Білімділік: Денелердің өзара әрекеттесуін, дененің массасы оның өлшеміне байланысты болатынын түсіндіру. Масса тығыздық ұғымын енгізу. Дамытушылық: Танымдық қабілетін, формулаларды қолдана отырып есептер шығаруға , логикалық ойлау қабілетін дамыту.Теориялық білімін практикада қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәжірибелер жасап көрсету арқылы, пәнге қызығушылығын, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Үй жұмысын сұрау:
Атом және молекула дегеніміз қандай бөлшектер?
Атом ұғымын енгізген ғалым?
Диффузия деген не?
Диффузия зияны?
Температура дегеніміз не?
Заттың неше күйі бар?
Температураны өлшейтін құрал?
Заттар қандай күйде бола алады және олардың бір күйден екінші күйге ауысуын қалай түсіндіреміз?
Диффузия латынша қандай мағына береді?
Жаңа сабақ
Табиғатта басқа денелермен әрекеттеспейтін денелер жоқ. Барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Мұны біз мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың бірі екіншісін қолымен итеріп жібергендегі әрекетін мысалға келтірсек. (1 сурет). Олар бағыттары қарама-қарсы жаққа қарай сырғанап кетеді. Осыдан денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу деп аталады. Денелер өзара әрекеттесу салдарынан түрліше жылдамдық алады екен. Мысалы коньки киіп тұрған екі баланың біреуі кіші, екіншісі ересектеу баланың қозғалысын қарастырайық(2-сурет). Кіші баламыз үлкен жылдамдық алады. Осындай мысалдардан денелердің жылдамдықтарын өзгерту қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы енгіземіз.