Араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы



бет1/6
Дата02.04.2023
өлшемі358,55 Kb.
#78485
  1   2   3   4   5   6

1-тапсырма. Танымдық сұрақтар төңірегінде ой бөлісіңіздер.
1.Кирил-қазақ әліпбиінің алғашқы нұсқасы мен соңғы нұсқасының арасында қандай айырмашылық болды?
Араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы.
Х ғасырдан бастап 1929 жылға дейін 1000 жылға жуық уақыт қазақ даласында қолданылған жазу үлгісі осы әліпби негізінде болған. 14 ғасырлардан бастап «Шағатай» жазу үлгісі қалыптасты. XX ғасырдың басында араб әріптерін пайдалану арқылы оқып-жазатын жаңаша жазу үлгісі мен мектептер пайда болды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.

1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды негіздеді. Байтұрсынов емілесі қазақ жазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Еміле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. Әліпби алғаш жасалған кезден айналымнан алынып тасталғанға дейін дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілді. XX ғасырдың басы мен 1929 жылға дейінгі аралықтағы баспасөз хабарлары, түрлі хат-хабарлар мен құжаттар, анкеталар, өмірбаяндар т.б. құжаттар материалдары осы жазу үлгісінде жазылды. «Төте жазуға» дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілген соңғы нұсқаларын бүгінде Қытай, Иран, Ауғаныстан сияқты мемлекеттердегі қандастарымыз қолданады. Қазіргі қолданыстағы нұсқаны 1912 жылғы жасалған алғашқы нұсқасымен салыстырғанда бірталай айырмашылықтар бар.




2. Кирилл әліпбиі.
С лавяндар үшін Константин (Крил) деген кісі Христиан дінін уағыздау үшін жасаған әліппе. Ресейге Кириллица Х ғасырда енген. 1940 жылы Кеңес Одағы халықтар бір текті әліпбиді қолдану керек деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуын жаппай кириллицаға көшірді. Оның ішінде қазақ жазуы да Сәрсен Аманжоловтың нұсқасы бойынша кирилл әліппесіне ауыстырылып, бүгінге дейін қолданылып келеді.
Кеңес Одағы 15 мемлекетке бөлінген соң славяндардан басқалар бұл әліппеден бас тартады. Атап айтсақ:
1 . Әзербайжан. Латынға ауысуды 1990 жылдан бастады. 2001 жылы толық көшті.
2. Түркіменстан. 1990 жалдардан бастап латынға көше бастады.
3. Өзбекстан. 1993 жылы латынға ауысты. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан 1994 жылы латынға ауысты.
4. Латвия. Латынға ауысты.
5. Литва. Латынға ауысты.
6. Эстония. Латынға ауысты.
7. Грузия. Өз жазуын тірілтті.
8. Армения. Өз жазуын тірілтті.
9. Молдавия. Латынға ауысты. Молдава құрамындағы түркі тілдес Гагауыздар 1996 жылы латынға өтті.
10. Қазақстан. 2012 жылы «Қазақстан – 2050» бағдарламасы бойынша латынға ауысу мәселесі шешімін тапты. 2017 жылы 26 қазанда латынға ауысу туралы құжатқа қол қойылды. 2025 жылы толық көшу жоспарланған.
Кирилицада қалғандар:
1. Ресей федерациясы. Славян мемлекеті.
2. Украина. Славян мемлекеті.
3. Беларус. Славян мемлекеті.
4. Тәжікстан. Парсы тілдес ел.
5. Қырғызстан. Түркі тілдес ел.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет