Атқаратын қызметі бірдей және шығу тегі бір, морфологиялық жағынан бір- тектес болып келетін клеткалардың тобын ұлпа деп атайды. 1671 жылы Ағылшын ғалымы Н. Грю мен Италияндық ғалым М. Мальпиги ұлпа ілімінің негізін салған



Дата05.04.2023
өлшемі10,21 Kb.
#79621

Ұлпалар

Атқаратын қызметі бірдей және шығу тегі бір, морфологиялық жағынан бір- тектес болып келетін клеткалардың тобын ұлпа деп атайды. 1671 жылы Ағылшын ғалымы Н.Грю мен Италияндық ғалым М.Мальпиги ұлпа ілімінің негізін салған. Ұлпа туралы ғылым- Гистология деп аталады. Ұлпаларды 6 топқа бөледі: меристемалық, жабындық, негізігі, арқаулық, өткізгіш, бөліп шығарушы.

Арқаулық немесе механикалық ұлпа. Ең жоғарғы беріктігімен ерекшеленетін ұлпа. Өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің тірек, қанқа ретінде рөл атқарып тұрады. Осы ұлпалар қабықшалары қалын, жиі сүректенетін жасушалардан тұрады. Химиялық құрамын қарай механикалық ұлралар екіге бөлінеді: колленхима, склеринхима.
Колленхима-Колленхима тірі, әдетте паренхималық клеткалардан тұрады. Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан органдардың тірегі болып табылады.

Склеренхима. Склеренхима клетка қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық клеткалардан түра- ды. Тек жас клеткалары ғана тірі болады

Негізгі ұлпа. Аты айтып тұрғандай оргаңдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды.

Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады. Негізгі ұлпалардың мынандай түрлері болады.


Меристемалық- екінші аты түзуші ұлпа. Барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Орналасқан жеріне қарай түрі өзгереді.

Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.


Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өсу кезінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады. Өсімдіктің сыртындағы түктері өңнің өсіндісі. Өң өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануы нан қорғайды.
Тоз – көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады. Бұл – су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады.
Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болғанымен тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады. Қыртыстың сыртқы қабаты «жыртылып» біркелкі тегіс болмай сайлы, қабыршақты кедір-бұдырлы болады.

Өткізгіш ұлпа — өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобы. Өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді.


Жоғарғы ағыс жол ол ксилема-өсімдіктің тасымалдау жүйесі. Климаты ксилема арқылы өсімдік тамырына жер үсті мүшелеріне қарай су мен онда еріген минералды тұздар тасымалданады.

Төменгі ағыс- Флоэма проводящая ткань сосудистых растений, по которой происходит транспорт продуктов фотосинтеза к частям растения, в которых он не происходит: подземные части

Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып, қалыңдап тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді.

Ұлпа арқылы клеткалар бірігіп, бірдей бір органдар құрады. Мысалға мәтінді алсақ


жасуша ол сөз, ал сөйлем ол ұлпа. Солайша жасуша арқылы ұлпа, ұлпалар арқылы жүйелі организм құралады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет