Музей – кешегі мен бүгінгіні байланыстырып, болашаққа көзқарасын қалыптастыратын ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекеме болып табылады!
Мәдениет және спорт министірлігі «Музейдегі мектеп күні» тақырыбында (2022-2023 жж) оқу жылына арналған пилоттық жоба қабылданған еді. Бұл мәдени – білім жобасын, сабақты музейдің ішінде жәдігерлермен және экспонаттармен танысып, суретке түсіп, аралап журіп өткізуге, ал соңында дөңгелек стөл үстінде жарыссөз ұйымдастырып, ой және сөз қорытып, креативті түрде іске асырсақ болады.
Бұндай жобалар алғашқы болып Астана қаласында Ұлттық музейде бастамасын тапты.
Кім күшті - бұл өмірде ана күшті,
Талай батыр ананың сүтін ішті.
Тағзым ет, басыңды ій аналарға,
Аналармен гүлденген жердің үсті…
Ана – бәрінен биік екен,
Мен сені мәңгілікке сүйіп өтемін,- деп ақындар бекер жырламаған. Бәріміз Анадан өсіп-өніп отырмыз…
Біздің ендігі міндетім жаңа жетіліп келе жатқан жас ұрпаққа өзінің тегі мен тектілігін, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді насихаттау.
Дәл осындай жобаны Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, жоғарғы трассаның 26-шы шақырымында орналасқан «Анаға құрмет» музейінде өткізуге шақырамыз.
Осыған орай, Құрметті Сидорова өзіңіз басқарып отырған мекеменің оқушыларымен мектеп пен музейді сабақтастыру және «Музейдегі мектеп күні» жобасын іске асыру мақсатында жаңа форматта өткізуге үлесіңізді қосуыңызды сұраймыз.
«Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Ә. Тұрлыбаев