РЕФЕРАТ
Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер ) жатады. Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . ЭРИТРОЦИТТЕР- Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120-127 тәуліктей. Оның шамамен 2,5 млн-ы көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сұйек кемігінде қайта түзіліп отырады .
Қорыта іселгенде, эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға, көмірток қос тотығын ұлпалардан өкпеге тасиды (жеткізеді). ГЕМОГЛОБИН — қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглобин болады. Түр ерекшелігі глобин белогының құрамына кіретін амин қышқылдарының сапасымен анықталады. Мысалы, адамның глобин белогында изолейцин амин қышқылы болмайды, ал басқа жануарлардың глобинінің құрамында бұл амин қышқылы кездеседі. Барлық жануарларда кездесетін гемоглобиннің гемінің құрылысы бірдей. Гемоглобиннің құрамына кіретін бөліктері бір-біріне әсерін тигізеді. Глобин белогы суда нашар еритін, химиялық инертті гемді суда жақсы еритін, оттегімен байланысатын белсенді гемге айналдырады. МИОГЛОБИН- гемоглобин секілді бұлшықет жасушаларының тыныс алу пигменті. Миоглобин химиялық табиғаты бойынша күрделі хромопротейінді белок. Цитоплазманың митохондрияға жақын жерінде кездеседі, ол гемоглобиннен оттегін тыныс алу ферменттеріне тасымалдайды. Миоглобин гемоглобинге қарағанда оттегімен жақсы байланысқан. Сондықтан да суда жүретін жануарлардың бұлшық етінде миоглобин көп болады. Адамдарда
миоглобин қандағы оксигемоглобинмен әрекеттесіп, оксимиоглобин түзеді. Шыныққан адамдардың бұлшық етінде оксимиоглобиннің мөлшері көп болады. ГЕМОГЛОБИН МЕН МИОГЛОБИН • Гемоглобин қандағы оттегін тасымалдайды, ал миоглобин бұлшықеттерде оттегін тасымалдайды немесе сақтайды. • Миоглобин бір полипептидтік тізбектен, ал гемоглобин бірнеше полипептидтік тізбектерден тұрады. • Миоглобиннен айырмашылығы, эритроциттерде гемоглобиннің концентрациясы өте жоғары. • Басында миоглобин оттегі молекулаларын өте оңай байланыстырады және соңғы кездері қанық болады. Бұл байланыс процесі гемоглобинге қарағанда миоглобинде өте жылдам жүреді. Гемоглобин бастапқыда оттегін қиындықпен байланыстырады. • Миоглобин мономерлі ақуыз түрінде болады, ал гемоглобин тетрамерлік ақуыз ретінде пайда болады. • Гемоглобин құрамында полипептидтік тізбектердің екі түрі бар (екі α-тізбек және екі β-тізбек). • Миоглобин мономер деп аталатын бір оттегі молекуласын байланыстыра алады, ал гемоглобин тетрамер деп аталатын төрт оттегі молекуласын байланыстыра алады. • Миоглобин оттегімен гемоглобинге қарағанда тығыз байланысады. • Гемоглобин миоглобиннен айырмашылығы оттегін де, көмірқышқыл газын да байланыстырып, түсіре алады.