (Справка > Стартовый помощник);
2) Функциялар панеліндегі «Предприятие» қосымшасын қолданып мәліметтерді енгізуге болады («Организации» сілтемесін таңдап);
3) «Предприятие > Организации» командаларын таңдап Организации анықтамасына енгізуге болады.
«Стартовый помощник» командасының артықшылығы ол қолданушыны мәліметтерді енгізу кезеңдерінің барлығынан өткізеді, бірақ қажетті мәліметтердің барлығын оның көмегімен енгізе алмайсыз, сондықтан «Предприятие > Организации» мәзірдің командаларын орындап, кәсіпорын туралы мәліметтерді қолмен енгізген дұрыс. Ол үшін «Организации» анықтамасын ашып, «Наша организация» командасы арқылы өз кәсіпорынымыздың мәліметтерін қоса немесе бар жазуға түзету енгізе аламыз.



1-сурет. Кәсіпорын туралы мәліметтерді енгізу терезесі «Основные қосымшасы»




3.2 Негізгі құралдар мен басқа да шоттар бойынша бастапқы қалдықтарды енгізу

Бастапқы қалдықтарды енгізу негізінен 000 шотымен корреспонделінетін өткізбе құрау арқылы іске асырылады. Бірақ кейбір шоттар бойынша қалдықты ерекше тәртіппен енгізеді. Мысалы, негізгі құралдар мен ҚҚС бойынша қалдықтарды енгізуге Шоттар бойынша қалдықтар автоматтандырылған есепке көшу күннің алдындағы күнмен енгізіледі.


Негізгі құралдар бойынша қалдықтар «Ввод начальных остатков по ОС» (Операции > Документы > Ввод начальных остатков по ОС) құжаты арқылы енгізіледі.
Құжаттың үлгісі екі негізгі қосымшадан тұрады. «Основные средства» қосымшасы негізгі құралдар туралы мәліметтерді енгізуге арналған. Онда кестелік бөлік бар, оның әрбір жолында бір негізгі құрал жайында мәлімет орналасқан.
«Итоги» қосымшасында енгізілген көрсеткіштер туралы жиынтық мәліметтер көрініс тапқан.
«Основные средства» қосымшасының кестелік бөлігіне жаңа элемент қоссақ, негізгі құрал туралы мәліметтерді енгізуге арналған үлгі пайда болады. «Основное средство» бағанында негізгі құралдың атауын таңдаймыз, ал кәсіпорынның негізгі құралдары туралы мәлімет «Основные средства» анықтамасында орналасқан. Үш нүктесі бар батырманы басу арқылы анықтаманы ашып, қажетті негізгі құралды таңдаймыз немесе жаңасын енгіземіз.






2 - сурет. Негізгі құрал туралы мәліметті толтыру


ҚҚС пен негізгі құралдардан басқа шоттар бойынша бастапқы қалдықтар қолмен енгізілетін операциялардың негізінде іске асырылады. Шоттар бойынша бухгалтерлік жазбаларды қолмен енгізу үшін Операция (бухгалтерский и налоговый учет) құжаты қолданылады. Ол құжатты Операции мәзірінен табуға болады→Операция (бухгалтерский и налоговый учет).





3– сурет. Бухгалтерлік операцияларды қолмен енгізуге арналған құжат үлгісі


1С:Бухгалтерия жүйесінің шоттар жоспарында арнайы – 000 шоты бар, оны бастапқы қалдықтарды енгізгенде қолданады. Активті шоттар бойынша бастапқы қалдықтарды енгізу үшін ДтАктивті шот Кт000 типтегі өткізбе, ал пассивті шоттар бойынша бастапқы қалдықтарды енгізу үшін Дт000 Кт Пассивті шот үлгісіндегі өткізбе құрылады.


Операция құжаты арқылы бастапқы қалдықтарды енгізгенде субшоттар мен субконто бойынша мәліметті толығымен көрсетіп толтыру қажет екенін есте сақтау керек.
Бастапқы қалдықтардың дұрыс енгізілгенін тексеру үшін стандартты бухгалтерлік есептердің біреуі - Айналым-қалдық ведомосін қолдану керек, оны «Отчеты > Оборотно-сальдовая ведомость» командаларын орындау арқылы табамыз. Есептің терезесінде ағымдағы баптауға сәйкес Айналым-қалдық ведомосі құрылады, оның параметрлеріне өзгеріс енгізсек, Сформировать батырмасын басып есепті қайтадан құрамыз.
Бақылау сұрақтары
1. Кәсіпорын туралы мәліметтерді қалай енгізуге болады?
2. Серіктестер туралы мәліметтерді қалай енгізуге болады?
3. Контрагенттер туралы мәліметтерді қалай енгізуге болады?
4. Бастапқы қалдықтарды қалай енгіземіз?
5. Негізгі құралдар есебінің бастапқы қалдықтарын қалай енгіземіз?
6. Бастапқы қалдықтардың дұрыстығын қалай тексереміз?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет