Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#7429
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Абай шығармалары Шәкәрімнен кейін іліп әкетіп, әрі қарай дамытқан – Ахмет 
Байтұрсынұлы.  Ахмет  Байтұрсынұлы  –  қазақ  әдебиетінде  Абайдың  азаматтық  үнін, 
ұлтжанды  сезімін  барынша  күшейтіп  дамытқан  ақын.  Абай  сияқты  Ахмет 
Байтұрсынұлы да «халқым», «жұртым», «елім» деуден танбайды. Ахмет ұстазы Абайға 
еліктеп,  дәл  «Сегіз  аяқ»  өлеңінің  үлгісінде  «Жиған-терген»  деген  өлең  жазады.  Бұл 
өлеңі арқылы ақынның Абаймен өнер жарысына түскені білінеді. А.Байтұрсынұлының 
«Жұртыма»  атты  өлеңі  Абайдың  «Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жұртым»  өлеңімен 
сарындас. Бұл өлеңдегі ақынды толғандыратын мәселе  – халқының қолынан биліктің, 
басынан  бірліктің  кеткені.  Сондықтан  жұртының  тағдыры  ақынды  көп  алаңдатады. 
Жұртын жан-жаққа бытырап ұшқан шуылдаған қарғаға теңейді, елін қоян жүрек қорқақ 
етіп бейнелейді. 
Абайдан  соңғы  ақындардың  ішінен  Ж.Аймауытұлы  М.Дулатұлын  ерекше  атап, 
оның  ақындық  өнеріне,  өлеңдерінің  күшті  қуаттылығына  жоғары  баға  береді. 
«Міржақыптың  көркем  әдебиеттегі  ұстазы  –  Абай.  ...Ахмет,  Міржақыптар  алғаш 
қолдарына қалам алып, әдебиет майданына құтты қадамдарын бастаған шақта, олардың 
көз  алдында  адастырмас  жарық  жұлдыз  –  Темірқазық  –  Абай  тұрды»,  деген 
Қ.Мұхамедханұлының пікірі А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлының Абайды өздеріне ұстаз 
санап, үлгі тұтқандығын анықтайды [4, 184-б.].  
Ақындық  өнерінде  өзінің  рухани  ұстазы  Абай  шығармаларын  дамытып,  қазақ 
поэзиясын тың өрнектермен, жаңа айшықтармен байытқан, поэзия әлеміндегі ірі тұлға 
–  Мағжан.  Мағжанның  ақындық  қадамында  Абайға  еліктеп  көп  өлең  жазғаны  туралы 
ғалым  Ш.Елеукенов  Абайды  ұстаз,  Мағжанды  шәкірт  деп  танытады.  Ғалымның 
айтуынша:  «Мағжанның  Мағжан  Жұмабаев  сынды  ақын  болып  қалыптасуы  алдында 
Абайдай  алыптың  тұрғандығы»,  -  деген  сөзінен  екі  ақынның  әдеби байланысын  анық 
аңғаруға болады [5, 16-б.]. 

214 
 
Мағжан  Абай  шығармаларын  негізінен  азаматтық  сарындағы  өлеңдері  мен 
табиғат,  махаббат  тақырыбындағы  сыршыл  лирикасында  өрістетті.  Абай  өлеңдерінде 
кеңінен  сөз  болатын  елде  етек  алған  ұрыс-керіс,  дау-жанжал,  талас-тартыс,  барымта 
Мағжанның    «Жатыр»  атты  өлеңінде  жалғасын  тапқан.  Абайдың  халқын  өнер  мен 
білімге  шақырған  ағартушылық  идеясын  Мағжан  «Қазағым»  атты  өлеңінде  қостайды. 
Ағайынға  тату-тәтті  өмір  сүріп,  надандықтан  қашып,  жиылып  қала  салып,  болашаққа 
өркениетке қарай ұмтылуды қажет деп санайды. Осыған ұқсас Мағжан «Сорлы қазақ» 
деген өлеңінде қазақты мандытпай түбіне жетіп отырған надандық жайлы сөз қозғайды. 
Оқу  мен  білімнің  жолына  малыңды  аямай  төгіп,  балаңды  оқыт  деп  Абай  айтқан 
талапты  Мағжан  да  елінің  алдына  қояды.  Өнер-білім  іздеп,  елін  көгертер  ер  жігітке 
лайық мінез бен қасиеттерді атап, Мағжан «Өнер-білім қайтсе табылар» атты өлеңінде 
нақтылай  түседі.  Бұл  Абайдың  «Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат»  атты  өлеңімен 
сарындас.  Мағжан  Абай  дәстүрін  мазмұны  жағынан  ғана  емес,  формасы  жағынан  да 
дамытқан.  Абайдың  «Сегіз  аяқ»  өлеңінің  формасы  Мағжанның  «Өлең»  деген 
туындысында кездеседі.  
 
Қорыта айтсақ, Абай шығармаларының жалғастығын зерттеу барысында, 
оларға ортақ мына мәселелерді анықтадық: 
–  жоғарыда  аталған  ақындардың  шығармашылығымен  Абайдың,  әсіресе, 
азаматтық сарыны, қоғамдық пікірлері, саяси-әлеуметтік көзқарастары ұштасып жатыр. 
–  Абайдың  халқым,  елім,  жұртым  деп  соққан  жүрегіндегі  ұлтжандылық, 
азаматтық үні Алаш ақындары поэзиясында өрістей түсіп, өлеңдері ХХ ғасыр басында 
қазақ еліне ұран болып тарады. 
–  Абай  шығармасында  сөз  болып,  ащы  сынға  ұшырайтын  қазақ  халқының 
отаршылдық  езгіде  отырған  ауыр  тағдыры  Алаш  қаламгерлері  шығармаларында 
өрістей түседі. Халқының қамы үшін зар шегіп, осы бұғаудан шығуға жол іздейді.  
–  Абай  поэзиясында  да,  Алаш  қаламгерлері  шығармаларында  да  халқының 
қайғылы  трагедиясынан  алып  шығар  жол  деп  тапқаны  –  жұртының  көзін  ашып,  оқу-
білімге шақыру, өнер мен мәдениетке үндеп, өркениетке нұсқауы. 
–  Абай  шығармаларындағы  болыс-билер  мен  атқамінерлердің  жағымсыз 
әрекеттері,  елге тізесін батырып отырған  қылықтары Алаш ақындары поэзиясында да 
әшкереленеді.  Абай  заманындағы  ел  іргесінің  сөгітіліп,  бірлігі  кеткен  халі  ХХ  ғасыр 
басында да еш өзгеріске түспей, тіпті алашапқын аумалы-төкпелі кезеңге тап болғаны 
ақындардың  өлеңдерінде  реалистік  шындықпен  көрініс  табады.  Халқының  қамын 
ойлап, елін бастап шығар нағыз қайратты ұлды, кемеңгер басшыны армандайды. 
–  Абай  өлеңдерінде  сөз  болатын  ұрлық,  өсек,  ұрыс-керіс,  барымта  сияқты  ел 
ішін жайлап, қазақтың аяғын шалған кемшіліктер Алаш ақындары өлеңдерінде де өткір 
сөз болады. Олар халқының өз ішіндегі ауыр халіне жүрегі ауырып, елді түзеу жайын 
ойлайды. 
Абай шығармаларындағы ақындардың, қаламгерлерін  біріктірген ортақ мақсат: 
біріншіден,  олардың  бәрі  де  қазақ  халқының  қамын  ойлап,  ұлттық  тәуелсіздігін 
көксеген, ел еңсесін көтеруді мақсат еткен; екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары 
елін, халқын жетілдіру, сауатын ашып, басқа халықтармен терезесін тең ету еді.  
Абайдың музыкалық шығармаларының мазмұнын оқушыларға тереңдете оқыту 
арқылы тәрбие беруді ұйымдастыру-бұл тек оның өмірбаянын айтып шығу мен әндерін 
орындау  емес.  Шын  мәндегі  тәрбие  оның  шығармаларының  талдау  арқылы  түпкі 
пікірін,  негізгі  ой  жүйесін  әннің  әуені,    күйсарынымен  байланыстыра  ашып  көрсету. 
Міне сонда ғана оқушылар оның  шығармаларының өмірлік мәнін ұғына алады деген 
ойдамыз. Бастауыш сынып оқушыларына ақын шығармалары арқылы тәрбие беру-бұл 
әр түрлі іс-шаралар арқылы болашақта мектепте осындай жұмыстарды ұйымдастыруға 
даярлау деп қараған жөн.  

215 
 
 
Әдебиет 
1.
 
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан 
жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ  17.01.2014  Posted  on 
17.01.2014/Leave a comment  
2.
 
Төретаева  Г.Абай  Құнанбаевтың  дидакғтикалық  ой-пікірлері.//Автореф  канд. 
дисс, Алматы,  2005 26б 
3.
 
Узакбаева  С.А.  Эстетическое  воспитание  в  казахской  народной  педагогике. 
Автореф, док, пед. наук Алматы, 1993, 46 с. 
4.
 
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 2005, 15 б. 
5.
 
Абай  Құнанбайұлы.  Шығармаларының  екі  томдық  толық  жинағы.  –  Алматы: 
Жазушы. – Т.2: Өлеңдер мен аудармалар. – 2005 – 336 б. 
 
 
ӘОЖ  373.2:78 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ КӨРКЕМ 
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Д. Муслимханов 
Семей  қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік универитеті, П - 143 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Н.К. Султанова – музыкалық білім кафедрасының доценті
қауымдастырылған профессор, п.ғ.к. 
 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі 
мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. 
Сондықтан  ұстазға  жүктелер  міндет  ауыр"  деген  болатын.  Өмірдегі  көп 
мамандықтардың  ішінде  жан-жақты  білімділікті,  икемділікті,  шеберлікті,  ерекше 
шәкіртжандылықты,  мейірімділікті  қажет  ететін  мамандық  та  –  ұстаздық  мамандық. 
Олай  дейтінім,  мұғалім  еңбегі  біріншіден,  адамзат  қоғамы  тарихында  жинақталған 
ғылым  негіздерінен  білім  беруге  тиіс  болса,  екіншіден,  үнемі  шәкірттерімен  қарым-
қатынаста  болып,  білсем,  үйренсем  деген  бала  арманы  мен  оның  сырлы  тағдырына 
басшылық  етуді  мойнына  алған  маман.     Бүгінгі  ұстаз  шәкіртіне  ғылым  негіздерінен 
мәлімет  беріп  қана  қоймай,  оны  дүниежүзілік  білім,  ақпарат,  экономика  кеңістігіне 
шығуға,  яғни  қатаң  бәсеке  жағдайында  өмір  сүруге  тәрбиелеуі  керек.  Ол  нағыз 
ұстаздың  ғана  қолынан  келеді.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу,  арындай 
таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін 
шексіз  сүйетін  адам.Осы  іске  деген  қызығушылық  пен  сүйіспеншілік  қана  оны  небір 
қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, 
бірнеше  жас  жүрекке  мәңгі  ұстаз  болып  қалады.  Ұстаздың  осыншама  қадір-қасиет, 
құрметке  бөленуі  өзін  қоршаған  орта  мен  әрбір  шәкіртіне  асқан  сезімталдықпен, 
жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім 
киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-
анаға  да,  жұртшылыққа  да  өнеге.  Ұлы  ағылшын  ағартушысы  Уильям  Уорд:  Жай 
мұғалім  хабарлайды,  Жақсы  мұғалім  түсіндіреді,  Керемет  мұғалім  көрсетеді,  Ұлы 
мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен 
ұтқырлықты,  сан  қырлы  шығармашылық  қызмет  пен  өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі 
ұйымдастыру  жағдайындағы  біліктілікті  қажет  етеді.  Өйткені  қазіргі  жас  буын  - 
еліміздің келер күнгі келбеті.  

216 
 
Бұл  жөнінде  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев:  «Ғасырлар  мақсаты  – 
саяси-экономикалық  және  рухани  дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын,  ізгіленген  ХХІ 
ғасырды  құрушы  іскер,  өмірге  икемделген,  жан-жақты  жеке  тұлғаны  тәрбиелеп 
қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады?!  [1].  
Ол  үшін  бүгінгі  оқу  үрдісіне  сай  педагогикалық  шеберлік  қажет.  «Педогогтік 
шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы 
жазылған  дайын  қағида  жоқ,  болуы  да  мүмкін  емес.  Адамның  өзіне-өзі  өмір  бойы 
қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін 
сол  мәңгі  сұрақтың  бірі  де  біре-гейі  -  Мұғалім  деген  кім?  Алдымен  осы  сұрақтың 
жауабын  тағы  да  бір  айқындап  бағайық.  Мұғалімге  тән  ең  бірінші  қасиет  –  баланы 
құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, 
құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.  
Ал,  ХХІ  ғасырдың  нағыз  ұстазы  қандай  болмақ  керек?  Әрине,  ол  өз  кәсібінің 
майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса 
да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай 
қиялды  адамға  тән  қасиет.  Сондай-ақ  ұстаз  күнбе-  күнгі  өзінің  көп  қырлы  еңбегінде 
мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап 
және  оның  оң  шешімін  табуға  дайын  болуға  тиіс.  Сондықтан  да  ұстазды  әр  баланың 
жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының 
мүсіншісі деуге болады.   
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы 
да,  екіншісі  –  жоғары  беделді  адамдарға  ықпал  етуші  дана  адам.  Мектептегі  ұстаз  – 
баланың  екінші  ата-анасы,  болашаққа  айқын  жол  сілтер  ақылшысы.  Оның  мейірімге 
толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім 
мен  ақыл,  ойының  қуаты  талай  тентекті  жуасытып,  небір  еркені  сабасына  түсіреді, 
тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған 
сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.  
Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық 
еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр 
шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен 
адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!  [2]  
Қазіргі  білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдында  тұрған  басты  проблема  – 
жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің 
бәсекелестік  жағдайында  халықаралық  деңгейде  өзара  кірігу  үрдістерінің  жандану 
дәуірі  де  болғандықтан,  білім  –  пайдалы  инвестиция  саласы  ретінде  еліміздің 
экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 
Елбасымыз:  "Біз  білім-ғылым  саласында  бәсекеге  қабілетті  болмасақ,  өз 
мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен 
басталады”, - деген болатын?!  [3].  
Қазіргі  заман  мұғалімі  –  рухани  дамыған  әрі  әлеуметтік  тұрғыдан  есейген, 
педагогикалық  құралдардың  барлық  түрлерін  шебер  меңгерген  білікті  маман,  өзін-өзі 
әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл 
тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.  Олай болса  «Музыка мұғалім 
идеалы  -  білімнің  құндылығын  айқын  түсінетін,  «мәдениеті  жоғары  адам»,  өз  пәнінің 
жетік  шебері,  педагогика  мен  психологияны  терең   меңгерген,  жеке  тұлғаға  
бағытталған  педагогикалық  әдістерді   қолдана  алатын,  өзін  жеке  тұлға   ретінде 
дамытып,   рухани  өсуге  қажеттілігі  мол  болуы  тиіс  деп  ойлаймыз.  Осы    жоғарыда 
аталған  сөзді  толықтыра  келе  біз  мынадай  сурет  арқылы  «Қазіргі  заман  мұғалімі» 
үлгісін жасадық:  

217 
 
Қазіргі 
замандағы 
музыка мұғалімі 
Сын 
тұрғысында 
ойлауды 
дамыту
Жобалап 
оқыту
Деңгейлеп 
саралап 
оқыту
Қабілетті 
оқушылармен 
зерттеу 
жұмыстары
Жаңа 
ақпараттық 
технология 
енгізу
Салауатты 
өмір сүру 
бағдарлама-
сын оқыту 
  
 
Сурет  1. Қазіргі заман мұғалімі 
 
Сонымен  бірге  қазіргі  заман  мұғалімінің  кәсіби  білігін  шыңдаудың  үздіксіздігі 
оның  шығармашылық  қабілетінің  дамуының  кепілі  және  өзіндік  жеке  педагогтік 
тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.  
Ұстаздың  кәсіби  шеберлігінің  негізі,  біріншіден,  мұғалімнің  өмірге  көзқарасы, 
оның идеялық нанымы. Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін 
жан  жақты,  терең  дайындықпен  баруы,  оқуышлар  бойына  әдеп,  әдет,  дағды  сияқты 
жақсы  қасиеттерді  сіңіруі,  моральдық  нормаларды  білуі.  Үшіншіден,  оқыту  мен 
тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін міндетті түрде меңгеру.  
Сондықтан  да  ұстаз  алдындағы  басты  міндет  ХХІ  ғасырдың  есігінен  еркін 
енетін,  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  төл  мәдіниетін  құрметтей  білетін,  рухани 
дүниесі  бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық  мәдениеті, 
білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу 
Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу,  арындай  таза  ұстау  -  әр  мұғалімнің 
борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.  
Олай  болса,  педагогикалық  компетенттік  деп-  ұстаздық  қызметті  атқаруға 
жеткілікті  білім,  білік,  тәжірибе  дәрежесін  сипаттайтын,  жоғары  мектеп 
оқытушысының  іскерлік  пен  жеке-даралық  қасиеттерінің  мазмұндық  сипатын  айтуға 
болады.  
Қазіргі  мұғалімнің  көркемдік    мәдениеттілігі  мен  педагогикалық  компетенттігі 
оның кәсіби білімінің деңгейімен жеке басының қабілеті және тәжірибесімен, өзбетімен 
білім  алуға  ұмтылысымен,  кәсіби-педагогикалық  қызметке  шығармашылық  тұрғыдан 
қарауымен анықталады. Осы айтқандарды саралай келе жоғарыда берілген анықтаманы 
толықтырып былай деуге де  боладыдеп есептейміз: 
 Педагогикалық  қызметті  жақсы  орындауға  және  тиімді  нәтижеге  жетуге 
мүмкіндік  беретін  адамның  жеке  басының  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып  дамыйтын 
оқытушының  жалпы  және  кәсіби  мәдениетін,  кәсіби  маңызы  бар  жеке-дара 
қасиеттерінің  жиынтығын    педагогикалық  білгерлік  деп  атаймыз.  Себебі,  біздің 
ұйғаруымызша,  осы  қасиеттер  жоғары  мектеп  оқытушысының  өз  қызметінде  үлкен 
жетістіктерге жетуіне кепілдік бере алады [4].  
Осы  айтқандарды  жинақтай  келе  музыка  мұғалімнің  көркем  мәдениетін 
қалыптастыру жолдарының үлгісі  төмендегі сызбада бейнеленген (1-сурет).   
 

218 
 
Музыка мұғалімінің көркемдік мәдениеті
инновациялық  (жаңашылдық) процесті меңгеру
Педагог имиджінің
құрылымы
жан-жақты хабардар
болуы керек
психологиялық- педагогикалық
даярлықтажұмыс
ғаламдық интернет жүйесін меңгеру
 
 
Сурет 2 . Қазіргі музыка мұғалімнің көркем мәдениетін қалыптастыру 
жолдарының үлгісі 
Біріншіден  -  Музыка    мұғалімнің  ғаламдық  интернет  жүйесін  меңгеру 
арқылы дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықтар мен өзгерістермен ақпараттандырыла 
орырып  кәсіби  білімін  көтеруге  үлкен  мүмкіндік  алады.  Білм  беру  жүйесінің  жаңа 
талаптарын  меңгеру  дамыған  50  мемлекет  құрамына  кіру  үшін  кез-келген  сала 
маманымен  қатар  жеке  пәндерден  дәріс  беретін  оқытушы  мен  мектеп  мұғалімі 
ғаламдық  ақпарат  жүйесіне  кіре  білуі,    алынған  ақпараттарды  тиімді  пайдалана  білу 
қазжеттілігі туындайды, бұл мәселенің де шешімін шыға білу керек. 
Екіншіден, қазіргі музыка мұғалім жан-жақты хабардар болуы керек сол себепті 
бұқаралық  мерзімдік баспа ақпараттарын уақытылы пайдалану керек.  
Үшіншіден  инновациялық    (жаңашылдық)  процесті  меңгеру  қазіргі  таңда 
болашақ мұғалімнің алдына қойылған басты мәселелердің бірі болып саналады.  
Төртіншіден -  болашақ мұғалім психологиялық- педагогикалық даярлықта 
 болуы қажет. 
Бесіншіден -  имиджінің құрылымы  

 
       жеке мінездемесі  

 
     тұлғалық мінездемесі  

 
     құзырлылық мінездемесі  

 
  іс-әрекет мінездемесі  

 
  сыртқы тәртіп мінездемесі.  

 
Нақты  әр  педагогтың  имиджі:  жеке  имиджі,  кәсіби  имиджі,  жас    имиджі. 
Қоршаған адамдар тұлға туралы тұлғалық, жасына сай, жынысына сай   және де кәсіби 
сапасына сай тұжырым жасайды.  
Сонымен қоса, музыка мұғалімі  тұласының бойына ұлттық тәрбие мен ұлттық 
мәдениетті  қалыптастыру  қажет. Осы жоғарыда аталған музыка мұғалімнің көркемдік 
мәдениетін  қалыптастыру  барысында  біз  мынадай  құрылым  жолдары  мен  мазмұны 
туралы кестені төменнен көре аласыздар:   
 
Кесте 1. Музыка  мұғалімнің көркемдік мәдениетін қалыптастыру 
құрылым жолдары мен мазмұны 
 
Музыка  мұғалімнің көркемдік мәдениетін қалыптастыру құрылым жолдары мен 

219 
 
мазмұны 
Сырт көрінісі  

 
Сыртқы келбеті, манерасы, жүрісі, сөйлеу мәнері, дауысы, 
ымдай білуі, мимикасы ,киімі, шашының сәндік үлгісі.  
Ішкі дүниесі 

 
Интеллект, ойлау әдісі, ой- түйін жасауы,мақсаттары мен оған 
жету жолдары, идеялары, қызығушылығы, эрудициясы.  
Кәсіби 
шеберлегі 
 

 
Араласу формасы,  күш-қуаттылығы, кәсіби шеберлігі, 
темпераменті,  әдеті, темпі, икемділігі, иілімділігі, анықтылығы, 
нақтылығы, т.б.  
 
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, 
жан-жақты  дамыған,  парасатты  ұрпақ  керек  екенін  бір  сәтте  естен  шығармағанымыз 
жөн.  Сонымен  жалпы  осы  тарауды  қорты  келе  қазіргі  музыка  мұғалімнің  көркем 
мәдениетін  қалыптастыруда  біз  музыка  мұғалімінің  әдістемелік  жұмыс  кезінде  де 
қолданылатын сапаларын қарастырдық ол төмендегі 4 суреттен айқауға болады:  
Мұғалім 
құзыреттілігін
дамыту
Әдістемелік  жұмыс  сапасы
Озық
іс-
тәжірибені 
тарату
Жаңа 
технологияны 
меңгеру
Оқу 
үрдісін
талдау
Үнемі  
жаңару
  
Сурет 3 . Қазіргі музыка мұғалімнің әдістемелік жұмысының сапасы 
 
Ел  басшымымыз  Н.Назарбаев    ''Ғасырлар  тоғысы''  атты  ғылыми  еңбегінде 
“Тәрбиенің  түп  мақсаты-  қоғамның  нарықтық  қарым-  қатынасқа  көшу  кезінде  саяси- 
экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, XXІ ғасырды құрушы 
іскер,  өмірге  икемделген,  жан-  жақты  мәдениетті,  жеке  тұлғаны  тәрбиелеп, 
қалыптастыру”-  деп  тұжырымдама  жасаған  болатын.  Осы  орайда  педагогика 
ғылымының  өзекті  мәселелерінің  бірі  -  жеке  тұлғаны  тәрбиелеуде,  жан-  жақты 
дамытуда,  білім  беруде  ғылымның  соңғы  жетістіктерін  қолданып,  шығармашылық 
жұмыс істеуге қаблетті, дүниетанымдық  көзқарасы кең, рухани бай адамдарды, қазіргі 
музыка мұғалімнің көркем мәдениетін  тәрбиелеп  қалыптастыру болып табылады деп 
есептейміз. 
 
Әдебиет 
1.
 
Қазақстан  республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  
стратегиясы:    қалыптасқан    мемлекеттің    жаңа    саяси    бағыты»    атты  қазақстан 
халқына жолдауы  //Егеменді Қазақстан.– 2012.– 15-желтоқсан  
2.
 
Каримбаева  Б.Ш.  Психологические  аспекты  в  выборе  профилизации обучения в 
общеобразовательной  школе  //  Материалы  республик.  науч.-практ.  конф. 
«Профильное обучение учащихся». – Тараз, 2006. – С. 97–101. 162 
3.
 
Тұжырымдама:    Қазақстан    Республикасында    бейіндік    оқытуды    дамыту. 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, Астана, 2010, -7б.  

220 
 
4.
 
Жолдасбекова    С.А.,    Дуйсенбаев    К.А.    Организация    профильного  обучения 
школьников.Учебное пособие. – Алматы: , 2012. -189 стр. 
5.
 
Камалов  Ю.Н.,  Камалов  М.Ю.,Тавасаров  М.А  Жаңа  тұрпатты  мұғалім және  оны  
дайындау  үдерісіне  қойылатын  талаптар.  Әуезов  оқулары-10:  «20 жылдық белес: 
ғылым,  білім  және  мәдениеттің  инновациялық  даму  бағыттары»  Халықаралық  
ғылыми-тәжірибелік  конференциясы.  -Шымкент:  М.Әуезов ат.ОҚМУ, 2011. -359-
361 бб. 
 
 
 
ӘОЖ 784 
ӘН ЖАНРЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ АҒЫМДА ӨНЕР КӨРСЕТІП ЖҮРГЕН 
ӘНШІЛЕР 
 
М. Байбосынова 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П – 143 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Б.К. Бодауова, музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. 
 
Көпшілікке  арналған  ән  жанрының  дамуымен  қатар  ХХ-шы  ғасырдың  екінші 
жартысында  оны  орындайтын  эстрада  әншілерінің  өзіндік  мәнері  қалыптасты. 
С.Әбусейітов, 
Л.Кесоглу, 
В.Қармысова, 
З.Қойшыбаева, 
С.Тыныштығұлова, 
М.Мұсабаев,  Р.Мұсабаев,  Н.Нүсіпжанов,  А.Қоразбаев,  Қ.Құлыш,  С.Нұрмағамбетова, 
Р.Рымбаева, А.Сембин, Б.Сәмединова, Ж.Айжанова, Н.Өнербаев, т.б. әншілерді атауға 
болады.  Кәсіби  сипаттағы  Қазақ  эстрадасының  қалыптасуы  1965  ж.  Г.Ғалиева 
ұйымдастырған эстрада-цирк өнері студиясының ашылуымен тығыз байланысты. Оның 
жанынан  әнші,  термеші  артистер  даярланып,  Ж.Елебеков,  Ғ.Құрманғалиев, 
Қ.Байбосынов,  Ж.Кәрменов,  т.б.  дәріс  берді.  Еліміз  егемендік  жолына  түскелі  Қазақ 
эстрадасы 
жаңа 
сипатқа 
ие 
болды. 
Республикамызда 
эстрадалық 
ән 
орындаушыларының «Жас қанат», Ә.Бейсеуов атындағы «Армандастар» ән байқаулары 
өткізіліп  келеді.  Соңғы  жылдары  «Алтын  диск»  байқауы  мен  «Азия  дауысы» 
халықаралық  фестивалі  тұрақты  өткізілуде.  Бұл  байқауларға  қатысқан  көптеген  жас 
дарындарымыз – композиторлар мен әншілер өз өнерлерін дүниежүзілік деңгейде паш 
етті.  «Азия  дауысы»  халықаралық  эстрадалық  форумның  басты  мақсаты  –  қазақ 
музыкасының  ынтымақтастықты  қалыптастырудағы  рөлін  айқындау  болып  табылады. 
Оның  жюри  құрамына  АҚШ,  Англия,  Африка,  т.б.  елдердің  әйгілі  өнерпаздарының 
кіруі  соны  аңғартады.  «Азия  дауысы»  фестивалі  аясында  М.Жүнісова,  Б.Исаев, 
Б.Шадаева, 
М.Байтасов, 
Б.Қажымұқанов, 
Г.Оразымбетова 
секілді 
әншілер, 
«Роксанаки»,  «Жерұйық»  топтары  лауреат  және  дипломанттар  атанды.  Қазақ 
эстрадасындағы  жаңа  процестер  қатарында  композитор  Ж.Еңсепов  пен  күйші 
А.Еңсеповтердің  шығармалар  ізденісін  атауға  болады.  Олар  домбыра  аспабын  жаңа 
технологиялық  мүмкіндіктермен  үйлестіріп  қолдана  бастады.  Осылайша  қазақ 
музыкалық  мұрасын  өздері  “ДЭККО”  (“Домбыра.  Эстрада.  Күй.  Компьютер. 
Орындаушы”) деп атаған жаңа бағытта көпшілік тыңдарманға, шет елдерде (Франция, 
АҚШ,  Англия,  Германия,  Корея,  Израиль,  Түркия,  т.б.)  кеңінен  насихаттап, 
халықаралық  байқауларда  жүлделі  орындарға  (Ыстықкөл-98,  Гран-при)  ие  болды. 
Бүгінгі  Қазақ  эстрадасының  аяқ  алысы  да  табыстарға  толы.  Есімдері  елге  танымал 
Рымбаева,  Жүнісова,  М.Ералиевалардың  ізін  баса  А.Мейірбеков,  Б.Тайлақбаев, 
Г.Сиқымбаева,  М.Қазтұрғанова,  М.Ілиясова,  Ж.Ысқақова,  Р.Стамғазиев,  М.Арынбаев, 
Қ.Болманов, Д.Таңатаров, Т.Серіков, М.Беспаев, С.Жолбарыс, Н.Байкөзов, Г.Қаспақова 

221 
 
секілді  талантты  әнші-орындаушылар  мен  жас  композиторлар  шықты.  Олар  Қазақ 
эстрадасының  өсіп  өркендеуіне  өзіндік  үлес  қосып,  эстрадалық  және  халықтық  ән 
дәстүрін одан әрі дамытып, жетілдіріп келеді [1].  
Заманауй  қазақ  эстрадасының  жас  буындары  деп  саналатын  Жеңіс  Ысқақова, 
Маржан  Арапбаева,  Серік  Тоқтаров,  Айгүл  Иманбаева,  Қарақат  Әбділдина,  Тамара 
Асар,  Алтынай  Жорабаева,  Бейбіт  Қорған  және  соңғы  кездері  эстрада  жұлдыздары 
атанған  Мақпал  Исабекова,  Мадина  Садвакасова,  Қайрат  Нұртас  пен  Әли  Окаповтар 
шығармашылығы да қазақ эстрада өнерінің жаңа белестерге көтерілуіне жаңа леп, жаңа 
сарын  әкелген  өнер  иелері.  Жаңа  ғасыр  тудырған  осы  талант  иелерінің  бірі    Жеңіс 
Ысқақова-  Қызылорда  облысы,  Тереңөзек  поселкесінде  дүниеге  келген.  Алматыға 
алатаудай  арман  арқалап  келіп,  Эстрада  студиясына,  Лаки-Кесоглудың  класына 
түстеді.  Екінші   курстан  бастап   «Гүлдер»  ансамблінде  жұмыс  істей  бастайды.  Содан 
кейін   Мәскеуде  өткен   «Жаңа  есімдер»  деген  бүкілодақтық  байқауда,  22  жасында 
жеңімпаз  атанады.  Кейіннен  Кеңес  Дүйсекеевтің  оркестрінде,  одан  кейін 
филармонияда,  қазір  де  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  белгілі  әнші,  Сыр 
сұлуы – Жеңіс Ысқақованың сахнада жүргеніне 25 жыл толды. Бүгінгі күні Үкіметтің 
Қорғаныс министрлігінің  оркестрінің орталық ансамблінің әншісі.  
Тойкенов  Махмұт  -  Әнші,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сінірген 
қайраткері.  1963  жылғы  1  маусымда  бұрынғы  Семей  облысы   Мақаншы  ауданының 
Бақты  ауылында  дүниеге  келген.  1991  жылы  Құрманғазы  атындағы  Алматы 
мемлекеттік  консерваториясының  концерт  әншісі,  2007  жылы  Т.Жүргенов  атындағы 
Қазақ  ұлттық  өнер  академиясын  музыка  театрының  режиссері  мамандығы  бойынша 
тәмамдаған. 
2000-2003  жылдары  Қазақстан  Республикасы  Президенттік  мәдениет  орталығы 
директорының орынбасары, 2003-2009 жылдары К.Байсейітова атындағы ұлттық опера 
және  балет  театры  директорының  орынбасары  болды.  2009-2010  жылдарда  Шығыс 
Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 
Өнер және мәдениет саласындағы ұстаздық тәжірибесі мол. Қазақ эстрадасының 
жарық жұлдыздарының бірі, «Жас Қанат», «Азия дауысы», «Славян базары» және т.с.с. 
халықаралық  байқаулардың  жүлдегері,  «Екі  жұлдыз»  жобасының  жеңімпазы,  белгілі 
әнші  -  Маржан  Арапбаева.  Алматы  педагогикалық  институтының  түлегі.  Маржан 
фортепиано, домбыра және шертер аспаптарында шебер ойнайды. 12 жыл ішінде әнші 
ретінде қалыптасып, жаңаша қырымнан таныла түсті. 
Әншінің  шығармашылығы  туралы  тоқталсақ:  “Әнші  балапан”  телевизиялық 
байқауының  І  орын  иегері  (1991  ж),  «Жас  қанат»  республикалық  жас  әншілер 
байқауының  дипломанты  (2002  ж),  «Азия  дауысы»  халықаралық  байқаудың  ІІІ  орын 
иегері (2002, 2004 жж), «Азия дауысы» халықаралық жас әншілер байқауның лауреаты 
(2003  ж),  Шанхай  қаласында  өткен  халықаралық  музыкалық  фестивалінің  ІІІ  орын 
иегері (2003 ж), «Славян базары» халықаралық жас әншілер байқауының ІІ орын иегері 
(Витебск, 2004 ж),  «The Universe talent Prague» халықаралық музыкалық фестивалінде 
«Ең үздік әнші», «Ең үздік ән» номинацияларының жеңімпазы (2004 ж), «Жыл қалауы» 
халықаралық  музыкалық  фестивалінде  «Эстрада  саласындағы  ерекше  жетістіктері 
үшін»  -  «Алтын  адам»  сыйлығының  иегері  (2004  ж),  Чечме  қаласында  өткен 
халықаралық  музыкалық  фестивалінің  дипломанты  (2006  ж)  «Астана  жұлдызы» 
байқауында  «Ең  үздік  орындаушы»  номинациясының  жеңімпазы  (2013  ж),  «Хабар» 
телевизиялық агенттігінің «Ең үздік шебер әнші» дипломының иегері [2]. 
Серік Тоқтаров - әнші, сазгер. 1975 жылы Шұбартау ауданында дүниеге келген. 
1999 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Оның репертуарында қазақ 
халық  және  халық  композиторлары,  қазіргі  композиторлардың  (А.Қоразбаевтың 
«Сағындым 
сені» 
т.б.) 
әндері 
бар. 

222 
 
2001 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы әншілер байқауының, 2002 жылғы  «Жаңа ғасырға 
жаңа ән» байқауының лауреаты. Сондай-ақ Т.Серік бірқатар әндердің («Ерке қыз», т.б.) 
авторы. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. 
Айгүл  Серікқұлқызы  Иманбаева  —  (15  наурызда  1977  жылы,  Жамбыл  облысы, 
Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) эстрада әншісі, актриса. 
Эстрада  саласына  1999  жылдан  бастап  өнер  көрсетіп  келеді.  Қазіргі  таңда  10 
бейнеклипі отыздан астам әндері бар. 2007 жылы ең алғашқы «Таңғы елес» атты жеке 
шығармашылық  кешін  өткізді.  2004  ж.  халықаралық  «Азия  Дауысы»  конкурсының 
«Қазақ  әндері»  конкурсындағы  Бас  жүлдесін  иемденген.  2006  жылы  Мемлекеттік 
«Дарын» сыйлығының иегері атанады. 2010 ж. «Жылдың үздік әншісі» [3]. 
Әбілдина  Қарақат  -  қазақ  дәстүрлі  әнін  насихаттаушы,  халық  және  эстрада 
әндерін орындаушы. Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы. 1978 
жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылында туған. Кішкентай кезінен 
өнерге құштар болып өседі. 1992 жылы Алматы қаласында дарынды балалар арасында 
байқау  өткізілді.  Сол  байқауда  6  баланың  ішінен  суырылып  алға  шығып,  Күләш 
Бәйсеитова  атындағы  музыка  мектебіне  оқуға  түсіп,  оны  үздік  бітіреді.  Кейін 
Құрманғазы  атындағы  Алматы  мемлекеттік  консерваториясының  «Домбырамен 
халықтық  ән  айту»  классын  педагог,  «Дарын»  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты 
Сәуле  Жанпейісовада;  орындау  шеберлігі  бойынша  аспирантураны  (2004)  педагог, 
профессор,  Қазақстанның  Халық  әртісі  Қайрат  Байбосыновта  бітірген.  2003  жылдан  - 
«Гүлдер»  мемлекеттік  ансамблінің  жетекші  солисі.  Марапаттары:  «Шабыт» 
халықаралық  конкурсының  дипломанты  (2001),  Қазақстанның  Жастар  одағы 
сыйлығының  лауреаты  (2005),  «Жылдың  теңдессіз  ұлттық  әншісі»  номинациясында 
«Алтын  Самұрық»  конкурсы  I  сыйлығының  иегері  (2006),  Санкт-Петербор 
қаласындағы  халықаралық  балалар  байқауына  қатысқан  (1993),  Бельгияда  жеке 
концерттік  бағдарламасымен  өнер  көрсеткен  (1999),  ҚХР  (Шанхай,  2004)  және 
Австриядағы  (қазан,  2005)  Алматы  қаласының  Мәдениет  күндеріне  арналған 
концерттерге  қатысқан.  Бірнеше  жылдан  бері  өз  мектебін  ашып,  «Жетіген»  аспапты 
тобын құрады. 
Әнші  Қарақат  Әбілдина  –  халқымыздың  жүзден  –  жүйрік,  мыңнан  тұлпар 
шыққан  дарынды  қызы.  Бұл  күндері  еліміздің  талантты  әншісі  Қарақат  Әбілдинаның 
шығармашылық  еңбегіне  10  жыл  толып  отыр.  Ол  аз  мерзімде  ғажайып  дауысымен, 
кәсіби шеберлігімен қазақ ән өнерінің айтулы жұлдызына айналды [4].  
 Алтынай  Жорабаева  -  ән  салуды  бала  шағында  не  мектеп  жылдарында  емес, 
институт  қабырғасында  2-курс  студенті  кезінде  фольклорлық  клубқа  қатысудан 
бастады,  халық  әндерін  көкірегіне  құйып,  белгілі  халық  жырауларының  терме-
толғауларын,  дәуірлес  композиторлардың,  сазгерлердің  әндерін  үйренді.  1997  жылы 
облыстық  «Арай»  байқауына  қатысып,  3-орынды  иеленді.  Бұл  оның  алғашқы  жеңісі. 
2009  жылы  65  әндерден  тұратын  үнтаспасы  жарық  көрді.  Олар  көптеген  қазақ  және 
ағылшын,  түрік,  тәжік,  қытай,  грузин,  өзбек,  белорусь  халықтарының  әндерінен 
құралған.  2008  жылы  Алтынай  Жорабаеваға  30  жасында  Елбасының  жарлығымен  ҚР 
еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ол осы атақты иеленген әртістердің ішіндегі ең 
жасы. 
Қорған  Бейбіт  Болатұлы  -  Бала  кезден  ән  айтып,  би  билеп,  үлкендердің 
ықыласына бөленіп жүрді. Атырау қаласындағы №19 мектепте оқып жүргенде музыка 
класының «баян» бөлімін үздік аяқтады. Алматы қаласындағы №2 Дарынды балаларды 
қазақ тілі мен әдебиетіне тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернатты 1998 
жылы бітіріп, 2002 жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмәмдады. 
Астана қаласындағы Евразия ұлттық университетін сырттай аяқтаған. 

223 
 
Ең алғаш үлкен сахнаға 2000 жылы «Жас қанат» байқауына  қатысып 3- орынды 
иеленіп лауреат атанды. Бірнеше халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындар 
алады.  2002  жылы  Шанхай  қаласында  өткен  Азия  фестивалінде  «Келешектің  әншісі» 
деген атаққа ие болды. 2000, 2001, 2002 жылдары өткен халықаралық  «Азия дауысы» 
фестивалінің «Қазақстанның жаңа әндері» байқауында бірнеше  әндері лауреат атанды 
[5]. 
Бейбіт Қорған қазірде жас таланттар үшін өзіндік өнер мектебі болған «Гүлдер» 
ансамблімен қауышып, әншілік өнерін жалғастыруда. 
Мақпал  Абдыманапқызы  Исабекова.  2002  жылы  Абай  атындағы  Алматы 
мемлекеттік университетке финанс-экономикалық факультетіне түседі. «SuperStar KZ» 
телевизиялық жоба басталғанда Мақпал аралас-сұрыпта қатысып, бірінші іріктеуде 12 
қатысушылар  қатарына  жеңіл  енеді,  бірақ  7  турдан  кейін  2004  жылы  қаңтар  айында 
жобадан шығып қалады. Осылай Мақпал музыкалық продюссер Эрик Тастамбековтың 
көмегімен музыкалық кәсіби өсуі шыңдала түседі. 
2004 жылдан бастап Мақпал Исабекова бірнеше бейнеклиптерде түсіріліп, Иван 
Бреусовпен  бірге  бірнеше  жобаларды  жүзеге  асырады.  Тез  арада  жаңа  дебюттық 
альбом (Первый поцелуй», 2005) Қазақстанда сәтті де табысты болады. 
Юрмалда  жылда  болатын  музыкалық  фестиваль  «Новая  волна  2005» 
байқауының  арқасында шет елдерге де танымал болады. Байқауда  9  – орын ғана алса 
да,  ол  көрермендер  көзайымы  атты  марапатқа  ие  болады  (Стефан  Ричи  дизайны 
бойынша  жасалған  үлкен  бриллиантпен  салынған  алтын  сақина).  Алматы  қаласында 
өткен «Выбор года» фестивалінде «Алтын адам» сыйлығын алды. 
2006  жылдан  бастап  -  «Новое  имя  -  надежда»  музыкалық  категориясында 
Қазақстанның тәуелсіз сыйлығы. 
2007 жылы  «Esquire Казахстан» журналының болжамы бойынша әнші «Певица 
года» яғни «Жылдың әншісі» атанады. 
2009  жылда  Рессейлік  атақты  продюссер  Доминик  Джокермен  бірге  бірнше 
музыкалық  жобалар  жасап,  дүниег  бірнеше  бейнетаспалар  келеді.  Солардың  бірі 
«Бесконечность» хиті - «Музыкальная фишка» сыйлығын жеңіп алады. 
2009  жылдың  жазында  Мәскеудегі  ГИТИСтің  эстрадалық  факультетіне  оқуға 
қабылданады. 
 Мәдина  Сәдуақасова  -  1992  жылы  он  үш  жасар  қыз  "әнші  балапан"  байқауына 
қатысады.  Алғашқы  әрі  ірі  байқауы  ол  телевизиялық  жарыс  "Музыкальный  вояж" 
байқауы.  Көптеген  байқауларда  гран-приді  иеленіп,  жүлдегер  атанады.1999  жылы 
Мәдина,  "Жас  Қанат"  байқауында  ән  шырқайды  Сол  сәтте  жас  әншінің  ерекше 
дауысына  тәнті  болған  Роза  Рымбаева  өз  қамқорлығына  алады,  ақ  жол,  сәт  сапар 
тілейді1999  жылы  Мәдина,  "Азия  Дауысы"  байқауында  өзінің  бағын  сынайды.  Сол 
жылы  Мәдина,  облыста  "Жыл  адамы"  деп  танылады.  Одан  кейін  Президент 
оркестрінде,  "Гүлдер"  ансамбілінде  ән  шырқайды.  2004  жылы  Ермек  Елгезектің 
"Махаббат жалыны" атты әніне алғашқы бейнебаянын түсіреді. Сезімге толы, керемет 
ән халық арасында кеңінен таралып кетті.  
Сонымен  қатар  қазіргі  заманауй  үлгіде,  жаңа  ағымдарды  бағындырған  жас 
таланттар:  ADAM  -  Ритм-энд-блюз  бағытында  ән  шырқайтын  атақты  қазақстандық 
әнші,  Lido, Айқын, Алмас Кішкенбаев,  Анель Арынова, Батыр Байназаров - «Rin-Go» 
тобының  әншісі,  Гүлнұр  Оразымбетова,  Данияр  Өтеген,  Иван  Бреусов,  Кентал,  
Мөлдір  Әуелбекова,    Нұрлан  Албан,    Әлішер Егембердиев,    Әлішер  Кәрімов  және  т.с.с 
жыл сайын жаңарып жатқан қазақ эстрадасының әншілері мен сазгерлері қазіргі кезде 
көптеп кездеседі. Сондықтан заман талабына сай, өмір заңдылығымен эстрада өнері де 
өсіп  жандану  үстінде,  ал  оның  қандай  бағытта  өркендеуі  мен  эстрада  әншілердің 
дайындығы қазіргі күннің еншісінде.  

224 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет