Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы Сағыз орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Даулетбаева Жулдыз Дуйсеновна «Ахмет тағылымы»



Дата26.02.2023
өлшемі15,96 Kb.
#69970

Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы Сағыз орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Даулетбаева Жулдыз Дуйсеновна
«Ахмет тағылымы» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының өту барысы:
...Күңірене шыққан күй әуені. Сахнада оқушы Ахметтің ролінде, ақынның «Маса-сөз иесінен» өлеңін оқиды. (сахнада музыка үні әуелейді де бәсеңдейді) 1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы...Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағаты Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өміржолына арналады.
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы...
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А:В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
Ақынның өлеңдері оқылады.
Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.
Сот үрдісінен көрініс
ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!
( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)
Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...
Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамның қуылмаған.
Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайра шығады)
Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары-көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.
Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,
Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.
-Ахаң-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
-Әрине, ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен тәмамдаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет