Ќанипа Бітібаева


Халық ақындары: Шортанбай, Мұрат, Кердері шығармашылықтары



Pdf көрінісі
бет96/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   182
 
Халық ақындары: Шортанбай, Мұрат, Кердері шығармашылықтары: 
 
а) халықты қанаушылар, байлықтың құлдарын өлтіре сынауы; 
ә) патшаның отарлау саясатына қарсы ұлтжанды үндері, Ресейге қосылудың шынайы, 
көлеңкелі жақтарын ашына сынауы; 
б) осы ақындар туралы әр түрлі пікірлер. Соңғы кездегі тарихи шындыққа негізделген 
бағалар, ойлар. 
Абайдың  ақындық  мектебінің  қанат  жаюы  (Ақылбай,  Мағауия,  Әсет  ақындар 
туралы) 
- Әнші, ақын, композиторлардың бір тобы. Ән өнері, музыка мәдениетінің дамуы. 
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса шығармашылығы. 
- Әдеби бағыт, реализм, сыншыл реализмнің көркем әдебиет  әдісі ретәнде дамуы. 
Реализмнің  сыншылдық,  ағартушылық,  гуманистік,  азаматтық  сипаттары. 
Прогрессивтік романтизмнің де бой көрсетуі, оның маңызы. 
Тақырыптың  түйіні  жазылған  бұл  кестені  үлестірме-нұсқау  ретінде  балалардың 
алдывна  беру  тиімді  болмақ,  себебі,  үйде  дайындалу  кезінде  де  пайдалануларына 
қолайлы келеді.  
2.Шолу тақырыптарын өтуде көрнекіліктің маңызы.  Мысалы, осы «XIX ғасырдың екінші 
жартысындағы  әдебиетті  өтуде»  Абай,  Шоқан,  Ыбырай  туралы  көркем-витрина,  олар  туралы 
ұлылардың  бағалары,  пікірлері  жазылған  кесте-плакаттар,  альбомдар,  карта-сызба,  көркем 
туындылар  (Абай,  Шоқан,  Ыбырай  туралы  жазылған),  оқу  фильмдерін    орынды  пайдалану 
оқушылардың  қызығушылығын  арттырады,  көлемді  тақырыптардан  жалығып  кетуден 
сақтандырады. Әрине, бұл көрнекіліктерді тиімді пайдалана білу жолдары бар. Сабақ өтетін 
кабинетті  мұражайға  айналдырып  жіберіп,  оқушы  назарын  білім  мазмұнынан  гөрі, 
айналада  ілулі  тұрған  дүниелерге  бұрып  жіберу  үлкен  кемшілік  болар  еді.  Кейде  сабақ 
өтуден  бұрын,  «XIX  ғасыр.  Қазақ  қауымы,  әлеуметтік  жағдайлар.  Әдебиет,  мәдениет, 
көркемөнер» деген тақырыппен кабинетке көрме ұйымдастыруға болады. 
Міне,  осылайша  оқушылардың  қызығушылығын  арттырып,  алғашкы  мәліметтерді 
сөзбен емес, осы көрнекіліктермен берген дұрыс. 
Көрме-витриналарды да саралап, тақырыпшаларға бөліп ұйымдастыру керек. 


 
117 
Мысалы, 1-кесте-плакатты былай жасауға болады:                                   Үлгі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет