Ата аналармен мектеп тәжірибесі Мектепке дейінгі мекемедегі ата-анамен жұмыстың маңыздылығы



бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі29,56 Kb.
#84999
  1   2   3   4
Байланысты:
Ата аналармен мектеп тәжірибесі


Жоспар:
Кіріспе

  1. Ата аналармен мектеп тәжірибесі

  2. Мектепке дейінгі мекемедегі ата-анамен жұмыстың маңыздылығы

  3. Орта мектепте және бала бақшаларда инклюзивті білім мен тәрбие беруді тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен, мамандармен және қоғамдық ұйымдармен серіктестіктің ролі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отыра білім алады. Сәл жәрдеммен мүмкіндігі ашылып, қабілеті дами кететін ұрпақ, тапшылықтан алға жылжымай тұрған келешегі мол, көзін ашуға арзитын бұлақ тәрізді.
Отбасында ата-аналарға педагогикалық білім беру өте қажет, себебі ата-ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды. Ата-аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін жұмыстар барысында ескерту қажет. Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамытуды жеделдетуге болмайды, сондай-ақ даму барысында кідіріс те болмау қажет.
Сондықтан ата-ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін біліп, өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып реттеп отыру үшін қажетті жағдай жасау да маңызды. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстау керек, жағымды, жағымсыз мінез-құлықтарды байқайды. Сондықтан ата-ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап зерттеу жағдайын есепке алып отыруы тиіс. Көп жылғы жүргізілген бақылау мен зерттеу жұмыстардың мәліметтеріне сүйенсек, отбасындағы теріс қылықтар мен қиыншылықтар бала балабақшаға келгенде де дағдыға айналады. Әрине, мұндай себептер әр түрлі әсерлерден болады. Атап айтқанда, олар мыналар;

Осындай келеңсіз іс-әрекеттер балаға әсер етпей қоймайды. Осыдан бала психологиясында ауытқушылық пайда болады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін тәрбиеші, бүкіл педагогикалық ұжым ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатып бірлесе отырып жұмыс атқаруы керек.
Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Отбасы балабақшамен бірлесе отыра оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші орта факторларының маңызды кешенін туғызады.
Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыс мазмұны 3 негізгі қызметті құрайды:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет