Ата- аналарға арналған коучинг Тақырыбы: «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» Коучингтің мақсаты



Дата22.04.2022
өлшемі21,35 Kb.
#31896

Ата- аналарға арналған коучинг

Тақырыбы: «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау»

Коучингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, мектеп пен ата-ана арасында жағымды қарым - қатынас орнату арқылы мектептегі оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асып жатқанын түсіндіру .Ата-аналарды өздерінің балаларының бағалау кезінде жан-дүниесін түсінуге білуге және балаларымыз қиындыққа ұшырағанда қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Қатысушылар: Сыныптың ата-аналары

Ұйымдастыру кезеңі:

1-жаттығу «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткізу.

Сіздермен жақынырақ танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және нені сүйетінімді ,неден қорқатынымды айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен оның нені сүйетінін , неден қорқатынын айта отырып, кері қайтарып бересіздер.



2-жаттығу «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:


  • Кімде бірдей қар қиындысы шықты?


  • Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?


  • Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?




Мұғалім сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебі балаларымыздың жеткен жетістіктерін критериалды бағалауды қалай жүзеге асырып жатырмыз? Міне бүгін осы негізгі тақырыпты қозғайтын боламыз.

3-жаттығу «Мен үшін бағалау...»

Әр бір коучингке келген ата-ана қазіргі бағалауды қалай түсініп жүргенін білу мақсатында бұл жаттығу жүргізіледі.Ата-аналарға қағазға «Мен үшін бағалау ,,,» деген әр топқа беріледі.Соған ата-аналар топта ақылдасып, жауап берулері қажет.



4.Мұғалімнің сөзі:

Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына,жан-жақты білім алуына бағытталған.Баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады.Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет.Осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі қазіргі таңда 1 сыныптан бастап мектептерге енгізіліп отырғанын сіздер білесіздер.Яғни бұл дегеніміз оқушыларымыз нақты критерийлер арқылы бағаланып жатыр деген сөзді білдіреді.

Нақты бағалау критерийлерінің оқушы, ат-ана және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:

-Оқушы білім алудың қай сатысында

-Сабақ оқуда олар неге талпынады

-Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу керек

Және ең маңыздысы ата-аналарымыз баланың оқуына қатысуы мен оны үнемі қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетлейтінін есімізде жақсылап сақтауымыз керек.

5.Критериалды бағалау бойынша бейнежазбаны көрсету

Сұрақ қою: Сіздер критериалды бағалауды қалай түсіндіңіздер?

6.Ширату жаттығуы

Көбелектің суретін салайық.

7-жаттығу «Менің отбасым» жобалау әдістемесі

«Аспалы көрме» әдісін пайдаланып, оқушылардың суретерінен көрме жасау.

Нұсқау: Қатысушыларға алдын ала салынған балаларының «Менің отбасым» тақырыбына суреттерін парта үстіне қойылады. Салынған суреттердің ішінен ата – аналар өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.

Талқылау сұрақтары:

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?

8-жаттығу «Дыбыссыз іс-әрекет» атты сергіту жаттығуы

1.Жұмыстан кейін,баланы балабақшадан алып кел

2. Базардан азық-түлік алғанда, маған носки алып келе салшы (носки ала салшы)

3.Тойға барамыз, киініп-боянып, дайындалып отыр (тойға барамыз, дайындал)

4. Суға шомылатын киіміңді дайында, аквапарке шомылуға барамыз барамыз

(шомылуға барамыз)

5.Сәл мені күте тұр, қаз мен мектепке барып баланы алып келейін

(мектептен баланы алып келу)

9-релаксация «Ашық хат» (алдын ала оқушылар ата- анасына хат жазады)

Нұсқау: Балаларыңыз сіздерге деген жүрек түбіндегі лебіздері мен құрметтерін, айта алмай жүрген ойларын ашық хат бетіне түсірген болатын. Сондықтан ашық хатты оқып шығып, балаларыңызға сіздерде ашық хат жазыңыздар. Ашық хатты балаңызға айтпай жүрген еркелетін сөздермен бастап, болашаққа өмір жолына тіліктеріңізді жазыңыздар.

2 «Қ» хаттар бұрышына өздері жазған балаларына жазған хаттарын іліді.



10.Қорытындылау «Әуе шары» рефлексия

 Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін. Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Әуе шарына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!



Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет