Арнаны қолдау: 4400 4301 7313 5465



Pdf көрінісі
Дата17.10.2022
өлшемі327,58 Kb.
#43711
түріНұсқаулар


 https://t.me/emnroom11234 
Арнаны қолдау: 4400 4301 7313 5465
1-БИЛЕТ
Доктрина - іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар принциптерінің жиынтығы. 
Мысалы саяси доктрина саяси іс-әрекетті ұйымдастыруға және саяси құбылыстарды қарастыруға 
арналған өзара келісілген қағидаттар жиынтығы, бірізділікпен құрылған тұжырымдама болып 
табылады. Доктрина көбіне билік үшін күрестің, саяси қозғалыс мүшелерінің ықпалдастыру 
құралына айналады. Тарихта ең көрнекті мысалдар ол Трумэн мен Монро. Монро доктринасы - 
АҚШ сыртқы саясаты принциптерінің декларациясы. Доктрина Америка және Еуропа құрлықтары 
елдерінің бір-бірінің ішкі істеріне өзара араласпау принципін жариялады. Ал біздің елімізде 
этностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдауға, қазақстандық ұлтты қалыптастыруға 
бағытталған Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы бар. Зайырлылық (светскость) қағидаты 
мемлекетті діни ілімдерден бөлуді көздейді, бірақ дінді қоғамдық өмірден алып тастауды 
білдірмейді. Ол сондай-ақ қоғамдық-саяси билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде 
мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни ұйымдардың ықпал ету салаларын 
ажыратуға ықпал етеді.
2) қазақ хандығы құрылуы Қазақ мемлеккеті шығу тегі омір сүру салты жағынан уксас туркі тілдес 
тайпалардын бірігуі натижесінде құрылды.Қазақ хандығының құрылуы 15ғ екінші жартысында 
құлдырауы бастан кешірген екі мемлекет Әбілқайыр хандығы мен моголстанның ішкі саяси 
жагдайымен байлансты болды.Қазақ мемлекетініңқұрылуы керей мен жанібектін есімімен 
тікелей байлансты.Шу мен талас влқаптарында 1465 жылы қазақ зандығы жарияланды,оның 
алғашқы ханы Керей ордасы Қозыбасы болды.Олар әбілқайрды қауіптендірді 1468 жылы әбілқайр 
ауырып қайтыс болды. Әбілқайр олимнен кейн кошпелі озбектер мемлекетінде саяси дағдарфс 
ерекше шиелнсти.Керей мен жанибек оздерінің қазақтарымен бірге моголстаннан дешті 
қыпшаққа оралып улы даладағы саяси билік ушн курести. 
3 Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде саяси сазнаға шықты. Керей мен жанібеу негізн калаган 
қазақ хвндығы осылай курылды. «Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің 
жедел дамуы болып саналады». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен 
дәлелдер келтіріңіз. Мен келісемін Кеңестік режимнің сөзсіз жетістіктерінің бірі - халыққа білім 
беру жүйесін дамыту және үздіксіз халықты сауаттылыққа үйрету. 1918 жылы "Бірыңғай еңбек 
Мектебі туралы Декларация" және "Бірыңғай Еңбек мектебі туралы ереже" қабылданды, онда 
кеңестік білім беру жүйесінің негізгі принциптері жарияланды - ақысыз, ұлдар мен қыздарды 
бірлесіп оқыту, теологиялық пәндерді оқытудан шығару, жазаның барлық түрлерін жою, 
мектептің өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі кезеңге бөлінді - бірінші, 8-13 жастағы балалар 
үшін және екінші, 13-17 жастағы балалар үшін. Медреселерді, мектептер мен орыс-қазақ 
мектептерін кеңестік мектептерге айналдыру бойынша белсенді жұмыс басталды. Азамат 
соғысының соңына қарай Қазақстанда 144 мың оқушыдан тұратын 2410 мектеп жұмыс істеді, 
оның 31 мыңы - қазақтар. / 
№2 билет 
Ирредента- өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел 
құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ. Мысалы ирредентке Қазақстанмен шекаралар 
Ресей аудандарында, Баян-Өлгей аймағында және Моңғолиядағы Қытайдың Қазақ автономиялық 
уездерінде, Өзбекстандағы тұратын қазақтар жатады. Диаспора- халықтың өзінің тарихи отанынан 
тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі. Қазақстан аумағына тыс 5 млн астам қазақтар бұрынғы КСРО-
ның 14 мемлекетінде және әлемнің 25 елінде тұрады. Олардың 700 мыңнан астамы типтік 
диаспораны білдіреді. Қазақ қоғамының ру- тайпалық құрылымы- Қазақстанның ежелгі 
тайпалары тарихигеографиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі 
этникалық шаруашылық топқа бөлінеді. Олар:Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары 


жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан 
оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің 
тайпаларының ешбір айырмашылығы болған жоқ. 15 ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес 
халық болып топтасты да, кейінірек қазақ деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп 
халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты 
кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың 
бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің 
бытыраңқылығы себеп болды. 14-15 ғасырларда көптеген жұрттың көшіп қонып, сапырылысуы 
орын алды. 15 ғасырдың 2 ші жартысы мен 16 ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық 
территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. 
Жүздердің өзі бірнеше рудан тұрған. Жақын рулар, туыстар қыз алыспады. Рудың өзінің көшіп-
қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Қазақ ру тайпалары өзара жақсы араласқан. 
Әрбір адам өз руын, шежіресін білуге міндетті болған. "Заманауи қазақ әдебиетіне"... 
Революцияға дейінгі бүкіл қазақ әдебиетіне тән белгі- қазақ ауылындағы топтық 
қарамақайшылықтарды сынау, бүкіл қазақ халқының ортақ мүдделері мен ортақ мақсаттарын 
білдіру еді. 1920 жылдардың ортасында қоғам өміріндегі әдебиеттің орны мен рөлі жөніндегі 
пікірталастар өрши түсті. Бұл пікірталас барысында М Жұмабаев, Ж Аймауытов, А Байтұрсынов, Ә 
Бөкейханов т.б ұлтшылдар ретінде айыпталды. 1920-30 жылдары қазақ әдебиетінің дамуы күрделі 
және карамақайшылықта болды. Басқа салалардағыдай мұнда да үлкен өзгерістер мен әртүрлі 
үдерістер байқалды. Бір жағынан, ғасырлар бойы қалыптасқан әдебиет дәстрүріне және өз 
халқына риясыз қызмет етуді парыз санаған дарынды тұлғалар бар еді. Екінші жағынан, бірқатар 
зиялы қауым өкілдері идеологиялық қысым көріп,Кеңес өкіметінің қолшоқпарына айналды. Олар 
халыққа қарапайым тілмен революцияның маңызды жетістігін жеткізуге тиісті болды.
3-билет 1)Шежіре. 15 ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан қазақ этносы өзара байланысты 
көптеген рутайпадан құралды. Қазақ ру-тайпалары шежіре арқылы біріктірілген. Шежірелік дәстүр 
ел арасында ауызша аңыздар түрінде өмір сүрді. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі 
және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрініс табады. Шежіре-ер адам жағынан ата-
бабаларын ауызша немесе жазбаша санамалайтын туыстық қатынастар тізбегі. Шежіре қазақ 
этносының ұжымдық тарихи жады болып табылады. Әрбір қазақ тайпасы мен руының өз 
шежірелері бар. Олар бірігіп, қазақтардың рутайпалық жүйесін біртұтас етіп байланыстыратын 
ортақ шнжірені құрайды. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші шежірешілер ауызша ақпаратты есте 
сақтауға қабілетті, тамашы жадты иеленген адамдар болды. Шежіре бағалы тарихи дереккөз 
болып табылады. Дәстүр. Қазақ қоғамы-осы күнге дейін, көбінесе дәстүрлі, яғни дәстүрмен 
байланысты қоғам. Дәстүрқоғамның барлық мүшесіне ұсынылатын, мінез-құлық пен белгілі бір 
жөн-жоралардың атқарылуынан көрінетін топтық тәжірибе. Дәстүрлі қоғамда жеке тәсілдің 
мүмкіндігі шектеулі болып табылады. Дәстүрдің әдет-ғұрыптарға қарағанда, өресі әлдеқайда кең, 
тұтастай қоғамға таралады. Әдет кез келген ортада және кез келген сәтте туындауы мүмкін. 
Дәстүр-тамырланған, терең әдет. Оның ұрпақтан ұрпаққа, ғасырлар бойы берілуі маңызды. 
2)Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы большевиктердің экономикалық саясатын сипаттаңыз. 
Жалпы осы кезеңдегі большевиктердің саясаты өте аралас болды. Іс жүзінде 3 кезеңді бөлуге 
болады: 1)Азамат соғысына дейін - алғашқы қайта құрулар; 2) Азамат соғысы кезінде - соғыс 
коммунизмінің саясаты; 3) Азаматтық соғыстан кейін – жаңа экономикалық саясат (ЖӘС). I кезең: 
Негізгі мәселе - ұлттандыру, яғни мемлекет меншігіне түрлі мүлік пен ресурстарды көшіру. Бұл 
идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. || 
кезең Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. 
Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына 
шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмыл-
дыру шаралары жүргізілді. ||| кезең Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық 
шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын 


азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу 
болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы 
(концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның 
маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы 
жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа 
экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. 3)Дала тайпаларындағы «әскери демократия» 
көсемдік түрінде дамудың ең жоғары деңгейіне жетті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз 
жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Мен бұл пікірмен келісемін. Себебі сақтар 
заманында, белгілі бір мемлекеттіліктің жоқтығына қарамастан, әскери демократия саясаты 
болған. Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды 
тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық 
жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын 
Ф. Энегельс әскери демократия деп атады.Патшалар жауынгелер тобынан шықты.Сақтар б.з.б. 
519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар 
парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис 
парсы патшасы Кирдің әскерін женген. Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі 
тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. 
Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.Алғашқы қауым кезінде 
қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса 
отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен 
қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған. 
////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// №4 билет 
1.Автохтонды халық - белгілі бір аймақтың ең ежелгі халық тұрғындары, алғашқы пайда болған 
жерінен қоныс аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алған этномәдениет. 2.Халықтың (этностың) 
материалдық мадениеті дегенiмiз - халық жасаған материалдық құндылықтар жиынтығы. 
Материалдық мәдениет жәдігерлерден (адам дар жасаган заттардан) және технологиялардан 
(жәдігерлерді жасау тәсілдерінен) тұрады. Материалдық мәдениетке: баспана, киім-кешек, 
әшекейлер, қару-жарақ, қолданбалы өнер заттары, тагам, ыдыс-аяк т.б. жатады. Б.з.б 4-1 
мыңжылдықтардағы халықтардың даму деңгейі жоғары болды. Материалдық мәдениеттің 
бастамасы бзб 1 мыңжылдықта пайда болған орта, орталық азиялардың көшпелі тұрғын үйі-киіз 
үйден бастауалады және 10- 18ғасырларда пайда болған алғашқы екі дөңгелекті әскер арбаларды 
жатқызуға болады. 3.«Батыс мəдениетін саналы түрде жүзеге асыруда қазақ даласының 
болашағын көремін». Сіз Ә.Бөкейхан тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер 
мен дәлелдер келтіріңіз. Әлихан Бөкейханов қазақ халқын біріктіру мақсатында бүкіл қазақтың 
басын қосып, ұлт етіп ұйымдастыратын Алаш идеясын құрды. Ол еуропалық даму жолын 
колдайтын алгашкы қазақ демократтарының бірі болды. Оның идеялык-саяси көзқарасынын 
калыптасуына Ұлы француз революциясы зор әсер етті.Сапалы білім мен узак жылдардагы 
гылыми-практикалык жумыс тәжірибесі Әлихан Бөкейханға көрнекті энциклопедист-галым болып 
қалыптасуына, Қазақстан мен оган шекаралас елдердің тарихы мен мәдениетін және 
экономикасын терең меңгеруiне игі әсер етті. Сонымен қатар тунгыш абайтанушы да болды.Алаш" 
қозғалысы мен Алашорда ұлттық территориялық автономиясының жетекшілері (солдан оңға 
қарай) Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатұлы. Әлихан Бөкейхан 1906 
жылы бірінші мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл 
қазақ құрылтайында "Алаш" автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейханов "Алашорда" 
автономиялық үкіметінің төрағасы болып сайланды. Әлихан Бөкейхановтың ең бірінші мақсаты 
ұлттық тәуелсіз мемлекет құру еді. Сол мақсат бойынша көптеген жетістікке жетіп, осы істері 
арқылы батыстық мәдениетке бастама болды 
////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// №5 Билет 
1)Мәдени-генетикалық код—бір этнос , ұлт н/е өркениет адамдарын байланыстыра отырып, тіл 
мен нышандардың көмегімен ұрпақтан-ұрпаққа берілетін рухани құндылықтар , түсініктер , 


тәжірибе мен дәстүрлер. Мысалы: Жеті атаны білу. Ерте кезден бастап ата-бабаларымыз , қаның 
тазалығына үлкен мән берген. Сондықтан жеті атанды білу әлі күнге дейін сақталуда. Ұлт - белгілі 
бір мемлекеттің азаматтарының жиынтығы; бірегей ұлттық бірегейлікке ие, тең құқықты және 
толыққанды тұлғалардың тарихи қалыптасқан саяси тәуелсіз қауымдастығы. Мысалы: қазақ, орыс, 
ұйғыр, татар ж/е т.б 2)Негізі «Түрік» сөзі «мықты, күшті» деген мағынаны білдіріп, билік етуші 
ашина әулетіне байланысты айтылды. Кейін олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ 
атауына айналды. Бұл тайпалардың біраз бөлігі теле деп аталды. Қытай деректері бойынша 
түркілер алғашында Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін 
түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін 
кеңейтті. Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545 
жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі 
ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан 
кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қаған 
жужандарға шабуыл жасайды. 552 жылы жужандар әскері талқандалады. Бумын түркі елінің 
қағаны болып жарияланады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет — Түрік қағанаты осылай пайда 
болды 3) «Дала өркениеті этностан тыс сипатқа ие болды және қандай да бір халықпен (этноспен) 
немесе белгілі бір дінмен байланысты болмады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға 
дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Мен бұл пікірмен толықтай келісемі. Себебі: Ұлы Дала аумағы 
кең байтақ Дунайдан, Алтайға дейін аралықты алып жатр. Ал сол үлкен аймақта бірнеше этнос, 
халықтар өмір сүрді ж/е олар бір ғана дінді ұстанбады. Қазіргі бір тұтас этностың қалыптасуы сақ, 
ғұн, үйсін, қанылылардан басталады. Олардың қазіргі этностын қалыптасуына өзінің үлесі бар. 
Мысалы: Жерлеу дәстүрлері, сақтардың "Аң стилі" , Жер ана, Ұмай ана, Тотемизм, Қала 
мәдениетінің қалыптасуы, көшпелі мал шаруашылығы сияқты ж/е т.б өзінің үлесін қосқан. 
Біртіндеп уақыт өте келе дала аумағындағы халықтар араласа бастады. Өзінің араласудағы 
айтарлықтай үлесін қосқан ғұн тайпалары ж/е олардың батысқа қарай ұлы көші. Соның 
салдарынан жаулап алынған жерлерде кейбір ғұндардың бөлігі тұрақтап тұрғылықты халықпен 
араласты. Соның нәтижесінде Алтай тауларының етегінде түркілердің пайда болуымен аяқталды. 
Түркілердің үлесі әртүрлі қалалардың дамуы, Ұлы жібек жолындағы батыс пен шығыстың 
байланысы. Ондағы әртүрлі мәдениеттердің, дінің таралуы мысалы: тәңірге табынушылық, 
дәстүрлердің қалыптасуы, Түргештер кезеңніңдегі Ислам дінің таралуы. Х-ХІ ғ Қазақстандағы 
алғашқы Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған алғашқы Қарахан өз үлесін қосты. Келесі 
Шыңғыс ханның келуі мен оның жаулау саясаты. Бұл монғолдардың жергілікті халықпен 
араласуына әкелді. Одан кейін Алтын орда, Ақ орда, Көк орда , Әбілқайыр хандықтарының ішінде 
қазақ руларының пайда болуы. Яғни бұл мәліметтерге сүйене отырып, Дала өркениетінде бір ғана 
этнос пен дін болмағанын көре аламыз. Қазіргі этнос ұзақ уақыт ішіндегі бірнеше этностардың 
араласқанан пайда болған. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 6-БИЛЕТ 
1.«Ақсүйек», «қарасүйек» терминдеріне анықтама беріңіз. Ақсүйек- қазақтардағы ар-
тықшылықтарға ие топ.хандық дәуірдегі қазақ қоғамында айрықша құқықтар мен ерекше 
артықшылықтарға ие болған таңдаулы әулет өкілдері. Оған Шыңғыс хан ұрпақтары-хандар, 
сұлтандар, әлеуметтік жік, төрелер, сейіттер, дінді таратушылар-қожалар кірді. Қарасүйек- 
байырғы қазақ қоғамында ақсүйек тобына жатпайтын жай халық, қара халық. Қазақ қоғамында 
қара сүйектер өз ішінде шаруалар (көшпелі малшы қауым, егінші жатақтар), билер, ақсақалдар, 
батырлар, бай-бағландар, құл-құтандар тәрізді әлеуметтік жіктерге бөлінген. 2.Қазақстан 
аумағындағы этногенез кезеңдерін сипаттаңыз. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағындағы этногенез 
және этникалық үдерістер: 1)Этногенездің фин-угор кезеңі: Ғалымдардың көпшілігі Ботай-Терсек 
мәдениетін жасаушыларды угорлар деп есептейді.Б.з.б IV-III мыңжылдықта Орталық Азияның 
оңтүстігінде фин-угор тілдестер давид тілдестермен қарым қатынаста болған. 2)Этногенездің 
үндіеуропалық(үндіирандық) кезеңі: Үндіирандықтармен(арийлермен) қола дәуірінің жақсы 
зерттелген кезеңі Андрон мәдени қауымдастығының, Беғазы-Дәндібай және Тасмола 


мәдениеттерінің уақытымен байланыстырылады. Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы 
этногенез және этникалық үдерістер: Қазақтар этногенезінің VI-XIII ғасырларында, яғни түркілік 
дәуірінде түркі тайпалары:түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, қидандар қазіргі Қазақстан 
аумағына келе бастады және жергілікті халықпен араласа отырып, қазақ даласының этникалық 
бейнесін толықтай қайта өзгертті. Бұл ретте өркениеттік негіз-көшпелі мал шаруашылығы мен 
көшпелілік мәдениеті бұрынғыша қалды. Бұл кезеңдегі қыпшақтар қазақтар этногенезіне үлкен 
үлес қосты. Моңғол дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер: 
Моңғол жаулаушылығының нәтижесінде Қазақстан аумағы Шыңғыс ханның үш үлкен ұлы:Жетісу 
мен Оңтүстік Қазақстан-Шағатай ұлысы, Ертістен шығысқа қарай-Үгедей ұлысы, Шығыс Дешті 
ҚыпшақЖошы ұлысына кірді. Жошы ұлысы мен Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған түркі-
монғол мемлекеттері-Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай ордасы тайпалардың 
шоғырлануына және қазақтардың қалыптасуына жағдай жасалды.Жәнібек пен Керейдің 
Әбілқайыр хандығынан бөлніп көшуі мен Қазақ хандығының құрылуы және көпғасырлық 
этникалық үдерістің нәтижесінде XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ этносы қалыптасты. 
3.Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінің барлық мәдениеттері сабақтастыққа ие 
және бірыңғай тарихи процесті құрайды деген пікір қалыптасқан. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз 
бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Иә, келісемін.Себебі, қола 
дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінде қалыптасқан ғұрыптар,... қазіргі таңда да көрініс 
тауып, бірыңғай тарихи процесті құрайды. Мәселен,алдыңғы ерте қола дәуіріндегі Нұра кезеңінде 
өлікті өртеп жерлеу ғұрпы қалыптасты. Ортаңғы қола дәуіріндегі Атасу кезеңінде өлген адамның 
денесін сол күйінде жерлеу ғұрпы қалыптасты. Беғазы-Дәндібай мәдениетінде рулық, ұжымдық 
меншіктің орнына жеке меншік келді.Жоғары лауазымды билеушілерге арнап қақпақ тастардан 
зәулім кесенелер тұрғызу болды. Адамды жерлеу рәсімінде обалар айрықша қолданылысқа ие 
болды.Қорымдар мен қабірлер маңызды рөл атқарды. Ертеде қайтыс болғандарды белгілі бір 
салттарды сақтай отырып жерлеген:құрбандыққа мал шалған, бейітке қарлар мен түрлі заттарды 
қоса көмген. Қоғамдағы ер адамдардың үстемдігі артты. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ 
уақытқа арналған қоныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі-құдық қазу шықты. Баспана 
үлгілері өзгеріп, үйлер кең және өмір сүруге ыңғайлы бола бастады. Қыш шеберлері, тігіншілер, 
сүйек өңдеушілер, зергерлер сияқты қолөнершілер пайда болды. Б.з.б III мыңжылдықтың 
соңында дөңгелекті арбалар жасала бастады. Ерте темір дәуірінде қуаңшылыққа байланысты Ұлы 
Дала өркениетін айғақтайтын басты белгі-көшпелі мал шаруашылығы пайда болды. 
////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 7БИЛЕТ. 
Революция-түбірлі өзгеріс бір жағдайдан екіншісіне секірмелі түрде өту.Бірінші болып өткен 1905- 
1906 ж аралығындағы Орыс революциясы. 1905 жылдың шілдесінде Қоянды жәрмеңкесінде 
өткізілген митингіде өткен Қарқаралы петициясы болды.Екінші болып 1917жылы 27 ақпанда 
болған Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы.Үшінші көтеріліс 1917жылы болған 
Қазан төңкерісі. Реформа-өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап,кейбір институттарды 
қайта құру өзгерту.Мысалы 1822-1824жылғы реформалар, 1822жылы Сібір қырғыз жарлығы 
шығарылды, Орта Жүзде хандық билік жойылды 1824жылы Орынбор қырғыз жарлығы 
шығарылды,Кіші Жүзде хандық билік жойылды 1867-68 Жылдарындағы реформа бүкіл 
Қазақстанды қамтыды.Үш генерал губернаторлыққа бөлінді Орынбор,Батыс Сібір,Түркістан 
2)Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негізі Алаш идеясының негізгі өзегі болып 
табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту,ұлт тарихын,тілін,мәдениетін сақтау мәселелері қазақ 
зиялыларының ұранына айналды.Алаш идеясының негізгі ұстанымдары : Біріншіден,Алаш 
зиялылары жер жекеменшікке де қоныстанушыларға да берілмесін,Жерсіз Отан жоқ деді 
Екіншіден, елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек Үшіншіден,Қазақстан Ресей 
империясының құрамына енуінен бастап қалыптасқан экономиканың шикізаттық сипатынан бас 
тартып,толықтай тәуелсіздікке қол жеткізуі керек Төртіншіден,қазақ мемлекетінде мемлекет 
құрушы ұлттың тіл,діл,дін үстемдігі болу еді Бесіншіден,ғылымға,ұлттық салт дәстүрге негізделген 
заңға сүйене отырып,ұлттық демократиялық мемлекет құру еді Алтыншыдан,қазақ жеріне түрлі 


жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін ортақ Отаны Қазақстанда тұруға барлық кепілдіктер 
мен құқықтары сақталынылады Алаш идеясының өзегі-ұлттық мемлекет құру еді.Алаш 
идеясының негізгі тұжырымдамаларының өзекті тұстарын Қарқаралы петициясынан,Алаш 
партиясы бағдарламасынан және ұлттық демкоратиялық қозғалыс ірі өкілдерінің еңбектерінен 
көре аламыз.Олардың ішінде Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси тұрғыдағы ой-пікірінің 
маңызы зор. 3)Ұлы дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне,соның ішінде қазақтарға биліктің «хан 
билерхалық» үштігі тән Иә мен бұл тұжырыммен келісемін.Ұлы дала көшпелілері соның ішінде 
қазақтарда хан,билер халық үштігі тән Хан-түркі моңғол халықтарында мемлекет басқарған билік 
иесі. 1)Хан билік етіп отырған әулет басшысы ретінде елдегі барлық аумаққа,ұлысқа тиесілі жерге 
иелік етті,қарулы жасақпен оны сыртқы жаулардан қорғады 2)Соғыс жариялау мен бітімге келуге 
құқылы болды,себебі ол әскер басшысы еді 3)Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер 
жүргізіп,мемлекеттің сыртқы саясатын айқындап отырды 4)Өзіне бағынышты адамды өлтіруге 
немесе тірі қалдыруға құқылы болды,яғни ол мемлекетіндегі Жоғарғы сот қызметін де атқарды 
5)Заң шығару құқы болды және қол астындағылардың барлығына міндетті бұйрықтар шығарды 
Қаза билері-ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де рөлін атқарды және олар әділ,елге 
сыйлы болуға тырысты.Қазақтың атақты билері ТӨЛЕ БИ,ҚАЗЫБЕК БИ,ӘЙТЕКЕ БИ.Билер ұлт 
тұтастығына нұсқан келтіретін дау-жанжалдарды бітістіріп,көрші мемлекеттермен бейбіт 
байланыс орнатуда ақыл-кеңес беріп отырды. Қарапайым халық ханға бағынышты болды.Сыртқы 
және ішкі саясаттың дамуына тікелей үлес қосатын субьект.Негізгі жұмыстары 
малшаруашылығы,егіншаруашылығы,сауда-саттық,қолөнер және тссс жұмыстармен айналысты 
///////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// Билет 8 1) 
Жәдитшілдік- мұсылмандар арасындағы ұлттық қозғалыс, саяси ағымдағы жақтаушылық.ХХ 
ғасырдың бас кезiнде дәстурлi мектептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын 
канагаттандырудан калды . Мұсылман мектептерін реформалау козгалысы басталды . Оны 
уйымдастырушылар жәдитшiлдер болды . ХХ ғасырдың бас кезінен бастап жана адістемелік 
мектеп мер пайда бола бастады . Окытудын бул эдiсiнiң негізін қалаушы белгiлi түркi тiлдес халық 
ағартушыларының бiрi , когам кайраткері И. Гаспринский болды . Жәдитшiлдер мектептерде 
арифметика,география,жаратылыстану,тарих сияқты баска да зайырлы пәндердi Окыту 
қажеттілігін дәлелдеді . Пантүркизм- түркі тілдес, түркі-мұсылман халқын Түркияның қол астына 
біріктіруден туындаған ұлтшыл-буржуазиялық идеология. Пантүркизм Орталық Азия мен Қапқаз 
аймағында жадидизм идеясы негізінде таралып, орыс отаршылдығына қарсы күресте саяси 
идеология ретінде қолданылды. 2)Дамыған орта ғасырдағы (Х-ХIV ғғ.) түркі мемлекеттерінің 
геосаяси белсенділігін сипаттаңыз. Төрт ғасырдың ішінде талай мемлекеттер құрылып, талайы 
жойылып отырды. Қарахан мемлекеті( 940-1212 жылдар) XI- XII ғасырлардағы аумағы- 
Маураннахр мен Жетісу. Қарахан әулетінің негізін салушы- Сатұқ Боғра хан. Қарақытайлар 
мемлекеті (1128-1212 жылдар) Аумағы – Жетісу, Шығыс Түркістанның бір бөлігі. Қарақытайлар 
мемлекетінің негізін қалаушыЕлюй Дашы. Оғыз мемлекеті (IX – XI ғасырдың ортасы) Аумағы- 
Сырдариядан Еділге дейін. Ордасы – Янгикент қаласы. Оғыздар қыпшақ тайпаларының 
қысымымен ыдырады, олардың бір бөлігі Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға кетті. Оғыз тайпасының 
негізі Жетісуда қалыптасты. Қиамақ қағанаты ( 9-11 ғасырлар) Аумағы – Солтүстік-Шығыс және 
Орталық Қазақстан. Қыпшақ хандығы (11-13 ғасырлар) Аумағы- Алтайдан Дунайға дейін. Ордасы- 
Сығанақ қаласы. ЖОШЫ ҰЛЫСЫ:Ертiстен Шыгыс Еуропага дейiн. Ол Алтын ордаға ыдырады. 
ШАГАТАЙ ҰЛЫСЫ: Оңтүстік , оңтүстік шығыс Қазақстан және Орта Азия. Ол Шағатай мемлекетіне 
ыдырады. Шағатай мемлекеті ( 1269 жылы XIV ғасырдың ортасы ) Әкімшілік орталығы – Алмалық 
қаласы . Аумағы: Шығыс Түркістан, Мауреннахр . Моғолстан( XIV – XVI ғасырдың басы ) Оңтүстік – 
шығыс Қазақстан жане қазіргі Қырғызстан . Мемлекеттің негізін қалаушы- дулат тайпасының 
феодалдық ақсүйек қауымының басшысы- әмiр Поладшы . ҮГЕДЕЙ ҰЛЫСЫ: Жетiсудын солтустiк-
шыгыс бөлiгi , жоғарғы Ертiс аймактары . Үгедей ұлысы 1251 жылы жойылды. АЛТЫН ОРДА: Бату 
ханның 1236-1242 жылдарда Еуропага жорықтары барысында Жошы ұлысының аумағы Ертiстен 
Дунайга дейiнгi жерлердi алып жатты . XIV гасырдын бiрiншi жартысында Өзбек пен Жәнібек билік 


еткен кезенде өзінің шарықтау шегіне жетті . ХV ғасырдың ортасында құлады. Ол Ақ орда мен 
Ноғай ордасына ыдырады АҚ ОРДА ( ХIII - ХV ғасырдың басы ) Аумағы: Шығыс Дешті Қыпшақ. 
Орталығы- Сығанақ каласы . Мемлекеттiн айтарлықтай нығаюы XIV ғасырдың 60- 70 - жылдары 
Ұрұс хан билеген кезеңде өтті . Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның шабуылдары барысында 
мемлекет әлсіреп, құлдырауға ұшырады . 3)«Кеңестік қазақ автономиясының жариялануы және 
оның одақтық республикаға өтуі Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының маңызды тарихи 
кезеңдеріне айналды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен 
дәлелдер келтіріңіз. 1920 жылы 26 тамызда Кенес Кенестiк негiзiнде курылган Өкiметi БОАК пен 
РКФСР ХКК-і Кеңестік негізінде құрылған федерациялық социалистік мемлекет РКФСР – дiн 
курамында ,астанасы Орынбор қаласында болатын « Қырғыз ( Қазақ ) Автономиялы Кенестік 
Социалистік Республикасын куру туралы » Декрет жарияланды . Қазақ АКСР – ін куру туралы 
Декрет Қазақстан аумағын анықтады .Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. 
Меңдешев,ал Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус Зенькович сайланды. Қазақ 
АКСР-індегі басқару органдары - депутаттардың жергiлiктi Кеңестері, ОАК пен Халык 
Комиссариаты Кеңесі болатынын белгiледi . Әскери істерді басқару үшін Қазақ Әскери 
Комиссариаты уйымдастырылды . Сеъезде казак кенестiк мемлекеттiлiгiн курудын негiзгi 
кагидалары Конституциялык негiзде аныкталган « Қазақ АКСР-і еңбекшілері құқықтарының 
декларациясы» қабылданды . Декларация республиканын бүкiл өмiрiн социалистiк кайта құруға 
бағытталған кешенді шараларды анықтады . Ол Қазақстан еңбекшілері үшін саяси құқықтарды 
бекітті . Қазақ АКСР-інің жер аумағы 1920 жылы картаға сызылды. Деректер бойынша 1 871 239 
шаршы версті құрады. 1921 жылы А. Байтұрсынұлы мен М. Сералин жан-жақты 
дәлелдеулердеулерінің арқасында Ақмола және Семей облыстары Қазақстанның құрамына 
қосылды. Торғай, Орал, Закаспий облыстары қайтадан қосылды.Менің ойымша ия . Себебі Қазақ 
АКСР-інің құрылуы мемлекетіміздің шегарасының сызылуына себеп болды.1921 жылдын ақпан – 
сәуір айларында Қазақ АКСР ОАК казак енбекшiлерiне коныс аудару басқармалары патша үкіметі 
казак әскерлерінің пайдасына 1916-1917 жылдары тартып алган ,помещиктер мен капиталистерге 
кеткен , коныс аударушылар заңсыз басып алган жерлерді қайтарып беру жөнінде декреттер 
қабылдады . Бұл декреттермен жер пайдаланудың әділетті тәртібі орнатылды. Қазақстанның 
халық саны ұлғайып , аумағы кенейді , экономикалык күш –қуаты артты. Қазақ АКСР енбекшiлерi 
құқықтарының Декларациясында « Қазақ АКСР – iнiң конституциялык жолмен жарияланғаны 
аталды , мемлекеттiк өкiмет және мемлекеттік басқару органдары , жер саясаты , азаматтардың 
негiзгi құқықтары мен міндеттерi , сайлау жүйесі мен онын устанымдары , соттын 
уйымдастырылуы және қызмет жүйесi белгiлендi . Қазақ халқының аумақтық жағынан бiрiгуi 
қазақтардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында , Қазақстан экономикасы мен мәдениетін 
дамытуда , республиканын ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды . Барлық казак жерлерінің 
бір республиканын құрамына бiрiгуi қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең , сол уақыттағы 
қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте манызды кадам болды . 
Нәтижесінде Қазақ АКСР – інің аумағы едәуiр дерлiк ұлғайды . 1926 жылғы халық санағы бойынша 
қазақтар Қазақстанның барлық халқының жартысынан астамын 5 млн 230 мың адам болды, яғни 
61,3 % -ын құрады . Астаналары: Орынбор – 1920-1924 Қызылорда – 1924 - 1929 Алматы – 1929 – 
әрі қарай. 9-билет 1)Тоталитаризм- деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте 
қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылаунда болып, адам бостандығы мен конституциялық 
құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері қуғын-сүргінге ұшыратылады. 
20ғасырдың бірінші жартысында КСРО кезінде Сталиннің басқару жүйесі болған. Демократия-деп 
халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты 
айтады. Алғаш демократиялық мемлекет б.з.д. 5 ғасырда Афинада пайда болған. 2) Ұлы Жібек 
жолының Қазақстан аумағындағы қалалық мәдениетті дамытудағы рөлін сипаттаңыз. Ұлы Жібек 
жолы-елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен 
жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. 
Шығыс және Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланыстырушы 


буынға айналды. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын 
қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті. 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз-ең ірі 
қалалардың бірі. Таразтүргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік 
орталығы айналды. БұлТараздың сауда және әскери стратегиялық маңызды қала екендігінің 
айқын дәлелі. Қала ішінде су құбырлары жүргізілген. Ұлы Жібек жолы бойындағы атақты 
қалалардың бірі-Отырар. Орта ғасырларда Отырар Сыр өзенінің ірі сауда және мәдениет 
орталығына айналды. Қалада монша, мешіттер мен медреселер көп тұрғызылған. Ұлы Жібек жолы 
бойындағы ірі қалалар қатарында Испиджаб аталады. Орта ғасырларда Испиджаб сауда және дін 
орталығына айналды. Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар және керуен-
сарайлар көп салынған. Ұлы Жібек жолы бойында көне Түркістан қаласы орналасқан. Қала 
Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік, сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала 
бастайды. Ол әйгілі ғұлама Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуымен байланысты еді. Ұлы 
Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына 
септігін тигізді. 3)«Көшпенділер әлемдік тарихи үдерістердің барысына елеулі әсер етті». Сіз бұл 
тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Ерте темір 
дәуірінде көшпелілер әлемдік кеңістікке шыға бастады. Көшпелілердің әскери қуаты артып, олар 
ежелгі шығыстық Ассирия, Урарту державаларының, Ахеменидтер империясының басты 
қарсыластарына айналды.Б.з.б. 8-7 ғасырларда скифтер Алдыңғы Азияға басып кірді. Кіші 
Азияның барлық шығыс аймағын басып алып, ондаған жыл бойы өз биліктерін жүргізді. Б.з.б 6 
ғасырда парсылық Ахеменидтер империясының патшасы Ұлы Кир Орталық Азияға бірнеше жорық 
жасады. Б.з.б 530 жылы Кир шығыстағы массагеттерге жорыққа шығып, қаза тапқан соң, оның 
империясы ыдырай бастады. Б.з.б. 1 мыңжылдықта Ұлы Дала көшпелілері Шығыс пен Батыстың 
отырықшыегіншілік өркениетімен тығыс қарым-қатынас жасады. Киммерліктер мен скифтердің 
Алдыкңғы Азияға, парсылардың скифтер мен сақтарға жасаған жорықтары, ғұндардың 
ықпалымен халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуы-көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа 
тигізген әсері болып табылады. 
////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 10билет 
ИНТЕГРАЦИЯ-келісілген мемлекетаралық экономика мен саясат негізінде ұлттық шаруашылық 
жүйелердің жақындасу және кірігу процесі.Интеграцияның классикалык мысалы-мемлекеттердің 
НАТО немесе ЕУРООДАҚ сияқты экономикалық,саяси н/е әскери одақтарға кіруі ЖАҺАНДАНУ-
жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени ақпараттық тұтастық құрылуының 
үрдісі.Жаһандану үдерісі ежелгі тарихта да кездеседі.Кезінде Шыңғыс хан,Атилла,Александр 
Македонский жер-дүниенің бәрін жаулап,өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды 
таратпақшы болды.Терминді 1983 ж Теодор Левитт енгізді. 2)XVIII-XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР Қазақстан Ресей құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми 
зерртеу үдерісі басталды. Қырғызқайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов "Қырғыз-қайсақ 
және қарақалпақ ордалары туралы" атты еңбек жазды.Онда автор қазақ және қарақалпақ жерін 
егжей-тегжейлі сипаттап жазды.Ломоносов елде экспедициялар ұйымдастырып, географиялық 
карта жасад. 1768-1774 жж алғашқы Паллас экспедтцтясы болды,нәтижесі ретінде Палластың 
"Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат" атты үш бөолімнен 
тұратын еңбегі жарық көрді.Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы мәліметтер 
бар.XVIII ғасырдың аяқ кезінде Андреевтің "Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы" еңбегі 
жарық көрді.Өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шегарасы туралы мәлімет қалдырды.1830 
жылы Броневскийдін "Орта жүз қырғызқайсақтары туралы жазбалар" атты жұмысы 
жарияланды.Белгілі тарихшы Левшин "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен 
далаларының сипаттамасы" атты үш бөлімнен тұратын еңбегін жазды,онда қазақ өлкесінің тарихы 
мен этнографиясы,географиясы туралы аса маңызды мәліметтер келтірілді.Добромыслов "Торғай 
облысы.Тарихи очерк" атты 3 томдық еңбек жазды.Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының 
тарихи және саяси оқиғалары толық сипатталған.Радловтың "Сібір қазақтарының этнографиясы 
туралы" еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал етті.Семенов Тян-Шанский 


Алтай,Жетісу,Орта Азия жерлеріне экспедиция жасап "Қырғыз өлкесі" және "Түркістан өлкесі" 
деген еңбектер жазды. Неміс географы,этнораф әрі тарихшы Фон Хелльвальд "Орталық Азия.Жер 
бедері мен халқы"атты еңбек жазды. 3)«Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және 
адамгершілік құндылықтарының көрінісі болып табылады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз 
жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. МЕН КЕЛІСЕМІН Қазақ қоғамы-осы күнге 
дейін,көбінесе дәстүрлі,яғни дәстүрмен байланысты қоғам.Ұлттық бірегейлікті сақтап,мәдениетті 
дамытуда салт-дәстүрдің маңызы зор.Басқа да дәстүрлі қоғам сияқты қазақ қоғамында өмірлік 
кезеңдерге байланысты салттар ерекше берік.Әсіресе ол ас беру кезінде ерекше 
байқалады.Өмірлі кезеңдергеқатысты салттар:Ана мен баланың денсаулығын,ырыс-берекені 
қамтамассыз етуге бағытталған және бала босануға байланысты салттар,оларға қырқынан 
шығару,шілдехана,бесіктой және т.б жатады.Баларға байланысты салттарға есім қою,тұсау кесу 
және т.б.Үйленуге байланысты салттарға құдалық,қыз ұзату және т.б. жатады.Той өте салтанатты 
өткізіледі.Жерлеу-еске алу салттары кезінде көңіл айту,қайғыру,жоқтау,дұға оқу,жерлеу рәсімдері 
жатады.Өмірлік кезең дәстүрлерінен бөлек басқа да салттар,қонақжайлылық әдеттері мен 
онымен байланысты жора-жорғалар,салттар бар.Жоғарыда келтірілген мысалдар қазақтардың 
адамға туылғаннан бастап,өлгенге дейін көңіл аударатыны анық көрсетілген.Салт-дәстүрлердің 
қазіргі заманға дейін сақталуы біздің рухани байлығымызды көрсетеді.Қазақтар дәстүрлерге 
сүйеніп өз жеті атасын ұмытпайды.Заманның жанаруына қарай дәстүрлер де өзгеріп 
отырады.Қазақ халқының дәстүрлері адамгершілікке,жақсылыққа баулиды.Салт-дәстүрлер,әдет-
ғұрыптар мүлтіксіз сақталадыжәне қазақ қоғамын біріктіретін мәдени бірегейліктің нығаюына 
жағдай жасайды. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 11-БИЛЕТ 
1)«Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз. Монархия - бұл жоғарғы 
мемлекеттік билік толығымен бір адамға-монархқа тиесілі, мұрагерлік жолмен келетін басқару 
нысаны. Қазіргі абсолютті монархиялардың мысалдары: Сауд Арабиясы, Бруней, Катар, Оман, 
Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ). Республика - бұл жоғары мемлекеттік органдар сайлау негізінде 
қалыптасатын және белгілі бір мерзімге сайланатын мемлекеттік құрылым нысаны. Бұл оның 
монархиядан орталық айырмашылығы. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, 
парламенттік, аралас. Мысалыға Қазақстан ресми түрде демократиялық, зайырлы, унитарлық, 
конституциялық республика болып табылады. 2)Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін сипаттаңыз. 
Қазақ халқы Ресей империясы құлағаннан кейін алғаш рет 1920 жылғы 26 тамызда жаңадан 
құрылған Қырғыз КСР Автономиялық Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының 
құрамына кірді. Жаңадан құрылған автономиялық республиканың астанасы Орынбор қаласы 
болды. 1924-25 жылдары Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу орын алып, 1925 жылғы 
маусымда РСФСР бағынысындағы қазақ халқы бар барлық аумақтар біртұтас Автономиялық Қазақ 
АССР-не біріктірілді. 1929 жылы астананы Қызылордадан Алматы қаласына көшірді. Қазақ АССР 
1936 жылдың ақпан айында Қазақ КССР деп атала бастады. Сол жылы РСФСР құрамынан 
шығарылып, Қазақ ССР деп аталатын одақтық республика мәртебесіне ие болды. Республика 
кеңес Республикасы ретінде 1991 жылдың желтоқсанына дейін, Қазақстан Республикасы тәуелсіз 
біртұтас қазақ мемлекеті болып жарияланғанға дейін КСРО құрамында болды 3)«Тәуелсіз 
Қазақстан экономикасының көмірсутектер экспортына едәуір тәуелділігі ХХ ғасырдың бірінші 
жартысында аяқталды». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер 
келтіріңіз. Мен келіспеймін Ең алыдмен біз көмірсутектін не екенін түсініп алуымыз 
қажет.Көмірсутек ретіде Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газды қарастыруға болады.Мұнай 
Қазақстан экономикасының дамуының ең басты бағыттарының бірі.Ең алғашқы мұңай көзі Атыау 
облысында 1899 жылы табылды.Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен 
ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін 
құру Қазақстанның аумағында Бұхар-Орал, Орталық Азия-Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-
Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін 
тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде.Мұнай өндірісі 1992ж 25,8млн т құрады,ал 2012ж 80млн 


т жетті. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние 
жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса 
алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта 
ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше 
м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі.Жоғарыда келтірілген мысалдар көмірсутек 
экспортына Қазақстанның тәуелділігінің артуын көрсетеді.Қазақстан шикізатка бай және 
экономикасы толықтай шикізатпен байланысты.Мұнай,газ-ең сұранысқа ие шикізат көздері.Сол 
себепті өндіріс мөлшері әлі арта түседі. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 12билет 
Отар - бұл мықты шет мемлекеттің (метрополия) басқаруындағы тәуелді аумақ. Мұндай жерлер 
әдетте экономикалық және саяси биліктен айырылады және олардың басқаруы арнайы режим 
негізінде жүзеге асырылды.Отаршылдық - өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану 
және шаруашылық үшін игеру , сондай-ақ басқа елдерде қоныстар салу. Отаршылдық іс көбіне 
жергілікті тұрғындарды күшпен бағындыру және ығыстыру саясатымен (кейде қырып-жоюмен) 
ұштасады және басқа аумақтарды тартып алу үшін қолданылады. 15 ғасырдағы географиялық ұлы 
жаңалықтар кезінен еуропалықтар жер жүзінің басқа құрлықтарын отарлауды бастады. Әскери-
сауда орталықтарын салу, жаңадан ашылған құрлықтарды игеру, бұрынғы дамыған елдермен 
сауда жүргізу қыза түсті. Испандықтар, португалдар, голландтықтар, ағылшындар, француздар, т.б. 
отаршылдық саясатын күшпен жүргізді.Көптеген байырғы халықтарды қырып-жою, қалғандарын 
құлға айналдыру, резервацияларда ұстау, кемсіту кеңінен орын алды. Отаршылдық саясатын 
қолданған елдер жергілікті халықтарды тонау, қанау арқасында қатты байып, отарларды шикізат 
көздеріне, өздері шығарған тауарларды үйлестіру базаларына айналдырды. Отарланған елдердің 
ең құнарлы жерлерін келімсектер иемденіп, Америка, Африка, Азияның байырғы халықтарын, 
шөл, шөлейт далалар мен тауларға ығыстырды. Ресей патшалығы да бір орталыққа бағынған 
мемлекет болуды аяқтағаннан кейін 16-17 ғасырларда Еділ бойы, Орал, Қиыр Солтүстік, Сібір, 
Қиыр Шығыс халықтарын отарлай бастады. 18-19 ғасырларда отаршылдық саясатын әрі қарай 
жалғастырып, Кавказ, Қазақстан мен Орталық Азия халықтары да басып алынды (қ. Қазақстанды 
Ресейдің отарлауы). Ресейдің отаршылдық саясатын ұсақ халықтарды жаппай орыстандыру, 
шоқындыру, бас көтергендерін қатал жазалау және ішкі аймақтардағы орыс, украин, белорус, т.б. 
халықтардан шыққан шаруаларды күшпен қоныстандыру арқылы жүзеге асты. 1991 жылы КСРО-
ның тарауымен бұрынғы Ресей отарлары да егемендікке қол жеткізді. Протекторат - бұл 
мемлекетаралық қатынастардың бір түрі, онда бір ел екінші елдің жоғарғы егемендігін мен 
мықтылығын мойындап, әсірісе халықаралық қатынастарда, өзі өз автономиясын және 
билеушілердің әулетін сақтайды. Протекторат - бір мемлекет екінші мемлекеттің қорғауында 
болатын мемлекетаралық нысаны.Протекторат - бұл мемлекетаралық қатынастардың бір түрі, 
онда бір ел екінші елдің жоғарғы егемендігін мен мықтылығын мойындап, әсірісе халықаралық 
қатынастарда, өзі өз автономиясын және билеушілердің әулетін сақтайды. Протекторат - бір 
мемлекет екінші мемлекеттің қорғауында болатын мемлекетаралық нысаны. Протекторат- күшті 
мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы. екі егемен мемлекет арасында қорғалатын 
мемлекет қорғаушы мемлекетке беретін өкілеттіктерді анықтайтын келісімшарт арқылы 
орнатылған қатынастар.әлсіз мемлекет өзінің дипломатиялық қызметке және оның аумағын 
қорғауға байланысты қажеттіліктерін жеңіп, қанағаттандыруға қол жеткізгеннен кейін, 
протекторат аяқталады және қайтадан өзінің толық тәуелсіздігін алады.Алайда протекторатпен 
келіспейтін мамандар бар, оны мемлекеттердің тәуелсіздігіне әр түрлі жолмен әсер ететін отарлау 
түрі деп санайды, әсіресе протектораттың қажеттілігі күмән туғызатын жағдайларда.Кейбір 
мысалдар: Шығыс Африкадағы Британ протектораты (1895-1920), Египеттегі Британ протектораты 
(1914-1922), Испанияның Марокко протектораты (1913-1956), сондай-ақ Монакодағы француз 
протектораты және тб. Мысалы 1829 жылы Ресейдің протекторатына айналған Молдавия мен 
Валахия 1856 жылы халықаралық қорғауға алынып, 1878 жылы біріктіріліп, тәуелсіз Румыния 
мемлекеті құрылды. 2.XIX-ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында жұмыс істеген білім беретін 


оқу орындарының ерекшеліктерін сипаттаңыз. ХІХ ғасырдың ортасында патша үкіметінің 
Қазақстандағы оқу ағарту ісі екі бағытта дамыды: діни және азаматтық. Діни бағыттағы білім беру 
мектеп, медреселерде жүргізілді. Мұcылман оқу орындарында араб алфавитінің негізінде молла, 
мектептерге мұғалім дайындайтын оқу орны болды. Діни бағыттағы мектептер мен медреселер – 
қазақ халықтың өмірінде басты орын алады. Мұндай мектепмедреселер Қазақстанға Орта Азия, 
әсіресе,Бұхарадан тараған болатын.Мектептер – бастауыш білім ошағы. Мектептерде 8-ден 17 
жасқа дейінгі балалар оқыды. Оларды араб, татар және құранның сүрелерін жатқа айтуға, түрік 
тілдегі поэтикалық шығармаларды оқуға үйретті. Оқу мерзімі оқушылардың білім деңгейіне 
байланысты еді. Мектептерде 1 кейде 2 оқытушы білім берген.Медреселер – орта білім беретін 
мектептер. Медреселерде мектепте білім алған және білімдері әрі қарай тереңдетуге тілек 
білдірген адамдар оқыған. Медреселер үлкен уездік қалаларда және мешіт жанында орналасты. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей империясының отаршылдық торабына 
енгеннен соң орыс әкімшілігі мұсылмандық ағартушылыққа қарсы күрес жүргізді. Мектеп 
медреселердің жұмысына шек қойып, орыс оқу орындарын аша бастады.Осы мақсатта 1850 жылы 
отаршыл әкімшіліктің төменгі органдарына тілмаштар мен хатшылар даярлайтын Орынбор 
шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытуға арналған жеті жылдық арнаулы 
мектеп ашылды. Алғашқыда бұл оқу орнында негізінен діни пәндер оқытылса, 1859 жылдан 
бастап орыс тарихы, жалпы және орыс географиясы, математика, геометрия сабақтары оқытыла 
бастады.Патша үкіметі қазақтың бай-шонжарларының балаларына Омбы, Орынбор кадет 
корпустарында оқып білім алуларына рұқсат еткен болатын. Мысалы, Сібір кадет корпусының 
қабырғасынын көптеген белгілі ғалымдар, ағартушылар, саяхатшылар және Сібір мен Орта Азия 
зерттеушісі Г.Н.Потанин, қазақтың ағартушы ғалымы - Шоқан Уәлиханов, Батыс Сібір зерттеушісі, 
тарихшы Катанаев, Усов, революционер В.В.Куйбышев оқып, білім алған. Сонымен қатар, 
Шоқаннан басқа біз зерттеп отырған өлкеден Омбы кадет корпусын Шоқанның інісі Махмұт, 
немере інісі Сұлтан Ғазы Уәлиханов және танымал этнограф, ғалым Есмұрат Ибрагимов 
тәмәмдаған болатын.Қазақ ұлттық интеллигенциясының алғашқы өкілі Ш.Уәлихановтың және 
С.Бабажановтың үлгісінен орыс-қазақ оқуының пайдасын түсінген қазақтардың бірқатары өз 
балаларын Омбының, Орынбордың және Ресейдің басқа да қалаларының оқу орындарына бере 
бастады. Қазақ жұрты балаларын орыс тілінде оқуға ынталандырудың шараларын ойластырды. 
1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар 
туралы» заң бойынша Ақмола облысында мектептер саны біршама көбейді. Орта білім беретін 
әкімшіліктің оқу орындары ашылды. қазақ балалары білім алған келесі оқу орны - Омбы 
техникалық училищесі еді. Училищеде оқушылар кәсіптік–техникалық білім алған. Омбы 
техникалық училищесінде оқыған қазақ жастары саусақ санарлықтай ғана болғандығы. Тағы да бір 
мәселе ол қаржыландыру мәселесі болатын. Оқушылар жылына білім алу үшін 200 сом ақы төлеп 
тұрулары керек еді. Ал училищеде оқыған қазақ балаларының көбісі степенедия арқылы білім 
алған.Омбы техникалық училищесінің қабырғасынан көптеген қазақ жастары, яғни болашақтағы 
қазақ зиялылары білім алған. Мысалы, Әлихан Бөкейханов (Қарқаралы уезінен), Жүсіп 
Сатыбалдин (Ақмола уезінен), Мәмбетәлі Сердалин (Көкшетау уезінен), Нұртай Нұрышов (Семей 
уезінен), Ілияс Итжанов (Ақмола уезінен) тағы басқалары осы училищеде оқығандығы туралы 
мұрағат деректерінен кездестіруге болады. Патша үкіметі орыстандыру саясатының аясына 
шалғай жатқан қазақ ауылдарын да тарту үшін ауылдық мектептер ашуға мүдделі болды.XX 
ғасырдың басында патша үкіметі бастауыш және орта білім беретін оқу орындарының санын 
көбейткенімен, онда білім беретін мұғалімдермен қамтамасыз ете алмады. Осындай қажеттіліктің 
тууы салдарынан, мұғалім мамандар дайындайтын арнаулы мұғалімдер семинариялары 
ұйымдастырылды. Патша үкіметі қазақтар балаларының негізінен тек бастауыш білім алуына 
мүдделі болды. Тек әкімшілік аппаратқа қажетті тілмаш, хатшы сияқты маман иелеріне деген 
қажеттілікттің тууынан кейін ғана қазақ балаларының орта арнаулы білім алуына мүмкіндік 
туғызды. Қазақстанда бірде-бір жоғарғы оқу орны ашылған жоқ. Ондағы патша өкіметінің қазақ 
зиялы қауымының өсіп-өніп, ұлттық сананың жоғарлауына қозғаушы күш болады деген қауіп-


қорқынышы еді. Сонымен қатар, орыс тілін оқып білім алғандардың патша өкіметіне адал қызмет 
етеді деген үмітінің ақталмауы да ықпал етті. Жалпы алғанда, үкіметтің оқу-ағарту саласындағы іс-
шараларының сол кездегі қазақ қоғамы үшін тиімді жақтары болғандығын да ескеруіміз қажет. 
Біріншіден, бұл қазақ жастарынының белгілі бір деңгейде еуропалық білім алуына, екіншіден, 
қазақ ителлегенциясының қалыптасуына ықпал етті.XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер 
мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман 
мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX 
ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл 
әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. 
Гаспринский болды. Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих 
сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде 
білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары 
жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең 
алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды.Алайда жаңа 
әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік 
мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді 
панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді.1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы 
Орынборда әскери училищелер ашылды. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші 
әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов бітіріп шықты. 1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның 
бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, 
математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің 
негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға 
алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да 
қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер 
және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. 
Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген 
солдаттар мен казактар құрады. Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен 
сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. 
Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында тұрақты 
мектептер ашу қиын болды.Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты 
сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу 
мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар 
даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері 
оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды. 1861 жылы Троицкіде, басқа да 
қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалары 
енгізілгеннен кейін және қоныс аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты 
зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу бағдарламаларын генералгубернатордың 
өзі белгілеп, Халық ағарту министрлігімен келісіп алып отырды. Қазақтардың балалары орыс 
поселкелері мен казак станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп 
оқуға құқықты болды. 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай 
облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор 
губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол 
мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды. 1885 жылдан бастап 
барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және 
қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс 
мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда 
қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін 
ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, 
Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс 
тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық 


санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. 
Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат 
ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала 
қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын 
өткізу кезінде есепке алынбады. Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына 
жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі 
тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты 
идеологта- рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді 
болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, 
қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате 
жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен 
қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл 
шаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер 
мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ. 
Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтардың Ұлттық сана-сезімі елеулі түрде өсті. 
Неғұрлым алыстан болжап, көре білетін қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің 
орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберетін болды. Олар білім алуды өздерінің тапталып, 
аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді. 
Қазақ жастарының елеулі бөлігінің заң факультеттерін тандауы тіпті де тегін емес болатын. 
Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дінмұхамед Сұлтанғазин (1867—1918) өте сирек кездесетін талантты 
студент болды. Ол 1890 жылы Томск университетінің медицина факультетін, ал 1895 жылы Санкт-
Петербург университетінің шығыстану факультетін, 1897 жылы заң факультетін бітіріп шықты. 1908 
жылы Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім Жағыпарқызы (1880— 
1941), одан кейін Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887—1937) бітірді. Қазақтардың 
жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы Ұлт-азаттық қозғалысынын күшейе 
түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді. 3. Көшіп-қонудың табиғи циклдері 
қазақтардың мәдени-генетикалық кодының бір бөлігі. Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі — 
олардың мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде . Көне заманда қазақ жерінде өмір 
сүрген тайпалар , одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және 
ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласты . Сол аркылы көшпелілер 
өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады , өздерінің мәдени үлгілерін 
басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына , 
жақындасуына қозғаушы күш болған , дәнекер қызметін атқарған. Зерттеушілер бұл жағдайды 
қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен- Еуразия аймағындағы 
құрғақшылықтың бастыуымен түсіндіреді. Қазақ халқының ғасырлар бойы өзіне тиесілі жайлау, 
қыстау, күздеуін, жайылымдық, егістік жерін әр маусымға сәйкес ауыстырып, көшіп-қонып жүруі 
көшпенді өркениеттік тұрмысқа сүйенген табиғи құбылыс еді. Мал басының өсуі, ерте темір 
дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп оны қолға үйретіп шаруашылықтың 
дамуымен байланысады. Көшпелілер өз тұрмыс әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. 
Көшіпқонудың табиғи циклдері қазақ мәдениетінің дамуымен ұштасады. Қазақтың көшпелі 
қоғамының негізін қалаған мәдениет ежелгі дүниеден бастау алатыны белгілі. Көшіп-қону кезінен 
бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени-тарихи және этногенетикалық тұрғыда үздіксі дамып 
келеді. Бүгінгі Қазақстан аумаған мекегдеген ежелгі тайпалардың да бұл процесске тікелей қатысы 
бар екендігін айқындайды. Сонау Ұлы Жібек жолынан бастау алған көші-қон Еуразиянақ қақ 
орталығында орналасқан қазақтардың ұлттық сана сезімінің өсуіне, жалпыдай мәдениетінің 
дамуына зор үлесін қосты. Сонымен қатар бұл байланыстар көшпелі қазақ қоғамының 
мәдениетінің қалыптасуына, әлеуметтік институттары мен рухани өмір тіршілігінің өзара 
жақындасуына көп септігін тигізді. Қазақ мәдениетінің біртұтас интеллегегт болып қалыптасуын 
айшықтады. Қай жерде, қай елде болсын мәдениет сол елдің дамуы мен өсіп-өркендеуінің дең-
гейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Сөз соңында айтарым, Елбасымыз Нұрсұлтан 


Назарбаев айтқандай, қазіргі таңда мәдениет – әлемдегі барлық мемлекеттер дамуының маңыз-
ды басымдықтарының қатарына кіреді. Ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтау мен ба-
йытуды, сапалы мәдени құндылықтарды құруды, трансляциялау мен қолдануды қамтамасыз ете-
тін мәдени институттар мен механизмдердің тиімді жұмыс жасайтын инфрақұрылымдарының 
болуы дамыған мемлекеттің өлшемін көрсетеді. 
//////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 13 билет • 
Репрессия-бұл мемлекеттің күш аппаратының көмегімен көбінесе кінәсіз азаматтарды 
қудалау,түрмеге түсіру, ату жазасына кесу.Ал Сталин кезеңінде 1937-1938 жылдары ең ауқымды 
репрессиялар жүргізілді. Ең үлкен соққы ұлттық зиялы қауымға, патриялық кеңестік аппаратқа 
берілді. • Ақталу - Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында жазасыз қалған адамдардың адал есімін 
қалпына келтіру , оларға деген құрметті қайтару, азаматтық құқықтарын қалпына келтіру. Мысалға 
Кенесары Қасымұлының қозғалысы туралы жазған Бекмаханов тек Сталин қайтыс болған кезде 
ғана ақталды. • Ботай мәдениеті ерекшелігі Энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген 
тайпалар мәдениеті. Ботай мәдениетін 1981-83 жылдары В.Ф.Зайберт зерттеп,15 га жерден 158 
үйдің орнын ашқан. Өмір сүру уақыты 5-4ғасырларда өтті.Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш 
рет жылқыны қолға үйреткенімен әлемге әйгілі, тұрақтан 70 мыңдай жылқы сүйегі табылған. 
Негізгі кәсібі-жылқы шаруашылығы, аңшылық, балық аулау,зергерлік. Шаруашылық құралдары 
түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған.Тастан жасалған пышақ, қанжар, 
жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын 
көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың 
кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар 
неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс 
өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады. • Отырықшы және көшпелі 
халық арасындағы байланыс Қазақстан жеріндегі көшпелі мемлекеттерде дала мен қала өзара 
қарым-қатынасқа түсіп отырған.Көшпелілер отырықшы тұрғындар өнімінің тұтынушысы болса, ал 
егіншілер көшпелілерден мал өнімдерін алып отырған. Оңтүстік Қазақстан,Жетісу, Сыр бойы 
қалалары көшпелілер даласын Орта Азия,Иран,Қытай және т.б елдермен байланыстырып 
отырды.Көшпелілер отырықшы қала тұрғындарына мал,ет,жүн,киіз,май,тері,ағаш ыдыстар,аң 
терілерді ұсынған. Мысалы: қыпшақ жылқылары шығыс елдерінде жүздеген динарға дейінгі 
бағамен сатып алынды. Түркі дәуірінде Ұлы Далада көшпелілер металды 
игеріп,темір,қорғасын,болат балқыту ісі қарқынды дамыды.Бұл түркілердің әскери қуатын 
арттырды,сауда мен дипломатиясының дамуына зор ықпал етті. Сонымен қатар,Талас өзенінің 
жоғарғы ағысында күміс кенінің ашылуы Қазақстан қалалары мен көршілес елдер оған сұраныс 
арттырды.Отырықшылар айырбасқа егіншілік өнімдерін:бидай,арпа,жеміс,шарап,қолөнер 
бұйымдары,қыш және қалайы ыдыстары ,кілем,зергерлік бұйымдарын ұсынды.Көшпелілер мен 
отырықшылар арасындағы сауда айырбасы қала төңірегіндегі жәрмеңкелерде 
өткізілді.Сауран,Алмалық,Янгикент,Испиджаб маңындағы жәрмеңкеде көшпелілер ет,жүн сияқты 
мал өнімдерін ыдыс,мата,жеміске айырбастап отырды.Қалалар арқылы дала тұрғындарына 
тіл,дін,жазу,салт-дәстүрлер,өнер тарады.Дала көшпелілеріне ислам,несториандық 
христиан,буддизм,манихейлік,зороаастризм діндері таралды. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// • 14 билет 
Ру, рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден 
немесе бір шешеден тараған туыстар тобы. Ежелгі рулар туралы нақтылы деректер Інжілде, 
гректердің, римдіктердің, галдардың, германдықтардың көне әдебиеттерінде сақталған. Рудың өз 
алдына таңбасы да, ұраны да болған және ол Азияның, Африканың, Мұхиттық аралдардың артта 
қалған халықтарында сақталып қалған. Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық 
бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші 
жүз.Жүздің тарихы Шыңғысхан ұлыстарымен тікелей байланысты. • Ресей империясы қазақ 
балаларын.... Мен бұл пікірмен келіспеймін.Ресей империясының көздегені орындалмады. Патша 
өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ 


жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Патша өкіметі ең бастысы 
халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. Аталмыш кезеңнің белгілі 
тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек «Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін» ашып, 
болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. 
Патша өкіметінің «жымысқы» саясатының нәтижесінде ашылған «орыс-қазақ» мектептерінде 
оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ 
ғасырдың басында саяси аренаға шыға бастады. Орыс мектептерінде оқып, орыс қалаларында 
жоғарғы білім алғанымен олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін 
қалыптастыруға және ұлттық тәлімтәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек 
сіңірді.Мысалы: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел 
Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша 
Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин және Алаш орда 
қатысушылары бұған тамаша үлгі болып табылады. • Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи 
сабақтастығын анықтаңыз. Ақ Орданың пайда болуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына 
алғышарттар тудырды. Ақ Ордада феодалдық басқару жүйесінде хан, феодалдар болды. Әскери 
қызметкерлер мен шаруалардан салықтар алынды. Қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық жүйемен 
біріккен аумақтың, биліктің және халықтың бірлігіне негізделген . Қазақ қоғамы саяси билігі хан, 
билер, құрылтай, ұлыстардың көмегімен басқарылды. Екі мемлекет те көшпелілермен, мал 
шаруашылығымен көптеп айналысты. Қолөнермен сауда қатынасы дамыды. Ақ Орданың үлкен 
аумағы қазақтардың этникалық аумағы да, Қазақ хандығының мемлекеттік болашағы да болды . 
Сондықтан Ақ Орда алғашқы қазақ мемлекеті болып саналады. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 15билет 
материалдық мәдениет- қазақ халқының материалдық мәдениетіне өндірістің өндірістің әртүрлі 
құралдары, баспана, киім-кешек, әшекейлер, қару-жарақ, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары, 
музыкалық аспаптар, ыдыс аяқ және тб тұрмыстық заттар жатады. Тұтастай алғанда адам 
қызмеиінің нәтижесі болып табылатын заттарды жатқызамыз. Соның ішінде қазақ халқының 
дәстүрлі баспанасыкиіз үй. Бұл көшпелілердің жыл бойы көшіп қонуға жарамды тамаша 
өнертабысы. Киіз үйдің ішкі жабдықтары: сандық, мылтық, сәнді кілем. Төрден оңға қарай:ер-
тұрман, ат әбзелдері, қару, аспаптар. Төрден солға қарай:әйел заттары.Яғни қазақ халқының 
дәстүрлі қолөнерлері, ағаш өңдеу арқылы еңбек құралдары, зергерлік бұйымдар, сәндік 
қолданбалы өнерлері, ою өрнек Рухани мәдениет-дін, наным-сенім, салт-дстүрлер, эпикалық 
дастандар: Ер тарғын, Қыз Жібек, Еңлік Кебек,Қозы көрпеш Баян сұлу, дстүрлі мерекелер, халық 
әндері, ертегі , мақал-мәтел. 2)Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз. Қазақстанның киелі 
жерлеріне діни ғибадат орындары: Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорықмұражайы, Қожа Ахмет 
Ясауи кесенелері, Арыстан Баба, Бекет ата кешені сияқты ұлттық мақтаныш орындарын жатқызуға 
болады. Екінші мысал - Баянауыл мен Шығыс Қазақстан облысындағы үңгірлер, Алатау таулары, 
Алтайдағы Белуха тауы, Ұлытау. Бұл қасиетті орындар тарихи мақтаныш. Сондай-ақ Қазақ 
хандығының ірі ортағасырлық қалалары мен астаналары Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық, 
Тараз. Бір ескерткішке тоқталсақ, онда Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХV ғ) Айша биге арналған 
кесененің құрылысы туралы аңыздармен байланысты. Аңыз бойынша, Айша бибі қайтыс 
болғаннан кейін оның күтушісі Бабаджа хатун оның қамқоршысы болады, ал қайтыс болғаннан 
кейін оны қыздың кесенесінен жиырма қадам жерде жерлейді. Адал әйел үшін арнайы кесене 
тұрғызып, оны Бабаджа хатун кесенесі деп атады. Бұл екі ғимарат қажылық жасайтын 
мұсылмандар үшін керемет ескерткіштер мен қасиетті орын. Бүгін кесенеге әйелдер ерлі-
зайыптылық бақыт пен ұрпақ сұрап келеді.АЛАША ХАННЫҢ КЕСЕНЕСІ Бұл мазарды ұсталар ХІ-ХІІ 
ғасырларда Алаша ханға арнап тұрғызыпты-мыс. Оның есімі қазақ халқының үш жүзінің пайда 
болуымен тікелей байланысты. Қазақстандағы ең атақты мазарларының бірі Қаракеңгір өзенінің 
сағасында, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Малшыбай ауылының жақын маңында 
орналасқан.ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ. Моңғол дәуіріне жатқызылатын Жошы хан кесенесі ХІІ-ХІІІ 
ғасырларда тұрғызылған. Бұл сол дәуірді сипаттайтын ең құнды әрі танымал ескерткіштердің бірі. 


Кесене Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан. Тұрған жері Жезқазған қаласынан 
солтүстк-шығысқа қарай 50 шақырымда. Қаракеңгір өзенінің сағасында, оң жағалауынан 2 
шақырым жерде. 3.«КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды 
мемлекет деп жариялады, бірақ іс жүзінде Кеңес одағы унитарлы мемлекет болды» деген пікір 
бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. 
Жоқ, бұл тұжырым қате деп саналады. Сол кезде елді біртұтас жүйе басқарса да, мемлекет 
унитарлы емес, федералды болды. Барлық республикалар автономияға ие болды және әркімнің 
өз конституциясы болды, онда жоғары билік бәрін басқарғанына қарамастан өз заңдары болды. 
Ең біріншіден КСРО унитарлы мемлекет екенін түсінгеніміз жөн. КСРО-Еуропада және Азияда 1922 
жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет.1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас 
одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды.КСРО Ресей КФСР, Украин КСР, 
Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiгуі жолымен 1922 жылдың 30 желтоқсанында 
құрылды.Конституциясы бойынша егемендi мемлекет болып табылған (әртүрлi жылдарда одақтас 
республикалардан тұрды; әрбiр одақтас республиканың одақтан еркiн бөлiнiп шығу мүмкіндігі 
сақталынды.Одақтас республика шет мемлекеттермен қатынасқа шығып, келiсiм-шарттарымен 
тұжырымдап , дипломаттық және консулдық өкiлдермен ауысып, халықаралық ұйымдардың 
қызметiне қатысуға құқығы болды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы 
Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс 
болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин 
жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады.Елде қатты 
орталықтандырылған әрі милитаризацияланған тоталитарлық режим орнады. Бұл жүйе елді 
жедел түрде модернизациялауға және басқа мемлекеттердегі рев. қозғалыстарды қолдауға 
қызмет етті. Ауыл шаруашылығында шаруаларды зорлықпен ұжымдастыру және ұсақ меншік 
иелерін (кулактарды, орта шаруаларды, ауыл байларын, тб) тәркілеу халықты жаппай 
ашаршылыққа ұшыратты. 1934 жылдың соңында КСРО бойынша жаппай саяси қуғын-сүргін 
басталды.1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы 
ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения 
Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы 
(Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз 
Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас 
республикалар саны көбейді.1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің 
қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 
жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады.Федеративті мемлекет - 
заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан 
құралған күрделі одақтық мемлекет. КСРО-ны федеративті мемлекет екендігін осыданақ біле 
аламыз! /////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 16-
БИЛЕТ Антропогенез – бұл адамның тарихи және эволюциялық тұрғыдан қалыптасуы, оның 
физикалық қалыптасуы, сөздің, қызметтің және қоғам өмірінің бастапқы дамуының пайда болуы. 
Антропогенез барысында хомо сапиенс пайда болды, оның маймыл мен сүтқоректілерден бөлінуі 
және оқшаулануы болды. Антропогенез үдерісіндегі маңызды факторлар: тік адам, азық-түлік алу 
үшін әр түрлі заттарды пайдалану, еңбекке арналған құрал-саймандарды жасау, табынның болуы, 
тілдің пайда болуы. Этногенез (грек тіл. "тайпа, халық", "шығу тегі") — әртүрлі этникалық 
компоненттер негізінде этникалық қауымдастықты (этникалық топты) қосу процесі. Этногенез 
этникалық тарихтың бастапқы кезеңін білдіреді. Қазақ халқының қалыптасуының этникалық 
тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей 
бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орта және Шығыс, 
Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан ұшырасады 2)Көшпенді киіз үй 
құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Неге қазақтарда киіз үйдің конус тәрізді емес, жарты 
шар тәрізді түрі таралғанын түсіндіріңіз. Киіз үйдің ерекшелігі - ол жарық пен желдетуді оңай 
реттеуге мүмкіндік береді.Түтін ашық шаңырақ, ортасындағы торлы шеңбер / күмбез саңылау 


арқылы бөлмені толтырмай шығады. Сондай-ақ, ол күндіз жарық беру қызметін етеді, ал түнде ол 
жылуды сақтауға мүмкіндік беретін. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Ақ басқа түске 
қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді. Осындай тұрғын үйлердің 
басқа түрлерімен салыстырғанда, ол дауыл желдеріне, жаңбырға және қардың шөгінділеріне 
төтеп беруге мүмкіндік беретін шар күмбезді шатырдың құрылымына ие. Бүгінгі таңда шеңбердің 
қасиетті мағынасы және ішкі алаңның маңызды бөлінуі туралы көп айтылады. Бірақ бұл ойлардың 
бәрі әдеттегі формадан әлдеқайда кешірек пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, далада өмір 
сүрген көшпенділер дөңгелек пішінді таңдады, өйткені ол үнемі жүретін желге ең аз қарсылыққа 
ие.Қазақстанда климаттық жағдайы ауыр болғандықтан (дауыл желдері, жаңбыр және қар 
үйінділері), киіз үйдің мұндай түрі Ауа райының қолайсыздығын тежеу үшін қажет болды. Дәл 
осындай үйлер кез-келген дауылға төтеп бере алды.Біраз уақыттан кейін физиктер мен 
құрылысшылар дөңгелек ғимараттардың ең тұрақты, сонымен қатар төртбұрышты үйлерге 
қарағанда әлдеқайда кең екенін дәлелдеді. 3)XX ғасырдағы Қазақстан халқының этникалық 
құрамының өзгеруінің негізгі кезеңдерін анықтаңыз. Әр кезеңнің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Өз 
жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз Бүгінгі мемлекеттердің басым 
көпшілігінің халқы көпұлтты сипатқа ие. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және 
Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының 
құрамында үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық 
тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Өлке тургындары моноэтникалық курамынын 
өзгере бастауы . XIX гасырдын 20 - жылдарына дейін Қазақстан халкынын тугелдей дерлік курамы 
казактар болды . XIX гасырдын 60 - жылдары Қазақстан хал кынын улттык курамы өзгеріске 
ушырай бастады . ХVIII гасыр дан бастап казактар жане әскери тургындар көбінесе бекіністер мен 
шептерде жане станицаларда орналасты . 1824 жылдан округтiк приказдар курылуымен вскери 
казактар , кейiппен ша руалар Солтустік - Шығыс Қазақстанды мекендей бастады . Осы кезде жана 
калалар пайда болды . Қазақстанға Ресейден орыс ша руалары 1861 жылгы басыбайлылык 
кукыкты жойгашнан жане XIX гасырлып екiншi жартысындагы өлкеде жүргiзiлген әкiм шiлiк 
реформалардан кейiн кенiнен коныс аударыла бастады . 1897 жылы Казакстан аумагында 4 млн - 
нан астам адам омiр сурді , олардын 81,7 % -ын казактар курады . Тургындардын калган бөлiгi 
казактар жане коныс аударушы шаруалар , уйгыр , дунген . татар , озбек т.б. улт өкiлдерiнен тұрды 
. Қоныс аударушылардын басында келдi . едруір бөлігі Казакстанга XIX гасырдын соны мен ХХ 
гасырдың басында келді. 1917- 1920 жылдар аралығындағы Азамат соғысы, азық-түлік бөлу, 
егіннің жетіспеушілігі, ашаршылықтың күшеюі нәтижесінде. Республика халқының саны 
айтарлықтай қысқарды. 1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы жүргізілді. Республика халқының 
жалпы саны 6 миллионнан астам адамды құрады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстанның 
этнодемографиялық жағдайында үлкен өзгерістер болды. Жүздеген мың адам Қазақстанға күштеп 
жер аударылды. Соғыс жылдарында Қазақстан жерінде алпыстан астам ұлт өкілдері болды. Қазір 
Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады. Оның 11-і ең көп, басым ұлттар қазақтар мен орыстар, 
олар Қазақстанның этникалық құрылымының 85 пайызын құрайды. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 17 билет 
РЕПАТРИАЦИЯ— түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына 
қайтару. Әскери тұтқындар жайы туралы Женева конвенциясына (1949) сәйкес соғысушы 
мемлекеттер әскери қимыл кезінде шені мен санына қарамастан ауыр науқас не ауыр жаралы 
әскери тұтқындарды жол жүруге жарайтын жағдайға жеткізіп барып отанына қайтаруға міндетті. 
Қазақстан Республикасының Көші-қон-құқықтық саясатының негізгі бағыты репатриация болып 
табылады. ДЕПОРТАЦИЯ-адамды немесе адамдардың тобын басқа мемлекетке немесе басқа 
жерге мәжбүрлеп қуғындау.Соғыс жылдарында 
қалмақтар,қарашайлар,ингуштар,шешендер,балқарлар,қырым татарлары,месхет түріктері 
депортацияға ұшырады.Дәл осындай жағдайға неміс автономиясы мен поляктар ұшырады.1945 ж 
қазан айындағы мәлімет бойынша депортацияланған адам саны 2млн464мыңға жетті 2)Қазақ 
халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың 


бірінші жартысы). Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі 
Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев 
қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 
жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым 
Датұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің 
орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, 
патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды.Жер 
қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі 
салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-
38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен 
Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады.Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы 
көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің 
ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына 
дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған 
көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта 
шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған 
шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.1837-1847 жылдардағы 
көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.). Көтерілістің басты 
мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін 
сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың 
тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлтазаттық сипат 
алды.Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би, старшын, 
сұлтандар көтеріліске қатысты. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтірді. 
Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды. 3)«ХХ 
ғасырдың басы Азия мемлекеттері үшін ояну дәуірі» болып табылады. Сіз бұл пікірмен келісесіз 
бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Ия, менің ойымша, бұл тұжырым 
дұрыс Ресейде осы кезде, 1917 жылдың 27 ақпанында буржуазиялық-демократиялық революция 
жүзеге асырылды.Самодержавие құлатылды.Аймақтық өкілдіктері бар Уақытша үкімет 
құрылды.Қазақсанда Уақытша үкімет органдарры ұйымдастырылды.Қазақстанда атқарушы 
органдарды құру арқылы жергілікті билік органдары қалыптаса барады.Мысалы, Торғай 
облысының комиссары болып Бокейханов,Жетісуда-М.Тынышбаев,Түркістанда-М.Шоқай 
тағайындалды.Ақпан революциясы қазақтардың неғұрлым белсенділігіне, халық бұқарасы мен 
сана-сезімніңөсуіне алып келді.Бұған тыл жұмысынан оралған қазақтар, сонымен қатар қоғамның 
озық ойлы,парасатты ұлт зиялылары елеулі әсер етті.Жоғары білімді қазақтардың саны 
артты.Өлкеде қазақтардың қоғамдық ұйымдары жұмыс істей бастады. Омбыда-«Оқушы 
жастардың демократиялық кеңесі»,Ақмолада-«Жас қазақ»,Петропавлда-«Талап» және т.б. 
ұйымдар әрекет етті.1917 жылы 17 наурызда Ташкентте Түркістан халықтары мен қоғамның 
әртүрлі топтарын біріктірген «Шура-и-ислами» партиясы құрылды. Партияны Абдурашидханов 
басқарды,Шоқай,Кари,Темірбеков белсенді қызмет атқарды.Екінші орыс революциясы 1917 жылы 
қазақтарға ұлттық партиясы «Алашы» құруға мүмкіндік берді. Партияның өз баспасөз органы-
Қазақ газеті болды .Алаш партиясы қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қайтару үшін жасалған 
қадамдардың бірі. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 18-билет 
Дәстүрлі экономика[1] сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды 
дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе Жоспарлы Экономика– КСРО-да және 
басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, 
мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың 
экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, 
үйлестіріліп отырды. КСРО-да 1921 жылы тоталитарлық қоғамның негізгі экономика мақсаттарын 
жоспарлаушы экономика орган – Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы (1947 жылдан Мемлекеттік 


жоспарлау комитеті) құрылды. 2)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз 
(ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы). Ұлт-азаттық көтерілістер XVIII-XX ғасырларда қазақ 
даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ 
халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері: Сырым Датұлының 
басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797); Исатай Тайманұлы мен Махамбет 
Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838); Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі 
(1837-1847); Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857); Есет Көтібарұлының қозғалысы 
(1868-1869); Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870). Аталған қозғалыстардың барлығы 
отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші 
мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және 
ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары 
Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға 
болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары 
ретінде қалды. Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық 
ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX 
ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға 
шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын 
дүниеге әкелді. 3)«Тілді шетелдік сөздермен шұбарламай, тіл тазалығын сақтау керек, өйткені 
шетел сөздері басқа этностардың мәдениетін, ерекшеліктерін, кодтық ақпаратын таратады» деген 
пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел 
келтіріңіз. Тіл мен ойдың біртұтас екендігін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойған. Адам баласының 
нені қалай ойлатыны, қандай дәрежеде пайымдайтыны оның әрбір сөзі арқылы айқындалмақ. 
Сондықтан да, қазақ баласының кімді болса да бірауыз сөзінен танып-білуінің өзінде терең мән 
бар. Белгілі бір тұлғаның қаншалықты ақылды немесе ойсыз пенде екендігін, ең алдымен, оның 
аузындағы сөзі анықтап береді. Жай әдеттегі бір сұхбаттасудың өзінде көңілге қонымды, жадыңда 
сақталар, «шынымен де, солай екен-ау» дегізер ойлы сөз айта білген адамды ақылдың кені деп 
тануға болатын сияқты.Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілінің тазалығын сақтауды 
назардан тыс қалдырып жүргендейміз. Бірқатар жұрттың қазақша сөйлегеніне разы боламыз да, 
тілді оңды-солды қойыртпақтауына кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілді 
шұбарлау оны білмеуден де қатерлі. Бүгінгі күні жаһандану дегенді алға тартқан ірі державалар өз 
саясаттары мен дәстүрлерін сөз саптауларымен, түрлі атауларымен қоса қажымай-талмай 
тықпалап жатыр. Мұндай жағдайда біз жердің бүтіндігі үшін шекарамызды қалай күзетсек, ана 
тіліміздің тазалығына да дәл солай қырағылық танытуымыз керек. Әсіресе, балаларды 
балабақшадан, мектептен бастап, ең алдымен, өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза сөйлеулеріне 
баулудың маңызы айтарлықтай. Қазіргі күні ЖОО қазақ топтарында білім алып жатқан студенттер, 
қазақ мектебінде оқитын, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар мен жасөспірімдер 
сабақтан тыс уақытта өзара орысша сөйлеседі. Таяу болашақта ана тілімізден мүлде көз жазып 
қалуымызға осының өзі жетіп жатыр. Енді, осы қасірет аз болғандай еліміздің ресми органдары 
«үштұғырлы тіл» дегенді желеу етіп, «Әлем тарихы» секілді кейбір пәндерді қазақ мектептерінің 
өзіне орысша оқытпақ. Егер біздің ұрпақ әлем елдеріне Ресейдің терезесінен қарап, дүниежүзінен 
тек орысша мәлімет алатын болса, онда тілдің де, елдің де болашағы жоқ деген сөз. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// Билет 19 1) 
Ақтабан шұбырынды жылдары- 1723 жылы қалмақтың басшысы Себан Рабданның қазақтарға 
күтпеген жерде 70 мың әскермен соғыс жариялауы. Соғыстан зардап шеккен қазақтардың көшу 
жылдары. Қазақтардың үштен екісі қырғынға ұшырады. Зарзаман- патша отаршылдығы дәуірі 
халықтың басына орнаған қасірет. Халықтың зары қазақ ақындары жырында айқын көрініс берген 
кезең.Олардың арасында Шортанбай Қанайұлы мен Дулат Бабатайұлының жырлары өздерінің 
өткір мазмұнымен ерекшеленеді. 2)Алаш және Түркістан (Қоқан) автономияларын мемлекеттік 
егемендікті қалпына келтіру әрекеті ретінде сипаттаңыз. Қоқан автономиясының 1917 жылы 
қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мусылман съезі орталығы Қоқан болатын Түркістан 


автономиясын( Туркістан мухтариаты ) құру жөнінде шешiм қабылдады . Съезд сайлаған 
автономия үкiметiн көрнекті қоғамдық- саяси қайраткер М. Тынышбаев , кейін Мұстафа Шоқай 
басқарды . Қоқан автономиясы мұсылман халықтарының саяси және мәдени жағынан қайта 
өрлеуінде елеулі рөл аткарған. Қоқан автономиясының негізгі идеясы – букіл Түркістанды бiр 
автономиялық республикаға бiрiктiрiп , оны демократиялық Ресейдiң құрамына енгiзу . 1918 
жылы 30 сәуірде Ресейден жiберiлген большевиктердiн басшылығымен курамына Қазақстанның 
оңтүстік аймақтары енген Түркiстан Кеңестiк Федерациялық Республикасы жарияланды .Түркістан 
АКСР – інің астанасы – Ташкент қаласы болды . 1918 жылы көктемде Түркістан АКСР – інде 
өнеркәсіптің жетекші салалары ( мақта тазалау , май , тау – кен т.б. ) , банкілер, темiр жолдар 
национализацияланды .Алаш автономиясы . « Алаш » қозғалысы 1917 жылдың соңында 
партиялық құрылыс проблемасынан ұлттык автономия құру әрекетіне көшті . 1917 жылы 
желтоқсанда Орынборда « Алаш » партиясының Екiншi жалпықазақ съезі болып өтті . Съезде 
қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды . Негізгі мәселе 
автономия мен онын укіметін құру жайында болды .Съезд қазақ автономиясының құрамына 
Бөкей Ордасы , Орал , Торғай , Ақмола , Семей облыстары , Закаспий облысы мен Алтай 
губерниясының қазақтар иелігiне бағындырылды. Алашорда үкiметiн Әлихан Бөкейханов 
басқарды.Съезд аймақтық , уездік Кеңестер мен комитеттер ұйымдастыруға қаулы қабылдап , 
қазақ милициясын құру жоспарын жасады . Ең маңыздысы , Алашордада « қазақ тұрғындарының 
атқарушы билiгiн қолға алу міндеттелді. А. Байтурсынов 1919 жылы В. И. Ленинмен кездесуден 
соң төтенше өлкелік орган - Қырғыз ( Қазақ ) Әскери - Революциялық Комитеттiң құрамына 
еңгiзiлдi 3) «Ресей империясының қазақ даласындағы әкімшілік реформалары көшпелі 
шаруашылықтың құлдырауына алып келді» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз 
жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. 1882 жылы Дала генерал – 
губернаторлығы құрылды . Оның құрамына Қазақстаннын Акмола ,Семей , Жетісу облыстары 
түгел кірді . Жана аумақтық құрылымнын орталыгы Омбы қаласында болды Орал және Торғай 
облыстары тікелей Ішкі істер министрлiгiне бағындырылды . Көп жылға созылган талқылаудан 
кейін Ресей императоры ІІІ Александр 1886 жылы Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол 
қойды . Жана Ереже бойынша Түркістан генерал – губернаторлыгынын қурамына Сырдария , 
Фергана және Самаркан облыстары енді .Кейiн оган Жетісу облысы косылды . Түркістан генерал – 
губернаторлыгынын орталыгы Ташкент каласы болды . XIX гасырдын 80 90 – жылдарындагы 
әкiмшiлiк реформалар Қазақстанда отаршылдык билiктiн рөлін күшейтті . Генерал – губерторларга 
шексiз өкілеттік билік берiлдi.1867-1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұнғыш рет 
тугел камтыды . Онда үш генерал – губернаторлык әкімшілік құрылды . Әрбір генерал – 
губернаторлық облыстарға бөлінді . Мәселен , Орынбор генерал – губернаторлығы – Орал және 
Торғай облыстарын ,Батыс Сібір генерал – губернаторлыгы – Ақмола және Семей облыстарын , ал 
Түркістан генерал – губернаторлығы – Жетісу және Сырдария облыстарын камтыды . Сонгы екі 
облыстын кұрамына казақ жерінің едәуір үлкен бөлігі , сондай – ак қырғыз және өзбек жерлерiнiң 
бiр бөлiгi ендi.Қазақтардың қоныстанған жерлерi мемлекет меншiгi саналды . Ол жерлер 
қазақтарга қоғамдық пайдалану құқығы негiзiнде ғана берiлдi . Жана реформа бойынша 
ормандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды . Қазақтарга жерлерiн Ресейдің еуропалық 
бөлiгiнен коныс аударып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр мелшерде жалға беруiне рұқсат 
етiлдi . Ал мұнын өзі олардын ежелден келе жаткан атамекенiнен айырылып , өздерiнiн жерсiз 
калуына алып барып соқтырды . Көшпелi қазақтар бiрқатар борыштар атқаруға , атап айтканда , 
олар көпірлер мен жолдарды тегін жендеп туруға мiндеттi болды. Дала тұрғындары осы кезден 
бастап науқас адамдар жататын және iссапарға келген шенеунiктер тоқтайтын киiз үйлер бөлiп 
тұруға міндеттелiндi.Қазақтарга оларды отын – сумен және шенеунiктердi жолға мiнетiн ат – 
көлiкпен камтамасыз ету де жүктелді . Қазақтар міндетті әскери борыш ѳтеуден босатылды . Баска 
сосло виеге өтетіндерге бес жылға дейін мемлекеттік мiндеткерліктерден босатуға уәде берiлдi . 
Мұнымен патша үкіметі көшпелілердi шаруаларга айналдыруды көздедi .М.М. Сперанский Орта 
жүздегі хандық билікті жоятын жана зандар жиынтығын жасап шығаруға тиiс болды . Ол бұрынғы 


декабрист Г.С. Батеньковпен бірге занның алғашқы нұсқасын жазды.1822 жылы 22 маусымда 
патша « Сібір қырғыздары туралы жарғыны бекітті . Жарғы деп аталатын бұл заннын максаты 
Қазақстанның солтүстік шығысындағы әкiмшiлiк , сот және саяси басқаруды түбірімен өзгерту 
болды.Жарғыда қазақтардың дәстүрлі малшаруашылығын біржолата күйрету үшін оларды 
отырықшылыққа көшіру жолдары қарастырыла бастады . Бұл үшін жарғыда отырықшы тұрмысқа 
көшкен қазақтарға 15 десятина жер бөліп беруге рұқсат берілетіндігі айтылды . Мал 
жайылымының өрістерін тарылта түскен мұның өзі қазақ қоғамын малшаруашылығымен 
айналысудан бас тартуға еріксіз мәжбүрлейтін отаршылдық шара болатын.Жарғы бойынша Сібір 
екі бөлікке : орталығы Тобольск болып табылатын Батыс Сібірге және орталығы Иркутск болып 
табылатын Шығыс Сiбiрге бөлінді . Батыс Сібірге Тобыл және Томск губерниялары және Омбы 
облысы кiрдi ; ал қазақтардын Орта жүз аудандары бұрын Сібір қазақтарынын округi деп аталатын 
Омбы облысынын кұрамына енді . Жарғы бойынша қазақтардын бұл аймағы iшкi және сырткы ок 
ругтерге бөлінді . Булар – Қарқаралы , Көкшетау ( 1824 ж . ) , Баянауыл ( 1826 ж . ) , Аягөз ( 1831 ж . 
) , Акмола ( 1832 ж . ) , Үшбұлак ( 1833 ж .) ,Аманкарагай ( 1834 ж . ) және кейiнiректе құрылған 
Көкпекті , Құсмұрын, Алатау округтерi болатын. Орта жүзде жүргізілген реформадан кейін патша 
өкіметі Кіші жүзде хандык билiктi жоюды қолға алды . 1824 жылы Орынбор қырғыздары туралы 
жарғы » кабылданды . Бұл занды жасауға кедергі болмауы үшін Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы 
Орынборға шақырылып ,сонда елге жiберiлмей калдырылды . Отаршыл билік Кіші жүзде хандық 
билік кайта жанданбауы үшін оны үш бөлікке белiп жiберді : 1 ) батыс белiктi Елек , Темір өзендері 
бойындағы және Арал теңізінің батыс жағындағы аймақтағы қазақтар құрады ; 2 ) орта бөлiктi 
Тобыл , Тоғызаяк , Аят өзендерінің басындағы батыс аймакты мекендейтіндер құрады ; 3 )шығыс 
белiктi Сыр бойын және солтүстік шығыс жағын жайлаған қазақтар құрады . Осы үш бөліктің 
әрқайсысын билеуге шегаралык өкімет орындары тағайындаған султан – әкімдер қойылды. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 20БИЛЕТ 
Археологиялық мәдениет-бір аумақ пен дәуірге жататын және ортақ белгілері бар материалдық 
ескерткіштер жиынтығы.Мысалы Тасмола мәдениеті ерте-темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан 
ескерткіштері жататын археологиялық мәдениет.Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – мұртты 
обалар.Екінші ескерткіш Андронов мәдениеті-қола дәуірі ескерткіштері.Бұлардың баспаналары 
жартылай жертөле сияқты салынған және де ғалымдардың айтуынша қазақтың киіз үйіне 
ұқсайды. Тарихи мәдени ескерткіш-тарихи және саяси оқиғалармен,ауызша тарихи ілім мен 
халықтың мәдениетпен байланысты ескерткіш.Мысалы-Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи 
кесенесі-аса үлкен порталды күмбезді құрылыс.Екіншісі Жамбыл облысы Жамбыл ауданында 
Айша Бибі ауылында орналасқан Айша Бибі кесенесі. 2)XVIII-XXҒҒ басында Қазақстан халқының 
этникалық құрамын өзгерту үдерісіндегі негізгі этникалық топтарды сиапаттаңыз 19ғасырдың 
60жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырай бастады.Қоныс аударған 
орыстар шекарадағы әскерлерді, зауыттарда,тау-кен өндірістерінде істейтіе жұмысшыларды азық 
түлікпен қамтамасыз етіп отырды және де қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара 
шаруашылық мәдени алмасулар орын алды. Украиндықтардың басты шаруашылығы егіншілік 
болды және де диқандардың бірі Василий Марченко тұқым себудің жетілдірілген әдісін енгізді, үй 
жануарларының тұқымын асылдандырумен айналысты. Татар көпестер Ресей мен қазақ даласы 
арасындағы қазақ халқының тіл,әдеп-ғұрып,салты-дәстүрін жақсы білгендіктен делдал рөл 
атқарды.Сонымен қатар қазақтар татар зиялылары шығарып отырған газеттер мен журналдарын 
зор ықыласпен оқыды. Немістер-егіншілікпен,өнеркәсіптерде кен орындарын игеруде,алтын,мыс 
өндіруде белсенділік танытты.Жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын 
зерттеудің бастамашылары бола білді. Поляктар-әскери-әкімшілік қызметімен белсенділік 
танытты Қорытындылай келе,Ресей империясының отаршылдық саясатынан басталған өзге 
халықтардың Қазақстан жеріне қоныс аудару үрдісі ХХғасырдың басында өлкеніің ұлттық құрамын 
үлкен өзгеріске жеткізді. 3)«Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының бағыттарының бірі 
Қазақстан аумағына жіберілгенғылыми және әскери экспедициялар болды»деген пікір бар,сіз бұл 
пікірмен келісесіз бе Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде 


ғылыми зерттеу үдерісі басталды.Ресей ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін 
басшылыққа алды. 1768- 1774жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін 
академик,табиғат зерттеушісі П. С.ПАЛЛАС басқарды,жұмысының нәтижесінде «Ресей 
империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат»атты үш бөлімнен тұратын 
еңбегі жарық көрді.Ол қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы:Олар негізінен ауқатты 
тұрады.Малдары да көп,сондықтан тұрмыстары да жақсы...Қазақтардың 
байлығы,негізінен,олардың малы»-деп жазады. Зерттеуші ИГГЕОРГИ 1796жылы Қазақстан 
аумағына дербес экспедициясы кезінде «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың 
тұрмыс салттары,тұрғын жайлары,киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің 
суреттемесі»атты еңбегін жариялады.Ол қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққышжәне білуге 
құмар»деп сипаттайды. Кіші Жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей ғылым 
академиясының корреспондентмүшесі П.И.РЫЧКОВ «Орынбор тарихы», «Орынбор губернисының 
топографиясы немесе сипаттамасы» атты құнды еңбектерңн жазды.Ол еңбектерде қазақтардың 
Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі тұсында келгені жөнінде,Кіші жүз қазақтарының 
Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы баяндайтын деректер бар. ХVIIIғасырдың аяқ кезінде 
орыс офицері И.Г.АНДРЕЕВТІҢ «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы»еңбегі жарық 
көрді.Ол еңбегінде Орта жүздің тарихы мен шегарасы,әдет-ғұрыптары мен салт-жралары турлы 
кеңінен суреттейді. Ресейлік көптеген зерттеушілер Г.Ф.МИЛЛЕР,В.И.ТАТИЩЕВ Және басқалар 
қазақ халқы туралы іргелі еңбектер жазды. Мәселен, Г.Ф.МИЛЛЕР «Сібір ттарихынд»құнды 
деректер кездеседі. 
////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 21-БИЛЕТ 1. 
«Индустрияландыру», «жаңғырту» терминдеріне анықтама беріңіз. Индустрияландыру - ірі, ең 
алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту. Партияның 1925ж.өткен XIV съезінде Кеңес Одағы 
индустрияландырудың басталғаны туралы шешім қабылдады. ЖЭС экономикасының өнеркәсіп 
секторын біршама жақсартты, жаңа бағдарлама үшін база құрды. Жаңғырту- заманауи талаптарға 
жауап беретін қайта құрулар үдерісі, қоғам өмірінің әртүрлі жақтарының жаңғыруы.Мәселен 
тәуелсіз даму жылдарында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті:қазақ мемлекеттілігі қайта өрледі, 
президенттік-парламенттік унитарлық мемлекет моделі бойынша мемлекеттік басқарудың 
заманауи институттары жасалды, елдің жаңа Конституциясы мен оған негізделген заңнама 
қабылданды т.б. 2.Қазақ хандығының саяси институттарын сипаттаңыз. Қазақ хандығы тұсында 
қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық(кейін жүздік) жүйемен біріккен аумақ, билік және халықтың 
бірлігіне негізделген. Бұл кезеңде мемлекет екі жүйенің селбесуі түрінде көрініс тапты. Біріншісі, 
жоғарғы билік институты(хан, сұлтандар) ретіндегі белгілі саяси жүйе. Екіншісі, биліктің ру-
тайпалық ұйымы, онда әрбір ру мен тайпа би, құрылтай, ұлыстардың көмегімен басқарылды. Хан 
етіп сұлтанды-Шыңғыс ханның тікелей ұрпағын ғана жариялауға болатын.Ханның айналасында 
кеңесшілер, әскербасылар, нөкерлер, сондай ақ жасақ пен төлеңгіттер болды. Құрылтай 
ақсүйектердің жиналып, маңызды қоғамдық істерді шешетін жалпы жиналысы болды.Құрылтай 
Шыңғыс ханның Ұлы жасағымен және қазақтың құқықтық жинақтарымен бекітілген. Рулар мен 
тайпалардың басшылары-билер халық мүдделерін қорғайтын өзіндік бір "ұлттық үкімет" болды. 
Биліктің үштігі қалыптасты:"хан-билер-халық". Батырлар бейбіт уақытта ұлыс сұлтандары, билер 
мен ақсақалдар билігіне бағынса, ойрат басқыншылығы мен хандықтың батыс шекараларындағы 
күрделі жағдайға байланысты қоғамдағы рөлі арта түсті. 3) «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. 
Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз 
жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Иә, мен бұл тұжырыммен келісемін. 
Жалпы, қазақ тарихының сахнасында Ыбырай Алтынсарин – кәсіптік білімнің негізін қалаушы 
ретінде есептеледі. Алтынсарин мектептегі кәсіптік білім беру жұмысының әдістемелік негізіне зор 
көңіл бөлді. Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру, көзе 
жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір жону, слесарьлық кәсіпке баулуды да 
армандады. Алайда өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы Ыбырай атамыз заман тынысын дөп басып 
сезіп, ілім – білімге туған халқын меңіреу тыныштықтан серпілтер, жарық дүниеге қол созуға бағыт 


сілтер шамшырақ, пәрменді таусылмайтын байлық ретінде қарады."Кел, балалар, оқылық", - деп, 
оқыған адамның әрқашанда тілегені алдынан іздемей-ақ табылатындығына сеніп, барша халықты 
білімге шақырды. Бүгінгі таңда да еліміз білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапалы 
білімнің барлығы үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шараларды қолға 
алған болатын. Мәселен, елбасымыз-Н.Назарбаев 1993 жылы алғаш рет дарынды жастардың 
толықтай мемлекет есебінен шетелде сапалы білім алуына мүмкіндік беретін "Болашақ" 
халықаралық стипендиясын бекіткен болатын. Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев та өз жолдауында 
еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет 
тұрғандығын атап өткен болатын. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// №22 Билет 
1)Халықтың сауатсыздығын жою — сауатсыз ересектерді Кеңестік Ресей мен КСРО-да оқуға және 
жазуға жаппай оқыту. 1919 жылғы 26 желтоқсандағы "РСФСР-дегі сауатсыздықты жою туралы" 
Халық Комиссарлар Кеңесінің декреті қабылданды. Оның айтуынша, 8 жастан 50 жасқа дейінгі 
Кеңестік Ресейдің барлық оқи немесе жаза алмайтын тұрғындар, ана тілінде немесе орыс тілінде 
сауаттылықты үйренуге міндетті. Сондықтан сауатсыздықты жою үшін көшпелі пунктер, қызыл 
отаулар, коммуна мектептер, рабфактар салына бастады. 1926 жылы сауаттылық деңгейі қазақтар 
арасынан 6,9% , орыстар арасынан 36% құрады. Қызыл отау - 1920/21 оқу жылында Қазақстанда 
сауатсыздықты жою бойынша 2412 пункт жұмыс істеді, онда 72 232 адам оқыды. Ауылға жаппай 
культпоход жарияланып, ликбездің жылжымалы пункттері құрылды, әйелдермен жұмыс істеу 
үшін Қызыл киіз үйлер, яғни отаулар жұмыс істеді. Иммиграция— қоныстанушылық, бір мемлекет 
азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кетуі. 2)Қазақстан 
тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында нарықтық экономикаға көшудің негізгі міндеттерін 
түсіндіріңіз Бірінші кезеңде (1991-1994) жоспарлы социалистік экономиканың бұзылу дәуірімен 
және нарықтық экономикаға көшудің басталуымен байланысты. Бұл кезде республика 
экономикасы тоқырауды бастан өткізеді. Соған қарамастан, республикадағы әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың барлық күрделілігі мен қайшылықтары кезінде 1992 жылдан бастап 
мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі реформа басталды, 
яғни екі секторлы экономиканы қалыптастырудың бастамасы қаланды. Бұған тоқсаныншы 
жылдардағы жекелеген жергілікті өкілді органдардың хат-хабарларынан алынған мұрағаттық 
материалдар дәлел бола алады. ● Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңінің (1993-1995) 
басталуы "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық 
бағдарламасының" дқабылануы болды. Бұл жекешелендіру тарихындағы негізгі төрт бағыт 
бойынша жүзеге асырылған ең ауқымды және күрделі кезең болды ● Үшінші кезеңі (1996-1998) 
электр энергетикасы мен мұнай - газ саласында, сондай-ақ әлеуметтік салада-денсаулық сақтауда, 
білім беруде, ғылым мен мәдениетте жекешелендіру басталған секторлық бағдарламаларға көшу 
кезеңі болды. Дәл осы кезеңде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды сатып алуға қабілетті отандық 
инвесторлар қалыптаса бастады. ● Жекешелендірудің төртінші кезеңі 1999 жылдан бастап қазіргі 
уақытқа дейін жалғасуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1994 жылдың аяғынан бастап 
экономикада бетбұрыстың алғашқы белгілері байқалды: мысалы инфляция деңгейі төмендеді. 
Бұл ретте 1993 жылы ұлттық валюта – теңгенің енгізілуі экономиканың жандануына көп жағдайда 
ықпал етті, бұл елге дербес ақшакредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. 3)Қазақстан 
Республикасы Көші-қон-құқықтық саясатының негізгі бағыттары мен принциптер: репатриация, 
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы және ішкі көші-қон ағынын реттеу, көшіп-
қонушылардың құқықтарын сақтау және қорғау, кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол 
бермеу; көшіп-қонушылардың да, ел азаматтарының да құқықтары мен заңды мүдделерін 
қамтамасыз ету; ұлттық заңнама ережелері мен халықаралық міндеттемелерді орындау. 
Осылайша, 1992 жылы маусымда көші-қон процесін заңнамалық реттеудің құқықтық негіздерін 
қамтитын "Иммиграция туралы" заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясына 
сәйкес ел аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның еркін жүріп-тұру құқығы бар. Ал 1997 
жылдың желтоқсанында "Халықтың көші-қоны туралы" заң қабылданды. Оның пайда болуы осы 


уақытқа дейін Қазақстаннан орыс тілді халықтың кетуінің айтарлықтай артуымен байланысты 
болды. Оған мысал 1999 жылғы санақ(14 млн 953 мың) пен 1989 жылғы санақпен (16 млн 199 
мың) салыстырғанда 7,7% кеміген яғни 1,246 млн адамға кеміген. Ал 2009 жылы 6.8% өсті. 1994 
жылы елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991-2008 жылдары республикалық жалпы 3,5 млн адам 
көші-қон қозғалысына түсті. 1991-93 жылы Моңғолиядан 60 мыңға жуық қазақ көшіп келді. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// №23 билет 
1. «Шовинизм», «толеранттылық» терминдеріне анықтама беріңіз. Шовинизм - басқа халықтарды 
кемсіту, қанау және қысым көрсету құқығын негіздеуді мақсат ететін Ұлттық артықшылық 
идеологиясы. Мысалыға неміс және жапон әскерлерінің өздері басып алған аумақтардағы мінез-
құлқы; Болгариядағы түріктерге, цигандар мен македондықтарға қатынасы; фашистік Германия 
мен КСРО-дағы антисемитизм (еврейлерге деген жеккөрушілік.) Толеранттылық (лат.— төзімділік, 
көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, 
идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен 
бостандығы, демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның 
жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші. 2. Қазақ қоғамының ру-тайпалық 
құрылымын сипаттаңыз. Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық 
және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: 
Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде 
топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық 
тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV 
ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген 
этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ 
ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық 
құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи 
қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. көптеген жұрттың көшіп-
қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық 
территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. 
Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының 
құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық 
қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы 
қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы, бұларға 
Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады. 3. «Қазақстан халқы 
Ассамблеясының рөлі ұлттық бірлік пен қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған». Сіз бұл 
тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. 
Толығымен келісемін . Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан 
Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы 
консультативті-кеңесші орган. Ассамблея құрылған сәттен бастап Қазақстан аумағында бірде-бір 
қарулы қақтығыс болған жоқ. Бейбіт диалог, толеранттылық жөніндегі этносаралық саясат бүкіл 
әлемде жоғары бағаланады. Соңғы жылдары ел тұрақты, жағдайды бұзатын күштер жоқ. Ел 
ішіндегі әрбір ұлт ана тілінде сөйлей алады, дәстүрлер мен рухани бағдарларды сақтай алады. 
Ассамблея жұмыс істеген барлық уақыт ішінде ұлтаралық қатынастарды реттеу жөніндегі шын 
мәнінде беделді қоғамдық институтқа айналды. Ол "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Мәдениет 
туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" және т. б. бірқатар заң жобаларын 
дайындауға белсенді қатысты 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 24-билет 
1)Полиэтникалық қоғам – бірнеше ұлттан, ұлттық топтардан тұратын қоғам. Көп этностық қоғам 
жалғыз этностық қоғам ұғымына кереғар. Мәселен, Қазақстандағы қоғам – полиэтникалық. 130-
дан астам ұлт қазақ жерін мекен етеді. ДЕПОРТАЦИЯ-адамды немесе адамдардың тобын басқа 
мемлекетке немесе басқа жерге мәжбүрлеп қуғындау.Соғыс жылдарында 
қалмақтар,қарашайлар,ингуштар,шешендер,балқарлар,қырым татарлары,месхет түріктері 


депортацияға ұшырады.Дәл осындай жағдайға неміс автономиясы мен поляктар ұшырады.1945 ж 
қазан айындағы мәлімет бойынша депортацияланған адам саны 2млн464мыңға жетті. 2)«Ұлы 
дала» ежелгі мәдениет ошақтарын және олардың бір-бірімен өзара байланысын сипаттаңыз. 
Қазақстанның шығысындағы Андрон мәдениеті өзімен туыстас Афанасьев мәдениетімен қатар 
өмір сүрді. Олар Шығыс Қазақстан ме Оңтүстік Сібір далаларындағы темірді игерген алғашқы 
мәдениет болып саналады. Олар өздерімен бірге Сібірге металл өңдеу және егіншілік мәдениетін 
ала келді. Афанасьевтіктер қайтыс болғандарды қорғандарға жерледі, сонымен қатар олар 
арбаларды қолданды. Б.з.б 2 мыңжылдықтың соңында Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Сібір және 
Батыс Моңғолиядағы Андрон мен Афанасьев мәдениеті Ұлы Даланың шығыс аймағынан 
келгендер мен жергілікті далалықтардың араласуынан пайда болған Қарасұқ мәдениетіне ауысты. 
Қарасұқтық тайпалар дәстүрінде қорғандық жерлеу болмады. Олар қорымдарын тас жәшік секілді 
жұқа тастан қалады, төбесін тақтатаспен жауып, оның үстіне топырақ үйді. Афанасьев 
мәдениетінің мысалынан белгілі болғандай, далалықтардың қоныс аударуының нәтижесінде, 
Оңтүстік Сібірде малшаруашылығы, егіншілік және металл қорыту алғаш рет қолға алынды. Жайық 
және Сібір мәдениеттері Ұлы Дала мәдениетінің ықпалына түсті. Мысал ретінде венгрлердің ата-
бабалары – угорлар ұстанған Сарғат мәдениетін келтіруге болады. Үлкен қорғандар мен 
қорымдар ұл мәдениетке тән. Қорғандық жерлеу энеолит, қола және ерте темір дәуірлеріндегі 
далалық көшпелілер мен жартылай көшпелі мәдениеттің басым бөлігінің ортақ белгісі болды. 
3)«Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы отандастарымыздың елге оралуына үлкен әсер етті». Сіз 
бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел 
келтіріңіз. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары және олардың отандастарын қайтарудағы рөлі 
туралы мен келісемін. 1991 жылға қарай республикадағы қазақтар саны шамамен 40% - ды 
құрады. Бұл жаппай қоныс аударуға байланысты, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін, депортация 
және ашаршылық жылдары кезде түрлі этнос өкілдерінің сондай-ақ жергілікті халықтың жаппай 
жер аударумен байланысты болды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы 
өткен Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінен кейін қоғамда, тіпті 
шетелдік отандастар арасында кең резонанс тудырды. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі 
қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау 
мәселелерді) талқылады.Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 
төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай 
Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл 
қатысты.Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары 
талқыланды. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада 
өткізілді.Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу 
орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру 
мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.Отанына оралған қазақтар әлеуметтік-
экономикалық салада маңызды рөл атқарады. Олардың елдің ғылыми, мәдени және саяси 
өмірдің дамуына қосқан үлесі зор. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// №25 билет 
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын анықтаңыз Соғыстан 
кейінгі қазақ әдебиеті үлкен кеңестік стильдің ауқымды әдеби формаларын-романдарды, 
триологияларды, поэмаларды және өлеңдер мен романдарды игере бастады. Драматургия мен 
ғылым да дамыды. Тарихи роман-эпопеялар мен азаматтық-патриоттық поэзия үлкен отклик 
алды. Оған дәлел М Әуезовтің "Абай жолы" романы, И Есенберлиннің "Көшпенділер" атты 
шығармасы. 2)Көші-қон халық санының, ұлттық құрамның өзгеруіне, оның облыстар бойынша 
бөлінуіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Көші-қон мемлекет халқының 
санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды 
факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала 
тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде 
және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында 


республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды. Қазақстан 
Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiк алуымен, бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар 
Одағының трансформациялық процестерiнiң басталуымен және басқа да көптеген Тәуелсiз 
Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi сияқты Қазақстанда жекелеген этникалық топтардың тарихи 
Отанына оралу мүмкiндiгiнің кеңеюiмен көшi-қонның терiс сальдосының өсу үрдiсi қалыптасты. 
Мәселен, соңғы 10 жыл iшiнде көшi-қонның терiс сальдосы халықтың осы кезеңдегi табиғи өсiмiн 
толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990 жылдарда табиғи өсiм, туу санының күрт азайып кетуi 
және 1980 жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебiнен 2 есеге дерлiк 
азайды) сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кеттi. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік 
алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон 
саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық 
бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру 
қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық 
негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды. Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері. 
Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере 
көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше 
бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, 
өндірістің құлдырауы көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – 
Польшаға, немістер – Германияға т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған 
этностар өкілдері санының азаюы орын алды. Бұл жағдай республика тұрғындары санының 
кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді. Сондай-ақ жұмыссыздық 
өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Қылмыстар саны артты. Халықтың табиғи өсуі, бала туу 
көрсеткіші төмендеді. Осы жылдары республика халқының саны 16 793,1 мыңнан 14 886,8 мыңға 
кеміді. Сыртқы көшіқондағы жоғары шегі 1994 жылға сәйкес келеді. Елден 811,3 мың адам көшіп 
кетті. 1991–2008 жылдары республикада жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. Сондай-
ақ басым көпшілігі Ресейге – 1 550 мың, Украинаға – 52,6 мың, Белоруссияға – 39,7 мың адам 
көшіп кетті. Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-жылдардың 
ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен 
қайта қауышу мақсатын айтуға болады. Оның үстіне психологиялық факторлар да басым болды: 
көптеген адамдар тарихи отанында тұрып жатқан туыстарымен байланыстары үзіліп, ертеңгі 
күніне деген сенімін жоғалтты, шегарадан өтудің қиындықтары туындауы мүмкін деген үрей мен 
тарихи отанында азаматтық алу мәселесі де алаңдатты. Сондықтан бұл этнос өкілдері өз елдеріне 
оралуға, тездетіп көшуге кірісті. 2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, 
халық саны өсіп, миграциялық үрдістің екінші кезеңі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім 
болды. Бұл өсім мұсылман-түркі халықтарында (қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, түрікмен, 
ұйғыр, дүнген, тәжік) айқын байқалды. 2004–2009 жылдары республика халқының саны 826,9 мың 
адамға көбейді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға дейін жетті. 
3)«Жаңғыртылған «Жаңа Ұлы Жібек жолы» Қазақстан экономикасының дамуында басты рөл 
атқарады». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек 
пен дәлел келтіріңіз. Жаңа Жібек жолы (ҰТЖ, сондай-ақ Еуразиялық құрлық көпірі) – жүктер мен 
жолаушыларды тасымалдау үшін Қазақстан, Ресей және басқа елдермен ынтымақтастықта Қытай 
ілгерілететін жаңа жалпыеуразиялық (болашақта құрлықаралық) көлік жүйесінің 
тұжырымдамасы. Қытайдан Еуропа елдеріне құрлық арқылы.Көлік бағытына 
трансконтинентальды темір жол – Ресей арқылы өтетін Транссібір темір жолы және Қазақстан 
арқылы өтетін екінші Еуразиялық континенталдық көпір кіреді. Ежелгі Жібек жолын қайта 
жандандыру идеясы еуроазиялық кеңістіктегі жаңа интеграциялық үдерістер тұжырымдамасы 
ретінде ұсынылған болатын. Бұл жоспар Ұлы Жібек жолы бойымен сауда дәліздерін салуға 
бағатталған. Оны жүзеге асыру Еуразияның геоэкономикалық картасын қайтадан қарауға алып 
келеді. «Ежелгі Жібек жолын қайта жандандыру экономикалық, әлеуметтік дамуға, саяси 
тұрақтылыққа негіз болып, ақыр аяғында осы жолдың бойында орналасқан елдердің қарыштап 


дамуына, бейбіт өмір сүруіне алып келеді», - деген еді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 
Астанада өткен Азия даму банкі басқару кеңесінің отырысында. Инфрақұрылымға инвестициялар 
және кейінгі артықшылықтар трансконтинентальды сауда және Қазақстан экономикасы үшін 
маңызды болды.Жаңа Жібек жолы Қазақстан экономикасында ең басты өл атқарады деп айтуға 
болмайды,бірақ экспорттың және импорттың,көрші елдермен қарым қаытнасты жақсартуға, елге 
келетін инвестицияларға өз әсерін тигізеді. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 26-БИЛЕТ Аң 
стилі», «полихромдық стиль» терминдеріне анықтама беріңіз. Аң стилі—б.з. д. VII-IV ғасырларда 
дамыған тарихи көркемдік стиль. Төменгі Дунайдан, Солтүстік Қара теңізден және Каспий 
даласынан, Оңтүстік Оралға, Сібірге және Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіне дейін жетті. 
Жануарлар стиліндегі суреттер табиғатқа деген сүйіспеншілікке, жануарлар мен олардың 
қозғалыстарына таңдануға, жануарлардың күресіне негізделген. Суреттер көбінісе жыртқыш 
аңдар, құстар және грифондар болды. Ең дамыған түрінде аң стилі скиф-сармат өнерінде бар. 
Жауынгердің киімінде де аң стилінде оюлар болды. Полихромдық стиль - ғұн-сарматтық дәуірдегі 
Еуразия көшпенділерінің қолданбалы өнеріндегі ерекше стиль, мұнда металдан жасалған 
әшекейлер түрлі-түсті тастармен безендірілген. Бұл процесс инкрустация деп аталады. Зернь - бұл 
алтын немесе күміс шарларды дәнекерлеу. Бұл стильде медальондар, кулондар, сырғалар 
жасалды2) Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы рөлін 
талдаңыз. Ең үлкен керуен жолы б.з. д. II ғасырда, Қытайдан Жерорта теңізіне қарай сауда 
жолдары салынған кезде жұмыс істей бастады. Ұлы Жібек жолының бір бөлігі Оңтүстік Қазақстан 
мен Жетісу аумағы арқылы өткен. Ұлы Жібек жолы Жетісудан шығысқа қарай, ал Оңтүстік 
Қазақстаннан Батысқа қарай бет алды, сондықтан Қазақстан Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің 
өзара ықпалы мен өзара байыту жолындағы байланыстырушы буын болды. Ұлы Жібек жолы және 
Қазақстан халықтар мен елдер арасындағы сауданы жолға қоюда, мәдениеттердің 
жақындасуында, Қазақстандағы қалаларды дамытуда оның аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек 
жолы маңызды рөл атқарды. Қазақстан аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек Жолы Тараз, Суяб, 
Испиджаб, Отырар, Түркістан, Сауран сияқты бірқатар шағын және ірі қалалардың пайда болуына 
және дамуына ықпал етті. 3) VI - XIII ғ. басында қазақтардың этногенезіне қатысқан негізгі 
тайпалар мен тайпа одақтарын атаңыз. Қазақ халқының құрамына кірген Қазақстанның ежелгі 
халқы Оңтүстік Қазақстанның қаңлы тайпалары болып табылады. Содан кейін олар біртіндеп 
солтүстік-батыс Қазақстанның сармат тайпаларымен араласып кетті. Олардың барлығы қазақ 
халқының негізін құрған алғашқы этно-саяси қоғамдастық болды. Осылайша, қазақ этн осының 
дамуындағы екінші кезеңді Қазақстан аумағында түркі тайпаларының орналасуын және олардың 
жергілікті этностармен толық ассимиляциясын есептеу керек. Түргештер, қарлұқтар, дулаттар, 
шигила, ягма, болаттар және т.б. пайда болып, ежелгі Қазақстан аумағындағы халықтың 
этникалық құрамы ұлғайды. Ең бастысы, бұл тайпалар — сақтар, үйсіндер, ғұндар — ежелден бері 
бірбіріне өздерінің дәстүрлерімен, өмір салтымен, нанымдарымен, әлеуметтік-экономикалық 
дамуымен жақын болған. Қазақ халқының негізін қосудың үшінші кезеңі ретінде Орта ғасырдың 
(X—XIII ғғ.) гүлдену кезеңіне келетін халық санының ұлғаюын есептеу қажет. Бұл уақытта моңғол 
хандығының күшеюіне байланысты біздің аумақтың шығысында найман, керей, меркіт, жалайыр 
тайпалары орналасқан. Наймандар мен Жалайырлар көшіп, Жетісуға жетті. Жалайырлар үлкен 
жүзде, Орта жүзде наймандар мен керейлерде үстем тайпа болды. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 27-билет 
Референдум», «Конституция» терминдеріне анықтама беріңіз. Референдум (лат. referendum — 
хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай 
демократиялык институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Референдумға заң немесе 
халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады. 1995 жыл 30 тамызда 
жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 
қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция, Ата Заң(латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» 
сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары 


заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттің маңызды белгісі, 
мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. 1995 ж. 30-тамызда 
өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 
— конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни 
мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады. 
Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын 
анықтаңыз. Ұлы Жібек жолының бағыттары Арал теңізі бойымен, одан кейін Сырдария, Шу 
өзендерінің жағалауларымен Жетісу арқылы Жоңғар қақпасына дейін бағыт алды. Жалпы дегенде 
Жібек жолы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл 
қазаншұңқыры-Шығыс Түркістаннан өтті. Нақтырақ болса, Қазақстан аумағы арқылы елдің 
оңтүстігі арқылы сауда керуендері Қытай шекарасынан Сайрам, Яссы, Отырар, Тараз қалалары 
арқылы әрі қарай Орталық Азия, Персия, Кавказ және сол жерден Еуропаға өтеді. «Қазіргі уақытта 
жастарды республикада сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау керек» деген ойды қалай 
түсінесіздер? Халықаралық statista.com деректер жүйесіне сүйенсек, Қазақстандағы жұмысшылар 
аз шоғырланған сектор - ауылшаруашылығы болып отыр. Өнеркәсіп саласындағы жұмысшылар 
пропорциясы да салыстырмалы түрде аз. Бұл алдағы 5-10 жылдықта ауылшаруылығы 
саласындағы жұмысшылар мен мамандарына деген сұраныс артатынын көрсетеді. Себебі 
елімізде дәл осы сектор кенже дамып келеді. Forbes журналының деректеріне сәйкес, 2018 
жылғы сұранысқа ие болған мамандық иелері мыналар екен: бағдарлама әзірлеушісі; ақпараттық 
қауіпсіздік бойынша сарапшы; қаршы сарапшысы; денсаулық сақтау менеджері; медициналық 
қызметкерлер: мейірбике мен физиотерапевт Сонымен бірге, танымал CareerCast компаниясы 
2019 жылы сұранысқа ие болатын мамандардықтар тізімін жасап шыққан. Бір қызығы, мұнда да 
тізімді алғашқы болып бағдарлама әзірлеушсі бастап тұр. Одан кейін: медициналық технолог; 
мейірбике; құрылысшы; үй жағдайындағы денсаулық сақтау қызметкері; Nesta инновациялық 
компаниясының 2030 жылға қарай сұранысы артатын мамандықтар тізімінде алғақшы ондықты 
мұғалім бастап тұр. Ал енді Қазақстандағы 2018 жылы сұранысқа ие болған мамандықтар тізімін 
HeadHunter компаниясы жариялаған екен. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр компанияларға сату, 
бухгалтер, қаржы, әкімшілік қызметкерлері мен ақпараттық технологиялар, жарнама, маркетинг, 
PR саласының мамандары қажет болған.Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, 
болшаққа керек мамандықтарды даярлау керек екенің түсінуге болады.Жаңа мамандардың 
көптігі ел экономикасына оң әсерін тигізеді. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 28-билет 
«Полиэтнос», «моноэтнос» терминдеріне анықтама беріңіз. Көпұлтты мемлекет немесе полиэтнос 
— аумағында әртүрлі этникалық топтар, ұлттар, этнографиялық топтар тұратын мемлекет. Әлемде 
көптеген полиэтникалык мемлекеттер бар, соның ішінде Үндістан, Ресей, Қытай, Пәкістан, 
Вьетнам, Казахстан. Моно-этникалық мемлекет немесе біртұтас ұлттық мемлекет —белгілі бір 
ұлттың (этностың) тарихи қалыптасқан этникалық аумағында қалыптасқан және оның егемендігін 
бейнелейтін мемлекет. Тарихи тұрғыдан алғанда, моно-этникалық мемлекеттер, ұлттың 
қалыптасуының басталуы мемлекеттің қалыптасуымен сәйкес келетін жерде дамыды, осыған 
байланысты мемлекеттік шекаралар көбінесе этникалық шекаралармен сәйкес келді (мысалы, 
Батыс Еуропа мен Латын Америкасының бірқатар елдері). Біртекті ұлттық құрамы бар 
мемлекеттердің мысалдары Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея, Португалия, Бангладеш, 
Дания, Исландия, Венгрия. 2) 1950-1980 жылдардағы Қазақстанның табысты дамыған ғылым 
салаларын сипаттаңыз. Қазақстанда геологиялық, химиялық, географиялық, медициналық, ауыл 
шаруашылығы ғылымдары табысты дамыды. Мысалы, 1956 жылы геологиялық ғылымдар 
институты Орталық Қазақстанның бірегей болжамдық-металлогендік картасын жасауға қол 
жеткізді. Қазақстандық ғалымдар Батыс Қазақстан аумағындағы ірі мұнай және газ кен 
орындарын зерттеуге және игеруге қатысты. Қазақстан ғалымдарының арқасында Ертіс-
Қарағанды Су Арнасы салынды. Агроном ғалымдар бидайдың жаңа сорттарын және т. б. өсірді. 
Қоғамдық ғылымдар саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. 1945 жылы ҚазКСР 


Министрлер Кеңесінің Қаулысымен ҚазКСР-да тарих, археология және этнография институты 
құрылды, кейіннен оған Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. Мұнда Ә.Нүсіпбеков, Ә. Марғұлан, х. 
Арғынбаев, Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов және т. б. белгілі ғалымдар жұмыс істеді. 1957-1959 
жылдары "Қазақ КСР тарихы" екі томдық кітап жарияланды. Кейінірек ғылыми мекеме ұжымы 
Ш.Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің шығармалар жинағын, бес томдық "Қазақ ССР-нің көне 
заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы" атты іргелі еңбегін жариялады. 1958 жылы философия және 
құқық Институты, 1961 жылы Әдебиет және өнер институты және тіл білімі институты құрылып, 
кейіннен оған А.Байтұрсыновтың есімі берілді. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында ҚазКСР 
құрылымында 50 ғылыми-зерттеу мекемелері жұмыс істеді. 1985 жылға қарай Қазақ КСР-нің 40 
мыңнан астам ғылыми қызметкері болды. 3) XX ғасырдағы Қазақстан Республикасы 
экономикасының даму кезеңдеріне шолу жасап, негізгі факторларды талдаңыз 20-ғасырдың 
басында қазақ даласындағы өмір күрделене түсті. Қазақстан шикізат базасы мен Ресей 
экономикасының өнімдерін өткізу нарығына айналды. Өлкені шаруалардың отарлауы өндіргіш 
күштердің дамуын тежеп, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен қоғамның әлеуметтік 
құрылымын жойды. 1917 жылға қарай дала халқы 45 миллион десятина жерінен айырылды. 
Облыстың оңтүстік аудандарының суармалы және ең құнарлы жерлерінің едәуір бөлігі казактар 
мен ауқатты қоныстанған шаруалардың қолына өтті. 1919 жылы қаңтарда Кеңес үкіметі «артық 
азық-түлікті» күштеп тартып алу негізінде «әскери коммунизмі» саясатының бір бөлігіне айналған 
артық ассигнацияны енгізді. Бұл соғыс уақытындағы мәжбүрлі және уақытша шара деп 
түсіндірілді. Ауыл шаруашылығы құлдырай бастады. 1921 жылы наурызда Жаңа Экономикалық 
Саясат қабылданды, оның мақсаты халық шаруашылығын қалпына келтіру, нарықтық 
экономиканың кейбір элементтеріне жол беру болды. ЖЭС енгізілуімен еңбек қызметі жойылды, 
еркін саудаға және жерді жалға алуға рұқсат етілді, жалдамалы жұмыс күшіне жол берілді, артық 
бағалау заттай салықпен ауыстырылды. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы деңгейі соғысқа дейінгі 
деңгейге жақындады. Қазақстанның экономикасы дерлік қалпына келді. Қазақстандағы 
индустрияландыру пайдалы қазбаларды зерттеуден басталады. Өнеркәсіп кеңестік экономиканың 
басым саласы болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанның әскери шаруашылығын 
құру (1941-1945 жж.) Әскери жағдайда Қазақстанның майдан арсеналы ретіндегі рөлі 
айтарлықтай өсті. Қазақстан елге КСРО-ның 5830 мың тонна астық, 745 мың тонна ет, 85% 
қорғасын және 70% полиметалл кендерін берді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі он оқтың 
тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылған. Соғыстан кейінгі бесжылдықтар 
жылдарындағы Қазақстан экономикасы (1946-1960 жж.) Соғыстан кейінгі жылдарда 
экономиканың дамуы жаңа реформаларды жүзеге асыру ұрандарымен өтті. Хрущевтік жылымық 
жылдарында (1953-1964) КСРО экономикасын реформалау әрекеттері жасалды. Азық-түлік 
мәселесін шешу үшін Қазақстан аумағында «Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» шешім 
қабылданды. 70-80 жылдары кеңестік экономиканың жүйелі дағдарысы, әлеуметтік саланың 
нашарлауы, ең қажетті тауарлардың тапшылығы басталды. Жүргізілген экономикалық саясат 
түбегейлі өзгерістерді қажет етті. 1985 жылы «қайта құру» басталды, ол экономика саласына да 
әсер етті: кәсіпорындардың өзін-өзі қаржыландыруы және өзін-өзі қамтамасыз етуі енгізілді, 
кооперативтер мен шағын кәсіпорындар пайда болды. 
//////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 29билет 
«Этногенез», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз. Этногенез (грек тіл. "тайпа, халық", "шығу 
тегі") — әртүрлі этникалық компоненттер негізінде этникалық қауымдастықты (этникалық топты) 
қосу процесі. Этногенез этникалық тарихтың бастапқы кезеңін білдіреді. Қазақ халқының 
қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас 
дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, 
Маңғыстау, Орта және Шығыс, Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан 
ұшырасады Этнос — бұл белгілі бір аумақта ұзақ уақыт бойы бірге өмір сүру, жалпы тіл, мәдениет, 
өмір салты, өзін-өзі тану және өзіне тән атаулармен біріктірілген тұрақты адам тобы. Қазақстанда 
100-ден астам этникалық топ бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді: қазақтар, өзбектер, 


украиндер, татарлар, немістер, ұйғырлар. 2) Жастарға арналған «Болашақ» халықаралық 
бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттаңыз. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш 
Президенті-Елбасының «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы қаулысы 
бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен 
мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің 
жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылымиөндірістік тағылымдамадан өтуді 
қамтиды.Посткеңестік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастар толықтай мемлекет есебінен 
шетелде сапалы білім алынуына мүмкіндіктер берілді.2014 жылы Майамида(АҚШ) Болашақ 
бағдарламасы ең үздік степиандаттық бағдарлама деп танылды.2020 жылға дейін Болашақпен 
14мың жастар білім алып шықты. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған 
тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға (жетекші 
компаниялар мен университеттерде) мүмкіндік береді. Сөйтіп "Болашақ" бағдарламасы жоғары 
білікті мамандар элитасын қалыптастыруға ықпал етеді. Оның түлектері қоғамның дамуына оң 
әсер етеді, яғни азаматтық, бейбітшіл кәсіпкерлік қоғамды құра отырып, елдің технологиялық 
дамуына ықпал етед.Бағдарлама түлектері бүгінде мемлекеттік 
қызметте,компанияларда,жекеменшік секторда,халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдарда 
табысты жұмыс істейді.Бұл жоба қоғамның ұлттық,зияткерлік зиялыларын қалыптастырады. 3) 
«Патриотизм – туған жерге, мәдениет пен дәстүрге деген ерекше көзқарас». Сіз бұл тұжырыммен 
келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Патриотизм – ол адам 
баласының туған жерге адалдығының, сүйіспеншілігінің, риясыз махаббатының белгісі, 
ұлтшылдыққа, рушылдыққа ұласпаған, парасатты ойынан туатын асыл қасиеті.Патриотизм 
терминіұлт азаттық көтеріліспен тығыз байланысты деп ойлаймын.Ұлт зиялылары бүкіл қазақ 
халқы атынан Ресей империясына қарсы күш біріктірді.Мысал ретінде Әлихан Бөкейхановтың өзі 
бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б. ) серіктерімен бірге майданға 
(реквизициаланғандармен) аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде 
сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуы екі талай еді.Желтоқсан 
көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО 
үкіметінің отаршылдық, әміршіләкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, 
тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Қайрат 
Ноғайбайұлы Рысқұлбеков–1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Осы жылы 16 – 18 
желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне 
белсене қатысты.Қайрат өз елінің нағыз патриот болды. Сырым-батыр – қазақ батыры, 19 
ғасырдың 1-жартысындағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы, ұлт-азаттық күресінің 
ұйымдастырушысы және басшысы.Сырым Датұлы өз халқының ұлтжанды азаматы болған, ел 
қамын жеп, отаршылдардан қорғаған, Ресейдің отарлау саясатын жүргізген казактарға қарсы 
сөйлеген.Осыған қоса барлық көтеріліс ұйымдастырушыларды және сол көтерілістердің басты 
күштерін патриот ретінде қарастыруға.Махамбет пен Исатай,Кенесары хан және т.б. өз елі, халқы 
үшін өз өмірлерін құрбан етті. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 30-билет 1) 
Рабад - ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі.Рабадта базар, мешіт 
секілді қоғамдық орындарда болуы мүмкін. Қаланың дәулетті тұрғындарының жеке иеліктері де 
сонда салынады. Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық 
және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Киіз үй кеңістігі бес бөлікке бөлінеді: ошақ, 
қонақтарға арналған орын, еркектерге арналған, әйелдерге арналған бөлік, босаға. Ол — 
көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. 2)Тәуелсіздік жылдары 
білім беру және мәдениет саласында жүргізілген реформалар туралы айтып беріңіз. Отандық 
мектепке дейінгі "Балбөбек", "Қайнар", "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" 
және т.б. бағдарламалар жүзеге асырылды. Олардың бас мақсаты ол бала кезінен бастап бала 
тұлғасын қалыптастыру, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын қарау. Сосын 1 800-ден астам мектеп 
салынды. Жаңартылған білім беру мазмұны бар 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) құрылды, 


олардың тәжірибесі кезең-кезеңімен бүкіл білім беру жүйесіне таралады. 1999 жылдан бастап 
Қазақстанның жоғары оқу орындары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары оқу 
орындарының студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделіне көшті. Мәдениетке 
келетін болсақ, музыкалық өнерді одан әрі дамытуды және орындаушылардың шығармашылық 
өсуін ынталандыру мақсатында халықаралық фестивальдар мен конкурстар өтті. Мәдениетті 
қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Қазақстан 49 жақын және алыс шет елдермен 
мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 3) «Мәңгілік Елдің өзегінде 
қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың 
амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге 
деген сенім ұғымдары орныққан». Сіз «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт тұжырымдамасымен келісесіз 
бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Иә, мен келісемін. Астанада Бейбітшілік 
пен келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. 
Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды. Ол 
қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттерді орындау әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына 
кіру үшін халықты біріктірудің маңызды құралы мен қуатты тетігі ретінде қабылданды. «Мәңгілік 
ел» патриоттық актісі - Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. 
Әр адамның жүрегінен орын алатын құбылыс. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта 
білсек - «Мәңгілік Ел» болу деген сол, деді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. «Мәңгілік ел» патриоттық акті бұл жалпыұлттық 
идеяның құжат жүзіндегі формасы, бұл халық бірлігінің әмбебап әрі толыққанды генетикалық 
бағдарламасы. Біздің мәдени-рухани құндылықтарымыз, экономика, саясат, мораль мен сенім 
мәселелері, жаһандық әлемде Қазақстанды қай жерден көретініміз бәрі-бәрі осы құжатта көрініс 
табуы шарт. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан 
сүріндірмей жеткізіп, дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретін тұғырлы идея. 
«Мәңгілік ел» — жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. «Мәңгілік ел» 
ұлттық идеясы аясында патриоттық тәрбие берудегі жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар 
мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде тәрбие 
маңызы ерекше. Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл 
аударуын қажет етеді. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор 
ұқыптылықпен зерттеген жөн. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға — 
бала екендігін ұмытпауымыз қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет