Ақпараттық технологиялардың даму тарихы



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата07.09.2022
өлшемі2.18 Mb.
#38634
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16



Ақпараттық технологиялардың даму тарихы 
Ақпараттық технологиялардың тарихы өз бастауын ХХ ғасырда пайда болған 
заманауи информатика пәнінің туындауына дейінгі көп жылдар бұрын алады. 
Ақпараттық технологиялар (АТ) объект, процесс немесе құбылыстың жағдайы жайла 
жаңа ақпаратты алу мақсатымен деректерді жинақтау, өңдеу және жіберу әдістері мен 
құралдарын зерттеумен байланысты. 
Деректердің үлкен көлемдерін өңдеудегі адамдардың мұқтаждықтарының өсуіне 
байланысты, ақпарат алу құралдары ертедегі механикалық туындылардан қазіргі 
заманғы компьютерлерге дейін жетілдірілді. Сонымен қоса, ақпараттық технологиялар 
шеңберінде қазіргі уақытта заманауи тұжырымдамаларды қалыптастыратын 
математикалық теориялардың дамуы байқалынады. 
Ақпараттық технологиялар қоғамның ақпараттық ресурстарын (ғылыми 
білімдерді, жаңа ашылымдарды, өнертабыстарды, үздік тәжірибелерді) белсенді және 
тиімді түрде қолданып келеді, ол сәйкесінше, ресурстардың басқа түрлерін 
айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді – шикізат, энергия, пайдалы қазбалар, 
материалдар мен жабдықтар, адам ресурстарын, әлеуметтік уақытты. 
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар бірнеше эволюциялық кезеңдерден 
өтті, олардың өтуі негізгі түрде ғылыми-техникалық үрдістің дамуымен, ақпараттарды 
қайта өңдеудің жаңа техникалық құралдарының пайда болуымен анықталынады. 
1-ші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысына дейін) «Қол» ақпарат 
технологиясы, оның құрал-жабдықтары: қыл қалам, сия, есеп шот кітабы. Байланыстар 
хаттар, пакеттер, жеделхаттарды жіберу жолдарының қол тәсілімен жүзеге асырылады. 
Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты қажетті түрде ұсыну. 
Сурет 1 – «Қол» ақпараттық технологиялар 
2-ші кезең (XIX ғасырдың соңына дейін) «Механикалық» технология, оның 
құрал-жабдықтары: жазба машинасы, телефон, фонограф, жеткізудің жетілдірілген 
құралдарымен қамтылған пошта. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты ыңғайлы 
құралдармен қажетті түрде ұсыну. 



Сурет 2 – «Механикалық» ақпараттық технологиялар 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет