КөнеҮнді,Қытай,Грек мәдениеттерінің қалыптасу тарихы



бет1/5
Дата06.10.2023
өлшемі427,76 Kb.
#113050
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 тақырып Көне Шығы 3

Ежелгі Шығыс. Қытай және Үнді философиясы

2 тақырып

Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері.

  • Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері.
  • Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді. Көне Үнді қоғамы төрт кастаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшийлер және шудралар. «Каста, варна» сөзі « түс, қабық, бояу » дегенді білдіреді және әрбір каста өз түсі болды. Некелік қатынастар тек бір кастаның щеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір кастадан екіншісіне өтуге болмайды және әрбір каста өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшийлер — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — касталарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады : ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі — жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды. Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері : ғылыми оймен байланысының аздығы; жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі ; негізгі философиялық үғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері Ежелгі Үнді философиясының бастауы — біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. « Веда » сөзі « білім » дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім : гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Ведалар 4 бөліктен тұрады : Самхиттер — кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады ; Брахмандар — діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр. Аранъяктар — « Орман кітаптары » — қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан » « білім жолына », тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды. Упанишадалар — философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта (« Ведалардың соңы ») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. Upani -sad (« қасында отыру »), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, «жұмбақ білім » дегенді білдіреді. Упанишадалар — ұстаздың шәкіртпен диалог әңгімесі, оның тақырыбы — болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.

  • Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері Ежелгі Үнді философиясының бастауы — біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. « Веда » сөзі « білім » дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім : гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Ведалар 4 бөліктен тұрады : Самхиттер — кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады ; Брахмандар — діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр. Аранъяктар — « Орман кітаптары » — қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан » « білім жолына », тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды. Упанишадалар — философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта (« Ведалардың соңы ») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. Upani -sad (« қасында отыру »), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, «жұмбақ білім » дегенді білдіреді. Упанишадалар — ұстаздың шәкіртпен диалог әңгімесі, оның тақырыбы — болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет