Ата-ана балабақШАҒа келгенше не үйретеді?



Дата22.12.2023
өлшемі14,02 Kb.
#142852

АТА-АНА БАЛАБАҚШАҒА КЕЛГЕНШЕ НЕ ҮЙРЕТЕДІ?(АТА-АНАМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ)

Мақсаты: ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру, балалары туралы дұрыс пікір айта білуге, бала балабақшаға келгенше дұрыс тәрбиелеуге және жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алысу. Ата-аналармен кездесе отырып, сауалнама арқылы пікірлерін білу.


I. Барысы: ата-аналарды залда күтіп алып, балаларды көздері арқылы таниды.II. Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе- бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жесісі болып табылады. Міне, сондықтан «ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі» дегендей ата-ана өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Баланың жақсы тәрбие алып, жан-жақты болып өсуі отбасылық жағдайға байланысты.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек - дегендей баланың ыстық- суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.балаға білім тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса, оны жалғастырушы ата-ана.
2. Сауалнама (ата-анаға тарату)

1. Балаңызға үйде не үйретесіз?


2. Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?
3. Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ма?
4. Бір әрекетпен ұзақ шұғылдана ма?
5. Өзге адамдармен қарым-қатынаста ұялшақ па?
6. Балаңыз әрекетті аяғына дейін аяқтай ала ма?
7. Балаңыз балабақшаға қандай көңіл күймен келеді.
8. Балаңыз ренішін көп сақтай ала ма?
3. Мақал – сөз атасы (аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1. Балапан ұядан не көрсе-........(ұшқанда соны іледі)
2. Бала жаман болса-.......( көрінгеннің мазағы)
3. Ата-балаға ........ сыншы)
4. Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.......(байқамай сөйлесең көп ішінде өлер)
5. Бала көңілдің гүлі........ (көздің нұры) 
Қорытынды: 
Анаға қарап қаз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Құрметті ата-ана, баланың иманды, қайырымды болып ер жетуі ең алдымен ата-ананың тәлім- тәрбиесіне байланысты. «Ұядан не көрсең- ұшқанда соны ілерсің» деген мәйекті сөз тегіннен-тегін айтылмаған. Балаға кішкентайынан түзу тәрбие беріп, уақытында дұрыс көңіл бөліп еліміздің инабатты, адамгершілігі мол білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Егер ата-анамен балабақша тығыз байланыста болып, балаға бірдей талап қойылса, тәуеліз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет