1. «Кім білгір?» (Үй тапсырмасын тексеру, яғни үйге берілген есеп тақтаға шығарылады. Сұрақ – жауап арқылы)
1-ші топқа : Конус дегеніміз не?Конустың элементтерін ата?
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.
2- топ: Конустың түрлерін ата? Қималары?
Конустың түрлері
Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп атаймыз.
Тік емес конустар мектеп курсында қарастырылмайды. Бұл конус айналу денесі болмайды.
Конустың қималары
1 - сурет – Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш
2 - сурет – Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш
3 - сурет – Конусты оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек
4 - сурет – Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.
3- топ: Негізгі формулалары? Конус айналу денесіне ұқсайтын обьектілерді ата?
Негізгі формулалар
Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:
Достарыңызбен бөлісу: |