«Кім тапқыр?» ойыны. Барысы: Оқушылар ортаға шеңбер болып тұрады, сосын мамандықтарды соңғы әріптеріне қарап жалғастыруы керек. Мысалы, Мұғалім-маркетолог-геолог т.б.
Барысы:Оқушыларды стикерлер арқылы 4 топқа бөлу.
І - топ: «Заңгерлер» ІІ - топ: «Дәрігерлер» ІІІ - топ: «Құрылысшы» IV-топ: «Бизнесмен» Барысы: Оқушыларды топқа бөліп алғаннан кейін, өз топтарына берілген мамандық иелеріне байланысты постер қорғайды. Мамандықтың қандай жақсы жақтары бар, сипаттамаларын постерге жазып ауызша түсіндіріп беру керек.
Барысы: Дайындалған материал арқылы презентациямен бүгінгі тақырыпты оқушыларға түсіндіру.
Оқушылардан бүгінгі сабақтан түсінген ойларын сұрау, өзінің қандай мамандық иесі болу керек екендігін түсіне алғандардан өз ойларын айту.
Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу) Барысы: Оқушылар қима парақшаларды таңдап алып, артында жасырылған ситуациялық жағдайлардан шығу жолын қарастыру керек.. Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз? Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз? Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз? Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз? Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз? Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?
Қорытынды: Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар.Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу - өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый - құрметке бөлену бұл нағыз бақыт болып табылады.Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Назарларыңызға көп рахмет!