Ауыл шаруашылығы өндірісінің жер пайдалануын ұйымдастыру. Қарастырылатын сұрақтар



бет1/3
Дата13.10.2022
өлшемі205 Kb.
#42813
  1   2   3
  • № 4 дәріс
  • Оқытушы Жантуева Ш.А.
  • Ауыл шаруашылығы өндірісінің жер пайдалануын ұйымдастыру.
  • Қарастырылатын сұрақтар:
  • 1.Агро-құрылымдардың жер пайдалануларын ұйымдастырғанда шаруашылық аралық жерге үйлестірудің жалпы принциптері
  • 2.Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру жобасының мазмұны, әдістемесі
  • 3.Жер пайдаланудың ауданын анықтау.
  • 1) Аграрлық реформаға байланысты бұрыңғы мемлекеттік шаруашылықтар мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, әртүрлі шаруашылықтың серіктілерге, кооперативтерге ауысқан.
  • Жаңа агро-құрылымдардың жер пайдалануын ұйымдастыру үшін орналаскан жерімен, топырағымен, жер бедерімен, табиғи өсімдіктерімен, көлемімен және компактілігімен, гидрогеологиялық және басқа жағдайларымен ауылшаруашылық дақылдарын, көп жылдық жеміс-жидек өсімдіктерін және өндірістердің мал өcipyгe жарамды, продуктивті жер массивтері белгілі болады. Бұл жерлер ауыл шаруашылық технологияларын, механизмдерін пайдалануға және басқаруға ыңғайлы болуы керек. Жер пайдалануды ұйымдастыру шаруашылық орталықтарын және жолдарды орналастырумен тығыз байланысты.
  • Жолдар, ауылшаруашылық өнімдерін және керекті техниканы, материалдарды, өндіріс құралдарын тасуға ыңғайлы болуы керек.
  • Орналасқан аймағына, шаруашылықтың мамандығына, оның жер пайдалануының құрам бөлігі сәйкес болуы керек. Мысалы қой шаруашылығьның жерінің құрамында шабындық пен жайылым көп, ал егістік шаруашығьнда- жер көп болуға тиісті.
  • Жаңа жер пайдаланулар қайтадан құрылған шаруашылықтардың орнында пайда болған, сондықтан жерге орналастыру жұмыстары көп пайдаланушылардың қызығушылығына тиеді. Осыған байланысты олардың әр қайсысының территориясьна ұйымдастыру бөлек шешілуге тиісті.
  • Алдын-ала жасалған ауданды жерге орналастыру схемасын негіздей отырып, бұндай шаруашылықтарда, шаруашылық аралық жерді үйлестіру жұмысын жүргізу тиімді.
  • Агро-құрылымдардың жер пайдалануларын ұйымдастырғанда шаруашылық аралық жерге үйлестірудің жалпы принциптеріне сүйену керек:
  • 1.тұрғындардың өмір сүру және еңбек ету жағдайларын әрқашан жақсарту;
  • 2.өндірістің тиімділігінің әрдайым көтерілуін, салалардьң рентабельдігінің тұрақты болуын, жобаланатын шаралардық экономикалық және қоғамдық тиімділіктерінің биік болулығын қамтамасыз ету;
  • 3.капиталдық бip уақыттың шығьнның неғұрлым аз болуы және тез қайтарылуы;
  • 4.заңдық және нормативтік актілерді қатал орындау.
  • Қабылданатын шешімдер ғылыми ic жүзіндегі жетістіліктерге және шаруашьшық аралық жерге үйлестірудің жеке принциптеріне сүйенуі керек.
  • Тиімді ұйымдастырылған жер пайдаланулар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
  • 1.әр жер пайдалануды орналастырғанда сол территорияда орналасқан әр жер пайдаланушының қызығушылығын есепке алу;
  • 2.жер пайдаланудың мөлшерін зоналық жағдайға, мамандыққа, келешекте шығарылатын өнімнің көлеміне сәйкес келтіру
  • 3.әр шаруашылықтың мамандығына байланысты жерді тиімді пайдалану үшін жер пайдалану құрамына тиісті ауыл шаруашылық алқалтарының түрлері енгізіледі, ара қатынастары және мөлшерлерін анықтау;
  • 4.экологиялық талаптардың сақталуы;
  • 5.жер пайдаланудың компактілігінің, конфигурациясының және шегарасының өндірісті және территориясын ұйымдастыруда ыңғайлы болуьн қамтамасыз ету;
  • 6.жер пайдалануда шаруашылық орталықтарының дұрыс орналасуы, олардың ауылшаруашылық алқаптарымен, өзара және сырттық экономикалық және әкімшіліктік орталықтармен ыңғайлы қатынасы.
  • 2) Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру жобасының мазмұны, әдістемесі
  • Жер пайдалануды құру дегеніміз - жерге орналастыру жобасын құру арқылы ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын агро-құрылымға өндірісін жүргізу үшін
  • территориялық жағдай жасау.
  • Жер пайдаланудың көлемі мен шаруашылықтың мөлшері - әр түрлі түсініктер.
  • Жайылымы үлкен қой шаруашылығының көп жері құнарсыз, соған байланысты шаруашылылықтың мөлшері кіші көлемі аз, бірақ жері аз жүзімдіктер мен жеміс жидекпен айналысатын шаруашылықтардың жалпы алатын өнімі жоғары.
  • Жер пайдаланудың мөлшері, орналасуы, компактілігі алынатын өнімнің тек қана көлеміне әсерін тигізіп қоймай, әртүрлі шығындардың көлеміне, өндірісті басқаруға әсерін тигізеді. Сондықтан жер пайдалануды құру – негізгі мәселелердің бірі. Ол экономикалық және экологиялық негізделген жобаны құру арқылы шешіледі.
  • Жер пайдалануды құру жобасыньң құрам бөліктері:
  • 1. жер пайдаланудың мөлшерін анықтау
  • 2. жер пайдалануды орналастыру және құру;
  • 3. орталықтарын орналастыру (жаңа шаруашылық құрылғанда);
  • 4.жер пайдаланудың шекараларын орналастыру;
  • 5.жер пайдаланудың құрамындағы ауылшаруашылық алқаптардың түрлерін, аудандарын, өзара қатынастарын белгілеу;
  • 6.террииторияларын ішкі шаруашылықтық орналастыру схемасын жасау.
  • Жобалау жүргізуде дайындық жұмыстарының материалдары, жобалауға тапсырма, аудан және облыстық жерге орналастыру схемасы және басқа жоба алды ұсыныстар қаралу керек.
  • Жобалау есептеулері бір-бірімен территориялық және экономикалық өзара тығыз байланысты шаруашылықтар немесе әкімшілік аудан шаруашылықтары бойынша бойынша жүргізіледі.
  • Жер пайдаланудың параметрлері және орналасуы олармен тығыз байланысты шаруашылық өндірісінің әрі қарай даму жолдарына, орналасуына, мамандығына сәйкес болулары керек және агроөндірістік кешеннің басқа элементтерімен тығыз байланыста шешілулері керек.
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет