Қарахандар мен қыпшақтардың орналасу территориясы. Қоғамдық құрылыстары



бет1/7
Дата05.03.2023
өлшемі106,5 Kb.
#71680
  1   2   3   4   5   6   7

Қарахандар мен қыпшақтардың орналасу территориясы. Қоғамдық құрылыстары.
Шаруашылығы және мәдени дамуы.
Қыпшақтар Қыпшақ этнонимі алғаш рет VІІ ғасырда кездеседі. Қыпшақтар Шығыс Қазақстан өңірін, Ертістің жағасын және Алтай тау-ларын мекендеген. ҮІІІ ғасырда Қимақ қағанатына тәуелді болған қыпшақтар ХІ ғасырда қимақтардың барлық жерлеріне иелік етеді. Өйткені ХІ ғасырда қимақ қағанаты құлайды. Қыпшақтар Каспийден Сырдарияға дейінгі жерлерді басып алады. ХІ-ХІІ ғасырларда Орта Азиядағы түркі тілдес тайпалардың ішінде халқы көбі осы қыпшақтар болды. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан қыпшақтар ығыстырды. ХІ ғасырдың екінші ширегінен бастап жазба деректерде “Оғыздар даласы” Дешті Қыпшақ деп атала бастады. Ал, орыс жылнамаларында қыпшақтарды “половецтер” деп атаған. Сондай-ақ, қыпшақ мемлекеті араб деректерінде “Дешті Қыпшақ қағанаты” деп аталынды. Хандықта билік әкеден балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. Хандық биліктің орталығы “Орда” деп аталды. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Оң қанаттың орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы. Сол қанаттың орталығы Сырдария бойын-дағы Сығанақ қаласы еді. Жалпы, қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. ХІІ ғамсырдан бастап Арал маңына билік жүргізген кезде құра-мында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер де болған. ХІ ғ. қыпшақтар Русь, Византия, Венгрия халықтарымен жан-жақты алыс-беріс жасай бастады. Қыпшақ хандары “Ел бөрілі” тайпасынан ғана сайланды. Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін де қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтқан жоқ. Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғас-тыра берді кейін қазақ халқының этникалық құрамының негізгі бір таянышыны айналды. Шаруашылығы. Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығымен және ішінара егіншілікпен де айналысқан. Оларда тұрмыстық кәсіп, қолөнер де жақсы дамыған. Сонымен қатар қыпшақ-тарда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.
Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды.
Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.
Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.
Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет