Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы
Жалпы техникалық пәндер, ақпараттық жүйелер және технологиялар кафедрасы
БЕКІТІЛДІ
ЖТПАЖ және Т кафедрасының
бастығының м.а.
азаматтық қорғау полковнигі
______________ Д.К. Берденова
«___» _______________ 2022ж.
ДӘРІС № 3
«Инженерлік графика» пәні бойынша
күндізгі оқыту факультетінің курсанттары үшін білім беру бағдарламасы бойынша 6В12302 «Өрт қауіпсіздігі»
6В «Өрт сөндіру және авариялық құтқару ісі»
Тақырып: «Жазықтықты проекциялау»
Әзірледі:
ЖТПАЖ және Т кафедрасының доценті
т.ғ.к., азаматтық қорғау майоры
________________Мусайбеков А.Ғ.
Кафедра отырысында қарастырылды
Хаттама №__от «__» тамыз 2022 ж.
Кокшетау2022 ж.
Дәріс №3
Тақырыбы: Жазықтықты проекциялау.
1. Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі.
2. Кескінделетін заттың проекция жазықтығына параллель бағытта орнын ауыстыру тәсілі.
3. Бұру тәсілі.
Егер геометриялық фигуралар проекция жазықтығына қарағанда ерекше жағдайда (жалпы жағдайда емес) орналасса, онда олар туралы есептерді шешу едәуір жеңілдейді. Бірақ техникалық практикада проекцияланатын объектіні ерекше жағдайда орналастыру әрдайым мүмкін бола бермейді. Сондықтан кейбір есептерді шешу үшін бізге қолайсыз болып табылатын жалпы жағдайдағы элементтерді ерекше жағдайға орын аустырып, олардың проекцияларын түрлендіруге тура келеді. Проекицяларды түрлендіру төмендегі екі тәсілмен орындалады.
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі
Мұнда кескінделетін объектіні кеңістікте берілген күйінде өзгертпей қалдырады да, проекция жазықтықтарының біреуін немесе екеуін де бізге қолайлы болып табылатын басқа жазықтықтармен алмастырып, объектінің проекцияларын қайта құрады.
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің негіздері
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің негізі және Н жазықтықтарының біреуі жаңадан алынған проекция жазықтығымен алмасатындығында. Жаңадан алынған проекция жазықтығы алмастырылмай қалған проекция жазықтығына перпендикуляр етіп құрылады.
Бұру тәсілі
Мұндай берілген проекция жазықтықтарының системасы өзгертілмей қалдырылады, ал берілген объектіні кеністікте тандап алынған осьтер төңірегінде бұру арқылы бір орынан екінші орынға ауыстырады, яғни бізге керек болып отырған түзулер мен жазықтықтар жалпы жағдайдан ерекше жағдайға келтіріледі. Бұдан соң олардың проекциялары қайта құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |