Avtocad-та жұмыс құжаттамасын ресімдеу және жинақтау



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі215.71 Kb.
#20971
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Пернелер комбинациясы. AutoCAD–та жұмыс істеу тиімділігін арттырудың тағы бір тәсілі – командаларды пернелер комбинациясымен шақыру. Тұтынушыға бірқатар жиі қоданылатын командаларға арналған стандартты пернелер комбинациясын пайдалану мүмкіншілігі туады, мысалы: +<1> объект қасиеттерінің сұқбат терезесін шақыру; + немесе - курсордың байлану қадамын қосу немесе өшіру; + - Windows ауыстыру буферіне көшіру; + немесе күй (состояние) жолындағы координаталар бейнесін қосу және сөндіру; + немесе - объектілік байланудың (привязка) қолданыстағы режимін қосу және сөндіру және т.б.

ТЕХТ командасының әртүрлі опцияларымен енгізілген бұрыштық штамп пен мәтін 1-суретте көрсетілген


1-сурет. ТЕХТ командасының әртүрлі опцияларымен енгізілген бұрыштық штамп пен мәтін.
Бірінші сызбаны үлгі кеңістігінде А4 форматының парағында орындаймыз. Жиі пайдаланылатын AutoCAD командаларымен таныса отырып, қажетті сызба операцияларын үш кезеңге бөлеміз.

  1. А4 форматының шекараларын сызу.

  2. Ішкі қоршауды (рамканы) сызу.

  3. Штампты сызу және редакциялау.

Программаны іске қосқаннан кейін сызбаның келесі параметрлері бапталған (настройка) деп санаймыз (№2 лекцияны қара)

 Сызбаға А4. dwg аты берілген;

 Сызбада 0.0 дәлдігімен ондық өлшем бірлігі берілген;

 А4 форматына сәйкес 210  297 сызба лимиті бекітілген;

 1010 қадамымен нүктелік тор шығарылған.

Егер қандай да бір себептермен бұл баптаулар орнатылмаса (үнсіздік режимімен А3 форматы бапталады), онда оларды қолданыстағы сызбаға орындау қажет немесе жаңа сызба бастау керек. Тікбұрыш түріндегі форматтың шекараларын тікбұрыш тұрғызу командасымен немесе бір-бірімен байланысқан кесінділермен орындау керек. Кесінді тұрғызу командасымен танысу үшін және абсолютті және салыстырмалы декарттық координаталарды енгізуді үйрену үшін екінші тәсілді қолданамыз. Кесінділерден тікбұрыш түріндегі қисық сызық түрғызу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет