Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді



бет1/2
Дата15.02.2023
өлшемі21,38 Kb.
#68195
түріСабақ
  1   2

1Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді. 
Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы.
1. Түзуші ұлпа (меристема, грекше «меристос» – бөлінетін, бөлуші) барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде (сабақ, тамыр ұшында, жас жапырақтың негізінде және т. б.) кездеседі. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіреді. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі.
2. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.
Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өсу кезінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады. Өсімдіктің сыртындағы түктері өңнің өсіндісі. Өң өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануы нан қорғайды.
Тоз – көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады. Бұл – су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады.
Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болғанымен тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады. Қыртыстың сыртқы қабаты «жыртылып» біркелкі тегіс болмай сайлы, қабыршақты кедір-бұдырлы болады. Мұны (емен, қарағаш, шаған) жуан ағаштардың қабығынан көруге болады. Қалың қыртыс ағаш діңдерін өрттен, температураның күрт ауысуынан, күн сәулесінің күйдіруінен, зиянды микробтардан қорғайды. Қыртыс жыл сайын тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет