«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы №6 18 шілде 2015


Жабдықтарды  пайдалану  жəне  икемдеу-жөн-



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата26.01.2017
өлшемі12,38 Mb.
#2778
1   2   3

Жабдықтарды  пайдалану  жəне  икемдеу-жөн-

деу цехында 235 адам еңбек етеді. 

Өндіріс ардагерлері мен еңбек озаттары: Жа-

манғариев Қайрат, Мырзабай Рахметулла, Шалбар-

баев Əміржан, Тастеміров Кеуикбай, Өтебай Берді, 

Суйетбаев  Кеңес,  Тажибаев  Жақып,  Кайбалдиев 

Хайрат, Амзеев Жəдігер, Қамысбаев Болатбек, Са-

тыбалды Мұхит, Байбузов Сəттібек, Утарбаев Мах-

сетбай,  Уразбаев  Бейбітбек,  Уразалиев  Қыдырсих, 

Туреханов  Əсет,  Тлепов  Марат,  Рехтин  Николай, 

Панарин Николай, Нұрбаев Жарас, Мусилов Айбар, 

Метеров Максет, Кульчиков Амандық, Канцев Нико-

лай, Избергенов Қалдыбай, Жеменей Аятмухаммет, 

Жары  Абдолхаким,  Ешманов  Бауыржан,  Есенов 

Талап,  Ержанов  Жанғабыл,  Жоламанов  Жалғас, 

Джаксыбаев  Кувадбай,  Карабалаев  Мирас,  Костюк 

Александр,  Мамаков  Ермұқан,  Умбетов  Нұрболат, 

Сисенбаев  Жұмағали,  Алпысбаев  Мамай,  Алиев 

Айтмұхан,  Мусаев  Мақсат,  Дусанов  Жақсылық,  Ко-

кеев Бекболат, Нурниязов Шуақбай, Изкенов Əлібек, 

Бектілеуов Парасат, Утенов Серік, Сарсенов Қанат, 

Родионов  Родион,  Қарақұлшықов  Ербол,  Сарсенов 

Жаңабай,  Омаров  Дүйсенбай,  Жалмаганбетов  Би-

сенбай, Кулбараков Ғаділбек, Мусилов Айбар, Сей-

лханов Бекбол, Досатов Бейиш.

Жас  мамандар:  Мурзашев  Берік,  Кұлболғанов 

Əлібек,  Альжанов  Темірхан,  Есжанов  Бахтыбек, 

Имашов  Мақсат,  Танбаев  Ғалымжан,  Жумахметов 

Руслан,  Асангалиев  Дəурен,  Бекбембетов  Қанатқа-

ли,  Танашев  Бекнұр,  Есенаманов  Ерболат,  Макуов 

Нұржан,  Асланұлы  Абылай,  Калмурзаев  Асқармаут, 

Куандыков  Дəурен,  Ербозов  Ғалымжан,  Мамбетов 

Марат, Келдикулов Айтжан.



Ең  белсенді  спортшылар:  Оразов  Асқар,  Дом-

баев  Ғалымжан,  Искалиев  Жанболат,  Қамысбаев 

Болатбек, Бегендиков Ақтан, Мурзабеков Демеу, Нур-

ланов Қылышбек, Дурмеков Серік, Есенов Бауыржан, 

Жайлаубаев Бекзат, Сейлханов Бекбол.

Цехта  2  əйел  адам  –  материалдық  техниктер: 

Жанжуменова  Оксана  мен  Хибадулла  Жапырақ  жұ-

мыс жасайды.

Көкеев Бекболат 

Қожаев Аманияз

Құлболғанов Əлібек 

Сатыбалды Мұхит 

Мырзабаев Жасұлан жəне 

Əмзеев Жəдігер 


16

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 18 шілде №6 шығарылым

«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы

Баспагер: «Қаражанбасмұнай» АҚ

Баспагер мекен - жайы: 130000

Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы,

15 ш/а, №8 ғимарат.

ТОО «Сredos ltd» типографиясында басылып шығарыл-

ды. Мекен –жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қа-

ласы,  Шарипов  көшесі, 144 үй

Жобаның бастығы:

Əлеуметтік жұмыс департаментінің директоры –

Нүсіпбеков Қ.Е.

Жобаға жауапты:

Əлеуметтік  жұмыс  жəне  ішкі  байланыс  бөлімінің  ба-

стығы – Рысжанова Г.Б.

Телефон: +7 (7292) 473140.

Пошталық мекен - жайы: G_Riszhanova@kbm.kz

Журналист – Меңдіхан А.Ж.

Телефон: +7 (7292) 473147.

Пошталық мекен -жайы: A_Mendikhan@kbm.kz

Таралымы - 500 дана

Біздің бүгінгі айдарымыздың кейіпкері - сан қырлы 

талантты азамат Əсет Абижанов. 

Бітім-болмысы  бөлек  Əсет  –  Алматы  қаласында 

1971  жылы  дүниеге  келді.  Бес  жасында  жанұясымен 

бірге  Каспий  жағасындағы  ақшаңқан  Ақтау  қаласына 

көшіп  келеді.  Сөйтіп  бүкіл  балалық  шағы  мен  қалып-

тасу  кезеңі  осы  Маңғыстау  топырағында  өтеді.  1988 

жылы № 10 орта мектепті бітіріп, отан алдындағы бо-

рышын өтеп келеді. 1991 жылдан бастап Əсет Абижа-

нов «Синь Хо Мень» ұрыс өнерінің мектебінде кунг-фу-

дан жаттықтырушы болып, ұстаз ретінде тəлім беріп, 

талай шəкірт тəрбиелейді. Өзі де спорт əлемінде көп-

теген биік белестерді бағындырып, жетістіктер шыңы-

на  көтеріледі.  1991  жылы  кунг-фудан  аймақаралық 

турнирде 65 келіден артық салмақта ең үздік атанып, 

чемпион атағын иеленеді. Дəл сол жылы Əсет облыс 

чемпионатында карате-додан күміс жүлдегер атанады. 

Араға  бір  жыл  салып,  отбасылық  жағдайларға 

байланысты,  спорт  саласындағы  қызметін  қалды-

руға,  басқа  жұмыстарға  ауысуға  тура  келеді.  Бірақ 

рухын  шыңдаған,  салауатты  өмір  салтын  қалыпта-

стыруға мықты көмектескен спорт Əсет үшін қашан-

да маңызды орындардың бірінде тұрды. 

«Өмір – өзен зырғып ағуда. Уақыт тегершігін кері 

айналдыра  алмайсың.  Сондықтан  мен  үшін  əр  се-

кунд,  əр  минут  қымбат.  Уақытымды  босқа  өткізбеу-

ге, пайдалы іспен шұғылдануға тырысамын» - дейді 

Əсеттің  өзі.  «Əкеге  қарап,  ұл  өсер»  деген,  асықтай 

ұлдары Амир мен Ратмирды да осы бағытта тəрбие-

леп, əкелік өнегесін көрсетіп - ақ келеді.

«Қаражанбасмұнай»  компаниясына  2011  жылы 

келді. Бүгінде Қабат қысымын ұстау цехында оператор 

қызметін атқарады. Цехтағы əріптестерімен бірге меке-

менің өркендеуіне үлес қосып, адал еңбек етіп жүр. 

2012 жылы Əсет Абижанов «Үздік маман» кəсіби 

байқауында  1  орынды  қанжығасына  байлады.  Ал 

2014 жылы Атырау қаласында өткен «Үздік маман» 

аймақтық байқауында оза шауып, 3 жүлделі орынға 

ие болды. 

Сегіз  қырлы,  бір  сырлы  деп  Əсет  туралы  айтуға 

əбден  болады.  Тіпті  бір  адамның  бойына  жаратушы 

осыншама  қабілет  пен  дарынды  қалайша  берген  деп 

те таңданбасқа шараң жоқ. Спорттағы жетістігі бір төбе, 

мамандықтағы  шеберлігі  тағы  бар  Əсет  нағыз  шығар-

машылықтың  адамы.  Қолы  қалт  еткенде  қылқаламын 

алып, майлы бояумен керемет сурет те салады. Арнайы 

оқыған-  тоқыған  білімі  болмаса  да,  өз  бетімен  салған 

картиналарының ғажайып тылсым күші керемет. Көбіне 

суретші  Əсет  табиғат-ананы,  туған  жердің  кескін-кел-

бетін суреттегенді ұнатады. Əсет музыканың да тілін та-

пқан жан. Көңілі соққанда қолына гитара - серігін алып, 

əдемі  əуендерді  əуелетіп,  музыка  əлеміне  жетелейді. 

Гитараны да өз бетімен үйреніп, əлі күнге дейін өзін - өзі 

жетілдіріп  келеді.  2013  жылы  «Джахан  Дала»  музыка-

лық байқауына қатысып, жүлдегер атанып, көрерменнің 

ыстық ықыласына бөленгені тағы бар. 

Өнерлі  мұнайшылардың  қатарында  өзіндік  бол-

мысы  бөлек  Əсет  Абижанов  осындай  жан.  Қара-

пайым, көпшіл, ашық, көкірегі ояу, жан - жақты аза-

мат – мақтауға лайық тұлға. Ұжымдастары да оның 

осындай ерекше қасиеттерін бағалайды. Өнерлі ел-

дің өресі биік. Еліміздің игілігі үшін еңбек етіп, өнерін 

өрге жүздіріп жүрген талантты мұнайшы Əсет Абижа-

нов сияқты азаматтарымыз, лайым, абырой биігінен 

көрініп жүре бергей!...



БІЗДІҢ ТАЛАНТТАР

2015  жылы  Қазақ  хандығына  550  жыл  толып 

отыр. Осы мерейлі мерекеге орай еліміздің түкпір 

– түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. 

Қазақ  халқы  үшін  маңызды  мереке  аясында 

«Тұлпар  Мұнай  Сервис»  ЖШС  Жас  мамандар 

кеңесінің  мүшелері  облыстық  отбасылық  үлгідегі 

балалар ауылының балдырғандарына арнап кезек-

ті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара 

барысында ата – ана қамқорынсыз қалған балалар 

Маңғыстау облыстық тарихи -өлкетану мұражайы-

на сапар шекті. Мұражай қызметкерлері кішкентай 

бүлдіршіндерге Қазақ хандығының тарихы мен да-

муы туралы мазмұнды танымдық экскурсия өткізді.

«Өз  халқымыздың  өткенін  жас  ұрпаққа  таны-

стыру,  бойларында  елімізге  деген  патриоттық 

сезімді ояту - маңызды іс. Жетім балаларға қамқор 

көрсету,  қоғамның  белді  мүшесі  етіп  тəрбиелеу-

ге  үлес  қосудың  да  маңызы  өте  зор.  Сондықтан 

«Тұлпар  Мұнай  Сервис»  ЖШС  Жас  мамандар 

кеңесі  болашақта  да  осындай  игі  шаралардың 

легін жалғастырмақ» - деп атап өтті ұйымдасты-

рушылар. 

2014 жылдың қараша айында бір топ қазақстандық жас мамандар жылу-э-

нергетикалық  жəне  өндіру  салаларын  дамытуға  бағытталған  ғылыми,  ғылы-

ми-техникалық жəне инновациялық жобалардың Халықаралық байқауына қа-

тысуға шақырту алған болатын. Конкурсты Ресей Федерациясының энергетика 

Министрлігі ұйымдастырған еді. Байқауға «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС атынан 

қатысқан мекеменің бас есепшісі Белобородова Натальяның «Разработка KPI, 

как  способ  повышения  эффективности  работы  персонала  нефтесервисных 

компаний» атты еңбегін ұсынған болатын. Аталмыш шараға мұнайгаз саласы, 

көмір жəне шымтезек өнеркəсібі, электроэнергетика, жаңғыртылатын энергети-

ка, тұрбақұбырлы транспорт, атом энергетикасы, тау - кен өнеркəсібі салалары 

бойынша - барлығы 62 мекемеден 257 ғылыми жоба қатысты. 

Байқауға Сахалиннен Калининградқа дейін, Қара Теңізден Арктикаға дей-

інгі аралықты қамтыған аймақтар қатысты. Ресейліктермен бірге қазақстан-

дық қатысушылар - «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС жəне «Интергаз Орталық 

Азия» АҚ өкілдері де бақ сынады. «Тұлпар Мұнай Сервис» мекемесінен қа-

тысқан Белобородова Натальяның жобасы конкурстың екінші премиясының 

лауреаты атанды. 

Қазіргі таңда конкурс комиссиясының жетекшілігімен лауреаттардың ең-

бектерін бір жинақ қылып шығару, үздіксіз кəсіби білім беру маңызы туралы, 

маман  əлеуетін  дамыту,  ғылыми,  ғылыми-техникалық  жəне  инновациялық 

жобаларды енгізу маңызы туралы ғылыми мақалаларды дайындау жұмыста-

ры қолға алынды. Жинаққа жеңімпаздардың рефераттарымен қатар, кəсіпо-

рындар туралы, оның ішінде «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС туралы тараулар 

да енетін болады. 

2015 жылы 19 мамыр күні Санкт-Петербург қаласында ІІІ Ресей Халықа-

ралық  Энергетикалық  Форум  аясында  байқау  жеңімпаздарын  марапаттау 

рəсімі өтті. Белобородова Наталья да осы салтанатқа қатысып қайтты. Əріп-



тесімізді жеңісімен құттықтап, табыстар тілейміз! 

«ТұлпарМұнайСервис» ЖШС жас мамандары 

қайырымдылық акциясын өткізді 

«ТұлпарМұнайСервис» ЖШС бас есепшісі Белобородова Н.

Халықаралық байқаудың лауреаты атанды

Абижанов Ə.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет