Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.12.2016
өлшемі331,52 Kb.
#157
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Ақпараттық технология факультеті 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 



 

 

 



«Бекітемін»  

АТФ деканы____________Табултаев С.С.  

«____»_____________

__2013г.  



 

 

 

Пәндік Syllabus  

IK 1101 – 

Қазақстан тарихы   

 

 

 



Мамандықтар:  

5В070200 – Автоматтандыру және басқару 

5В070300 – Ақпараттық құралдар  

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету 

5В071700 – Жылу энергетикасы 

5В071800 – Электр энергетикасы 

5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация  

5В073100 – Өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 

5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету  

5В060200 – Информатика  

5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар  

5В071600 – Құрылғыларды құрастыру   

5В100200 – Ақпараттық қорғау жүйелері    

 

 



Курс  

Семестр  



1,2 

Кредит саны  

ECTS 


кредит саны  

Жалпы сағат көлемі  



135 

Дәріс  


22 

Мамықтану (сем)  

23 

СОӨЖ  


30 

СӨЖ  


60 

Семестрлік жұмыс 

Мем. емтихан  



 

 

 



 

 

Алматы 2013 



Syllabus 

құрастырған: доцент  т.ғ.к., доцент Кабдушев Б.Ж., аға оқытушы Жұмағұлов 

М.Д. доцент т.ғ.к. Раджапов А. Ө. жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.  

Syllabus  әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  мәжілісінде  ________________________ 

№_____  хаттамасында мақұлданды.  

 

 



Кафедра меңгерушісі________________________Джагфаров Н.Р. 

 

 



Syllabus  Ақпараттық  технологиялар  факультетіндегі  оқу-әдістемелік  комиссиясының 

мәжілісінде қаралып, бекітілген. («___»______________2013ж., №_____ хаттама).    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


1 Оқытушылар: 

Кабдушев Булат Жоламанұлы-т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб. 

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, Bolat_6464@mail.ru 



Жұмағұлов Марат Дәулетбайұлы –  АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, mar-jum67@mail.ru 



Раджапов Анарбай Өскенбайұлы  -   т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

 

Курстың  аудиториялық  сабақтар  өткізу  уақыты  және  орны  сабақ  кестелерінде 

көрсетілген,  СОӨЖ  консультация  кесті  Ақпараттық  технология  деканатының  (С409)  дәне 

ӘП кафедрасының (А314) хабарлама тақталарында орналастырлған.  



 

3  Пәннің  пререквизиті:  Мектептің  бағдарламасының  деңгейінде  тарих,  география, 

жалпыгуманитарлық қажетті білімі болу керек 



 

4 Оқу пәнінің сипаты  

4.1 Курстың мақсаты – Қазақстан тарихы пәнінің дәрісі мен семинар сабағының қатаң 

ғылыми  деңгейін  қалыптастыруды,  өзара  байланыстығы  мен  жалғастығын  жеңіл  игеру 

мүмкіндігін  қамтамасыз  ету.  Тарихи  білімнің  жүйелілігін,  өзара  байланыстығын  және 

құндылығын  қамтамасыз  ету.  Студенттердің  азаматтық,  отан  сүйгіш  қасиеттерін 

қалыптастыру  және  дамытуда  қазақстандық  патриотизмді  оятып,  тәрбиелеуде  тарихтың 

ролін күшейту.  Студентті  тарихи  деректермен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға,  зерделеу  негізін 

меңгеріп, дұрыс қорытынды шығаруға үйрету. 

4.2  Курстың  мұраты  –  Көне  дүниеден  қазіргі  заманға  дейінгі  Қазақстан  тарихы 

курсының  міндеті  обьективті  әрі  нақты  тарихи  материалдар  негізінде  Қазақстан 

Республикасының  территориясындағы  адамзат  қоғамының  қалыптасуы  мен  дамуын  ашып 

көрсету.  Мұндай  жағдайда  қоғамдық-экономикалық  құбылыстардың  өткені  мен  бүгінгісін 

зерделеуде обьективтілік, ғылыми, тарихилық принциптерге сүйену қажет. 

4.3 Курсы сипаттау  

Қоғамның дамуы мен демократиялануы тұсында егеменді мемлекеттің алдында тұрған 

басты  мақсаттардың  бірі  ұлттық  тарихының  жаңғыруы  болып  табылады.  Азаматтық 

ұстанымсыз,  тарих  сабақтарынан  терең  тағылым  алмайынша,  ол  құндылықтарды  келер 

ұрпақтың қабылдауынсыз шынайы егеменділіктің орнығуы мүмкін емес. 

Тарих  ғылымы  саласындағы  жаңаша  пайымдаудың  қалыптасуы  жағдайында  білім 

мазмұнын  түбегейлі  өзгерту,  оқытушыларлардың  дүние  жүзіндегі  қазіргі  заманға  сай 

тұлғалық-плюралистік  бағыттағы      концепциялық-мазмұнды  ұстанымын  жасап  және 

игеруіне итермелеп отыр.  

Қазақстан тарихы сабағын оқып-үйрету барысында Отандық траихымыздың дамуының 

аса ірі әрі күрделі бағыттарын көршілес елдердің халықтарының тарихы мен мәдениетімен 

ғылымның жетістіктері және қазіргі замандағы қалыптасқан жаһандану мәселелерімен тығыз 

байланыста қараған жөн.  

 

4.4. 

Шығарылатын қорытынды 

студент білуге міндетті:  

-

 



қазақстан тарихы пәнін ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейін оқып игереді 

-

 



қазақстан тарихы курсын нақты деректік материалдар негізінде меңгеріледі.  

-

 



студент орындауға тиіс: 

-

 



берілген  мерзім  ішінде  міндетті  түрде  өз  бетінше  ізденіп  дайындаған  3  семестрлік 

жұмыс жазады 

-

 

жан-жақты, бай ақпараттарды сүзгіден өткізіп зерттелеу тәжірибесін игеру  



-

 

қазақстан  тарихы  курсының  негізгі  мазмұнын  оқытушының  басшылығымен  оқып-



игеру 

-

 

қойылған  сұрақтарға  ретімен  жауап  беріп,  орындаған  семестрлік  жұмыстарын 



қорғау және пікір білдіруі де білу керек 

-

 



қазіргі кездегі тарихи деректемелерге жан-жақты сыни сараптама жасау  

студент қандай дағдыларды игеру керек 

-

 



жеке өз бетінше түрлі тарихи деректермен, әдістемелік оқулықтар және электронды 

оқулықтармен,  интернет-деректермен,  мерзімді  басылымдармен,  карта  кестелер  т.б.  жұмыс 

жасау 

-

 



студент  тарихи  деректермен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға,  зерделеу  негізін  меңгеріп, 

дұрыс қорытынды жасауға үйрену 

-

 

зерттеу жұмысын жүргізудің негізін меңгеру  



-

 

алған біліктілік дағдарыстың ауызша және жазбаша жеткізе білу  



Бағдарлама негізінен отандық және шетелдік әдебиеттер негізінде құрастырылады.   

 

4.5 

Курстың саясаты 

1. Берілген оқу кестесі бойынша пәндік сабақтарға қатысу (дәріс, семинар) студенттің 

міндеті болып табылады. Дәріс пен семинар арналған жеке жұмыс дәптері қажет (дәріске - 48 

парақ; семинарға-96 парақ).  

2. 

Сабаққа белсенді қатынасып, семинар сабақтарының әрбір сұрақтарын талқылайды. 



Әр семинар сабағына конспектісімен келу керек. 

3. 


Егер студент қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, онда ол қарыздарын  

өз бетінше өтеу қажет яғни өткен тақырыптарды оқып,  аудиториядан тыс уақытта оқытушы  

белгілеген  мерзімде  тапсыруы  қажет.  Консультацияны  әр  оқытушы  кафедрада  немесе 

деканатта ілінетін жеке кестесі бойынша қабылдайды. 

 

4.  Әрбір  үйге  берілген  тапсырма  уақытылы  орындалып,  семинар  сабағындағы 



талқылауға  студент  белсене  қатысуы  қажет.  Семестрлік  жұмыс  бекітілген  кесте  бойынша 

уақытымен орындалуы керек. Уақытылы орындалмаған семестрлік жұмыс  үшін студенттің 

бағасы кемиді. Әрбір кешігу 1(5%)  баллға кемітіліп отырады. 

5.  Пәнді  оқыту  барысында  7-ші  және  14-ші  аптада  аралық  бақылау  өткізіледі.  Ол 

бақылау  жұмысы  түрінде  орындалады.  Оның  қорытындысы  оқытушының  журналына  әр  9 

баллдық жүйемен қойылады. 

6. 

Лекция және семинарға енбей қалған тақырыптарды студент оқытушының көмегімен 



өздігінен дайындау қажет.  

   7. 


Студент  университеттің оқу ережесіне бағынуы керек: сабақты себепсіз жібермеу, 

сабаққа  кешікпеу,  оқу  материалдарын  түсіндіру  кезінде  сөйлеспеу,  ұялы  телефондарын 

өшіріп қою, сабаққа тән киім үлгісімен келу және т.б. 

 

4.6 



Бағалаудың критериі 

 

Оқу  процесі  барысында  студенттің  білімі  мен  оқу  тәртібі  қорытындыланып, 



бағаланады.  Оқытушы  қандай  негіздерге  сүйеніп  бағалайды:  біріншіден,  студент  жазба 

жұмысында тарихи деректерге сілтеме жасайтын болады, жалпы материалды еркін түрде өз 

сөзімен  айтып  бергені  жөн;  екіншіден,  оқытушы  студенттің  конспектісін  тексеру  арқылы 

оның  үш  сұрақ  бойынша  ұсынылған  әдебиеттерді  қолдана  отырып  дайындалғанына  көз 

жеткізеді;  үшіншіден,  өз  ойын  еркін  білдіріп,  жаңа  деректерді  қатыстыра  отырып, 

толықтырған  студент  ең  жоғары  баллға  үміттене  алады.  «Қазақстан  тарихы» 

бағдарламасында он екі семинар сабағы берілген.  

1.

 



Семинарға  қатыспай  немесе  қанағаттанбайтын  баға  алған  студенттер  арнайы 

белгіленген  күндері  келіп  нашар    бағалары  мен  қарыздарын    өтеуіне  мүмкіндік  алады. 

Дәрісті жіберіп алған студенттердің рейтінгісі кемітіледі, мысалы 1 дәріс сабағы= 1%.  

2.

 



Тек  11  тақырыптан  тұратын  семинар  сабағына  белсенді  түрде  қатынасып  және 

уақытында оқытушының талабы бойынша толық конспектісін өткізіп, жақсы баға алған және 

үш семестрлік жұмысты уақытында орындаған студент емтихан тапсыруға  рұқсат алады. 


3.

 

Оқытушы  студенттерге      бағаны  9  баллдық  жүйе  негізінде  қояды.  Семинардың 



қорытындысы  бағаның  50  пайызын  құрайтын  болса,  үш  семестрлік  жұмыс  9% (9х3=27%) 

пайыз  негізінде  қорытындыланады.  Дәріске  қатынасқан  студенттер  11  пайыз  балл 

жинақтайды.  Аралық  бақылау  қорытындысы  2х6=12%  пайызды  құрайды.    Нәтижесінде 

студент  емтиханға  қатысты  рейтинг  қорытындысына  50%+11%+27%+12%=100%  қол 

жеткізеді. 

4.

 



 

Мемлекеттік емтиханда студент 3 сұрақтан тұратын билетке жазбаша жауап беріп, 

жеке  емтиханның  9  баллдық  бағасын  алады.  Емтихан  бағасының  қорытындысы  40% 

пайызды құрайды.  

5.

 

Қазақстан  тарихы  курсының  қорытындысын  60%  жіберілу  рейтингісі,  40% 



мемлекеттік емтихан қорытындысы құрайды.  

 

5 Пәннің мазмұны. Сабақ түріне қарай сағаттардың бөлінуі 

№ 

п/п 


Тақырып атауы 

Күндізгі 

оқуға 

бөлінген 



академ. 

сағат. саны 

Қысқар-ған 

оқуға 


бөлінген 

академ. 


сағат. саны 

Сырттай 


оқуға 

бөлінген 

академ. сағат. 

саны 


Д 

Ә 

Р 



І 

С 

С 



Е 

М 

С 



Ө 

Ж 

С 



Ө 

Ж 

Ж 



Д 

Ә 

Р 



І 

С 

С 



Е 

М 

С 



Ө 

Ж 

С 



Ө 

Ж 

Ж 



Д 

Ә 

Р 



І 

С 

С 



Ө 

М 

С 



Ө 

Ж 

С 



Ө 

Ж 

Ж 



1. 

 

Кіріспе  дәріс 



2   

 

 



 

 



 

 



 

2. 



Қазақстан территориясындағы ертедегі 

көшпенділер дәуірі (б.з.д. бірінші мыңжылдық 

және б.з. бірінші мыңжылдығы). 

 

2  2  2 



 

1  1  1 


 

 



3. 


Қазақстан 

территориясындағы 

көне 

мемлекеттер 



 

2  2  2 


 

1   


 

 

 



 

 

4. 



Қазақстан  территориясындағы  Түрік  қағанаты 

VI-


VIII ғғ. 

2   


2  2 

 



1   

 

 



5. 



Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан 

 

2  2  2 



 

2  1  1 


 

 



6. 


Шыңғысхан империясы және ұлыстар 

2   


2  2 

 



1  1 

 

 



7. 



Қазақ жеріндегі моңғол ұлыстары  . 

2   


2  2 

 

 



2   

 

 



 

8. 



Қазақ  қоғамының  дәстүрлі  құрылымы  XV– 

XVII ғғ. 

2   

2  2 


 

1  1 



 



 

9. 


XVI-

XVII ғғ. Қазақ хандығының дипломатиясы  2    2  2  1      1   

 

 

 



10. 

Қазақ хандығының XVI-XVIIғғ. Экономикасы 

мен мәдениеті 

 

2  2  1 



 

2  2  1 


 

1  4 


 

11. 


Ресей құрамындағы Қазақстан   

2   


2  1 

 



1  1 

 



12. 



Ресей құрамындағы Қазақстан   

 

2  2  1 



 

1  1  1 


 

1  4 


 

13. 


ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX 

ғасырдың басындағы Қазақстан 

 

2  2  1 


 

1  1  1 


 

 



14. 


ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси 

қоғамдық дамуы 

2   

3  1 


 

 



 

 



15. 



Қазақстан жаңа дәуірде   

 

2  3  1 



 

2  1  1 


 

 



16. 


1920-

30  жж.  Қазақстандағы  мемлекеттік 

құрылыс  

 

2  3  1 



 

2  1  1 


 

 



 

17. 


ХХ ғасырдың 80-90ж. Қазақстанның саяси – 

қоғамдық және әлеуметтік экономикалық  

жағдайы 

 

2  3  1 



 

 

1  1 



 

 



 

18. 


Қазақстан қайта құру жылдарында 

2   


4  1 

 



 

 

 



 



19. 

Егемен  Қазақстан 

2   

4  1 


 

1   



 



 

20. 


Тәуелсіз Қазақстанның калыптасуы және дамуы  2    4  1  2    1  1  2    4   

21. 


Қазақстан тәуелсіздік жылдарында 

 

2  4  1 



 

2  2  1 


 

1  4 


22. 


Қазақстандық даму жолдары 

 

2  4  1 



 

2  2   


 

1  4 




Қорытындысы: 

22  22  60  30  16  16  30  15  6 

4  87  32 

 

5.1 Дәріс сабағының мазмұны 



1 тақырып: «Қазақстан тарихына» кіріспе 

Қазақстан  тарихы  курсының  пәні  мақсаты  мен  міндеттері.  «Қазақстан  тарихы»  оқу 

пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының 

функциялары  мен  принциптері.  Қазақстан  тарихы  дүниежүзі  тарихының  контексінде. 

Ұлттық тарихтың приоритеттері. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.).  

Қазақстан  тарихын  дәуірлерге  бөлу.  Қазақстан  тарихын  зерттеудің  негізгі  әдістері. 

Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау. 

 

«Қазақстан  тарихы»  пәнінің  деректері  мен  әдебиеттері.  Отан  тарихын  зерттеудің 



ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта 

түсуі. 


 

2 тақырып: ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА 

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-X ғғ.) 

Түрік  қағанаты  (552-603  жж.).  Евразиядағы  тұңғыш  көшпелі  империя.  Батыс-Түрік 

қағанатының  (603-704  жж.)  саяси  тарихы.  Соғыс-әкімшілік  жүйесі,  этноәлеуметтік 

құрылымы.  Батыс-Түрік  қағанатының  әлсіреуі.  Түркеш  қағанаты  (704-756  жж.) 

Түркештердің  Орта  Азиядағы  Таң  әулетімен,  арабтармен  күресі.  Арабтар  Оңтүстік 

Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. Таластағы тарихи шайқас. Түркеш қағанатының 

құлауы. Қарлұқ мемлекетінің (776-940 жж.). Жетісуда құрылуы. Тайпалық құрамы, олардың 

орналасуы.  Саманиттермен  күрес,  ислам  шекарасының  Талас  аумағына  дейін  тарауы. 

Басқарудың  соғыс-әкімшілік  сипаты.  Шаруашылығы.  Қалалары  мен  қоныстары.  Рухани 

мәдениеті.  Оғыз  мемлекеті  (IX  ғ.  соңы  –  XI  ғ.  басы).  Оғыздар  мемлекетінің  құрылуы, 

территориясы,  шаруашылығы.  Оғыздардың  қимақтармен,  қарлұқтармен,  хазарлармен, 

болғарлармен  этносаяси  байланыстары.  Қимақ  қағанатының  құрылуы.  Тайпалық  құрамы 

және  орналасуы.  Қимақтардың,  қыпшақтардың,  құмандардың  тайпалық  бірлестіктерінің 

қимақтар  қағанынан  саяси  тәуелділігі.  VI-X  ғ.  Қазақстанның  экономикалық  және  мәдени 

өмірі. 

Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы – XIII ғғ.) 

Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.). Қашғар мен Жетісу территорияларында қағанаттың 

пайда болуы. Оңтүстік Қазақстан қарахандықтардың қоластында. Қарахандықтардың саяси 

билігінің  Мавреннахрға  тарауы.  Сельджуктермен,  хорезмшахтармен,  қыпшақтармен  саяси 

байланыстары. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы. Басқарудың әскери 

тайпалық  әкімшілік  жүйесі.  Қарақытай  (1128-1213  жж.).  Қарақытайлардың  саяси 

ықпалдарының  Мавреннахрға  тарауы.  Қоғамдық  құрылысы  және  шаруашылығы. 

Қарақытайлар билігінің құлауы. Найман мен кереит ұлыстары (XIIғ. басы – XIII ғ.). Орталық 

Азияда наймандар мен кереиттер тайпалары конфедерациясының қалыптасуы. Қоныстануы. 

Христиандықтың  тарауы.  Қыпшақтардың  тайпалық  құрамы  және  оның  иерархиясы.  Көрші 

халықтармен, мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. 

Қыпшақтардың  хорезмшахтармен  күресі.  XI-XII  ғасырларда  Қыпшақ  хандығында  қазақ 

халқының  этникалық  негізі  қалыптасуы.  XI  ғ.  басы  мен  XII  ғ.  Қазақстанның  экономикасы 

мен мәдениетінің дамуы. Көшпелі мал өсірушілік қоғамдағы шаруашылық мәдениет типтері. 

Оңтүстік,  Шығыс,  Орталық  және  Батыс  Қазақстанның  қалалары.  Сәулет  өнері.  Қолөнер, 

сауда,  ақша  айналымы.  Ұлы  Жібек  жолы  және  оның  Қазақстан  территориясындағы 

тармақтары.  


Ауызша  шығармашылық  және  жазбаша  мұсылман  түрік  мәдениеті.  Ғалымдар  мен 

ойшылдар  Махмуд  Қашқаридің,  Жүсіп  Баласағұнның,  Ахмед  Жүгенекидің,  Қожа  Ахмед 

Ясауидің еңбектері. 

 

3 тақырып: ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІНДЕ (XIIIғ.). 



АЛТЫН ОРДА (1243 – XV ғ. ортасы). 

Моңғол  империясының  құрылуы.  Монғолдардың  Орта  Азия  мен  Қазақстанды  басып 

алуы.  Қазақстан  үш  монғол  ұлысының  құрамында.Батиханның  Шығыс  Еуропаға  жорығы. 

Алтын Орданың құлауы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орданың билеушілері. Исламды 

мемлекеттік  дін  есебінде  қабылдау.  Алтын  Орданың  Мамлюк  мемлекетімен  этносаяси 

байланыстары.  Темірдің  Алтын  Ордаға  жорығы.  Алтын  Орданың  әлсіреуі  және  құлауы. 

Ұлыстық күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы. 

 

4 тақырып: XIV-XV ғғ. ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР 

Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Көк Орда (XIII ғ. Соңы XV ғ. басы) жергілікті 

этникалық негізде біріккен тұңғыш ірі мемлекет . Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. 

Орта  Азиямен,  Хорезммен  байланыс.  Сырдария  бойындағы  қалалар  үшін  тимуридтермен 

күрес. Биліктің Шаибанилерге көшуі. Моғолстан (XIV ғ. ортасы  -  XV ғ. басы). Мемлекеттің 

құрылуы.  Территориясы  мен  этникалық  құрамы.  Мұсылмандықтың  тарауы.  Темірдің 

Моғолстанға  жорығы.  Моғолстан  мен  Көк  Орда  билеушілерінің  Темірге  қарсы  одағы. 

Моғолстанның  Темірге  вассалдық  тәуелділігі.  Мухаммад  хан  тұсындағы  биліктің  нығаюы. 

Монғол ойраттарының соғыс рейдтері. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы. 

Көшпелі  өзбектер  мемлекеті  (1428-1468жж.)  немесе  Әбілхайыр  хандығы. 

Территориясы  және  этникалық  құрамы.  Әбілхайырдың  Орта  Азияға  соғыс  жорықтары. 

Сырдария  бойындағы  қалалар  үшін  күрес.  Әбілхайырдың  ойраттардан  жеңілуі  (1457ж). 

Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459ж.). Хандықтың ыдырауы. 

Ноғай  ордасы  (Маңғыт  үйі)  –  XIV  ғ.  соңы  –  XV  ғ.  Территориясы  және  этникалық 

құрамы.  Ноғай  Ордасын  билеушілер.  Ноғай  Ордасының  шектес  мемлекеттермен  өзара 

қарым-қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір 

хандығының  құрылуы,  оның  ішкі  және  сыртқы  саяси  тарихы.  Территориясы,  этникалық 

құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы. 

 

5  тақырып:  ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ  МЕН  ДАМУЫ  (XV-XVI 

ғ.ғ.) 

Қазақ  халқының  құрылуының  тарихи  алғышарттары.  Монғол  кезеңінен  кейінгі 

халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және 

бірыңғай  тілдің  қалыптасуы.  Шаруашылықтың,  материалдық  және  рухани  мәдениеттің 

ортақтығы. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсер 

етуі.  Жүздер  -  қазақтардың  этнотерриториялық  бірлестіктері.  Ұлы,  Орта  және  Кіші 

жүздердің пайда болуы. 

XV-


XVI ғғ. Қазақ хандығы Қазақ хандығының құрылуы (1466ж). Қазақ хандығы саяси 

үстемдігінің Шығыс - Дешті  қыпшаққа тарауы. Керей мен Жәнібек алғашқы қазақ хандары. 

Қазақ хандығының күшеюі. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік - экономикалық 

және  саяси  жағдайы.  Шаруашылығы:  мал  өсірушілік,  егіншілік,  қалалары,  сауда.  Қазақ 

хандығының  Моғолстанмен  өзара  қарым  -  қатынасы.  XVI  ғ.  oртасына  қарай  хандықтың 

әлсіреуі.  Қазақ-  ноғай  қатынастары.  XVI  ғ.  eкінші  жартысындағы  Қазақ  хандығы. 

Хақназардың басқаруы. Қазақ- ойрат қатынастары. Қазақ -ноғай байланысы.   

XVII  ғ.  және  XVIII  ғ.  басындағы  Қазақ  хандығы.  Есім  ханның  Сырдария  бойындағы 

қалалар үшін күресі. Қазақ хандығы және Шығыс Түркістандағы  феодалдық иелік. Қазақ -

жоңғар  қатынастары.  Жоңғар  хандығының  пайда  болуы,  оның  басқыншылық  саясатының 

басталуы.  XVII  ғ.  екінші  жартысындағы  қазақ-  жоңғар  қатынастарының  шиеленісуі.  Қазақ 

қоғамында  батырлар  мен  билердің  ықпалының  өсуі.  Жәңгір  тұсындағы  Қазақ  хандығы. 



Тәуке  ханның  басқаруы.  Қазақ-  Жоңғар  қатынасында  шиеленістің  күшеюі.  Тәуке  ханның 

«Жеті  жарғысы».  Төле  би,  Әйтеке  би.  Қазақтардың  дәстүрлі  көшпелілер  мәдениеті.  Үй 

жануарларының  селекциясы.  Еңбек  құралдары.  Қарулар.  Қолөнер  және  үй  кәсіпшілігі. 

Саудасы және сауда жолдары. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет