Бала мен ата-ананың байланысы бұл қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.
Менің ойымша ата-аналардың көпшілігінің қателігі балалрына жеткілікті көңіл бөлмеу, керекті эмоция бере алмау, сырласпау, баланың ойын елемеу, сөйлеспеу т.б деп ойлаймын.
Бала отбасында тұлға ретінде қалыптаспағасын қоғамда өзінің рөлі қандай екенін білмейді. Соның кесірінен армандай алмайды, қиялына ерік беруге қорқады, көпшілік ортада сөйлеуге қорқақтайды, сабағы нашарлап немесе достары болмауы әбден мүмкін.
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.(Абай) Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.(А. С. Макаренко) Яғни балаға жасында дұрыс қамқорлық көрсетсек Арманы биік нар тұлға болып қалыптасады. Адам баласы баланы қандай жағдайда дүниеге әкелу керек. Бұның өзі ауқымы кең тақырып. Жас отбасыда баланы өмірге әкелмес бұрын дайындық болу керек. Үлкен кісілердің айтуымен құлағымызға бұрыннан сіңіріліп келе жатқан ол Әр бала өз несібесімен деген сөз бар. Иә келісемін бірақ, баланы өсіру үшін тек тамақ, киім қажет емесқой. Сонымен қатар үлкен кісілер өз балаларының өміріне үйлену туралы бұйрық береді. Ертерек үйлен немеремізді көргіміз келеді, маңдайынан искеп, еркелу туралы айтады. Бұл нағыз өзімшілдік деп ойлаймын. Себебі баласынан Болашақ жары туралы, жоспарлары сондай- ақ болашақ балалары туралы сөйлеспейді. Болашақ балаларына отбасына не бере алатынын, не үйрете алатынын сұрастырмайды. Яғни бұл жүйе анау заманнан бар.
Жоғарыда айтып өткендей дайындық керек олар:
психологиялық
моральдық
материялдық дайындық қажет.
Бұл дайындық арқылы бәлкім баланың болашағын алаңсыз әрі жарқын етуге болады.
Балалардың әр бір кезеңін жоспарлап қасында болу үлкен жауапкершілік. Баламен үнемі сөйлесіп ой-өрісін, эмоциясын дамыту керек. Кейде сен үлкенсің саған жылауға болмайды немесе сен батырсың қорқпау керек, қыз баласы қатты күлмейді деп эмоцияны шектеуге қоямыз, бұл эмоциялар туындағанда бала оның барлығын ішіне жинай береді. Бала өсе келе тұйықталып кетуі осы себептен болады.
Адам кімді тәрбиелегісі келсе баласымен дәл солай қарым-қатынаста болу керек.
Балаларда энергия көп болады, олар оны жаңа нәрсе үйрену үшін күнделікті пайдаланады. Мысалы: көрген дүниесін істейді, үй шашып, жыртып, сызып, өртеп, төгіп көреді. Анасы я әкесі екінші істеме деп айтқанмен балаға қызық болуының себебінен неше түрлі дүниені бүлдіріп көреді үйткені ол таным процесінде. Оны көп ата-аналар түсінбеуінен балаға қатты ұрсып, тіпті жазалап жатады. Бұл дұрыс емес себебі балалар белгілі бір жасқа келгенде есі кіріп есейеді яғни өмір бойы бұлай жасамайдығой. Ал оны ұрсқаныңыз, жазаңыз оның өмір бойы түпсанасында қалады. Балаға үнемі қолдау мен сенім керек. Әкелер кимін бүтіндеп, аналары тамағын беру арқылы жақсы көретіндерін білдіреді.Одан бала оны жақсы көруге санамайды. Балаға үнемі мен сені жақсы көремін, қолдаймын, сенің қолыңнан келеді деген сөздерді жиі айта алуыңыз керек. Мен өз тәжірибемде балалардан ата-аналарыңнан қандай жылы сөз естисіңдер дегенде молодец деп айтады. Бұған қуану керекпа, қайғыру керек па? Сендер қандай жылы сөз айтасыңдар десем, олар біраз ойланым үндемейді. Себебі Ата-анамен Бала арасында жылы қарым-қатынас жоқ дегеннің белгісі. Бала тәрбиелеу -бір ұлтты тәрбиелеуғой сондықтан, балаларымыздың материялдық қана емес моральдық жағдайына аса ден қойсақ!