Реферат тақырып: «Жандану кешені»



Дата03.10.2023
өлшемі115,47 Kb.
#112803
түріРеферат

Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университеті

РЕФЕРАТ
Тақырып:  «Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы


Орындаған:Дильдаханова Аружан


Қабылдаған:Жумашева Толқын
Жоспар:
1.Жандану кешені
2.Жандану кешені кезінде балада пайда болатын мінез-құлық
3.Жандану комплексінің негізгі 4 компонентті
4.Ғалымдардың зерттеуі

Жандану кешені" балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалапты психикалық дамуының алғашқы белгісі.


2,5-3 айында «жандану кешені»байқалады. Баланың эмоционалды көрінуіне рекцияның бірнеше түрі кіреді: эмоционалды (жымию), дауыс (былдырлау), қозғалыс (қол, қозғалысы).
Ғалымдар сәбидің іс-әрекетіндегі белсенділік танытатын қуануын, жандану комплексі деп атаған. Бұл терминді ең алғаш рет М.Н.Щелованов жиырмасыншы жылдары енгізді.
Адамның ішкі дүниесі дамуының бірінші сатысы түгелдей «жандану» сатысы ретінде белгіленген. Саты атауының өзінен көрініп тұрғандай, бұл үдеріс көп жағдайда жақсыз сипатқа ие: баланың өзі жанданбайды, оның жандануы жүзеге асады. Бала да, ересек адам да жеке алғанда бұл үдерістің авторлары болып табылмайды. Олар бірлескен авторлар болады, дегенмен, олар бірігіп қамтамасыз ететін даму бағыты баланың көбірек қожалық етуі мен ересек адамның көбінесе оның қасында болуы жағына бағытталған. Сәби дамуының негізгі бағыты оның белсенділігі үшін сыртқы әлемге бір ғана жол – Өзге арқылы, ересек адам арқылы өтетін жол ашық екендігінде. Сондықтан да баланың жан құбылыстарында ең алдымен оның ересек адаммен нақты жағдайдағы бірлескен әрекетінің саралануы, бөлінуі, қалыптасуы тиіс екендігін күту әбден түсінікті.
Жаңа туылу сатысында нәресте өте тез дамиды. Ол айналасында болып жатқан құбылыстарға ерекше қызығушылық танытады. Бұл барған сайын арта түсетін сергектік уақытында анық байқалады. 4-ші және 8-ші апталар аралығында нәрестенің күндізгі ұйқысы қысқарып, түнгі ұйқысы ұзарады; ересек адамдар әсерін қабылдағыш бола түседі.
Көру қабілеті қарқынды түрде дамиды: жарқыраған заттар сәбидің назарын тоқтатады және оны бақылатады. Сәби өз қолдарына алғашында үзік-үзік көз салып, кейін мұқият бақылап, оларға қарай бастайды. Едәуір ұзақ уақыт бойында сәби қолдары мен саусақтарына қарап, оларды қосып, бір қолымен екіншісін ұстап, қозғалыстарын бақылауы мүмкін. Осыған ұқсас қимылдарды жаңадан туылған сәби өзінің аяқтарымен де істеуге қабілетті.
Егер екі айлық балаға сылдырмақ секілді жарқыраған ойыншықты көрсетсе, ол оған тек қарап қана қоймайды, оны қолымен ұрып жіберуі де мүмкін. Осы уақыттан бастап сәбиге ойыншыққа қарап жату жеткіліксіз, енді ол оны қолымен зерттей бастайды. Сәбиді өзіне жақын орналасқан, ұсақ бөлшектері бар нәрселер және жай қозғалатын нәрселер қызықтырады.
Баланың әдеттегі дене қалпы да үлкен өзгерістерге ұшырайды: ол шалқасынан жатады, басы денесінің орталық сызығының бойында орналасқан, қолдары бүгілген, ал аяқтары бүгіліп, кереует деңгейінен жоғары көтеріліп жатады. Жаңа туылған сәбидің аяқ-қолдары айтарлықтай күшейе түседі. Бұл сатыда сәбилер бұлшық еттерін жаттықтырудан үлкен ләззат алады. Жақын жерде жазықтық болса, соған тіреліп, кері итерілген жағдайда, аяқтарын тез тік қалпына келтіре алады. Жаңа туылған сәби ересек адамның көмегімен аяқтарына сүйеніп, өз салмағын ұстай алады.
Үш айдан соң жаңа туылған сәбиде мінез-құлық үйлесімділігі пайда болады. Егер баланың қолына бір зат ұстатса, ол көбіне соған көз сала отырып, оны ернімен байқап көру үшін аузына апарады. Бір уақытта ұстау, көру, ему әрекеттері үйлестіріледі. Мінез-құлық үйлесімділігін екі қолдың өзара әрекетінен де көруге болады: бір қолымен алынған зат екінші қолының көмегімен зерттеледі, екінші қол өз зерттеушілік белсенділігінде затты ұстаған қолға қосылады.
Бұл жастағы зерттеудің маңызды құралы ауыз болып табылады. Заттарды ауызбен «мыжғылау» – балалардың сүйікті ісі. Бастапқыда олар көбінесе осы мақсатта өздерінің кішкене жұдырықтарын таңдайды. Кейінірек сәби аузымен өз саусақтарын, сондай-ақ ауызға салуға болатын кез келген затты сорып, «мыжғылайтын» болады. Зерттеу функциясынан басқа, алғашқы тістерінің жара бастауына байланысты болатын ауыру сезімдерін басу үшін де ол аузына заттарды салуы мүмкін.
Осы кезеңде сәбидің ойлау жүйесінің алғашқы көріністерін байқауға болады. Мысалы, сәби оны қазір тамақтандыратынын түсінеді: анасы келгенде тамсануын немесе емізігін емуді доғара қояды. Оның алдын ала сезіп қоюы, сонымен қатар, емізер алдында – өз бөтелкесін немесе анасының емшегін көргенде – сәбидің белсенді түрде ему әрекетін жасауынан көрінеді.
Жаңа туылған сәбидің эмоционалдық жай-күйлерінің саны шектеулі. Бұл – аман-саулықтың сезімі (ашық күлімсіреу), қатты ыңғайсыздық сезімі (қыңқылдау мен ашулану), бейтарап эмоциялар сезімі (салмақтылық пен сақтық); күшті эмоционалдық реакциялар өз қолдарын немесе саусақтарының қозғалыстарын белсенді түрде зерттеуімен байланысты. Сәбидің эмоционалдық жай-күйін берудегі маңызды құрал оның күлімсіреуі болып табылады. Сәби ересек адамға қарап күлімсірейді, бұл орайда кез келген ересек адам оның күлімсіреу реакциясын шақыра алады. Алайда, кез келген басқа адамға қарағанда, сәбидің күлімсіреуін бірнеше мәрте қайталату оның анасына әлдеқайда жеңіл. Сәбидің анасымен ерекше қатынастары қалыптасады.
Жаңадан туылу сатысында соматикалық мүшелердің салыстырмалы реттелген тобы түріндегі бастапқы психосоматикалық синтез жүзеге асырылады. Соңынан бұл мүшелер функционалды сезім мүшелерінің, қозғалыс, қарым-қатынас және сөйлесу мүшелерінің негізіне айналады. Бастапқы синтез аталмыш сатының басты жетістігі ретінде кешенді жанданудан тікелей көрініс табады.
Көптеген отандық және шетелдік зерттеулер деректері бойынша, екінші және үшінші ай тоғысында сәбидің психикалық өміріндегі жалпы өзгерісті білдіретін оның тек өзіне ғана тән әлеуметтік реакциялары байқалады. Біріншісі – мимика (ым): адамның бет-әлпетін көргенде, кейінірек дауысын естігеннің өзінде күлімсіреудің пайда болуы. Екінші құрауыш – коммуникативтік (қарым-қатынастық), сөйлеп тұрған ересек адамға сабырлы дауыстық реакция, әдетте, қарсы әрекет ретінде, яғни, ересек адам сөйлеген уақытта емес (бұл жерде құлақ салу), кідіріс кезінде болады. Бала тыйым салатын және рұқсат беретін дауыс ырғақтарын саралап, ажырата бастайды (біріншісі – негативті (теріс) реакцияны, наразылықты; екіншісі позитивті (оң) эмоционалдық жандануды тудырады). Жандану кешенінің үшінші құрауышы – қозғалыстық; бұл сәбидің қарқынды және шапшаң қимылдарынан байқалады – ол өзін күтетін ересек адамды көрген кезде, қолдарын көтеріп, аяқтарын қозғалта бастайды.
Жандану кешені – жай ғана реакция емес, ересек адамға әсер ету әрекеті. Бала жай ғана күлімсіреп қоймайды, ересек адамды бүкіл денесінің қозғалыстарымен қарсы алады. Нәресте әр уақыт қозғалыста болады, эмоционалды түрде жауап береді. Жандану кешені – бала мен ересек адам қарым-қатынасының алғашқы тұтас нысаны. Баланың алғашқы мінез-құлықтық актісі ретіндегі жандану кешені оның ары қарайғы бүкіл психикалық дамуында анықтаушы мәнге ие. Дамуында артта қалған балалар, ең алдымен, дәл осы жандану кешенінің пайда болуында қалыс қалады. Бірақ бұл сатының ең басты жетістігі – баланың әлемге деген әуел баста сараланбаған қатынасының бастапқы сараланудан (әлеуметтік және физикалық) өтетіндігінде. Бала физикалық заттарды және адамды әрқалай қабылдай бастайды: заттарға – зейін аударып, адамға күлімсіреп қарайды.
Дене тәртібінің едәуір күрделі және айрықша нысандарының (ымдық, дыбыстық, қозғалыстық) кешені ретінде жандану кешені бала мен ересек адам арасында витальды бірліктің бастапқы (пренатальды) нысанынан да, туылу дағдарысындағы симбиоз ажырауынан да мүлдем тыс байланыстар мен қатынастардың жаңа түрлерін қамтамасыз етеді. Бұл жаңа нысан ересек адам мен баланың бірлескен күштерімен құрылады. Осы кезде ересектермен қарым-қатынас балалар үшін айрықша мәнге ие, өзінің мазмұны бойынша бұл жақсы тілектестікті қажетсінуге саяды. Қарым-қатынас кезінде бала мен ересек адам жағымды эмоциялармен алмасады; олардың байланыстары қандай да бір басқа ынтымақтастыққа қызмет көрсетпейді. Бұл қарым-қатынас риясыз, ешқандай мақсаттарды көздемейді. Жандану кешені келесі кезеңнің ауыспалы сатысының көрнекті белгісі болып табылады.
Ғалымдар сәбидің іс-әрекетіндегі белсенділік танытатын қуануын, жандану комплексі деп атаған. Бұл терминді ең алғаш рет М.Н.Щелованов жиырмасыншы жылдары енгізді.
Жандану комплексі ең негізгі төрт компонеттен тұрады:

  1. Көрудегі ерекшелік – белгілі бір затқа немесе адамға ұзақ қарау.

  2. Баланың жағымды эмоциясын білдіретін – күлімдеу.

  3. Қимыл қозғалыс жандануы – басын қимылдату, аяқ-қолдарын қимылдату, арқасын тарту.

  4. Вокализация – баланың дыбыс шығаруы, мысалы ымдау.

Осы компоненттердің барлығы бірдей жүзеге асады. Осыдан келіп комплекс атауы шықты. Жандану комплексі 2,5 ай кезінде біліне бастайды және ол 4 айға дейін дамиды. Осыдан кейіін ол бірте-бірте төмендей береді. Оның кей компоненттері даралана түсіп, оның орнына жаңа іс-әрекет формалары пайда болады. Совет дәіріндегі алғашқы балалық шақты зерттеуші ғалымдар Н.А.Фигурин мен М.П.Денисова болды. Олар жарты ғасыр бұрын жандану комплекстерін баланың толық барлық жағдайымен қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болған жауап деп түсіндірді. Олар бала жауабын оның қанағат білдіргені деп қарастырды. Тірілу кломсплексі өте ұзақ уақыттары баланың ересектерге берген жауабы ретінде қарастырылып жүрді. 1965 жылы Д.Б.Элькониннің "Бала психологисы" атты еңбегі жарық көрді. Мұнда жандану комплексін үлкен адаммен қарым-қатынасқа түсудегі ерекше форма ретінде қарастырған. Ол белсенді түрде жүзеге асады деген тұжырымдар айтылды. Бірақ бұл тек анықталмаған дәлелдеу мен экспериментті керек ететін тұжырым ғана болды. Ал нақты дәлелдер М.И.Лисина мен С.Ю.Мещерякованың зерттеу еңбектерінде болды.
Тірілу комплексі баланың қуанышын білдіруші реакция ретінде ғана емес, қарым-қатынасқа түсуші құрал деп қарастырды. Сондықтан да ол баланың өз белсенділігін көрсетуі тиіс. Егер де ол нақты осылай болса онда тірілу комплексі қарым-қатынасқа түсу ерекшелігіне және жағдайға байланысты болады. М.И. Лисинаның эксперименттерінде тірілу коплексі компоненттерінің бәрі де әр түрлі байланысқа түсу ерекшелігінде мынандай болды;

  1. Пассивті түр

  2. Күлімдеп қараушы

  3. Нәзіктік

  4. Сөйлесу

  5. Комплексті қарым-қатынас (күлімдеу, сипау, сөйлесу әрекеті бір мезетте).

Баланың комплексті жандану әрекеті үлкен қарым-қатынасқа түсуші адамға байланысты болады деген тұжырымды жүргізген эксперименттер нәтижесінде айта аламыз. Мысалы анасы бірінші күлімдесе, сәби де оған күлімдеп жауап береді. Ал бала денесін ұстағанда сәби ұзақ уақыт бойы ым білдіріп күлімдейді. Ал сөйлегенде сәби де міндетті түрде жауап қайтарады. Осылайша сәби комуникативтіліктің түрлі жолдарын іздейді. Осы эксперимент нәтижесінде тірілу комплексінің мынандай факторлары дәлелденді:
1-ден сәби өзін өте белсенді ұстайды, ол қарым-қатынасөа түсуші үлкен адам онымен салыстырғанда әлдеқайда пассив болуы мүмкін. Сонымен қатар керісінше үлкен адам өзін актив түрде ұстаса сәби соғұрлым пассив болдаы. Жоғарыда көрсетілгендей баланың активтілігі үлкен адам белсенділік танытпаған кезде болады.Осыдан келіп тірілу комлексін заңға бағынбайды деуге болады.Ол тек қарым – қатынас жасау заңына ғана сүйенеді.Екі адамның біреуі пассив болса, оны жақындататын белсенділікке тарту қажет.
2-ден коплексті тірілу әрекеті үздіксіз болып отырады.Бала анасы өзге біреумен сөйлесіп отырған уақытта оның назарын аудару мақсатында анасына ұмтылып іс - әрекет жасайды, дауыспен ым – ишара білдіреді.Мұндай жағдайда жандану комплексі жауап емес, тікелей бірінші болып байланысқа түсу болып есептеледі.
Дегенменде жандану комплексі тек қана қарым – қатынас жасаудың амалы ғана емес, ол белгілі бір затқа деген баланың қызығушылығын білдірудің негізгі формасы болып табылады. Сонымен жандану комплексінің 2 түрлі функциясы бар: 1-ші қызметі жандану комплексінің қатынас құралы, 2-ші қызметі қоршаған ортаға деген қызығушылықты ояту, соған қарай (затқа) талпыну.
С.Ю. Мещерякованың эксперименттері екі түрлі қатынасты бөліп қарастырады: ересек адамның және түрлі ойыншықтардың.Екі топтың да әсері жас сәбидің қызығушылығын оятады.Мұндай жағдай пассив ересек адамдар мен қозғалмай тұрған зат және актив ересек адамдар мен қозғалыста тұрған заттар да бірдей деңгейде баланың қызығушылығын оятты.
Жандану комплексі адам қатынасқа түскенде жоғары түрде белсенді болады, ол заттың балаға әсерімен салыстырғанда мұнда адамның әсерінің күштілігін аңғартты.

Қолданылған материалдар:


1.http://emirsaba.org/balalar-psihologiyasi-penini-deris-materialdari.html?page=28
2. https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=558
3. Дүйсенова Ж. Қ., Қ. Н. Нығметова Д 87 Балалар психологиясы: оқулық/Ж. Қ. Дүйсенова Қ. Н. Нығметова - Алматы: ТОО «Полиграфкомбинат», 2013 ж. - 300 бет.
4. Дәріс ақпараттары

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет