Қазақ айтпақшы өмірде екі нәрсе таңдауда қателеспеген жөн. Бірінші мамандық таңдау, екіншісі жар таңдау Осы екеуін таңдауда қателессеңіз бақытсыздықтың күйін шертуіңіз мүмкін. Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы
Қазақ айтпақшы өмірде екі нәрсе таңдауда қателеспеген жөн. Бірінші мамандық таңдау, екіншісі жар таңдау... Осы екеуін таңдауда қателессеңіз бақытсыздықтың күйін шертуіңіз мүмкін. Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. «Мен түспеген мамандыққа сен түстің, менің орындалмаған арманымды сен жүзеге асырасың», «Сен осы салаға бейімсің, осы салада сен ашыласың», «Саған керек мамандық осы, мен білемін ғой саған не керек екенін», «Сен бізді мына мамандықпен жерге қаратасың», «Әкеңнің мамандығын таңдамай-ақ қой, білеміз ол саланы басқаға бет бұр!» деген секілді мамандық таңдардағы бала мен ата-ана арасындағы диалог шетсіз, шексіз әркімнің өз отбасылық жағдайына қарай өрістей беретіні сөзсіз. Тек, осы арада сәл тоқтап, «сізге балаңыздың маман болғаны керек пе, әлде адам болғаны керек пе?» деген сауалға ойлансақ Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, зор шеберлікті қажет етеді. Біз санаймыз бала мамандықты өзі таңдауы тиіс.Себебі жоғарыда айта кеткендей өзі таңдаған таңдауына оның ниеті шынайы болады .Мысал келтіре кетсем бала құрылысшы болғысы келсе ,ал ата анасы ол баланы дәрігерлікке береді . Бәріміз білеміз дәрегер болу ойыншық емес.Яғни келешекте өкінбеу үшін бұл мәселеге немқұрайлы қарамауымыз керек.Түптеп жеме жем келгенде ол мамандықпен жұмыс істейтін біз ғой ,ата анамыз емес.Ата анамен дұрыс ашыла сөйлесу керек . Ол ұнайтын мамандықты ұнататынынды. Қорыта келгенде, ата-ананың балаға мамандық таңдауына көмектесуі ең басты мәселе де емес дегенді айтқымыз келеді. Өйткені, Абай атамыз: Ең басты мәселе, әке-шеше балаға жақсы тәрбие, мінез, содан кейін, жақсы орта мен жақсы ұстазға кезігу жағын қадағалауы керек дейді. Тәрбие көрген бала қай мамандықты игерсе де, Мағжан ақын айтқандай, өзіне асса елін өрге сүйрер Ерге айналады.
Әл-Фараби атамыз айтқандай: Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз.