Тәрбиеші – балабақшадағы басты тұЛҒА

Дата20.05.2023
өлшемі84,46 Kb.
#95584

ТӘРБИЕШІ –
БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАСТЫ ТҰЛҒА

Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.

Балабақша тәрбиешінің міндеттері:

Балабақша тәрбиешінің міндеттері:

а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;

б) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;

в) Балалардың денсаулығын сақтауға , қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;

г) Балаларды отбасында, балалабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

д) Аудандық, қалалалық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педогоикалық кеңестің жұмысына қатысады;

е) Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір тапсырмаға ұқыпты дайындалады.

Тәрбиешіге қойылатын талаптар: - Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек; - Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек; - Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек; - Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек; - Жұмысты ұйымдастыра білу, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт; - Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.

Тәрбиеші –педогогтың бейнесі: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұны, әдіс-тәсілдерін жетік білуі. Материалды түсінікті жеткізе білу. Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі; Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі. Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті: Кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі; Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу; Ата-аналармен тіл табыса білу; Сөйлеу мәдениеттілігі.

Өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы; Байланыстырып сөйлеуге үйрете алу; Балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы; Педогогикалық терминдерді дұрыс , тиімді пайдалана білу дағдысы. Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі: Балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білу ; Балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру; Жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы. Жаңа технологияны пайдалана білу: Қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі; Білім беруді дамыту бағыттарын айқындау білуі.

Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:

Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:

Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:

  • Сыртқы кескін-келбеті.
  • Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.
  • Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.
  • Педогогикалық талаптарды орындай білу.
  • Әзіл-қалжыңға мән бере білу.
  • Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай , қолдай білуі.
  • Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.
  • Шыдамдылық және төзімділік.
  • Басқалардың пікірін сыйлай білу.
  • Балалардың құпия сырын сақтай білу.
  • Басқа адамдарды түсіну және сезіне білу қабілеттілігі.
  • Еркіндік, икемділік .
  • Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.
  • Байқампаздығы, бақылампаздығы.
  • Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.
  • Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет