«Қазақстан тарихы» пәнінен Мемлекеттік емтихан сұрақтары мен жауаптары
Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.
Жауабы: ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл об.
Шақпақата мен Арыстанды. Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
Қазанғап, Тәңірқазған. Орналасуы: Оңт. Қаз.
ОРТА ПАЛЕОЛИТ
⊙Обалысай Орналасуы: Жезқазған
⊙Мұзбел Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Қанай. Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ш.Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ Орналасуы: Арыстанды өз. бойында.
КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ.
⊙Батпақ.Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Шульбинка.Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Семізбұғы.Орналасуы: Орт. Қаз
⊙Қарабас, Ангренсор.Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Бұқтырма, Шүлбі.Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ащысай.Орналасуы: Оңт. Қаз
⊙Майбұлақ.Орналасуы: Жетісу.
МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ)
⊙Мичурин, Явленко.Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы.
⊙Дүзбай.Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.
⊙Тельман.Орналасуы: Атбасар маңы.
⊙Ерейментау.Орналасуы: Ақмола.
⊙Әкімбек, Қарағанды.Орналасуы: Қарағанды маңы.
⊙Қызылсу.Орналасуы: Маңғыстау.
НЕОЛИТ.150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.
⊙Жезқазған өңірі.
⊙Усть-Нарым.Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Зеленая Балка, Қарағанды.Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Пеньки.Орналасуы: Солт. Қаз
⊙Сексеуіл.Орналасуы: Қызылорда обл.
⊙Железинка.Орналасуы: Солт. Қаз.
⊙Қараүңгір.Орналасуы: Қаратау.
Энеолит
⊙Ботай.
Орналасуы: Солт. Қаз.
⊙Шебір.Орналасуы: Маңғыстау
Қазақстан территориясындағы ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Жауабы: Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді. Алгашкы баспанасы Үңгір. Алғашқы кәсібі Терімшілік. Жеміс жидек терумен әйелдер айналысты, терімшілік - Егіншілікке көшті, егіншіліктен - аңшылыққа, аңшылықтан - малшаруашылығына көшті. Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мамонт, бизон, жабайы жылқыларды аулады - ер адамдар
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.[5]
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.[6]
Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы.
Жауабы: Жалпы, табиғи темір жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады. Ертеде темір қарапайым тесілмен, пеш-көрікпен өндірілетін . Ол үшін тастан не шикі саз балшықтан пеш салды. Пештің астыңғы жағының бірнеше жерінен тесік қалдырып, сол тесікке ауа үрлейтін көрік орнатты. Пештің ішіне бір қатар отын, оның үстіне бір қатар ұсатылған кен тасын қалап, кен тасының үстіне және бір қабат отын толтырып, отынның үстін тағы да кен тасымен жапқан.
Содан соң төменгі қабаттағы отынды тұтатып, оның жан-жағындағы оттықтан көрікпен ауа үрлеген. Мұндай қарапайым көрікпен пештің ең жоғары температурасын көп дегенде 1200 градусқа жеткізуге болатын еді. Ал кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін кемінде 1530 градус температура қызу қажет. Сондықтан мұндай қарапайым пеш-көрік арқылы темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана бөліп алуға мүмкіндік болған. Содан соң осы шикі темір қиыршықтарын оттан алып, қып-қызыл шала балқыған күйінде төске салып, балғамен соғып, біріктіріп, шыңдап, сом темір алған.
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.
Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Жауабы: Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен.
Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті.
Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.
Жауабы: Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі.
Жауабы: ола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.
Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.
Жауабы: Орталық Азия аумағындағы көшпелі мал шаруашылығы, біріншіден, ксеротерм кезеңінде климаттың аридизациясы нәтижесінде диқаншылардың номадизмге көшуі арқылы, екіншіден, жартылай отырықшы кешенді-мал шаруашылығы-аңшылық — егіншілік шаруашылығын көшпендіге айналдыру арқылы қалыптасты деп санайды.
Әлеуметтік-мәдени аспектіде көшпеліліктің пайда болуы едәуір дәрежеде жануарларды доместикациялаудың және мал шаруашылығының эволюциясының алдыңғы процесімен, малды ұстау, жаю және пайдалану туралы білімді жинақтаумен, осы мекен ету ортасы жағдайында қоғамдық өндіріс жүйесін ұйымдастырумен, қоршаған ортаның ерекшеліктерімен алдын ала анықталды. Экожүйенің табиғи ресурстарын тану процесінде табын құрылымының қалыптасуы, осы өндіріс тәсілінің ұйымдастырушылық принциптерінің дамуы және мал шаруашылығының көп мақсатты өнімділігі (ет, сүт, жүн, көлік, жегу және т. б.), тиісті өмір салты мен дәстүрлі-тұрмыстық мәдениеттің қалыптасуы, техника мен технологияның жетілдірілуі, «атқа міну» және т.б. пайда болды.
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды.
Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы.
Жауабы: Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік және ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзіне айналды десек те болады. Қазақстанның тым континентті климаты, жыл мезгілдеріндегі жауын-шашынның әрқилылығы, ауа-райының аумалы-төкпелілігі, яғни, табиғи-климаттық ерекшеліктері қазақ халқының шаруашылық құрылымы мен материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттары мен сипатын анықтап берді. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі табиғатты пайдалану мен шаруашылық әрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Тіршілік ортасына бейімделу мен өмір сүрудің ерекше әлеуметтік-мәдени типіне жататын мұндай ортада көшпелі мал шаруашылығы қарқынды дамыды, халықтың басым көпшілігі жыл мезгілдеріне қарай ауысып отыратын көшпелі өмір салтын ұстанды. Төрт түлік малды жыл бойына өрісте, жайылымда бағу көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі болды. Бұл бір жағынан су қоры мен жем-шөптің аздығына байланысты қалыптасты. Сол себепті мал басын сақтау мен көбейту үшін қазақтар жыл мезгілдеріне қарай көшіп-қонуға мәжбүр еді.
Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы.
Жауабы: Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Архимедтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 5189 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазды. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужурек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Макендонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330 –327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахемедтер мемлекетін талқандап бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен” грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған.
Сармат тайпалық одағы.
Жауабы: Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.Сармат тайпаларының қалыптасуы өте ерте заманнан басталады. Сармат тайпалары алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған.
Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде б.з.б. III және б.з. IV ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай арасын мекендеген.
Сармат тайпалары б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Бұл тайпаның аты б.з.б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Олар б.з.б. үшінші және б.з. төртінші ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген. Олар алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Б.з. IV ғ. ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударған.
Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
Жауабы: Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтак кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды5. Меде билік ет-кен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сыйлық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі төлеп тұрды.
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтак кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды.онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне коса олар батыста да қызу қимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілері-не карсы өз бетімен кимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы тук-терін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандарды. Ғұндардың атгы әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыра-тты және сонымен бірге ғұндардың калыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: «Аспанның ракымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің үшына іліп немесе багындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларға шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге каратылды. Олардың бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды».
Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Жауабы: Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады.Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және тағы басқа қалалар.
Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі.
Жауабы: Шығыс Қазақстан экпедициясы 1950 жылы Ертіс өзенінің оң
жағалауында Самар ауданы Қызыл ту ауылы маңындағы ерте темір дәуірінің
қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізді. Ертіс бойындагы басқа
қорғандардан сыртқы түрімен-ақ бірден ерекшеленетін 1947 жылғы барлау
жүмыстары кезінде аныкталған 54 қорғаннан түратын топырақ үйінділі Усть
Бөкен қорымында 1956 жылы б.з.д. V-ІV ғғ. мерзімделетін 22 қорған
қазылды. Нәтижесінде бұл қатардағы жерлеу орындарының тайпа көсемдері
Шілікті, Ақсуат алқабындағы зәулім қорғандарда жерленгендігіне, сондай-ақ
бұл қорғандардың скиф қорғандарына ұқсастығына назар аударады. Осы
жағынан Геродоттың скифтер шығыстан батысқа қарай қоныс аударған деген
мәлімдемесіне жаңаша көзқараспен қарау керектігін айтады. Көңіл
аударарлық жайт бір қорғанда да жылқыны қоса жерлеу ғұрпы кездеспеген.
Бұл ескерткішті пазырық және құлажорға мәдсниеттерінен жерлеу ғұрпы мен
тұтыну бұйымдары жағынан нақты айырмашылығы бар, әрі көп жағынан
ұқсастығы бар Шығыс Қазақстанның ерте көшпелілерінің этникалық тобына жатқызды.
Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.
Жауабы: Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген.аңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.
Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған.. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.
Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Жауабы: Түрік қағанаты — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.
Жауабы: Батыс Түрік қағанаты (Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған, Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.
Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы.
Жауабы: 715-738 жылдары Сұлу қағанның тұсында қағанат күшейді, ал Сұлудың өзін арабтар «әбу мусақим» («сүзеген» немесе мүйізді қаған) деп атады. 737 жылы Сұлу бастаған түргештер қарлұқтармен одақтасып, арабтарды ығыстыра отырып, Тоқарстанға дейін қуып барды, алайда Сұлу қаған жеңіліске ұшырады. Кейіннен Сұлу (өз шатырында) 738 жылы Навакент қаласының қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза тапты. Сұлудан соң қағандыққа Тұқарсан Құтшар отырды, оның билігі бір-екі жылға ғана созылды.
Ал Сұлудың әскербасы Күли Шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Қара түргештердің қағаны Сұлу ел тәуелсіздігін сақтап қалуда үш жақты: араб, қытай және шығыс түріктермен күрес жүргізді.
738-748 жылдары сары және қара түргештердің арасында 10 жылға созылған соғыс болды, кейбір деректерде соғыс 20 жылға созылған делінеді. 746 жылы Жетісуды қарлұқтар шабуылдады. 748 жылы қытайлар осы жағдайды пайдаланып, Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, Суябты жаулап алды.
751 жылы Таразға жақын жердегі Талас өзенінің бойында, Атлах қалашығының жанында арабтар мен қытайлар арасындағы 5 күнге созылған қанды қақтығыста түргештер арабтар жағына шығып, жеңіске жетті. Түргештер үшін бұл шайқастың маңызы алабөтен еді, яғни қытай әскерлерін түркі жерлерінен қайткенде тастап шығуына мәжбүр ету болды. Осы шайқастағы арабтардың, аббасиліктердің әскери қолбасшысы Зияд ибн Салих болса, қытайдың қолбасшысы Гао Сян Чжи болатын. Ибн әл-Асирдің дерегі бойынша, бұл соғыста 50 мың қытайлық өлтіріліп, 20 мыңы тұтқынға алынады. Ал қалғандары бас сауғалап, кері қашты. Жетісу мен Мәуереннахрдағы халықтардың тағдыры үшін Атлах түбіндегі шайқастың маңызы зор болды. Қытай әскерлері Жетісу бойынан қуылып қана қойған жоқ, қайтқан жолында ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымына ұшыраған олар Шығыс Түркістанды біржолата тастап кетуге мәжбүр болды. Арабтар да Талас өзені аңғарында көп тұрып қалмай, Шаш қаласына қарай шегінді.
Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.
Жауабы: Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.
VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.
Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.
Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».
ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.
Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Жауабы: IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл оғыздардың жаңадан әр үрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі.
Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды. Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері күл-еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады. X ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Әли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс cалынған алым-салық оғыздардың наразылығын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Ақырында XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.
Жауабы: Қарахан мемлекеті (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.
Қазақстан және Орта Азияның картасы(12 ғасырға дейін
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты
XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі – қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды. Қарахандықтар мемлекетіндегі билеушілер өз аттарынан теңге шығара алды. ХІ-ХІІ ғғ. Қарахандықтар мемлекеті өзіне Мәуреннахр мен Жетісу жерлерін қосып алды. Екі қағанатқа бөліну кезеңі жарты ғасырға жуық созылды. Ал, 960 жылы Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады.
Қыпшақтардың саяси гегемониясының Қазақстан аумағына таралуы.
Жауабы: Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: он бірінші ғасырдағы Оғыз мемлекетімен соғыстар; Хорезм шахымен және Қарахан әулетімен күрес; сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Қыпшақ хандары оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шегарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді.Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі оларда байланыс желісінің жетілгені болды. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырған. Қыпшақтардың мұсылман дінін қабылдауы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Жауабы: Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық және мәдени-интерактивтік факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы ортағы (түркі тіліндегі «ортақ» деген сөзді сол дәуірлердегі барлық халықтар қолданған), яғни серіктесі болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында ерекше орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан. Мыңжылдықтардың өркениет жады мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды.
Шығыс Түркістан мен Жетісу: моңғол шапқыншылығы кезеңі.
Жауабы: Моңғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық әрекетінде, тұрмыс-тіршілігінде, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорық болды, бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218-інші жылы қайта басталды. Шыңғыс хан өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, оның діни қудалауларына, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға мойынсынып, өз әскерлерімен оның қарамағына өтті. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): 1206 жылдың көктемінде Онон өзені сағасында Тимучинді жақтаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтерді, құрылтай шақырып, Тимучинді ұлы хан деп жариялап, оған Шыңғыс хан атағын берді.1208 жылы Шыңғыс ханның әскері қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды Ертіс жағалауында екінші рет талқандайды. Ал жеңіліс тапқан наймандар мен керейттер Күшлік ханның бастауымен Жетісуға келіп паналайды, ал меркіттер болса, Орталық Қазақстан даласына қашты. Осы тұста Жетісуда да аласапыран мезгіл туған еді. Оған себепкерлер Шығыс Түркістандағы ұйғырлар, қарақытайға бағынышты жетісулық, қарлұқтар мен қаңлылар еді. 1211 жылы Жетісуда алғашқы моңғол әскерлері пайда болады. Көп кешікпей оларды Шыңғыс хан солтүстік Қытайдағы Цзинь империясымен соғысқа шақырып алады. Шыңғыс хан әскері 1211-1215 жж. Қытайға жасаған жорығынан кейін моңғол армиясында Қытайдың әскери техникасы — қабырға құлатқыш, тас атқыш және от атқыш қарулары пайда болды. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы бұл науқан сәтімен аяқталған соң моңғолдар батысқа жылжуын қайта жалғастырды. 1218-1219 жж. моңғолдар көптеген көрші халықтарды бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттар жері жаулап алынды. Ұйғыр, Тұрпан князьдіктері моңғолдар билігін ерікті түрде қабылдады. Цзинь империясының армиясын талқандағаннан кейін монғолдар солтүстік Қытайды басып алды. Шыңғыс ханның ендігі ойы батыс елдерін — Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еуропаны жаулап алу болды. Әлі жаулап алынбаған Ертістің, Арал теңізі мен Әмударияның батысындағы жерді үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарының ұлысы етіп берді. Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыға қьпшақтарды паналаған меркіттерді талқандауға, сүйікті қолбасшысы Жебе ноянға Күшлік ханды бағындыруды табыстады. Жетісуда билік басында отырған Күшлік хан 1218 жылы моңғолдардан тағы да жеңіліс тауып, Бадахшанда қолға түсіп басы шабылады. Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болған Шыңғыс хан Жетісуды аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Жебе ноян жарлық беріп, бейбіт халықтың мал-мүлкіне тиісуге тыйым салды, ал мұсылмандарға кұдайға құлшылық, етуге рұқсат берді. Моңғолдар үшін Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу Ескі дүниені тұтастай жаулап алу стратегиясының құрамдас бөлігі деп қараған жөн. Шыңғыс хан ат тұяғы жеткен жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды.
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.
Жауабы: 1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.
1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары.
Жауабы: Әмір Темір - монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. Әмір Темір 1370 жылы Мауараннахрды басып алып, 35 жыл бойы билік жүргізген. Ақ Орда ханы Ұрұс Сарай қаласын басып алуға көмектеспегені үшін Жошы ұрпағы Түй Қожаны жазалайды. Ал оның баласы Тоқтамыс Темірге қашып келеді. Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Алайда Тоқтамыс Сауран түбіндегі 1374-1375 жылдардагы шайқаста жеңіліске ұшырайды. Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қайта аттандырады. Ұрұс ханның үлкен үлы Тоқтақиядан жеңіліп, Әмір Темірге қайта қашып келеді. 1375 жылдың басында Әмір Темірге елші келіп, Ұрұс ханның Тоқтамысты қайтаруын талап етеді және өз әскерінің Түркістан жеріне таяп қалғанын ескертеді. Әмір Темір Тоқтамысты үшінші рет қаруландырып, өзі де аттанады. 1376 жылы Ұрұс хан мен оның үлкен ұлы Тоқтақияның қаза болып Ақ Орда жеңіліс табады. Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызып, оған Жошы ұлысының қалған жерлерін жаулауды тапсырып, өзі Мауараннахрға қайтады. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы - Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс Алтын Орда мен Ақ Орданы қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірден бас тартады. 1391 жылы Құндызша жерінде Тоқтамыс әскері жеңіліс тауып, бірақ Тоқтамыс қашып үлгереді. 1395 жылғы Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында соғыста Тоқтамыс толық жеңіледі. Кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады.
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): амар әд-Дин Алтын Ордадағы билікті қолына алған Тоқтамыспен және Ақ Орда билеушілерімен Темірге қарсы одақ құрды.
Әмір Темір 1389 жылы Моғолстанға және 1390-1391 жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға жорықтар жасады.
Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алады. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналады
Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
Жауабы: Моғолстанның әлсіреуі және құлауы. Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады. Моғолстанның , Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. оғлық Темір өз билігін Мауреннахрға жайып, Шағатай мемлекетін қалпына келтіру әрекетін де жасайды (1360, 1361жж.), бірақ оның мұндағы билігі ұзаққа созылған жоқ. Оның мұрагері Ілияс Қожаның тұсында Мағұлстан ыдырау жолына түсті.
Әмір Темірдің XIVғ. соңғы ширегінде жасаған бірнеше дүркін жорығы Мағұлстан мемлекетін қайтып күшею мүмкіндігінен біржола айырды. Сөйтіп, ол XIVғ. ортасына қарай дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.
XIVғ. ортасында Ақ Ордамен бір мезгілде мағұлстан мемлекетінің өмірге келуі Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болды. Мағұлстан түркі халықтарының Орталық Азияда қуатты мемлекет құру, сол арқылы өздерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету әрекеті ретінде тарихта өз ізін қалдырды. Сондай-ақ ол, феодалдық, ұлыстық мүдденің үстемдік алуы жалпыелдік, жалпыұлттық мүдденің аяқ асты болуына соқтырмай қоймайтындығын да көрсетті.
Әмір Темірдің әскери жорықтары Мағұлстанда феодалдық бытыранқылық-тың күшеюіне, ал Ақ Орданың Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы болып ыдырауына алып келді.
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Қосымша ақпарат: Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түстіМоғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Әбілқайыр хан мемлекеті.
Жауабы: Әбілқайыр хан (1412 жыл – 1468 жыл) — өзбек ханы. Жазба деректерде Әбілқайыр қаған, Ұлы хан, Бузург хан, Хазірет Бузург хан деп айтыла береді.1428 ж. 16 жасында Әбілқайырды Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті өз қолына алысымен Дешті Қыпшақтағы саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды. Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұт-Қожа ханды талқандады. 30 – 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмет хан мен Махмұт хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (Әбілқайыр хандығы)Әбілхайыр ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Әбілхайыр ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж.
Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңіліс тапқан соң, ашық күреске айналды. 1457—59 ж. аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты тайпалармен Шу өңіріне көшіп барып жеке Қазақ хандығын құрды (Жәнібек хан және Керей хан).
Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.
Жауабы: Қазақ-ноғай қарым-қатынастары (15 – 17 ғасырлар) – екі халықтың саяси және этникалық байланыстары. Қазақ хандығының сыртқы байланыстарында Ноғай ордасы елеулі орын алады. Қазақтар мен ноғайлар этн. жағынан өте жақын. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты мекендеген туыстас ру-тайпалардан құралды. Екі ел қарым-қатынастары әр кезеңде әр түрлі сипат алды. 15 ғасырдың ортасында қазақтар мен ноғайлар бірге тізе қосып, Шайбани ұрпағы билеген Әбілхайыр хандығын құлату үшін соғысты. Әбілхайыр хандығы құлаған соң, қазақтардың күшеюінен қорыққан ноғай билеушілерінің бірі Мұса би Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбаниді жақтап шығады да, оны Қыпшақ даласының ханы етіп көтеруге талпыныс жасайды. Бұған жауап ретінде Қазақ хандығының билеушісі Бұрындық хан 50 мың әскерімен ноғайлар мен Мұхаммед Шайбаниға қарсы жорық ұйымдастырды. Олардың арасында шайқас болып, Бұрындық Мұсаның ағасы Хорезмиді өлтіреді, бірақ шайқаста жеңіске ноғай әскері жетеді. Алайда ноғай билеушілері Мұхаммед Шайбанидің күшеюінен қорқып, оның хан болуына қарсы шықты. 15 ғасырдың 80-жылдары қазақтар мен ноғайлар Мұхаммед Шайбаниға қарсы Түркістан аймағында бірігіп күресті. Ноғай билеушілерін Едіге ұрпақтарының бірі Хамза бек басқарды. Қазақ хандығының тегеурініне шыдамаған Мұхаммед Шайбани Орта Азияға кеткен соң, олардың арасында ортақ мақсат болмай, Қазақ-ноғай қарым-қатынастарында енді ел мен жер үшін күрес орын алады.
Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси және шаруашылық факторлары.
Жауабы: Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.Жүз» ұғымының мәні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нәрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді.
XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды. Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды: тайпалар мен рулардың (жүздерді құраған) өз басқарушылары болды (билер, батырлар), яғни билеушілер сол рудан болуы керек еді. Тайпалар мен рулар тек этникалық форма болып қана қойған жоқ, сонымен қоса оның мүшелерінің шаруашылық-саяси қауымдастығы да болып саналды.
Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерін қамтыды. Негізін қалаған рулар: үйсін, қаңлы, дулат, жалайыр, албан, суан, шапырашты т.б.
Орта жүз Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Орта жүздің шегарасы Арал теңізі мен Торғай өзенінен бастап, шығыста Ертіске, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, оңтүстік шегарасы Сырдария, Шу өзендері, Балқаш көліне дейін, солтүстік шегарасы осы күнгі Омбы, Түмен облыстарына дейін барады. Осы кең далада Орта жүздің негізгі тайпалары – қыпшақтар, арғындар, наймандар, керейлер, қоңыраттар өмір сүрді.
Жүздерге бөлу тегі тайпалар арасындағы қатынастарды реттеу үшін ағалық (үлкендік) және кішілік сыйластық, құрмет тұтуға байланысты пайда болуы тиіс. Тұрмыстық және қоғамдық өзара қатынастарда да қазақ рулары осы тәртіп бойынша бөлінген.
Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.
Жауабы: 1457 жылы Әбілқайыр хан Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілқайыр өз ұлысында қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халықтың оған деген өшпенділігін күшейтті. Оған қарсы күресті Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жж.) қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсы пайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билік жүргізе бастады...».
Жетісу рулар мен тайпалар және мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы еді. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.).
Екінші жауабы(қосымша ақпарат): Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды
Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Жауабы: Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Мал өнімдері оларды тамақ, киім-кешек, тұрғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды. Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды. Қыс қатты болған жылдары жұт болып, малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын. Дегенмен мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды.
XVI ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандандырды. Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда және көшпенділермен дәстүрлі сауда дамыды. Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары өтті. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда бұл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды. Көшпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді. Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Көшпелілердің астыққа - бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне деген және әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша тұрақты болды. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік аудандары және қала шаруашылығының тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас белгісі болды.
Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.
Жауабы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлғая түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Хақназар ханның билігі.
Жауабы: Хақназар ханның билігі.- Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
Жауабы: Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Қазақ-Жоңғар соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған. Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқына тигізген ең ауыр шабуылы деуге болады.Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.Сол кездегі қазақ батырларының көрсеткен ерліктері, қазақ халқының бірлігі «Аңырақай» шайқасында жеңіске жетуге себеп болды. Бұл оқиға қазақ есінде мәңгі қалатын өшпес із болмақ. Болашақ ұрпаққа үлкен сабақ болмақ. Қазақтардың қайтпас қайсарлығы, еліміздің осындай бейбітшілік күнде өмір сүріп жатқанымыздың жемісі. Ақтабан шұбырынды оқиғасының мәңгі тарихта қалуы ұлы жеңіске жетуінің, ұлы дала болуының бейнесі ретінде есте сақталады.Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасының басталуы мен аяқталуы туралы деректерді жинақтай келе Абылай ханның даналығының арқасында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтағанын көреміз. Жоңғар елінің ішкі алауыздығын тудыру арқылы, сыртқы қорғаныстарын әлсіретіп жаулап алған қазақ жерлерін қайтарып алды
XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы батырлар мен билер ықпалының өсуі.
Жауабы: Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың әлеуметтік қарым-қатынасына әсер етпей қоймады. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамында үстемдік құрушы ру старшындары мен билер болды. Олар елге әдет-ғұрып заңдарын сақтаушы әрі түсіндіруші болып саналды. Билер хандар және сұлтандармен қатар сот істеріне араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру үрдісіне қатысып отырды.ХІХ ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақсы қыстауымен және шабындық жерлерін пайдалану құқықтарымен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. Мұның бәрі қазақ руларының дәстүрлі қалыптасқан көшіп-қону жолдарының бұзылуына әкелді, бұл дәстүрлі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырап, жайылымдық жерлердің құлдырап, шаруашылық құрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір” (жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған малдың 40-шы бөлігі) ханға берілетін болған. ХІХ ғасырға дейін зекет жинау құқығы тек ханда ғана болса, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында хандық билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын болды. ХІХ ғасырдың І жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып тұруы және олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына міндеткерліктер «соғым» және «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар қосылды. ХVІІІ ғасырда төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың әскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық жұмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайының өзгеруі ХІХ ғасырда қазақ мемлекеттігінің жойылуымен байланысты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оққағары немесе жасақтары ретінде қызмет етті. Төлеңгіттер сұлтандарды және олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық сияқты т.б. қызметерді де атқарды. ХVІІІ ғасырда төлеңгіттерді тек қана «ақ сүйектердің» тұқымдары сұлтандар ғана иелене алса, ХІХ ғасырдың І жартысында сұлтандар бұл құқықтарынан айырылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды.Осылайша, ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамы екі қарама-қарсы топ - сұлтан, би, бай, батыр бір жағында болса, екіншісі – қарапайым шаруа, оның ішінде кедейленген егіншілер, жатақтар мен бақташылар болды. Егер бұрын жасы келген, алдына барып ақыл сұрайтын адам – ақсақал атанса, енді ХІХ ғ. І жартысында билікке ие болған басшы-сұлтандар мен аға сұлтандар да ақсақал атанды. Әйелдердің ер адамдармен қатар тең құқылары болмады. ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуде қазақ қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы қоғамның одан әрі дамуына, бірігуіне, орталықтандырылған мемлекет құруына тежеу жасады. Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың әскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен және Орта Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың әлеуметтік рөлі ерекше жоғарылап ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уәлиханов: “Батырлар - қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін атақты әрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде әрқашанда салмақты болды”, - деп көрсетеді.
Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы.
Жауабы: ХҮІІІ ғасыр, тарихи жырлар қазақ-жоңғар қатынастарының негізгі дерек көзі: оның ішінде ең алдымен қазақ жоңғар соғыстары жайында. Ақтабан шұбырынды, осыған байланысты рулардың көшіп-қонуы, атақты батырлар қатысқан үлкенді-кішілі шайқастар. Жеке тұлғалар — Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, басқада батырларымыздың қоғамның саяси жағдайына, әлеуметтік құрылымына, шаруашылығына, қоғамдық ой-санасына байланысты мәліметтер береді. Бұл кезеңге қатысты айналымға енгізілмеген жырлар бар. ХІХ-ХХғғ. қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыстары ауызша тарих айту дәстүрінде кеңінен көрініс тапқан. Бұл бағыттағы жырларды тарихи дерек ретінде қоданудың үздік үлгісін кезінде Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегнде негіздеген болатын. Алдағы мақсат әрбір қозғалысқа қатысты жыр, әңгімелерді нақты зерттеп талдау. Кеңес дәуіріндегі шаруалар қозғалысы, Ұлы Отан соғысы кезеңіне қатысты да тарихи әңгімелер, жырлар кездеседі.
Ауызша тарих айту дәстүрі туындыларын зерттегенде, ең алдымен қолжазба түріндегі нұсқаларын іздеп,табудан бастау қажет. Олардың негізгі бөлігі ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының ғылыми кітапханасының Әдебиет және Өнер институтының қолжазба қорларында, обылыстық мұражайларда, жекелеген адамдардың қолдарында сақталған. Баспасөз бетінде жарияланғандары да бар.
«Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
Жауабы: Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.
Жоңғар шеріктерінің негізгі күштері Цинь империясымен болған шайқастарда шыңдалды. «Жоңғар хандығының тарихы» атты еңбектің авторы И.Я. Зпаткиннің айтуынша, XVIII 20-жалдарына дейін жоңғарлар Шығыс Түркістан халықтарын, қырғыз, тува, алтайлықтарды өзіне бағындырды. 30-жылдарға қарай Жоңғария Еуразиядағы күшті көшпелі державалардың біріне айналды. Бұл кезеңдерде Жоңғар мемлекеті бір мезгілде Қытай, Қазақ хандығы және Орта Азия билеушілерімен соғыстар жүргізіп, Ресейдің солтүстік шекараларына қауіп төндірді. Олардың Сібір мен Алтайдағы бекіністеріне жиі шабуылдап отырды. Жойылып кетушілік қауіпі қазақ халқын біріктірді. Қазақ қоғамында ерекше бірігу рухы пайда болды. 1723-1724 жылдардағы ірі жеңілістерден соң асығыс түрде жер-жерде жасақтар құрыла бастады, оларды халық арасынан шыққан мықты батырлар басқарды. Осындай қиын кезеңде Абылай, Әбілқайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, талантты қолбасшылар — Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары және Жәнібек батырлардың даңқы шықты.
Райымбек ойрат және қалмақ тайпаларын Қазақстанның оңтүстік-шығысынан түgкілікті қуып шығуда үлкен рөл атқарды. Оның белсенді араласуымен Теrtc және Қарқара езендері бойында шекара анықталды. Ол тұрғызған улкен «Қызыл оба» кейіннен Нарынқолда қазақ-қытай шекарасын анықтауда ескерткіш белгі болып қалды, Сол кезеңде қазіргі Алматының айналасындағы үлкен аумақ қалмақ билеушілері Ағанас пен Арысханның иелігінде болатын — Ұлы жүз қазақтарының әскери кеңесінде, Қалмақтар күшпен басып алған жерлерді жаудан азат ету жөнінде шешім қабылданды. Ағанастың шабуыл жасауға дайындалып жатқанын сенімді адамдары арқылы білген Райымбек дереу іске кірісіп, күтпеген соққы арқылы жауды кері қайтаруға шешім қабылдады. Өзі бастап сарбаздарымен жаудың қосына басып кіріп, оларды қашуға мәжбур етті. ¥рыс басында Райымбек Ағанасты өлтірді. Келесі алған қамалы Ағанастың ордасы болды. Бұл үзіліс қазақтарға да өте қажет еді.
Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы.
Жауабы: Ордабасы жиыны, Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты үш биге ескерткіш орнатылған.
Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау.
Жауабы: Қалмақтармен соғыста жекпе-жектер бірнеше күнге, тіпті айға дейін созылатын. Жекпе-жек – әскери өнердегі жауынгерлердің жетістіктерін айқындайтын батырлар айқасының төресі.әрбір халықтың ертеден қалыптасқан әскери өнері мен жауынгерлік дәстүрлері болады. Елін, жерін көздің қарашығындай сақтау, өзіндік саяси, қорғаныс стратегиясын қалыптастыру кез-келген мемлекет үшін аса маңызды. Көшпенді халықтың жауынгерлік дәстүрі мен ұрыс жүргізу жолдары жаһандық әскери ғылымның қалыптасып дамуына үлкен септігі тиді. Бұны қазір көптеген тарихшы-ғалымдар мойындап, мәлімдеп жүр
Әбілқайырдың Орынбор әкімшілігімен қарым-қатынасының шиеленісуі.
Жауабы: Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.
Біріншіден, XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды.
Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.
Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды.
Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлата түсгі. Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін шабуыл жасауды жиілетті. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар дағдарысты қиын жағдайда калды, көшпелілердің кедейленіп, қайыршылану үрдісі басталды.
Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары
Жауабы: Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнатылды. Алайда ойраттар мен қазақтардың арасында 200 жылға созылған сұрапыл соғыста қазақ халқы түпкілікті жеңіске жетуі, көршілес Қытай мен Ресей үшін қолайсыз болды. Соның салдарынан 1756 жылы Қазақ хандығы мен Қытай мемлекеті арасында соғыс өрті тұтанып, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді. Сонымен қатар жоңғар тағына үміткер Әмірсана маньчжур әскерлеріне тегеурінді қарсылық көрсете аламай, ақыры Абылайға келіп жан сақтады. Қазақ сұлтаны Әмірсанаға қамқорлық жасау арқылы титықтаған Жонғарияны бір жолата күйреуден сақтап қалып, елге енді ешқандай қауіп төндіре алмайтын әлсіз ойраттардан Цин Қытай мен Қазақ даласы ортасындағы аралық мемлекет жасамақ болды. Бірақ Қытай императоры Цян Лунь әскерлері араға кірігіп кетті де әбден әлсіреген Жонғарияны жойқын күшпен басып алды. Қорыта айтқанда Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алып мемлекеттермен Ресей, Жоңғар, Қытаймен ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, парасаттылық, терең ойшылдықты тіледі. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болуы керек.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
Жауабы: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Сырымның Орал казак әскерлерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды 1783 жылы желтоқсанда кездейсоқ қапаста қалған казактардың тұтқынынан 1784 жылы көктемде Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты.
Сырымның Орал казак әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты.
1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды. 1787 жылдың наурызында өтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерлерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. 1790 жылы казак әскерлерінің атаманы Д. Донсков қазақтарға қарсы қимылы көтерілістің қайта өрлеуіне түткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты, Ералының хан болып сайлануы 1794 жылы Ералы ханның өлімі,1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі — Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды.
Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы.
Жауабы: Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды.
1824 жылы Ресей үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабыл-дады. Ол Орынбор генерал-губернаторы П. Эссеннің басшылығымен жа-салды. Орта жүздегі сияқты енді Кіші жұзде де хандық билік жойылды [40, 138-139-6.]. Кіші жүзді басқару Орынбордағы Шекаралық комиссиясы ар-қылы жүзеге асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз үш бөлікке белінді. Бұл бөліктерді Орынбор губернаторы тағайындайтын сұлтандар басқаратын болды. Бұл бөліктер дистанцияларға бөлінді. Дистанция дегеніміз бекіністер аралығындағы жерлер болатын. Дистанциялар ауылдарға бөлінді. Дистан-цияларды дистанция бастығы басқарды, ал ауылдарды ағамандар басқар-ды. Осының барлығын шекара комиссиясы тағайындап отырды. Орынбор қазақтары үшін сайлау жүйесі енпзілмеді. Сондай-ақ Кіші жүзде әскери бекі-ністер бойындағы қазақтар үшін арнайы қамқоршы қызметі тағайындалды. Сот жүйесі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді. Ауыр қылмыстық істер әскери соттар мен шекаралық комиссия-ның құзырында болды. Ал маңызы төмен істерді жергілікті билер соты қарайтын болды. Сейтіп Кіші жүздеп хандық билік те жойылды.
Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Жауабы: Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері. Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
Жоламан Тіленшіұлының наразылық қозғалысы(1822-1824 жж.).
Жауабы: Жоламан Тіленшіұлы 1822 жылдың 27 тамызында табын, тама руларының батырларымен бірігіп, орыс-казак форпостарына шабуыл жасайды. Қыркүйек айында жасақшылар саны 1000-ға жетеді. Шерғазы сұлтан Жоламанның қарулы әскермен хан ордасын шабуға дайындалып жатқаны туралы Ресей әкімшілігіне мәлімдеме түсіреді. 1822 жылдың күзінде Жоламан Тіленшіұлы 500 қолмен Елек бойына шабуылдар ұйымдастырды.Жоламан Тіленшіұлы бастаған азаттық күрестің алғашқы кезеңі 1817 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі В.Топориннің іс-әрекетіне наразылық білдіруден басталды. Күрестің екінші кезеңі батырдың елдегі ахуалды патша шенеуніктеріне баяндап жазған хаттары, дипломатиялық шаралары арқылы көрініс тапты.19 ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің бойындағы табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал, Елек, Бердянка, Құраты өзендерінің бойында 29 бекініс бой көтеріп, ол Жаңа Елек шебі деп аталды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы, 3 қыркүйекте Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды.19 ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізеді. Кенесары қолы оңтүстікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған көтерілісшілер тобы ыдырай бастайды. 19 ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады.
Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
Жауабы: 1845ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып патшалық өкімет орындарның бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті. Жәңгір, халқын сатпады, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Жәңгір хан казак балаларынын сауатты, окыган болаганын калады. Казак балаларына жана еуропалык окыту турин енгизгиси келди. Бул иске ресей империясынын тикелей катысы болаганы тарихтан белгили. Жангир хан ресейге хат жазып отырганнан кейн ресей казак балаларынын оку тарбиесине тикелей назар аударып конил аударды. Дегенмен ресейдин басты максаты жаксы жакта болмады. Олардын максаты казак балаларын дин бойынша христиан динине ауыстырып шокындыру жане казак тилинин орнына орыс тили мен орыс рухтандыру сабактарын енгизгиси келди. Мундай малиметтерди тарихи мурагаттар далелдейди. Дегенмен жангир хан мунын кате екенин тусинип барин оз колына алгысы келди. Сол себептиде оз Жангир билим реформасын жасап шыгарады. Басты максаты казак тилин жане дини касиеттерди жогалтпай оз урпактарынын жане казак балаларынын сауатты кылып шыгару. Бул жолда жангир хан ен биринши еуропалык стильдеги оку мектебин ишки бокей орадасында 1841 жылы 6 желтоксанда хандык ордада ашылган болатын. Бул мектептин дини багыттагы медресселерден басты айырмашылыгы казак-орыс мектебинин болуында болды. Кейиннен казан мен камыш сауранда, хандык ордадан 12 км жердеги нарын, тал мен торгында дал осындай мектептер ашылды. Туркистан мен пеорвскидеги еки орта мектепте 455 казак 221 баска улт балалары окыган. Жангир хан билык еткен 22 жылда казыргы билим беру саясатынын негизин калап, казак оку саласында улкен бастама жасап кеткен атактыда мыкты киши бокей ордасынын ханы болып табылады. Бул дерекке жогарыдагы айтылган деректер куалик етеди.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.
Жауабы: Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847 ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855 ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
Жауабы: Ресей империясының қазақтың хандық билігін жоюы, жаңа бекіністер салып, қазақ жерлерін тартып алуды жалғастыруы және әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. 1837 ж қарашада Петропавл маңында Ақтау бекінісіне шабуыл жасап, патша үкіметіне қарсылық білдірді. 1838 ж 26 мамырда Ақмола бекінісін басып алып, оны өртеп жібереді. 1841 ж қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршап алады. 1842 ж Сібір жазалау отрядтары қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтіреді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев 300 казактардан тұратын көтерілісшілерге қарсы отряд құрады. Кенесарымен күресте дәрменсіздігі үшін Лебедев жауапқа тартылды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер Жантөреұлының 5000 адамнан құралған отрядын жеңіп, 44 сұлтан қаза табады. Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыздар мен Қоқандар «Алмалы сай» шатқалында Кекілік-Сеңгір жерінде Кенесары сарбаздарын үш жақтан қоршап алады. Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түсіп, Наурызбай батыр қаза табады. Кенесарыны қырғыз манаптары өлтіреді.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.
Жауабы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.1843-1860жж19 ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша әскерлерімен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Бұл кезде Жанқожаның әскерінің саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске басқа рулар да, соның ішінде құмды аймақтардағы көшпелілер де қатысты. жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара, Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтас іздеді бірақ оның бұл саясатынан ештеңе шықпады. Жанқожа бастаған көтеріліс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі –Есет Көтібарұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің шығуының басты себебі Арал теңізінің басты жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз ж/е Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті руына түтін салығы салынуы және жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының күшеюімен байланысты еді. Есет Көтібарұлы орыстардың отарлауына қарсыбелсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. Аайда оқ дәрісі мол мылтықтармен қаруланған патша әскерлерімен көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды. 1858 ж қыркүйекте Бородин басқарған патша әскерлері Есет батыр бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады. Сөйтіп, патша үкіметінің отарлау саясатына және жергілікті бай шонжарларға қарсы бағытталған кіші жүз қазақтарының Есет батыр бастаған тағы бір көтерілісі сәтсіздікпен аяқталды.
1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы.
Жауабы: 1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
1886ж.2-маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бекітілді. Ол бойынша үш генерал-губернаторлық қалды, бірақ Түркістан генерал-губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. Түркістанға Ферғана, Самарқан облыстары еніп, енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда «Ақмола, Семей,Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» бекітілді.Ол бойынша 1891ж. Орынбор мен Батыс-Сібір генерал губернаторлығы біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп аталды. 1891-1897жж. аралығында оның құрамында 5 облыс болды, ал 1897ж. Дала генерал губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, қайтадан Түркістан генерал губернаторлығына берілді. Нәтижесінде, 1897ж. екі генерал губернаторлық төрт облыстан тұратын болды.
1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістері.
Жауабы: 19 ғасырдың І-жартысында Торғай және Орал облыстарында бұқара халықты қанау жылдан-жылға күшейе түсті. Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады. 1810 ж. Елек, Қурайлы өзендерінің бойынан 700 мың десятина жер, 1830 ж. Ор өзенінен Березовкаға дейін 7,5 млн десятина жер, Ор мен Құмақ өзендері бойындағы шабындықтарды және 1865 ж. Орал өкілдерінің оң жағалауынан қырға қарай 25 шақырым жер алынып, Орал, Орынбор казак-орыс әскерлеріне берілді. Аманқарағай, Наурызым ормандарын Орынбор әкімшілігі пайдаланды. Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. 1851 ж. жайылымдық жерсіз қалған Кіші жүз шаруалары малының жартысы қырғынға ұшырады, Қазақтар тұзды (Елек, Тұзтөбе, ақжал), балықты (Шалқар, Қамыстысамар және т.б.) көлдер мен өзендерден (Есіл, Ор, Орал) ығыстырылды. Жем өкілдерінің төменгі бойы мен Каспий теңізінің шығыс жағалаулары Ресей кәсіпшілерінің меншігіне алынды. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мәжбүр болды. Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды. 19 ғасырдың 60 жылдарында әр түтінге салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен бірдей өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды. Кіші жүз қазақтары мемлекет кіресін тегін тарту үшін (Наурызым орманынан Сырдария бойындағы қалаларға ағаш тасу және т.б.) түйешілермен (5 түйеге бір адамнан) қоса 4 мың түйе беруге, Орта Азия хандарына жорық жасап жатқан патша әскерлерін азық-түлікпен, баспанамен, жылы киімдермен және т.б. жабдықтауға міндетті болды. Тек 1839-40 жылдары ғана 14 мың түйе, 15 мың пұт ет, 15 мың саржан киіз, 10 мың бас киім, қолғап алынды. Жергілікті әкімдер халық есебінен көлікпен, қаражатпен қамтамасыз етілді. Күйзеліске ұшыраған кедейлер топ-тобымен казак-орыс шептеріне, ірі қалаларға жалдануға кете бастады. 50 жылдары Орал казак-орыс шептерінде 20 мыңнан астам қазақ кедейлері жалданды.Жалшылардың қоныстауына, егіншілікпен айналысуына тыйым салынды. 1868 ж. патша үкіметі Қазақстанды отарға түпкілікті айналдыруды көздеген «Жаңа ереже» қабылдады. Жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар пайдаланған жері үшін түтін басы бұрынғы 1 сом 50 тиынның орнына 3 сом 50 тиын төледі, түрлі алымдар көбейді. Бұл көшпелі халықтың жаппай наразылығын тұғызды. 1868 ж. желтоқсандағы «Жаңа ережеге» сәйкес Кіші жүз екі облыс, 8 уезге бөлінді. Оның батыс жағы Орал казак-орыс әскерлерінің жерлеріне қосылып, Орал облысы, ал шығысында Торғай облысы құрылды. 1869 жылдың басында елге ұйымдастыру комиссиялары шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға, жергілікті әкімдер «сайлауын» өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды. Табын,Кете, Адай, Таз, Ысық, Шеркеш, Есентемір руларының қарулы көтерілісшілері 1868 ж. 21 наурызда Гурьев қаласындағы ұйымдастыру комиссиясына шабуыл жасап, 10 көлік пен 900 сомның бағалы затын қолға түсірді, комиссия мүшелері қашып кетті. Қаракөлдегі Ысық және Беріш рулары «Ережені» қабылдамады, ұйымдастыру комиссиясын кейін қайтарды. 1869 ж. қаңтарда барлық уездердегі ұйымдастыру комиссиялары «Ережені» жүргізуді тоқтатты. 1869 ж. ақпанда ұйымдастыру комиссиялары бұрынғы сұлтан-әкімдері (М.Баймұхамедов, Сейдалин. Б.Кейкин) ертіп елге қайта шықты. «Ережеге» күшті қарсылық көрсеткен руларға «ықпал» ету үшін зеңбіректермен қаруланған 700 әскерді қырдағы бекіністерге жіберді. Елек өзен бойында 200 әскер күзеткен азық тартқан отрядқа 600-ге тарта көтерілісші қазақтар шабуыл жасап, арбаларын қиратып, бірнеше адамын өлтіріп жарақаттады. 1869 ж. наурызда ұйымдастыру комиссиясына қарсы көтеріліс ішінара Торғай облысын, ал Орал облысын түгел қамтыды. Көтеріліс дүмпуінен қорыққан ірі феодалдар (сұлтандар, билер, дін басылары) мал-мүлкін айдап оңтүстікке, одан Хиуаға өтіп кетті. Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан жеңіліске ұшырады. Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының ерекше бір көрінісі болды
Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері.
Жауабы: Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әскері болды. Олар Жайық, Сібір, Орынбор және Жетісу казак әскерлері еді.
Ресей империясындағы казак әскери бөлімдерінің негізгі қызмет түрлері, біріншіден, Ресейге жаңа жерлерді қосып алуға белсене қатысу; екіншіден, көрші мемлекет әскерлерінің шекараға басып кіруінен қорғау; үшіншіден, Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардың ұлт-азаттық қозғалысын, орыс шаруалары мен жұмысшы табының көтерілістерін аяусыз басуға белсене қатысу болатын. Мәселен, казактар Польшадағы көтерілісшілерді, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан халықтарының көтерілістерін аяусыз жазалауға белсене қатысты. Казактар 1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясын басып-жаншуда да ерекше көзге түсті. Төртіншіден, казактар орыс армиясының XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезіндегі шетелдерге жасаған жорықтарының барлығына да қатысты.
Казактар әскери қызмет атқарумен қатар әскери-инженерлік бекініс құрылыстарын, жолдар мен көпірлер салуға және оларды жөндеуден өткізіп тұруға міндетті болды. Олардың міндетіне орманнан ағаш кесу және оны тасып жеткізу, пошта қатынасы көліктерін қорғауды қамтамасыз ету де кіретін.
Казактардың патша үкіметінің әкімшілігіне шын беріле адал қызмет етуі үшін оларға ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлінді. Казактарға бөлінетін жер телімі Ресейден қоныс аударып келген шаруалардың жер телімінен әлдеқайда артық болды. Казактардың әрбір ер азаматына шаққандағы жер телімі орта есеппен 30 десятинадан келді. Офицерлерге бөлінетін жер телімі бұдан да көп болды. Мәселен, аға офицерлер 200-ден 600 десятинаға дейін, штаб офицерлері — 400-ден 1000 десятинаға дейін, ал генералдар - 1500-ден 3000 десятинаға дейін жер иеленді. Казактардың сонымен қатар түз кәсіпшіліктерін, ормандарды, өзендер мен көлдерді пайдалануға да ерекше құқықтары болды.
ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі.
Жауабы: Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлiгi-қоныстандыру саясаты. Помещиктер мен империалистiк буржуазияның мүдделерiне сай келген қоныс аудару мәселесiне патша өкіметі XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап қатты назар аударды. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшiн бiрқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару шаралары сол саясаттың бiрi едi. Сiбiрдi, Қазақстанның солтүстiк, батыс, орталық және оңтүстiк шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзiне тірек жасамақ болды. Әскери-әкiмшiлiк отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жерiне ағылып келуiне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын iске асыру жолында Жетiсудың бiрiншi – әскери губернаторы Колпаковскийдiң бастауымен 1868 жылы «Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелер» бекiтiлдi. Осы ереже бойынша коныстанушыларға 30 десятина жер бөлiндi. Қоныс аударушылар 15 жыл мерiзiмге алым-салықтан, рекруттық әскери мiндеткерлiктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға керек-жарақтар алу үшiн ақшалай көмек берiлдi. Патша өкіметі 1889 жылы 13 шiлдеде «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз epкімен қоныс аударуы туралы» арнаулы ереже бекiттi. Бүл ережеде жердi бекiтiп берудiң тиянақты мөлшерi белгiленген жоқ, жергiлiктi өкімет орындарына өз қалауынша белгiлеуге epiк берiлдi.Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетicу, Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргiзiлдi.Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейiн Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 жаңа село пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина eгicтік жер тартып алынды. 1884-1892 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкелiп қоныстандыру, Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерiн кеңiнен қамтыды.Қоныс аударушылар Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен ғaнa емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келдi. Өйткенi, қазақ даласы ұлан-ғайыр кeңдiгiмeн, кең-байтақ жерде eгiн шаруашылығына да, мал шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мәселен, 1900 жылғы халық caнағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында / Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетicу / ғaнa 3463598 адам болса, оның iшiнде Еуропалық Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сiбiрден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келдi. Сөйтiп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушiлер өлкенiң барлық халқының 10,5 процентiн қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды. Патша өкiмeтi Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзiнiң шикiзат қоймасына, елдi өндipic тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Мал, жүн, тepiнi cу тeгiнгe сатып алып, өте қымбат бағаға өндiрic тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады. Патша әкiмшiлiк органдарының бастықтары мырзалық жасап, қазақтардың шұрайлы жерлерiнiң әр десятинасын он тиыннан оңды-солды сатты.
«Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық.
Жауабы: Бұл наразылықтың сипаты былай көрсетіледі. Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады.] Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.]
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады.] Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән.Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені – Дулат Бабатайұлы
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
Жауабы: Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды.
1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды. Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді. Қоныстанушы әрбір дүнгенге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем топтар кедейлердің жерін арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты. Верный уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей ұйғырлардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды.
Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар ШУәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский секілді Ресей мәдениетінің белгілі өкілдері терең ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын “Он екі мұқам” деп аталатын Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
Ұйғыр, дүнген халықтарының Ресей құрамында өркендеп, дамуы осынау көне мәдениетке жаңа мазмұн берді.
Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.
Жауабы: Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қараша айының ішінде сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны, майор дәрежесіндегі Шыңғыс Уәлихановтың қара шаңырағында дүниеге келген. Шоқанның кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты қазіргі Қостанай облысы, Жетікөл ауданы Шөптікөл аулынан үш – төрт шақырым жерде орналасқан. Азан шақырылып қойылған есімі Мухамедқанафия болғанына қарамастан, анасының Шоқан деп еркелетіп қойған есімі өмір бойына сақталып кетеді. 1855 жылы жазда Шоқан Уәлиханов генерал – губернаторға Батыс Сібір губерниясының құрамында жаңа құрылған Семей облысына тексеруге шыққан сапарында ерекше тапсырмалар орындайтын офицер ретінде еріп жүреді. Г.Х.Гасфорттың экспедициясымен бірге Омбы – Семей –Қапал – Верный арқылы сапар шеккен Шоқан Жетісуда қалып қойып, өлкенің саяси жағдайы туралы мәліметтер жинайды. Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың қоныстануын, өлкенің тарихы мен географиясын зерттейді. Осы сапарынан мол мағлумат алып келген Шоқанды Гасфорт мақтау мінездемемн сый беруге ұсынып Шоқан Уәлиханов поручик шенін алады. Омбыға қайтып келгеннен кейін Шоқан өзінің жинаған материалдарын қорытындылай келіп, сол материалдарының негізінде қазақтардың жерді пайдалану мәселесі жөнінде, олардың рулық және некелік қарым- қатынастары мен ертедегі діні жайлы ресми жазбалар жазады.
Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы.
Жауабы:
Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
Жауабы: І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.
І Мемлекеттік Дума құрамындағы мұсылман фракциясы. СПб, Таврия сарайы, 1906 ж.
Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – өзінен өзі халықтың қолына өтеді. Қазақ өкілдерінің жер мәселесінен кейінгі екінші көздегені – қазақтың барлық 9 облысы мен Астрахан гүбернесіне қарайтын Бөкей ордасына, сондай-ақ Алтай өңірінің Бийскі және Змеиногорск болыстарына – Дума мақұлдаған заң жүзінде генерал-губернаторлық, ояз және крестьян бастықтары институттарын жауып, оның орнына жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін – земство енгізу болды. Оның себебі: егер Ресейдің ішкі еуропалық бөлігінде земствоға ұқсаған мекемелер болса, Сібір мен Дала облыстарында әлі күнге дейін қоғамдық өзін-өзі басқарудың сағымы да болған жоқ. Ә.Н. Бөкейхан ол туралы: «Қазақтар өзінің жер мүддесін қорғауды талап етеді. Ол мүдде «Ақмола мен Семей облыстарына көшіріп қоныстандыруды уақытша тоқтат» деген қағази нұсқаумен қорғалмайды... Ол тек қана... конституция мен халық билігі болған да ғана мүмкін», – деп мәлімдеді
Бір сөзбен айтқанда, І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды.
Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы.
Жауабы: XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көпұлтты мемлекет болған Ресей империясының тарихи дамуының басты ерекшелігі – Ресей империясындағы мұсылмандардың басым көпшілігінің түркі тілдес халықтардан құралуы. «Сенімде бірлік» идеясы түркі халықтарына тән ортақ ерекшеліктер мен олардың тарихи ортақтығымен тығыз байланысты. Ресей империясының түркі тілдес мұсылман халықтары тең экономикалық және саяси құқықтарға ие болмағандықтан, бірігу арқылы ұлттық мүдделерін қорғау қажеттілігін сезінді. Бұл түркі тілдес мұсылман халықтарын өркениетті әлемге қосу мақсатында олардың білім беру және мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған жәдитшілдік идеологиясында көрініс тапты. XIX ғасырда Ресей қоғамында белең алған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер жәдитшілдік идеологиясының негізін қалыптастырды. XX ғасырдың басында жаңа идеологиялық үрдіс ретінде пайда болған жәдитшілдік Ресей империясының түркі тілдес мұсылман халықтарының шоғырлануына серпін беріп, әлеуметтік жұмылдыру мен коммуникациялардың дамуына, сондай-ақ қоғамның бір геосаяси кеңістікте интеграциялануына себеп болды. Осы мағынада жәдитшілдік қозғалысын тілдерді жаңғырту және білім беруді реформалау арқылы дәстүрлі өмір салтында кейбір өзгерістер енгізуге бағытталған әрекет ретінде қарастыруға болады. Жәдитшілдіктің негізін 1800-1840 жылдары татар ағартушылары қалаған болатын. Мысалы, XIX ғасырдың бірінші жартысында Габденнасыр Курсави (1776-1812) және Шигабутдин Марджани (1818-1889) сияқты көрнекті татар ағартушылары Бұқара мен Самарқанд медреселерінде схоластикалық білім беру реформаторлары болды. Ибраһим Халфин (1773-1823), Хусаин Фаезханов (1821-1866) және Исмаил Гаспыралы (1851-1914) Ресей империясының мұсылман қауымы арасында білім беру саласында реформа жасауға шақырды. Қазақ зиялылары арасында қазақ халқының дамуын тек ағарту мен білім беру арқылы жүзеге асыруға болатынын пайымдаған Шоқан Уәлиханов, Салық Бабаджанов, Мұса Шорманов және Ыбырай Алтынсаринді атап өту қажет. Жәдитшілдік қазақ қоғамының ұлттық даму жолдарын түсіну және табудың маңызды кезеңіне айналды. Білім реформасы басты тақырыпқа айналды. Қазақстанда жәдитшілдік идеясының таралуын XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымы қолдаған болатын. Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Ғұмар Қарашев сынды көрнекті тұлғалар білім беру саласына жаңа әдіснаманы (усули-жәдит) енгізудің белсенді жақтаушылары болды. Мысалы, Ғұмар Қарашев (1876-1921) бұл жайлы мынадай пікір өрбітті: «Ешбір халық көшпе халінде жүріп, өнерлі, білімді ел бола алмады. Керісінше, тарихта білім мен өнер тек отырықшы өмірге көшіп, медреселер мен мектептер салынғаннан кейін және әлеуметтік өмірге тәртіп пен заңдылық енгізілгеннен кейін келген». Жәдитшілдік қозғалысы діни мектептерде Еуропалық білім беру элементтерінің біртіндеп енгізіле бастауына ықпал етті. Мәселен, 1907 жылға қарай Жетісу облысында 15 орыс мектебінде 222 оқушы оқыса, 243 мұсылман мектебінде 6076 оқушы білім алды. Бұл жағдай патша үкіметінде үлкен алаңдаушылық туғызды. Үкімет Орынбор, Уфа және Қазан қаласында басылып шыққан қазақ тіліндегі материалдардың мазмұны отарлық билік үшін зиянды деп ойлаған, сондықтан усули-жәдит мектептерді ресми билік үшін зиянды деп санап, олардың қызметіне үзілді-кесілді қарсы болды. Осылайша, Түркістан генерал-губернаторлығы Полиция басқармасы мұрағатындағы есептердің бірінде (1914) Міржақып Дулатовтың (1885-1935) Орынбордағы «Уақыт» баспаханасынан жарық көрген «Оян қазақ» кітабы «қазақ халқын орыстарды қуып, қазақ мемлекетін қалыптастыруға шақырады» деген жазуларды оқуға болады. Алайда, іс жүзінде Дулатовтың «Оян қазақ» өлеңі Отандастарымызды жаңа өмірге, басқа халықтардан жақсы нәрселер үйренуге және ғылым мен білімге ұмтылуға шақырады. Басқа да маңызды еңбектер арасында Ахмет Байтұрсыновтың (1873-1937) «Маса» атты өлеңдер жинағын атауға болады. Халықтың мүшкіл халі мен сауатсыздық деңгейіне арналған еңбек білім, ғылым және мәдениет туралы жазылған. Әлихан Бөкейхановтың(1866-1937) «Тұр қазақ» атты еңбегі де халықты білім және мәдениет деңгейін арттыру арқылы белсенділік танытуға шақырады.
1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі.
Жауабы: 1916 жылғы көтерілістің басты себебі, патшаның жергілікті халықтың ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы 25 - маусымдағы жарлығы емес, әлеуметтік және ұлттық езгінің бірінші дүниежүзілік соғыс барысында барынша күшейгендігі болғандығын көрсетеді. Қайраткердің пікірінше, 1916 жылғы патшаның маусым жарлығы көтерілістің басталуына түрткі ғана болғанын айтады. Бұл туралы ол Түркістан генерал - губернаторына жазған түсініктемесінде ашық көрсетеді. Ол ойын былайша жалғастырады. «Құнарлы жерді тартып алған соң, мал шаруашылығы құлдырады, жер өңдеу қысқартылды. 1907 - 1914 жыл арасындағы жеті жылда облыс қатты өзгеріске түсті..» - деп шындықты айтады.
Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
Жауабы: Қазақтың мерзімді басылымдар тарихы 1870 ж 28
сəуірінде шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Ол орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет шығып отырған. Одан кейін 1888 ж «Дала уалаятының газеті» жарық көрді. Аталған екі басылымдар Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға жатады. «Дала уалаятының газетінің» қазақ тілінде жарық көруіне себепші болғандар: Ешмұхамед Аблайханов, Дінмұхамет Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсенбаев. ХХ ғ. басындағы мерзімді басылымдар: «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті»
(1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913–1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917). «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы әлдеқайда салмақты көрінді және дәуірі ұзағырақ болды. Газетті кадет корпусының түлегі, белгілі ақын әрі ағартушы Шәңгерей Бөкейұлы ашты, ал журналды шығаруға белгілі қоғам қайраткері, публицист әрі педагог Мұхаметжан Сералин мұрындық болды әрі өзі редаторлық етті.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
Жауабы: Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.
1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді.
Жалпықазақ съездері және олардың маңызы.
Жауабы: Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
Мемлекеттік құрылыс.
Қазақ автономиясы.
Жер мәселесі.
Халық милициясы.
Земство.
Оқу мәселесі.
Сот мәселесі.
Дін мәселесі.
Әйел мәселесі.
Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.
Қазақ саяси партиясы.
Жетісу оқиғасы.
Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
Сібір автономиясы;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
азық-түлік мәселесі.
82. Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды. Жоспарлыдан нарыктык экономикагакошу 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға түбегейлі бет бұрды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономиканың мемл. секторы ішінара ғана сақталып отыр (15%-тей). Шаруашылықты жүргізудің мемл. нысаны негізінен қоғамның қажеттерін айқындайтын әлеуметтік-экономика міндеттерді шешуге: мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз етуге, қоғамның мүдделерін қорғауға; экономиканың жекеше секторы қамтымаған не жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндіріс салаларындағы зәру тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге; мемлекет монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Яки мемлекет меншік негізінен темір жолдар мен автомобиль жолдарында, құбыр желісінде, электр энергиясын бөлуде, іргелі ғылымда, базалық білім беру мен денсаулық сақтауда, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінде сақталып отыр. Бюджеттік ұйымдар, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекет кәсіпорындар, қазыналық мемлекет кәсіпорындар, акционарлық қоғамдардағы акциялардың мемл. пакеттері, бірлескен кәсіпорындардағы үлестер (үлеспұлдар) экономиканың мемлекет секторы болып табылады
Алаш автономиясының құрылуы.
Жауабы: 1917 жылғы 12 желтоқсандағы ІІ жалпықазақ сезінде Алашорда автономиясының жария етілуі.Қазақ елінің алдағы таңда қай бағытты таңдайтынын айқындау мақсатында 1917 жылдың желтоқса айының 5 мен 13 аралығында Орынбор қаласында ІІ жалпы қазақ съезі шақырылды. Ұлт зиялылары автономия құру бастамасын бір ауыздан қолдап, оның қажеттілігіне ерекше тоқталып өтті.Ә.Бөкейхан бастаған топ ең алдымен қазақ даласын мекендеп отырған өзге ұлт өкілдерінің автономияға қатысты пікірін білу керектігін және Түркістан қазақтарының автономия құрамына қосылу мәселесін шешіп алуды ұсынды. Ал Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері ешкімнің пікіріне қарамастан, дереу автономия жариялау керектігін алға тартты. Ұзақ талас-тартыстан кейін екі тараптың өкілдері ортақ мәмлеге келіп, желтоқсан айының 12 жұлдызында Алашорда автономиясын жариялады. Бұл туралы Әлімхан Ермеков былай деп тебірене жазды: «… желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді.Съезд мүшелері ортақ мәмлеге келген соң Уақытша Ұлттық Кеңес құру және оны «Алашорда» деп атау туралы қаулы шығарды. Алашорданың орталығы Семей қаласы болады деп бекітілді және төрағалығына Әлихан Бөкейхан сайланды.
Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы.
Жауабы: 1917 жылы 26-28 қарашада Қоқан қаласында Түркістан өлкесінде мұсылмандардың IV төтенше съезі өтты.Оның жұмысына 300 ден астам делегет қатысты.Съезге қазақ халқы өкілдері ретінде Ә.Бөкейханов,М.Тынышбаев,М.Шоқай сынды т.б көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.27 қарашада съезд Түркістан автономиясын құру туралы қаулыны жариялады.Түркістан автономиясы Уақтыша үкіметтің құрамы 12 адамнан жасақталды:8-і жергілікті халық өкілдерінен,ал 4-еуі басқа ұлт өкілдерінен.Түркістан автономиясының Премьер-министрі және Ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев,Сыртықы істер министрі болып М.Шоқай сайланды.Кейін М.Шоқай премьер-министр болды.Сонымен қатар автономиядағы Ұлтық жиналыс құрылып,оның құрамы 54 адамнан тұратын және оның уштен бірі жергілікті емес ұлт өкілдерінен құралатыны анықталды.1917 ж 1 желтоқсанда Түркістан автономиялық үкіметі өлке халқына Үндеу жариялады.Үндеуде Түркістан Ресей федеративтік демократиялық республикасының автономиялық бөлігі болатынын мәлімдеді.Сьез өткізілген орны және автономияның әкімшілік орталығы Қоқан қаласында болғандіқтан Қаоқан автоноиюмиясы деп атылды.
Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.
Жауабы: 1918 жылы қазақ жерінде ақтар мен қызылдардың арасындағы жойқын соғыс қимылдары басталған еді. Қазақстан территориясындағы әскери қимылдардың жандана бастауынан соң тұрақты өкіметтік әскер құру мәселесі айқын бола түсті. Төніп келе жатқан қауіпке байланысты 1918 жылдың басында жергілікті жерлерде Алашорда үкіметінің бастауымен милиция және өзін-өзі қорғау жасақтарын құру ісі белсенді түрде жүргізілді. 1919 жылдың жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күштерінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. Қызу шайқастардың барысында Колчак Армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінді. Колчактың "Оңтүстік армиясын" Түркістан майданының қызыл әскер бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді.
Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. 1919 жылы шілдеде қоршауда қалған Орал қаласы азат етілді, 1920 жылы 5-қаңтарда Гурьев (Атырау), ал 8-қаңтарда Доссор мұнай кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы ақтардың қарсылығын тезірек басуға мүмкіндік берді. 1920 жыл көктемінде Үржар, Арасан станциялары, атаман Анненковтың штабы орналасқан Үшарал поселкісі босатылды. 29-наурызда Қапал бекінісі құлаған соң Абакумовка, Ақсу, Сарқант және басқа да станицалар азат етілді. Атаман Анненков және оған қосылған Дутов басқарған ақ гвардияшылардың қалдықтары Синьцзянға қашты. Нәтижесінде 1920 жылғы наурыз айында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ.
Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Жауабы: Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды.
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.
ҚазАКСР-нің конституциялық жолмен құрылғандығы «Декларация» республиканың экономикасы, мәдени шаруашылығы ілгері басатындығы айтылды. Қазақтың кеңістік ұлттық мемлекетінің орасан зор маңызы болды. Қазақ халқы ғасырлар бойы арманының орындалуы, отаршылыққа қарсы күрестің нәтижесі ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылданды.
1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.
Жауабы: 1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқтала салысымен ауыр сынақ болып күтіп тұрды. Бұл жылдар қазақ халқы үшін өте ауыр әрі ұзаққа созылған қиын-қыстау кезеңдер еді. Көктем мен жаңбырдың болмауы, құрғақшылықтың залалы, қыста қардың болмауы ашаршылық нәубетін әкелді. Ашаршылық тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, аграрлық сектордың, ауылшарушылығының да артта қалуында. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, ашаршылық Кеңес Өкіметі жүргізген ,халық, әсіресе ауылшаруашылығына қатты соққы болып тиген, әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі экономикалық жағдайларға да байланысты туындаған. Қазақстанның біршама аудандары ашаршылықтың құрсауында қалды. Қостанай, Орал, Орынбор, Ақтөбе губернияларында себілген астық құрғақшылық салдарынан шықпай қалды, егер шықса жаздың ыстығынан қурап қалып отырған. Сөйтіп, қайғы-қасірет әкелген 1921-1922 жылдардағы аштық нәубеті 30-шы жылдары жалғасын тапқан. Соның салдарынан халықтың тең жартысы қырылды. Шет елдерге кеткен көпшілік қазақ ұзақ уақыт бойы туған елдеріне оралмай, еріксіз сол жақта қалуға мәжбүр болды. Бұл қасірет санада ұзақ сақталып қалды. 1921-1922жылдардағы ашаршылық мәселесін жазу барысында мұрағат деректері, сол кездерде шығып тұрған мерзімді баспасөз материалдары өз үлестерін қосты. “Айқап”, “Қызыл Қазақстан” журналдары мен “Қазақ”, “Ақ жол”, “Қазақ тілі”және т.б газеттері аштық мәселесін айқын түрде жазып, күресі жолдарын ұсынған көлемді мақалалар мен статистикалық материаллары және партия мен үкіметтің осы жайлы қаулыларын жариялап отырды. Ұлт зиялыларының жанайқайы осы баспасөз беттерінде басылып отырған. Азамат соғысы халықтың азық-түлік салғыртымен жаныштап, маңдай термен тапқан азығын күшпен тартып алу саясатын жүзеге асырды. Азық-түлік салғырты ”әскери коммунизмі” тұсында 1919 жылғы қаңтардан 1921жылдың мамырына дейін жүргізіліп, шаруалар өзіне аз ғана азық қалдырып, қалғанын мемлекетке өткізуге тиіс болды. Ауылшарушылық өнімдерін өндірудің қысқаруы және Қызыл Армияны жабдықтау халықтың шамына тиген еді. 1922 жылдың 1ақпанына дейін арнайы түрде 2000000адамның тіркелгендігі, оның ішінде Ақтөбе-374215, Қостанайда-409203, Оралда-439721, Адай уезінде-13000 адамға жеткен. Жұмысы жоқ, тамақ таба алмай ашыққандардың арасында тонаушылық өрбіді. Пұт немесе тезек үшін бір-бірін өлтірді.
Қорыта айтқанда, 1921-22жылдары орын алған ашаршылық ел экономикасына үлкен күйзеліс әкелді, демография ақсады. Қаншама қазақтар аштықтан қырылып, көмусіз қалды, өзге жаққа көшіп кетті. Ашаршылық мәселесі Қазақ республикасына оңай тиген жоқ. Астық пен шөптің шықпай қалуы мен мал шаруашылығының азаюына алып келді.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
Жауабы: Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
** Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:
Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
Еркіндік мүлде болмады.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,
• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.
Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.
700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары.
Жауабы: 1927 жылдың 15-23 қараша аралығында өткен VI Бүкілқазақтық партия конференциясында қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешім шығарылды. Тәркілеуге қатысты түрлі әңгімелердің мазмұнынан қорыққан халық мейлі бай болсын, кедей болсын малдарын жаппай сатудың немесе жасырып қалудың жолдарын іздестірді
Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет 1928 жылдың 27 тамызында қабылданды. Қабылданған декрет бойынша,ірі байларға көшпелі аудандарда ірі малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары малы бар,жартылай көшпенді аудандарда үш жүз бастан жоғары малы бар, ал отырықшы аудандарда жүз елу бастан жоғары малы бар қожалықтар жатқызылды.Бірақ отыпықшы аудандарда ірі бай қатарына жүз тұяғы барларда жатқызылып,тәркілеуге ұшырады.
Осылайша мемлекет бай және дәулетті шаруашылықтарға алдымен шектеу жасауды,соңынан толық жоюды мақсат етті. 20-жылдардағы Қазақстан шаруалары тікелей экцпроприациялау,соңынан жаппай саяси қуғын-сүргін формасына ұласқан «төтенше» науқандардың трагедиялық қатерлі сәттерін өз бастарынан өткізді,
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру.
Жауабы: Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді.Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды.
Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.
Жауабы: 1990 жылдың 13 тамызы күні Совет Одағының тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары болған миллиондаған адамдарды ақтау туралы жарлық берді. Сталиндік репрессия зобалаңы 1937-38 жылдары өзінің шырқау шыңына жеткен болатын, бұл кезеңді бүгінде ұлы зұлмат-зобалаң жылдары деп атайды. «Азаттық» радиосы осы террор кезеңіне арналған бірнеше бөліктен тұратын сериялы хабарларында Сталиндік репрессия саясатының құрбандарына айналған отбасылардың тағдырлары жайында сөз етеді.Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын.
Молдованың белгілі жазушысы Владимир Беслига 1937 жылы алты жастағы бала болған. Ол өзінің кішкентай ауылындағы сол бір жаралы жылдарды былай деп еске алады:
Ол кезде жаппай тұтқындаулар жүріп жататын, әр күні таңертеңгісін адамдар бір-бірінен бүгін түнде кімді алып кетті деп сұрайтын, ауылдастардың аузынан "қара қарға" деген сөздер түспейтін, түнде тұтқындалғандарды алып кететін машиналарды халық осылай атап кеткен.Ол уақытта молдован тілінде жазу мен оқудың өзі де қылмыс деп есептелетін. Кітаптар тәркіленіп, мектептерде молдован тілінде оқытуға тиым салынған. Соған қарамастан, Беслиганың анасы баласының туған тілін ұмытпауына бар күшін салып, оған жасырын түрде молдован тілінде жазылған кітаптарды оқытқан екен.Елдің бәрін қорқыныш билеп, не айтса да сыбырлап сөйлейтін, өйткені ол туралы жоғары жаққа біреу жеткізіп қояды деген қорқыныш болатын, міне сондай қорқыныш осы уақытқа дейін біздің қанымызда бар сияқты.Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. 1992 жылы археологтар Қырғызстанның астанасы Бішкекке жақын жерде құрбандар жаппай жерленген бейітті тапты. Онда құпия жағдайда атып өлтіріліп, жасырын жерленген 138 адамның көмілген екен, олардың бәрі де сол кезде жоғары дәрежелі қызметтер атқарған, ұлттың зиялы өкілдері болған.Қырғыздың белгілі драматургы, бұрынғы заңгер Мар Байжиевтің әкесі осы террор жылдарында түрмеде қаза тапқан. Беларус ақыны Тодар Клашторный да сталиндік зұлмат жылдарының құрбаны, оның қызы Мая Клашторная отбасының басына түскен жайттар турасында былай деп әңгімелейді:Мен 1937 жылы тудым, әкем ол кезде түрмеде отырған, ал анам да қамауда екен. Бір уақыттарда менің ата-анам ізденудің арқасында кездесуге рұхсат алады, бір-бірін көргенде түрлерінің адам шошырлық болғаны сондай, әкем есінен танып құлап қалады.
Осы кездесуден кейін көп өтпей- ақ Маяның әкесі жазаға тартылады, ал анасы қызына әкесінің шынайы тағдыры жайында ұзақ жылдар өткен соң ғана айтып береді.
Ол кішкентайлы болғандықтан, әкемді босатады деп үміттенген. Алайда әкемді он жылға соттады, хат-хабар алысуға болмайды дегенге шейін үмітін үзбеген. Мұның өзі ол адам енді ұзақ өмір сүрмейді дегенді білдіретін, демек өлім жазасы турасында үкім шығып қойған жағдайда осындай әдіс қолданылатын болған.«Халық жауы» деп ұсталғандардың туыстары сияқты Клашторная мен оның анасы өмірлерін лагерде өткізеді. Совет одағы құлағаннан кейін Мая Клашторная президентке келіп, репрессия құрбандарын еске алу ұйымын құрады, бүгінде ол Минскінің сыртындағы жаппай құрбандар жерленген жерде мемориал орнату мақсатымен жүр.Сталиндік репрессия кезеңінде шешендер Орта Азияға жер аударылып, аман қалды десе болады. Этникалық шешендер 1944 жылы күштеп көшірілсе, корейлер 1937 жылы қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болған еді. Советтік Қиыр шығыста күн кешкен 170 мың корей 1937 жылы-ақ жер аударылған, ал олардың басшылары ұсталып, атылып кеткен. Оларға тағылған негізгі айып - "жапон шпионы" деген атақ болатын. Қырғызстандық заңгер Роман Шиннің ата-анасы осы депортация жасалған корейлердің қатарында болған.Бұрынғы Совет одағының құрамында болған елдер өз құпия мұрағаттарын ашып жатқандықтан құрбандарды ақтау процесі баяу болса да жүруде. Ал миллиондаған адамның тағдырына өзінің жарасын салған сталиндік зұлмат жылдары олардың естерінен ешқашан шықпайды
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау.
Жауабы: Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды: этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды. Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды.Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды.Кулак деп аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. салаларда жұмыс күші ретінде пайдаланылды. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды.1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысында – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық және ауылшаруашылығымен айналысты.КСРО-ның ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.Дәл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары «фашистік басқыншылармен жақындасты» деген желеумен көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды.1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды. Жалпы саны 40 мыңдай балқардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарғақоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді.1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрдтердің екінші толқыны, 1948-1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрдтер туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өздері 50 жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет барып белгіленіп тұруға міндетті болды. 1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк машинасы әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін Қазақстанға эвакуациялау.
Жауабы: Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды. 1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген. Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға өндірістік маңызы бар мекемелер көшірілу ұйымдастырылды. Қазақстан территориясына қысқа мерзім ішінде 142 мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп әкелінді. Олар Қазақстанның түрлі қалаларына орналастырылды. Мысалы: Алматыға, Луганск. Ауыр машина жасайтын зауыт т.б. Семейге – Киев, Азовск, Артемов аяқ киім фабрикалары т.б. Атырауға-мұнай жабдықтары т.б. Ақмолаға-Орехов мотор жөндеу зауыты т.б. Шымкентте-Воронеждегі станок құрылысы зауыты (прессавтомат) т.б. Ақтөбеге рентген аппараттар зауыты. Республикаға көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың 107-ші қысқа мерзімде жұмысқа кірісті. Көшіріліп әкелінген басқа да кәсіпорындардың, әсіресе жеңіл және тамақ өнеркәсібі мекемелерінің жабдықтары жаңадан құрылып жатқан немесе Республиканың әр жерлерінде жұмыс істеп жатқан мекемелерге берілді. Жау қолында уақытша қалған аудандар босатыла бере шығысқа көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі соғысқа дейінгі бұрынғы орындарына қайта қайтарылды. КСРОның жау қолында қалған аудандарының көшішіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырумен қатар Қазақстан өзінің машина жасау кәсіпорындарын құрып, ауыр өнеркәсібін одан әрі дамыту міндеттерін де шеше бастады.
Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Жауабы: Семей ядролық полигоны. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.
Жауабы:
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды.
Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды.
Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді.
1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.
Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды.
1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды.
1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20 мыңға жуық адам келді.
Тың игеруге келген әр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылығы салығынан босатылды.
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.
1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады.
Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты.
Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды.
1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады.
1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды.
Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды.
1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29%-н ғана құрады.
Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды.
Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді.
Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты.
Тың игерудің қорытындысы бойынша Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты.
Жауабы: 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.
Жауабы: Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
себебі: Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”,
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
1991 жылғы тамыз бүлігі және КСРО-ның ыдырауы.
Жауабы: Тамыз бүлігі (орыс. Августовский путч), кейде Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастарының сол кездегі Кеңес Президенті және Коммунистік партияның Бас хатшысы болған Михаил Горбачёвтан ел билігін күшпен тартып алудың сәтсіз әрекеті. Төңкеріс жетекшілері жоғары әскери және азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде вице-президент Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ГКЧП) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған және сәтсіз аяқталды.
1985 жылы билікке Михаил Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 жылы тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 жылы желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 жылы 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі.
Жауабы: 1997 жылы Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандыктардың өркендеуі, қауіпсіэдігі және әл-ауқатының артуы» деген Жолдауын арнады. Онда республиканың қазіргі жағдайы нақтылы сарапталып, үзақ мерзімді басым бағыттар: үлттық қауіпсіздік ішкі саяси түрақтылықжәне қоғамның бірігуі; шетел инвестициясының жоғары деңгейіне негізделген нарықтық экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және халықтың әл-ауқаты; энергетикалық ресурстарды, инфрақүрылымдарды, әсіресе келік және байланысты дамыту; негізгі қызметтермен шектелетін кәсіби мемлекет қүру белгіленді.Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі
Энергетикалық қорлар
Инфрақұрылым
Кәсіпқой мемлекет
Стратегия пайда болу себебі Осы кезеңде астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бүл мәселе жөнінде Елбасы, Премьер-министр, Парламент Сенатының төрағасы және Парламент мәжілісінің төрағасы халыққа үндеу жариялады. Үндеуде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола еліміздіңастанасы болатындығы, енді бүл жерде Отанымыздың жүреп соғатындығы айтылды. Ап арнайы қүжаттарда: “Қазақстан - Еуразиялық ел, Ақмола - географиялық жағынан Еуразия материгінің кіндігіне орналасқан қала" дей отырып, қаланың барлық талаптар бойынша астана болуға лайықекені көрсетілген. Үндеуде: “XX ғасыр тарихында біз тұңғыш рет езіміздің еліміздің астанасы жөнінде еркін шешім қабылдап отырмыз. XXI ғасыр табалдырығында өз таңдауымыз бойынша ежелгі Сарыарқа төсінде жаңа астана құрамыз”, - делінген. 1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі.
Жауабы: 1997 жылы Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан 2030. Барлық қазақ-
стандыктардың өркендеуі, қауіпсіэдігі және әл-ауқатының артуы» деген Жол-
дауын арнады. Онда республиканың қазіргі жағдайы нақтылы сарапталып,
үзақ мерзімді басым бағыттар: үлттық қауіпсіздік ішкі саяси түрақтылықжәне
қоғамның бірігуі; шетел инвестициясының жоғары деңгейіне негізделген на-
рықтық экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және
халықтың әл-ауқаты; энергетикалық ресурстарды, инфрақүрылымдарды,
әсіресе келік және байланысты дамыту; негізгі қызметтермен шектелетін
кәсіби мемлекет қүру белгіленді.Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі
Энергетикалық қорлар
Инфрақұрылым
Кәсіпқой мемлекет
Стратегия пайда болу себебі
Осы кезеңде астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бүл мәселе
жөнінде Елбасы, Премьер-министр, Парламент Сенатының төрағасы және
Парламент мәжілісінің төрағасы халыққа үндеу жариялады. Үндеуде 1997
жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола еліміздіңастанасы болатындығы,
енді бүл жерде Отанымыздың жүреп соғатындығы айтылды. Ап арнайы қүжат-
тарда: “Қазақстан - Еуразиялық ел, Ақмола - географиялық жағынан Еура-
зия материгінің кіндігіне орналасқан қала" дей отырып, қаланың барлық та-
лаптар бойынша астана болуға лайықекені көрсетілген. Үндеуде: “XX ғасыр
тарихында біз тұңғыш рет езіміздің еліміздің астанасы жөнінде еркін шешім
қабылдап отырмыз. XXI ғасыр табалдырығында өз таңдауымыз бойынша
ежелгі Сарыарқа төсінде жаңа астана құрамыз”, - делінген. 1998 жылы
6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп
өзгертілді.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
Жауабы: Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды. Жоспарлыдан нарыктык экономикагакошу 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға түбегейлі бет бұрды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономиканың мемл. секторы ішінара ғана сақталып отыр (15%-тей). Шаруашылықты жүргізудің мемл. нысаны негізінен қоғамның қажеттерін айқындайтын әлеуметтік-экономика міндеттерді шешуге: мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз етуге, қоғамның мүдделерін қорғауға; экономиканың жекеше секторы қамтымаған не жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндіріс салаларындағы зәру тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге; мемлекет монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Яки мемлекет меншік негізінен темір жолдар мен автомобиль жолдарында, құбыр желісінде, электр энергиясын бөлуде, іргелі ғылымда, базалық білім беру мен денсаулық сақтауда, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінде сақталып отыр. Бюджеттік ұйымдар, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекет кәсіпорындар, қазыналық мемлекет кәсіпорындар, акционарлық қоғамдардағы акциялардың мемл. пакеттері, бірлескен кәсіпорындардағы үлестер (үлеспұлдар) экономиканың мемлекет секторы болып табылады
Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.
Жауабы: Осы жылдардың ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Мұны Елбасымыз да өткен жылы елордада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты форум қатысушыларына жолдаған құттықтауында атап өткен еді.
«Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», - делінген еді Тұңғыш Президенттің құттықтау хатында.
«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
Жауабы: 2013ж 5-маусымда Астанада ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында "Халық тарих толқынында" бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Ғылыми бағдарламаның мақсаты: Қазақстан этникасы мен территориясының тарихын және полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004-2006 жылдары жүзеге асыру көзделді. 2004 ж Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы үш аспектіден тұрды: қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту, ұлттық рухани қазынамызды әлемге көрсету, ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін. 2004 ж тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген. Ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты шығарылымдар алынды. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды.
Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы.
Жауабы: Мақаланың негізгі мақсаты өткенді зерттеп, зерделеу. Ұлттық тарихи жәдігерлерді әлемдік деңгейге шығарып, брендке айналдыру. Біз тарихты толық зерттеп үлгермедік. Қанқұйлы соғыс, жоңғар шапқыншылығы одан кейінгі 300 жыл қылышынан қан тамған қызыл империяның боданында болу біздің төл тарихымызбен салт- санамызға балта шауып, ұмыттырды. Тәуелсіз ел атанған 29 жылдың ішінде көптеген археологиялық, мәдени құндылықтарымыз анықталды. Ұлы даламыздан әлемге таралған дүниелер адамзаттың айнымас құралына айналғаны қашан. Бұл дүниелердің тарихи отаны бізде десе, адам атаулының қызықпау мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.
Жауабы: Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді. резидент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, онда осы күнге дейін елімізде атқарылған дүние сараланады. Алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән берді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. Ал алдағы төртінші онжылдықтағы міндет – қуатты елдің иесі және кемел қалық болу, - дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. «Таным мен тағылым» деп аталатын екінші бөлімде тарихты түгендеп, келер ұрпаққа қалдырар «Мәдени мұраға» басымдық берілген. Президент азаттықтың ақ таңы оңай келмегенін айта келе, осы құндылықты бағалай білу үшін құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.
Жауабы:
Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Жауабы: 1992 жылы 15 қаңтарда, яғни тəуелсіздік алғаннан соң екі айдан кейін қабылданған «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» [3], ең бір либералды (ымырашыл, бос) заң болып табылады. Көпконфессионалды қазақстан қоғамында дін мен халықтың діндарлық деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасалды. Сəйкесінше шетел миссионерлері, түрлі конфессия мен діни ағымдардың өкілдері осы жағдайды өздеріне оңтайлы қолдана білді. Қызметі күмəн тудыратын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жалпы қоғам бүтіндігін бұзатын деструктивті ағымдардың елімізге енуіне толық мүмкіндік жасап бердік.
Қазақстанда бірнеше рет діни экстремизмнің ауыр нысандары көрініс тауып, сəйкесінше экстремистік топтар мен ағымдар тікелей мемлекетке қауіп төндіре бастады. Осыған байланысты мемлекет пен қоғамға осындай ақиқатты қабылдауға жəне шұғыл түрде тиісті жауап қайтаруға тура келеді. Жəне бұл ситуативті жауап беру емес, жағдайды бүтіндей жаңа стратегиялық бағыт ретінде қарастырып, привентивті шаралар қабылдануы керек.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар үлгісі мемлекеттің конфессияларға қатысты бейтараптылық танытуына негізделген, барлық діндер тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие, түрлі сенімдегі адамдар арасында өзара сыйластық қатынастар орнатылған. Осы қағидаларды қалтықсыз ұстану нəтижесінде мемлекеттің тəуелсіздігін алудағы тарихи өтпелі кезеңде қазақстандық қоғамның бүтіндігі сақтала білді.
Бүгінде аталып кеткен үлгінің əрі қарай жетілдіру қажеттілігінің артып келе жатқанын сезінеміз. Қазақстан қоғамы ішінде діннің Халықаралық мəдениет жəне дін орталығының тапсырысыбойыншажүргізілгенəлеуметтісауалнамасы деректері бойынша қазақстандықтардың көпшілігін қалыптасқан діни сенімдегі адамдар деп айтуға болады. Тəжірибелі сенушілер, яғни жоғары діни сенімдегі адамдар салыстырмалы түрде көп емес – 7-8 пайызды құрайды, алайда кеше ғана атеизм билік құрған қоғамнан шыққан ел үшін бұл сандар тіпті қорқынышты көрінеді. Əсіресе біздің елдегі сенушілердің көпшілігінің жастар екенін, сондай-ақ ұрпақтардың табиғи ауысы үдерісін ескерсек.
Қазақстан Республикасының жастар саясаты.
Жауабы: Ел болашағы қашан да жастарға тікелей байланысты. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда жастар ел халқының жалпы санының 20,2%-ін құрайды. Жастар – ел дамуының, болашағының стратегиялық ресурсы, бүгіні мен ертеңінің қозғаушы күші. Сондықтан жастарға бүгін және қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, құба-құп. Елімізде бірнеше жылдан бері жастарды қолдау, оларға кәсіби білім беру, жұмыспен қамту секілді мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылданып жатыр.2015 жылдың 9 ақпанында Қазақстанда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. Құжатқа сәйкес, жастар санатына елдің 14-29 жастағы азаматтары кіреді. Ол заңда жастардың толыққанды рухани, мәдени дамуы мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты болып табылатыны айтылған. Сонымен қатар олардың білім алуы мен кәсіби біліктілігінің артуы, шешім қабылдау процесіне атсалысуы, физикалық тұрғыдан дамуына да басымдық берілген. Ал жастар саясатының басты міндетіне жас азаматтардың құқығының қорғалуы, заңды мүддесінің жоғары тұруы жатады. Сондай-ақ, жастардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайларға атсалысу, жастарды азаматтық сезімге тәрбиелеп, отанға, елге деген патриотизм сезімін нығайтуға бағытталған. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
-Сапалы білім беру;
-Денсаулық сақтау;
-Жұмыспен қамту;
-Кәсіпкерлікті дамыту;
-Тұрақты баспанамен қамту;
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу;
-Экологиялық мәдениет;
-Талантты жастарға көмек;
-Мәдени демалысқа баулу.
«Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Жауабы: 2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары (немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы) — сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналды.
Алғашында Жаңаөзен қаласында басталған шеру артынан Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Халық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Астана, Шымкент, Көкшетау, Орал және т. б. қалалардың көшелеріне шығып, экономикалық талаптармен қоса саяси өзгерістерді талап ете бастады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласты (негізінен Алматы қаласында). 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды.
2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен қаласының наразы тұрғындары сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады. Халық қала және облыс әкімдерінен бағаны тұрақтатуды және көгілдір отынның тапшылығын жоюды талап етті. Бұл талаптар орындалмағасын наразылық шаралары келесі күні де жалғасын тапты. 4 қаңтар күні Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдеді, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, заңсыздықты болдырмауды сұрады.
Жаңаөзенде бастау алған наразылық шараларын Қазақстанның басқа ірі қалаларының тұрғындары қолдап, көшеге шеруге шықты. Алматы қаласында шерушілер полиция көліктерін қиратып, олар өртке оранды. Жүздеген адам қамауға алынып, 4 қаңтар күні түнде ел аймағында Интернет байланысы өшірілді. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай енгізілді. 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан үкіметінің отставкаға кеткені белгілі болды
Достарыңызбен бөлісу: |