Ақпараттық ресурстар – бұл адамзаттың ұсыныстары мен және оларды жүзеге асыру үшін берілетін нұсқаулар. Бұл кітаптар , мақалалар , патенттер , диссертациялар, ғылыми зерттеулер және тәжірибе- құрастырушылық құжаттар , кәсіби тәжірибе жайлы мәліметтер және т.б. Ақпараттық ресурстар ( басқа ресурстармен салыстырғанда ) оларды не ғұрлым көп шығындаған сайын соғұрлым жылдам артып отырады.
Ақпараттық технология
Ақпараттық технология – бұл ақпаратты өңдеу үшін адамдар қолданатын тәсілдер мен құрылғылар жиыны.
Адамзат ақпаратты өңдеумен мыңдаған жылдар бойы айналысуда. Алғашқы ақпараттық технологиялар шотты және жазуды пайдалануға негізделген. Компьютерлердің шығуына байланысты осыдан елу жыл бұрын технологиялар күрт дами бастады. Қазіргі уақытта «ақпараттық технология» термині компьютерлер көмегі арқылы ақпаратты өңдеумен байланысты қолданылады.
Ақпараттық ресурстар және ақпараттық қоғам.
Кейбір адамдар ақпараттанған қоғамға әлі де болса үйрене алмай келеді. Әлемде зор орасан ақпараттық әулиет (потенциал) жинакталған, бірақ адамдар оны өздерінің шамасы жеткен жерге шейін толық пайдалана алмай отыр. Ақпараттық дағдарыс қоғам алдында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын іздеу қажеттілігін көлденең тартты. Әр түрлі қызмет саласында ақпаратты өңдеп беретін осы заманғы құралдардың, ЭЕМ тұрмысымызға ену индустриалдық даму кезеңіндегі адамзат қоғамның өркендеуіне ақпараттандыру деп аталатын жаңа эволюциялық процестің басталғанын білдіреді.
Қоғамды ақпараттандыру ақпарттық ресусртарды қалыптастырып, пайдаланудың негізінде қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтар мен азаматшалардың құқықтарын жүзеге асыру, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай тудырудың ұйымдасқан әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесі болып табылады.
Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдері белгілі бір деңгейлерде ақпараттық ресурстарды қолдану процесін жүзеге асыруда. Информатикалау стратегиясын дұрыс таңдап алмаса немесе оның динамикасы мен жұмылдырылуы жеткіліксіз болатын болса, оның салдары ел өміріндегі барлық салаларға күйзеліс әкелуі ықтимал. Білетіндігіміздей, ақпараттандыру ең алғашқы боп бастаған ел АҚШ болатын. Өнеркәсібі дамыған басқа елдерде де бұл бағыттың келешегі зор болатынын, онсыз ендігі жерде алға басудың мүмкін еместігін түсініп, тез бағдарланып, компьютерлер мен телекоммуникация құралдарын енгізу қарқынын үдете түсті. Қазіргі уақытта АҚШ іскерлік саяси прессасы (ақпарат құралдары) басқа дамыған елдердің, мысалы, Жапония, Германия және т.б. АҚШ компьютерлік телекоммуникациялық және макроэлектрондық салаларында ығыстыру арқылы осы өнімді өткізу нарығын олардың басып алғаны туралы пікір таластарға толы.

Жапония мен Батыс елдері қоғамды информатикалау мәселесімен айналысқандарына екі он жылдық жүзі болды. Соңғы жылдары ол жақта мемлекеттің орасан зор демеу қаржысымен субсидия жалпы ұлттық бағдарламалар қолға алынып отыр. Ақпараттық ресурстарды дамыту болашаққа ұмтылысты танытатын процесс. Бұл бағытта барлық дамыған елдер информатикалауға басымдықтар беріп, осы мақсатқа негізгі ресурстарын жұмсап, күш жігерін жұмылдыруда. Информатикалау теориялық талдау объектісінен қандай да бір елдің саяси және экономикалық артықшылықтарын танытатын өмір сүре білу факторы мен қуаттылығын бағалау өлшеміне айналып, мемлекеттің ішкі және сыртқы стратегияларын жасауда маңызды бағдар ретінде болып отыр.
Қорытынды
Қорытындалай келетін болсақ, ақпараттық ресурстар қазіргі кездегі мемлекеттің кез келген істерінде толықтай дерлік басты фактор болып отыр. Қазақстанда қазіргі уақытта бұл ресурс түрін өзінің ішкі және сыртқы саясатында қолданылып отыр. Оларға мысал ретінде электрондық үкімет (egov.kz) және әр мемлекеттік лауазымды шендіктін әлеуметтік желіде (Twitter) өзінің парақшаларының айтуға болады. Және тек үкімет ғана емес азаматарымыздың банкілік қызметтер (Web money, Qiwi), оқу және жеке даму қызметтерін пайдалана алады. Осының барлығы ақпараттық ресурстарды қолдану, яғни оны дамыту нәтжелері болып табылады.