Түргештер, қарлұқтар, қимақтар, оғыздар туралы араб деректері



Дата09.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91136

түргештер, қарлұқтар, қимақтар, оғыздар туралы араб деректері

Топ:РЭт-22-3k

Орындаған: Саламат Шұғыла

Түргеш қағанаты 

  • Түргеш қағанаты — 704-756 жылдары билік құрғанБатыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген.
  • түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.

Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті.

Қарлұқтар

  • Қарлұқтар – көне түркі тайпасы.Қарлұқтар телелердің бір тайпасы делінеді. 8 ғасырда Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін, Қарлұқтар күшейе бастады. Көшпелі жағдайда мал өсіріп, аң аулады, бірте-бірте отырықшы егіншілікке көшті. Қарлұқтар Орта Азиядан Қытайға дейінгі керуен жолын, Талас өзенінен Тарым өзеніне дейінгі жерлерді, Ыстықкөлдің оңтүстігін мекендеді. 757 – 766 жылдары Түргештер мемлекетінің жерін түгел дерлік өзіне бағындырды. Қарлұқтар шонжарлары Жетісуда билік құрды. Осы кезде Қарлұқтар билеушілері өздерін жабғу деп атады. Бұл 800-ші және одан кейінгі жылдардағы . Қарлұқтар 960 жылы мұсылман дінін қабылдады.

оғыздар

  • Оғыздар (ежелгі түркіше – оғуз; қазақша – оғыз) —— орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді.
  • Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған.

Оғыздар мемлекеті қыпшактайпаларының соққыларынан құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардын тегеурінінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауараннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Қыпшактар XI ғасырдың ортасында талқандаған оғыздардың қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет