Ќанипа Бітібаева


Ш тарау. АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРБАЯНЫН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет90/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   182
Ш тарау. АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРБАЯНЫН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ЖОЛЫН ОҚЫТУ 
ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН 9-11-СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ 
Мектепте  ақын-жазушылар  өмірін  оқытудың  маңызы  зор,  әрі  ол  әдебиетті  оқудың 
күрделі  бір  саласы.  Қай  ақын-жазушыны, 
суреткерді 
алмайық, 
оның 
шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен  шыққан ортасы, 
өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма  суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, 
ол  шығарманың  жазылу  себебі  не  т.с.с.  мәселелерге  де  олардың  өмір  жолы  жауап  бермек. 
Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдан туған шығарма емес екені, оны 
жазу  кезінде  Көкшеге  үш  рет  баруынан  туған  дүние  екені  мәлім.  Мұндай  мысалдарды 
көптеп келтіруге болады. Немесе, Міржакып, Сұлтанмахмұттардың Мағжандардың «Алаш 
туралы  өлеңдері  сол  партияда  болулары  немесе  сол  қозғалыс  кезінде  оған  жақтас, 
пікірлестіктерінен  туғандығы  баршаға  аян.  Сондықтан  суреткер  өмірі  оның 
шығармашылығымен біртұтас карастырылу керек. 
 Бағдарламада  ақын  жазушы  өмірбаянын  оқыту  9-  11-сыныптарда  тарихи 
әдебиеттік ізбен беріледі. Ал 5-8-сыныптарда әдебиеттік оқуларда өмірі емес, жекелеген 
шығармаларын  талдау  ұсынылады.  Сол  себептен  де  әр  оқушы  өздері  оқып  жатқан 
шығарма  кімдікі,  шығарманын  жазылу  тарихы  туралы  тұжырымды  түрде  хабар  алса, 
артық  болмайды.  Сондықтан  5-8-сыныптарда  да  суреткер  өмірінен  мәліметтер  берудің 
тиімділігі бар.  
5-сыныпта  М.Шахановтың  «Отырар  дастаны»  шығармасын  оку  алдында  оқушыларға 
әңгімелеу  әдісімен  Мұхтардың  қысқаша  өмірін  таныстырып,  әсіресе,  Желтоқсан,  Арал 
мәселелеріндегі азаматтық, күрескерлік, ұлтжандылық қасиеттерін айтып берудің маңызы 
зор.  «Отырар  дастанын»  оқып  болған  соң,  әңгімені  қайта  жалғастырып,  ақынның  
өлеңдеріндегі Қайыр ханға ұсастығы бар ма, неге ақын осы Қайыр хандай халық  ұлдары 
туралы  жиі  жазады  деген  сұрақтармен  оқушыларды  ойландырып,  өзі  халқын  сүйетін  ак, 
адал,  батыр  ақындар  ғана  ондай  тақырыптарға  бара  алатындығы  жөнінде  сөз  козғау 
тиімді тәсіл болмақ. 
8-сынып  окулығында  Абайдың  Әбіш  туралы  өлеңдері  беріледі.  Әбіш  кім  болған 
(оқулықта қысқа ғана мәлімет беріледі), Абай оған неге бірнеше өлендер жазған, ол өлеңдер 
әкенің  баласын  жоқтауы  ғана  ма  деген  сұрақтарды  мұғалім  ақын  өміріне  шолу  жасай 
отырып,  түсіндіреді.  Тіпті,  берілген  шығарманы  талдау,  оған  қызықтыру  үшін  де  бұл 
тәсілдің  маңызы  ерекше,  мүғалім  әңгімелей  отырып,  Абай  өлеңдерінің  басты-басты 


 
108 
кезеңдеріне  тоқталады.  Халық  үшін  «мыңмен  алысқан»  ұлы  ақын  өз  балаларын  сол 
«Халық  ұлы,  адам  ұлы»  болу  үшін  тәрбиелегенін,  әсіресе,  Әбішінен  үлкен  үміт  күткенін, 
бірақ Әбіш қазасы ол үмітті үзіп, ақынды орны толмас қайғыға ұшыратып, қолына қағаз 
алғызғанын әңгімелеудің тиімділігі зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымын 
дамыту  мақсатында  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясынан  мысалдар  келтірудің  де 
маңызы бар. Мысалы, Абайдың «Өзімді ғана сүйсіндірмес, тірі болып, сау болса, халқын да 
сүйсіндірер.  Қараңғы  сахарасына  жарық  сәуле  әкелер  алғашкы  адал  буын  сен 
болармысың!»  деген  Әбіш  туралы  толғауын  немесе  «Қапыда»  бөлімі  бойынша  Әбіштің 
кайтыс болар алдындағы әкесіне жазған коштасуын оқып беруге болады. 5-8-сыныптарда 
суреткердің  бүкіл  өміріне  тоқтаудың  қажеті  жоқ.  Өміріне  тұжырымды  түрде  шолу 
жасап,  әсіресе,  оқығалы  отырған  шығармаға  байланысты мәселелерге ғана көбірек 
көңіл бөлу керек. 
   Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау 
алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын 
алған. Орыс әдебиетін оқытуда соңғы тәсіл кең орын алады. Ал қазақ өдебиетін окытуда бұл 
соңғы тәсіл кей жағдайда 
 келе  бермейді,  оның  басты  себебі  жазылып  қалған   деректердің  болмауы, 
тағы  басқа  себептері  бойынша  ақын-жазушының  өмірі,  шығармаларының  дүниеге 
келуінін нақты мерзімі белгісіз болуы. Жоғарыда айтылғандай, арнайы сарат бөліп, 
суреткер өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаудың тиімділігі де бар. Егер 
мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын 
ала  таныстырып,  оның  тек  өмірі  ғана  емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі, 
өмір  сүрген  ортасына  байланысты  әр  қилы  өмір  жолы,  жеке  басының  қуаныш, 
қайғысы жайында ұтымды сөз қозғай білсе.  Мысалы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан 
Жұмабаев,  Шәкәрім  Кұдайбердиевтерді  өтуде  осы  тәсіл  тиімді  болмақ.  Себебі, 
халқымен  жаңа  табысқан  бұл  боздақтардың  трагедиялық    әрі  бақытты  өмірлерін, 
жазықсыз жапа шегулерін, коммунистік идея мен сталиндік сұмдықтың құрбандары 
болғандарын жан-жақты түсіндірудің арнайы маңызы ерекше. 
 Осы  мәселелерге  тоқталмай  тұрып,  шығармаларын  талдау  дұрыс  емес. 
Олардың барлық шығармаларында өмірлерінің ізі, сыры жатыр. Суреткер өмірбаянын 
өтуде  оның өмір кезеңдерінің басты оқиғалары, оларға байланысты туған  шығармалары 
туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, хронологиялық кесте жасап, пайдалануға бол 
Үлгі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет