Аты-жөні: Уркунчинова Назгуль Маркленовна Байланыс телефоны



Дата08.04.2023
өлшемі25,67 Kb.
#80663

Аты-жөні: Уркунчинова Назгуль Маркленовна
Байланыс телефоны: 87774281626
Электронды почта: nazgul.m76@mail.ru
Жұмыс орны: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «45 орта бейіндік мектебі» КММ
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.

Аннотация
Мақалада әдебиетіміздің жауһары – жыраулық кезең әдебиеті мен жыраулардың ел тағдырындағы орны сөз етілген. Тәуелсіздігіміздің түп тамыры жыраулық кезеңмен тығыз байланысты екендігі алға тартылып, от ауызды, орақ тілді шешендердің ел тағдырындағы елеулі орнына айшықты дәлел келтірілген.

В статье рассматривается шедевр литературы – история литературы жырауского периода и его место в судьбе страны. Было отмечено, что корни нашей независимости тесно связаны с эпохой жырауской литературой, и есть явные свидетельства значительного места чеченцах в судьбе страны.



The article discusses the masterpiece of literature - the history of the period and the place of the country's destiny. It was noted that the roots of our independence are closely connected with the era of pheasantry, and there is a clear evidence of the significant place of the fire-speaking Chechens in the destiny of the country.

Қазақ жырауларының ел тағдырындағы орны
Бүгінде тәу еткен тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Дегенмен, ел аңсаған егемендік бізге оңай келмеді. Жоңғардың шапқыншылығына жұдырықтай жұмылып, жан берісіп, талай жыл бодан болып, бостандықты көздеген қазақ халқымыз отаршылдықтың отына күйіп, азапты аштықты да, сұрапыл сұм соғысты да бастан кешірді.Егемендік үшін ерлік жолында әлі де үні жаңғырып тұрған “Желтоқсан оқиғасы ” елеулі орын алды. Ал дәл осы тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-сонау Қазақ хандығынан бастау алады десем қателеспеспін.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін,Ұрыс ханның ұрпақтары, қазақтың ұлы хандары-Керей мен Жәнібек егемен мемлекеттің алғашқы іргетасын қалады. 1465 жылы Шу бойындағы Қозыбасыда тігілген байрағымыз қазақ халқының жеке хандық болып қалыптасқанының дәлелі. Хандықты нығайту жолында қазақ хандары, халқы талай оқиғаны бастан өткерді. Сол заманда хан қасында ақылшы қариялар, от ауызды, орақ тілді билер, қол бастаған батырлар болды. Қазақ хандығы құрылған XV ғасыр қазақ тарихында елеулі оқиғаларға толы. Дербес ел болып құрылғаннан кейін, ұлт ретінде танылуымызға жол ашылды. Мәселен,кей деректерде қазақтың төл әдебиетінің бастауы- XVғасыр деп көрсетіледі. Шынымен, сонау сан ғасырлық тарих сахнасына көз жүгіртсек хандық заманы әдебиетіміздің жанданып тұрған кезі еді.Бұл кезекте, халықтың мұңын жырлап, жоғын жоқтаған,ел мен елді,хан мен халықты бітістіріп отырған жырауларды тілге тиек ете кеткеніміз жөн. Біздің ұлт болып қалыптасып,ұлттық мүддеміздің дамуында дәл осы жыраулардың философиялық ой толғамдары негіз болды. Жыраулар тек ғана тарихи оқиғаны жырлап ғана қоймай, болашаққа болжамын айтып отырған көріпкел де болған. Толғау ,жырлары қазақ халқының өмірінен, салт-дәстүрінен хабар беріп, руханиятымыздың дамуына түрткі болды.Бұл жайлы Х.Досмұхамедов: “Қазақтың жеке өмірінің барлық сәттері-туғаннан бастап, өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады”,-деген [1].
Қазақ әдебиетінде жыраулар поэзиясын үш кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең: ХІ-ХІV ғғ. Жыраулық дәстүрдің негізі қаланған кезеңі. Бұл кезеңде біз Кетбұға, Қорқыт, Аталық, Сыпыра, Қодан тайшы сынды жырауларды айта аламыз. Аталмыш кезең жыраулық поэзияның тамыры жайылып, таралған алғы кезеңі. Бұл кезеңде ең алдымен жыраулық мектептің негізін салушы-Сыпыра жырауды жаза кетейін. “Қазақтың алтын ғасырынан” (Шоқан Уәлиханов) жетіп отырған эпикалық сарындағы жырлардың авторы тарихи оқиғаларды толғап, ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. «Өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен » Сыпыра жырау халық тағдырында елеулі орын алды. Хандар мен батырларды тегеурінді жырларымен бітістіріп, ақыл-кеңесін беріп отырды. Бұған Ә.Марғұланның мына бір сөзі дәлел. “Тоқтамыс пен Едіге айтысып жүргенде жүзге келген Сыпыра жырауды Тоқтамыс күймелі арба жіберіп, Маңғыстаудан Сарайға алдырып, оның кеңесін тыңдайды”. Бұдан шығатын қорытынды ел билеген ханның өзі,ел бірлігін мұрат еткен дана жырауларды құрмет тұтқан. Жыраулардың ел тағдырындағы тағы бір маңызды орын алған себебі, ел қорғаған батырлар жайлы құнды деректерді қалдыруында. Мысалы, Дешті Қыпшақтың әйгілі жырауы қазақ халық тарихындағы елеулі тұлға Қобыланды батыр жайлы толғау, жырларына қосып жазған. Қобыланды дүниеден өткеннен кейін,жаугершілік заманда ел басына қара бұлт үйірілгенін, қорған болған батырсыз жауды жеңе алмайтынына өкініш білдірген жырау сөздері бүгінде бізге жетіп отыр. Бұны С.Сейфуллиннің “Қазақтың ескі әдебиеті” кітабынан таба аламыз[2].
Ей, жігіттер, шоралар,
Он сан ноғай бүлгенде,
Саназар батыр жауынан
Жаралы болып келгенде,
Алаш, алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Аязды қыста айырылдық
Арасат оты жанғанда,
Хан қашып, би қуғанда,
Хан Тоқтамыс қорланып,
Байтағым деп зарланып,
Айтып жылай жөнелді.
Сап-сап жүре, сап жүре,
Сай азамат қосылып,
Жауды жайпай ала алмас,
Қара қыпшақ Қобыландым,
Сен секілді ерден соң.
Осылайша ел басына күн туғанда, жұбаныш бола білген жыраулар ел тағдырында да , тарихында да ойып тұрып орын ала білді.
Екінші кезең: ХV-ХVІ ғғ. Жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Ер Шобан сынды жыраулар қазақ әдебиетінің төрінен орын алды. XV-XVI ғасырлар хандық дәуірдің алғашқы кезеңдері болғаны мәлім. Сол себепті, бұл заманда жыраулар жырларының басты тақырыбы - ел бірлігі, азаттық, ерлік, батырлық жайында болғаны хақ. Асан қайғы бастаған жыраулар тобы хан ақылшысы,халық жанашыры бола білді.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін, сеңдей соғылған халық тағдырына уайыммен қараған Асанның “қайғы” аталуында да үлкен мән жатыр. Халқы үшін жер аралап, “Жерұйықты” іздеген ел қамқоры, қиын сәтте халықтың ғана емес, ханның да қасынан табылды. Сол заманда Жәнібек ханның ақылшысы болып, бағыт -бағдар бере отырды. Асан қайғы философиялық ой толғам жырларымен халыққа қанат бітіріп, адамдық ізгі қасиеттерді де дәріптеп отырған. Ел басқарған хандардың әділетті болуын, ел қорғаған батырдың адал болуы қажеттілігін алға тартады. Осылайша,ханның қатесін түзеп, халықтың тағдырын ойлаған ұлы тұлға болды.
Жырау - өткір тілді, шешен болып ғана қоймай, қолына қару ұстаған батыр да бола білген. Бұл тұста елі үшін еміренген Қазтуған жырауды айта аламыз. Жыраудың жырларынан еліне деген ыстық махаббатты аңғару қиын емес. Ел тағдырында елеулі жырларымен, ерен еңбектерімен есте қалған жорық жыршысының “Алан да, алаң ,алаң жұрт” атты толғауы сол заманғы халық атынан шығарылғандай.
Алаң да, алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт.
Ботташығы бұзаудай,
Боз сызаны тоқтыдай,
Балығы таудай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған.
Қайран менің, Еділім,
Мен салмадым, сен салдың
Қайыр болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!…
Бұнымен, жырау туған өлкесін қимаса да, батырларша рух көтеріп толғайды.
Алтын Орда билеушісі Би Темірдің ақылшы-кеңесшісі болған Шалкиіз жыраудың да ел тағдырында алған орны ерекше. Ел бірлігін сақтауды мақсат еткен жырау-халыққа үлгі, өсиет сөздерін де жырлаған.
Үшінші кезең: ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңі, гүлдену дәуірі. Өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Марғасқа, Тәтіқара, Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Көтеш атты ақын, жыраулар шоғыры.
Аталмыш кезең жоңғар шапқыншылығының нағыз өршіп тұрған заманы. Бұл заман қазақ әдебиетінде ел қорғаған батырлар жайлы түрлі жырлардың шыққан кезеңі болып табылады. Мысалға, XVIII ғасырда өмір сүрген Үмбетей жырау шығармашылығын айта аламыз.
Үмбетей жырау - елдің ерлігін жырлаған, эпик ақын. Өз заманында қалмақтарға қарсы тұрып, хандық пен халықты жаудан аман сақтап отырған батырлардың ерлігін ел есінде қалдырып, хан алдында да олардың мәртебесін көтеріп отырған. Бұл- жырау жырларының негізгі өзегі болып табылады. “Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіру” атты жырында жыраудың хан алдында қаймықпай ашты да болса шындықты сөз еткенінен-ақ Үмбетейдің нағыз әділдіктің ақ туын көтерген жырау екенін аңғарамыз.
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан,
Қашпаған қандай ұрыстан
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай –
Абылай, сенің тұсыңда
Сол бесеуі болыпты-ай!
Кейі батыр, кейі би,
Тәңірім берген сондай сый,
Ұмыттң ба соны, Абылай!
Осылайша батырларды жырына қосқан жырау ,олардың ұмытылмас ерліктерін дәріптеген.
Халық тағдыры үшін ханға батыра сөйлеп, ел мүддесін қорғай білген жыраулардың қатарында-Жиембет жырау да бар. Есім ханның есімін жырына қосқан жырау, қолына найза ұстаған батыр да болған.
Үшінші кезеңнің ең көрнекті өкілі Бұқар жырау деп білемін. Себебі,өмір сүрген дәуірі дәл қалмақтар қысымының шарықтап тұрған кезеңі болды. Осындай сәттерде елдің, ел билеген хандардың қасынан табыла білді. Әз Тәуке, Қайып, Болат, Сәмеке, Әділмәмбет, Күшік, Әбілқайыр, Барақ, Абылай хан секілді тоғыз ханның тұсында мемлекет ақылшысы болды. Жырларының басты тақырыбы - халық жағдайы. Саяси, азаматтық, әлеуметтік мәселелерді қамтыған терең ойлы тұжырымдары хандардың ел басқаруында бағыт-бағдар бола білді. Елдің бірлігі болғанда ғана,хандықты сақтап қалуға болады деген оймен халыққа да,хандарға да өз ақылын айтып отырған. “Шашырып жатқан хандар көп,шашауы жатқан малдар көп” деп отты сөздерімен елдің ақысын жеген басшыларды сынайды. Айналасына бар жақсыларды топтастыра білген жырау -нағыз саясаткер десем де артық кетпеспін. Абылай ханның тұсында үш жақты саясатты ұстанған ханға барынша қолдау болып, ақылын аямады. Өзінің өткір тілімен хандықты да, халықты да бір тудың астында сақтап тұра алды. Жыраудың ел бірлігін мақсат тұтқанын мынажыр жолдарынан байқай аламыз.
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен
Көлден көлге қоныңыз.
Байлар ұғлы шоралар
Бас қосыпты десін де,
Маң-маң басып жүріңіз,
Байсалды үйге түсіңіз.
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!
Халық тағдырында ерекше мәні бар “Елім –ай”әні баршамызға мәлім шығар. Міне, сол қасіретті заманда елдің мұң зарын әнге қосып, бүкіл қазақ даласын тебіренткен әннің авторы Қожаберген жырау. Дегенмен, бұл туынды авторы белгісіз деп таралған болатын. Бұл туынды оқи келе, Қожаберген жыраудың тек азулы ақын ғана емес, тарихшы екенін де байқаймыз. Себебі, осы ән арқылы халыққа тарихтың өшпес беттерін қалдырды.
Сонымен, сөзімді қорытындылай кетсем, әр кезең жырауларының қазақ адәбиет тарихында, халық тағдырында алатын орны ерекше.Ел үшін еңбек етіп, бүгінгі күнде бізге рухани мұра қалдырды. Қарап отырсам, егерде осындай ел бірілігін мұрат тұтқан, дана тұлғалар болмағанда, алғашқы дербес мемлекетіміз, қазақ хандығы, төрт ғасыр жасар ма еді?

Пайданылған әдебиеттер:



  1. https://kazgazeta.kz/news/4194

  2. С.Сейфуллин “Қазақтың ескі әдебиеті”

  3. «Бес ғасыр жырлайды» көп томдық жинақ.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет