Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет55/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Аймадет Доспамбет жырау. Ол XV ғасырдың соңында Кіші 
Орданың билеушісі болған әскери шонжарлар отбасында 
дүниеге келген. Болашақ жырау сол дәуірге және өзінің 
тегіне сай тәлім­тәрбие мен білім алады. Есейген шағында ол 
Ыстамбұл мен Қырымда, Бақшасарайда болады және Дешті­ 
Қыпшақтың біраз жерін аралайды. Ресейге қарсы бірнеше 
жорыққа қатысады, сондай­ақ өз отанындағы билеушілердің 
өзара ұрыс­жанжалдарына да араласып жүреді. Сондай бір 
қырқыста ауыр жарақаттанып, қаза табады. Бұл шамамен, 
1540­1545 жылдар болуға тиіс, өйткені ол өзінің соңғы 


[
  218  
]
өлеңінде: «Ер Мамайдың алдында шаһид кештім, өкінбен!» 
– дейді. Ал Мамайдың 1549 жылы опат болғаны белгілі.
Доспамбет ұзақ жасамағандықтан классикалық типтегі 
жырау деңгейіне көтеріле алмады, яғни ол әрі мемлекеттің 
идеологі, әрі ханның ақылшысы, әрі дана абыз болған жоқ. 
Дей тұрғанмен, оның бізге жеткен әдеби мұрасы Доспамбеттің 
талантты жауынгер­ақын болғанын көрсетеді. Өзінің шығар­
маларында ол басынан өткен аласапыран өмірді, басты­басты 
оқиғалар мен ой­сезімдерді таза поэзиялық үлгіде бейнелей 
білген. Оның өлең­жырларында жыраулық дәстүрге тән әсіре 
нақылдылық пен пәлсапашылдық жоқ. Рас, ол да, бұрынғы 
жыраулар сияқты, өмір мен өлім туралы жырлаған, бірақ 
көп жасаған қарт тәрізді салмақтап, байсалды толғамайды, 
келешекті де болжамайды. Доспамбет жалындап жанады, 
үміттенеді, қайраттанады. Өмірден ерте кеттім деп өкінбейді. 
Керісінше, өзіне лайықты, жақсы өмір сүрдім деп есептейді, 
өйткені оның идеалы – Сарыарқа үшін шай қаста шәйіт болған 
жауынгер. Доспамбеттің ойынша, ең бақытты адам – арғымақ 
мінген, көбе киген, жұпар аруды құшқан, той тойлап, армансыз 
қымыз ішкен, жау келсе, қарсы шапқан жаужүрек жігіт. Міне, 
Доспамбет өзін осындай өмір сүрген кісі ретінде көрсетеді. Ол 
өз дәуірінің қоғамына, болмысына, тіршілігіне дән риза. Оны 
жалған дүниедей, қайта дәріптей жырлайды. Оған құштарлық 
танытады. Өмірден түңілу атымен жоқ.
Доспамбет жырау көбінесе бірінші жақтан сөйлейді, оның 
«мені» лирикалық кейіпкір емес, жыраудың өзі, сондықтан 
жырау өзі туралы айтады, өзін қалың жаудан қайтпайтын, 
нағыз қаһарман етіп сипаттайды:
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жолдап жүргей ме,
Қатарланып, қырланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме!
Қабырғадан қараған
Достым менен дұспаным:
«Апырым, ер Доспамбет! – дегей ме
17
 ?


[
 
 219  
]
Осы  шумақтың кілең «қ» дыбысынан басталуы, көп сөз­
дің де «қ» дыбысымен үндесуі – автордың «қаһармандық, 
қаһарлық» күй­жайды беру үшін пайдаланған көркемдік тәсілі 
(аллитерация). Мұндай толғау мазмұны мен сарынына үндес 
дыбыстарды қатарлата пайдалану – жалпы ауыз әдебиетінің, 
әсіресе жыраулар поэзиясының кең тараған дәстүрі.
Доспамбет жырау шығармаларының ішінде біршама ғұмыр­
намалық сипаты бар, оның өмірінің кейбір кезеңдерінен хабар 
беретін толғауы ерекшеленіп тұратынын айтпасқа болмайды. 
Негізінде, бұл – жыраудың жарық дүниемен қоштасу жыры. 
Өзінің рухы мен көңіл­күйі жағынан бұл толғау басқа жы­
раулардың туындыларынан өзгеше. Әдеттегі қоштасу жыр ла­
рында ұшырасатын сентиментальдық әрі қайшылық сезім де 
кездеспейді. Бұл толғауда жыраудың өмірі мен тағдыр­талайы 
жинақы да шымыр баяндалған. Құрылысы жағынан толғау 
даралықтан жалпылыққа қарай баспалдақтап өріледі: әуелі 
автор өзіне сипаттама береді, қалай жараланғанын әңгімелейді, 
содан соң әйелі мен балаларын мінездеп суреттейді, ең соңында 
туып­өскен жерімен, отанымен қоштасады. Осының бәрі көркем 
тілмен, әр алуан поэтикалық тәсілдерді, параллелизмдерді 
пайдалану арқылы айтылып, жыраудың ақындық таланты 
мен импровизаторлық қуатын танытады. Толғаудағы жайттар­
ды жырау біресе еске түсіру түрінде, біресе орындалмай 
қалған армандар мен істерді санамалау формасында баян етеді. 
Ойындағы көп арманның жүзеге аспағанына Доспамбет еш 
өкінбейді, себебі оған тіршілігінің өзі арман­аңсардың іске 
асқаны болып көрінеді.
Доспамбет шығармаларының тағы бір ерекшелігі – тарихи 
тұлғалардың арнайы аталып, олар туралы дерек беруі. Ай­
талық, Мамай, Қосай, Есақай, Кетбұға, Әл­Ғұсман паша, 
Досай, Әли. Осылардың ішінде жырау айрықша бағалағанда­
ры – Кетбұға мен Мамай. Ал, Қосай, Есақай – автордың екі ұлы, 
оларға батыр жырау үлкен үміт артады. Жалпы, Доспамбет 
поэзиясы жауынгерлік және тарихилық сипатымен басқа 
жыраулар туындыларынан ерекшеленіп тұрады.
Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет