«Ата-ананың баламен қарым-қатынас құру құпиясы»



Дата27.09.2023
өлшемі19,64 Kb.
#110563
Байланысты:
1 баяндама


Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ психологиялық жұмыстар жөніндегі әдіскері Б. Омарованың «Ата-ананың баламен қарым-қатынас құру құпиясы» тақырыбындағы баяндамасы.

  1. Сәлемдесу

  2. Тақырыппен таныстыру

  3. Негізгі бөлім

  4. Қорытындылау


Алғы сөз.
Қайырлы күн, құрметті қатысушылар! Бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұстаздар!
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға уақытша нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты құнды қасиеттерді бала бойына сіңіре білген жандар, бүгінгі күн Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту» орталығының ұйымдастыруымен Сіздер үшін өткізіліп отырған форумда «Ата-ананың баламен қарым-қатынас құру құпиясы» тақырыбындағы баяндамамды бастауға рұқсат етіңіздер!
Негізгі бөлім.
1. «Ел болам десең бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді, тәрбиелі жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине ол отбасы екені мәлім. Сәби күнінен ананың әлдиімен ақ бесікте тербетіліп, асыл әженің ертегісін тыңдап тәтті ұйқыға батып өскен әрбір қазақ топырағының перзенті жаман болмайтыны анық. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана!
Осы орайда өздеріңізге таныс Бердібек Соқпақбаевтың повесті аясында түсірілген «Менің атым Қожа» балалар фильмінен үзінді көрсеткім келіп отыр.
Бұл повесть 27 тараудан тұрады. Әр тараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Фильмді көрсету себебім балаларға қатысты тәрбиелік және психологиялық тұстары өте көп. Тәрбиелік тұсына тоқталып өтсек, анасы Милаттың жауапкершілігіндегі, әкесі қайтыс болған, анасын Қаратайдан қызғанатын, әжесінің тәрбиесін көрген кішкентай Қожа. Психологиялық тұсы кішкентайынан әкесінің қамқорлығы мен анасының мейіріміне қанбаған өзін-өзі бағалауы қалыпты емес Қожа, сотқар Қожа, ғашық Қожа, тіл алмайтын Қожа, өз өзіне қол жұмсауға бейім Қожа, девиантты мінез-құлықты Қожа, «Түзелемін!» деп қанша тырыссада күш-жігері төмен Қожа т.б тұстары өте көп Қожа.
Дәл осы жағдай қазіргі таңда өзіміздің отбасымызда да орын алуда. Күнделікті күйбің тіршілікпен ұл-қызымыздың тәрбиесіне уақыт бөле алмау әрбір отбасындағы үлкен мәселе. Ал ата-анасының мейірімін көрмеген бала мейірімсіз, ызалы, құрбылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтын, кейде тұйық, шектен жасқаншақ болып өседі. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды болып саналады.
Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін түрлі факторлар бар. Олар балаға жоғары талаптар қою, кемсіту, елемеу, көңіл бөлмеу, өзгенің баласымен салыстыруы, жазалау, түрлі тақырыпта зорлық-зомбылық көруі т.б. жағдайы.
Өміріне өкпелі бала өсе келе қылмыскер, зорлық-зомбылық жасаушы, нашақор, маскүнемдікке бой алдыруы мүмкін. Мұндай жағдайда баладағы өзгерістерді анықтау, түзету, кеңес беру, алдын алу жұмыстарын дер кезінде жүргізген абзал. Ата-ана мектеп ұжымымен тығыз қарым-қатынаста болып, баладағы жай-күйдің алдын алып, болдырмауы қажет.
Бейне ролик «Менің атым Қожа!» (Фильмді көрсету)
2. Қанша заман өтсе де құнын жоймайтын халықпен бірге жасайтын құнды шығармалар болады. Повестті қанша оқысаңда, фильмді қанша көрсеңде «Менің атым Қожа» ешуақытта жалықтырмайды. Повестің психологиялық - тұсы бала тәрбиесі. Бұл қарапайым тілмен жазылған шындықтан туындаған шығарма. Қожа балалықтың бал дәуренінде түрлі оқиғаларды басынан өткізеді. Кішкене ғана қара домалақ қазақтың баласының басынан өткен жағдайларының түп тамырына үңіліп, бала жүрегін эмпатиялы түрде түсінсек осы отырған баршамыздың «Қожа соққы алдың ғой, мен сені түсінемін!»-деп күрсінеріміз анық. Міне осы тұста «Психолог» қажет! Фильмде қазіргідей балаға «Әкең келсе өлтіреді!» деген сияқты сөз тіркестерден тұратын, баланы қорқыту-үркіту арқылы өз әкесін «ТИРАН» етіп көрсету емес, ӘКЕСІ жайлы жағымды тың ақпарат берген, балаға қолдау көрсетіп, сол заманның психологы болған Оспан Рахманович еді. Қожада әкесінің жақсы тұстарын ести отырып, жақсы жаққа өзгеріп, алға ұмтылуды ойлап, сонымен қатар еліктеу, әкесі үшін мақтаныш, сағыну сезімі орын алады. Ал Оспан Рахманович үлкен сенімге ие болады.

  1. – слайд Бейне ролик «Менің атым Қожа!» Уақыты: 23.00-24.05



  1. Келесі қозғалатын мәселе анасы Милатты Қаратайдан қызғануы. Қаратайдың анасына көрсеткен қошеметі баланың көңіліне қызғаныш ұялатып, тағы бір жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына себепкер болады, шешімін «Өлу, өлсем құтыласыңдар!»-деген оймен ұштастырады. Өзін ренжіткен адамдардың бәрінен кешірім сұратып, өзіндегі өкпе ренішті ұмытуға тырысады.

Бейне ролик «Менің атым Қожа!» Уақыты:1:09:52-1:13:55

  1. Құрметті ата-аналар, мұндай итермелеуші жағдайлар түрлері өте көп, сондықтан абай болайық! Осы фильмдегі Қожаның басынан өткен жағдайлардың басқа нұсқалары біздің балаларымызда кездеспесіне кім кепіл? Қалай жұмыс жасау қажет? Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты құрудың құпиясы қандай?

  2. Қорытынды

Бейне ролик «Менің атым Қожа!» Уақыты:1:22:02-1:24:30

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет