Қатты дененің айналысы. Күш моменті



Дата07.05.2023
өлшемі87,78 Kb.
#90870

Қатты дененің айналысы. Күш моменті

Дайындаған:Мамадалиева Дурдона

Қабылдаған:Шектибаев Нұрдаулет

Тобы:ЖФИ-211

Қатты дененің айналысы

Қатты дененің айналмалы қозғалысы - берілген санақ жүйесінде денемен өзгермейтіндей болып бекітілген түзудің бойында жатқан барлық нүктелері тыныштық қалпын сақтайтын дене қозғалысы. Осы түзуді айналу осі дейді.

Күш моменті

Күш Моменті — Күштің Әсер Ету Сызығынан Күш Әрекеті Қарастырылатын Өске Дейінгі Ара Кашықтығымен Күштің Көбейтіндісіне Тең Шама.

Күш моментінің формуласы:

Күш моментінің формуласы : M=F×d.

M=күш моменті ; F=күш;d=күш иіні. Өлшем бірлігі : Н*м

Күш иіні – айналу осінен күштің түсу

нүктесіне дейінгі аралық

Моменттер ережесі: айналатын дененің тепе‒теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттердің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болу керек. Екінші сөзбен айтсақ: дененің сол жағындағы күштердің моменттерінің қосындысы дененің оң жағындағы күштердің моменттерінің қосындысына тең болу керек. Жай механизмдер. Күшті түрлендіру үшін қолданылатын тетіктер жай механизмдер деп аталады. Олар: иінтірек (рычаг), блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұрама (винт). Иінтірек дегеніміз – жылжымайтын тіреуден айнала қозғала алатын қатты дене. Тіреу нүктесімен күштің иінтірекке әсер ету бағытын көрсететін түзудің ең қысқа арақашықтығы күштің иіні деп аталады. Иінтірекке әсер ететін күштер осы күштердің иіндеріне кері пропорционал болғанда ғана иінтірек тепе-теңдікте тұрады: , мұндағы F1,F2 – иінтірекке әсер етуші күштер; ∣1,∣2 – осы күштердің иіндері.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет