Реферат Пәні: Көлік түрлері және ғылыми зерттеулер негіздері: Тақырып



Дата27.04.2023
өлшемі17,04 Kb.
#87547
түріРеферат


Реферат
Пәні: Көлік түрлері және ғылыми зерттеулер негіздері:
Тақырып: Көліктің Қазақстан экономикасын дамытудағы атқаратын ролі.
Орындаған:

2023 жыл
Көліктің Қазақстан экономикасын дамытудағы атқаратын ролі.

  1. Қазақстанда көлік саласын дамыту үшін қандай шаралар жүргізу қажет.

Қазақстандағы көлік өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде.

Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.

Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.
Қазақстан көлік саласын және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер жұмсауда. Біз бір­қатар салалық бағдарламаларды іске асыр­дық, саланың құқықтық негізін қа­­лып­­тас­тырдық. Көлік қызметтерін көр­сетуд­ің қолайлы бәсекелестік ортасы құрылды.

Бүгінгі таңда дамыған инфрақұры­лым­ды ескере отырып, Қазақстан аумағы арқылы 11 халықаралық тран­зит­­тік дәліз, оның ішінде 5 темір жол жә­­не 6 автомобиль дәлізі өтеді. Жібек жо­лы жо­басы қарқынды дамып, Шы­ғыс пен Батыс арасындағы тран­зит­­тік кө­­пір­­ге айналды, бұл Қазақстан эко­но­­ми­­ка­­сының дамуына жаңа серпін береді.

Көлік – қашан да елдің экономика­лық және саяси өмірінің маңызды саласы. Қазақстанның орасан зор аумағы, халық тығыздығының төмен­дігі, елді мекен­дер­дің бір-бірінен алшақтығы, әлемдегі ин­те­грация мен жаһанданудың үдемелі про­цестері бұл саланы елдегі дамудың басым бағыттарының біріне айналдырады.

2. Қазақстанда қандай көлік шығарған тиімді және қай жерде салған жөн.

Менің ойымша Қазақстанда әуе көлігің шығарған тиімді.
Әуе көлігі-Қазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты әуе көлігі үлкен рөлге ие және оны алмастырар басқа көлік түрлері жоқтың қасы. Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады. Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасымалдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады.

Соңғы ірі инвестициялық жобалар:


Астана қаласындағы жаңа әуежайлық комплекстің құрылысы;
Атырау қаласының әуежайындағы жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы;
Алматы әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы;
Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
Ақтау әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы.
Қазақстандағы әуежайлық ақша жиналымы мен әуе билеттерінің бағалары Ресей мен Батыс Еуропа елдерніе қарағанда жоғары емес, бұл елдегі әуе көлігінің дамуын тежеуде.
1996 жылы әуежолы басқармасы автоматтандырылған жүйесінің Алматы орт., ал 1998 жылы Ақтөбе орталық іске қосылды. Әуежолы басқармасы ғылыми-техникалық даму бағытының бір саласы ретінде әуе кеңістігінің өткізу мүмкіндігін арттыруды, диспетчерлік қызметтің өндірістік процесін автоматтандыруды қолға алған

3. Қазақстан арқылы өтетін халық аралық жолдар.


Алматыдан Қазақстанның барлық облыс орталықтарына, басқа да қалаларға тұрақты әуежолы қатынасы орнатылды. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланып, нарықтық экономикаға көшуіне байланысты Ә. к. саласында да түбірлі өзгерістер орын алып, бірнеше әуекомпаниялары құрылды. 1998 жылы қаңтарда 51 әуекомпаниясы тіркеліп, олардың ішінде “Эйр Қазақстан” және 12 аймақтық әуекомпаниясы мемлекеттік меншік нысанын сақтады. Қазақстан әуекомпаниялары ішкі және халықар. жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман ш., энергетика, газ және мұнай өнеркәсібі салаларының тапсырмаларын орындайды. Әуетасымал әсіресе, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Германия елдерімен арада жақсы жолға қойылған. “Эйр Қазақстан” әуекомпаниясының ұшақтары 37 әуежолы бағыттарында ұшады. Қазақстандағы ішкі және халықар. әуежолдарының жалпы ұзындығы 76320 км шамасында (1999).

Қазіргі кезде 21 Республикасы әуежай, 10 облысы және облыс ішіндегі әуежайлар жұмыс істейді (1998). Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал және Шымкент әуежайлары еліміздегі ең үлкен әуеайлақтары болып саналады. Қазақстан әуежолдарында Ту-134, Ту-154, Як-40, Ил-86, Боинг-737, Аэробус — А-310 шапшаң ұшақтары пайдаланылады.


Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет