Атомдық физика есептері



Дата12.05.2023
өлшемі16,31 Kb.
#92191

Атомдық физика есептері



  1. Рентген сәулелерін бақылайтын құрылғы берілген. Кристалл айналғанда ол сәуле фотопластинкадан шағылады, Вульф-Брегтер теңдеуін қанағаттандырады. Толқын ұзындығы 20пм. Кристал торының тұрақтысы 303пм. Кристалл мен рентген сәулеснің шоғының арасындағы ең кіші бұрышы неге тең екенін табыңыз.

  2. Бірдей 100эВ кинетикалық энергиясы бар, уран атомының, протонның және электронның дебройльдық толқын ұзындығын табыңыз.

  3. Бақылау нүктесі толқын фронтынан b=1м қашықтықта орналасқан. Жазық толқын үшін Френельдің r5 бесінші зонасының радиусы есептеңіз.

  4. Анықталмаушылық қатынасты пайдаланып, сутегі атомының энергетикалық деңгейлерінің анық еместігін табыңыз. 1) негізгі күйлер үшін, 2) қозған күйлер үшін (оның өмір сүру уақыты 10-8с)

  5. Фотоннан сәулеленген атомның толқын ұзындығы 0,6 мкм. Қозған күйдегі өмір сүру уақытын 10-8 с деп алып, сәулеленген атомның энергиясына қатысты, энергетикалық деңгейдің табиғи еніне қатынасын табыңыз.

  6. Сутегі атомындағы r2 екінші және r3 үшінші орбиталардың радиусын есептеңіз.

  7. Сутегі атомының екінші орбитасындағы электронының v жылдамдығын анықтаңыз.

  8. Үшінші энергетикалық деңгейден екіншісіне өткендегі сутегі атомындағы электронның өтуі кезіндегі шығарылатын фотон энергиясын анықтаңыз.

  9. (Бальмер сериясы) сутегі спектрінің көрінетін сериясындағы фотонның минимал және максимал энергияларын анықтаңыз.

  10. (0≤х≤а) а ені бар, бірөлшемді шексіз терең потенциалдық шұңқырда орналасқан, (шексіз терең шұңқыр дегеніміз, бөлшектің потенциалдық энергиясы шұңқырдың ішінде 0-ге тең, ал шұңқырдың сыртында шексіз болады)массасы m бөлшектің энергиясының мәнін және пси-функциясын табыңыз.

  11. t=0 уақыт моментінде еркін электрон күйі мынадай функциямен өрнектеледі ψ(х,0)=A*exp (-x2/2a2 +ik0x)

Бөлшектің А-коэффициентін және локолизация облысын табыңыз.

  1. Рентген трубкасына берілген потенциалдар айырмасы: 1) 30кВ; 2) 50кВ болған жағдайлардағы үздіксіз рентген спектрлерінің қысқа толқындық шегін табыңыз.

  2. Үздіксіз режимде жұмыс істейтін гелий-неон газ лазері қуатын 40 мВт-қа жеткізіп, толқын ұзындығы 630 нм монохроматты жарық сәулесін береді. Лазер 1 секунд ішінде неше фотон шығаратынын табыңыз.

  3. Толқын ұзындығы λ=0,486*10-6м фотон атомнан шығару кезінде сутегі атомындағы электронның кинетикалық энергиясы неге тең екенін табыңыз.

  4. Де Бройльдық толқын ұзындығы 1нм-ге тең болу үшін протонның потенциалдар айырымы қанша болатынын табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет