Аутоиммунды компоненті бар ауыз қуысының шырышты аурулары



бет1/7
Дата19.04.2023
өлшемі1,95 Mb.
#84426
  1   2   3   4   5   6   7

Аутоиммунды компоненті бар ауыз қуысының шырышты аурулары


Орындаған: Абдирахман Д

АҚШҚ құрылымы


Ауыздың шырышты қабығы (tunica mucosaoris) 3
қабаттан тұрады:
  • эпителий,
  • нағыз кілегей

  • қабық пластинасы
  • кілегей қабықасты қабаттары.

Эпителий қабаты

  • Шырышты қабық көпқабатты эпителиймен жабылған. Ауыздың

  • әртүрлі аймағында оның құрылысы бірдей емес. Еріндерде, ұрттарда, жұмсақ таңдайда және ауыз табанында (түбінде) қалыпты жағдайда мүйізгектенбейді және базальді (өскін) қабатпен тікенекті қабаттан тұрады.
  • Қатты таңдайда және қызылиекте қалыпты жағдайда эпителий мүйізгектенуге ұшырайды. Осыған байланысты мұнда аталған қабаттармен қатар түйіршікті (дәнді) және мүйізгекті қабаттар бар. Эпителийдің мүйізгектенуін оның әртүрлі тітіркендіруші ықпалдарға олардың ішінде механикалық тітіркеніске жауабы деп санайды.

Нағыз кілегей қабық пластинасы

  • Нағыз кілегей қабық пластинасының (lamina mucosa propria) ауыз жақ беті эпителий қабатымен жабылған және эпителиймен шекарада эпителийге әртүрлі

  • тереңдікке енетін көптеген өсінділер немесе бүртіктер
    құрайды. Дәнекер тін талшықты құрылымдардан
    (коллагенді және ретикулярлы талшықтар) және
    жасушалық элементтерден – фибробластар, толықша және плазматикалық жасушалар, сегментядролы
    лейкоциттерден тұрады.
  • Ұрттар мен еріндердің нағыз дәнекертін пластинасы

  • жасушалық элементтерге бай.

Анатомо-гистологиялық құрылымы


Мүйізгектелетін көпқабатты
жалпақ эпителий Х90.
1 — мүйізді қабат; 2 — дәнді; 3 — тікенекті; 4 — базальді;5—
өзіндік шырышты қабат пластинкасы.
Мүйізгектенбейтін көпқабатты жалпақ эпителий Х90.
1 — жалпақ жасушалар қабаты; 2 — тікенекті; 3 — базальді; 4 — өзіндік шырышты қабат пластинкасы.

Кілегей қабықтың қызметтері


Кілегей қабық өзінің анатомиялық-гистологиялық ерекшелеріне сай бірнеше қызмет атқарады:
  • қорғаныс
  • пластикалық
  • сезімталдық
  • сіңіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет